Ирандағы қазақ диаспорасы және «нұрлы көш» бағдарламасы

рихи оқиғалардың нәтижесінде қалыптасқаны белгілі. Қазақстан тарихында қазақтар өз Отанынан басқа елдерге тек ерекше жағдайларда – саяси, экономикалық және діни қысымның, бүліктер мен соғыстардың, геноцид пен аштықтың нәтижесінде, әсіресе Кеңес одағының алғашқы кезеңінде кеткен. Сондықтан олар көбінесе мәжбүрлі көші-қон деп аталатын жағдайларға байланысты қоныс аударды. Жалпы, қазақтар көрші елдерге қашып, жан сауғалады. Кейбіреулері Еуропа елдеріне, тіпті мұхиттың ар жағынан өтіп, Америкаға бас сауғаласа, басқалары тарих бойы шекаралардың өзгеруіне байланысты шетелде қалып қойып, сол жерде өмір сүруді жалғастырды. Бүгінгі таңда қазақтардың көшіқон себептері өзгерді, өйткені олар жақсы өмір және жұмыс іздеу үшін немесе шетелде тұратын отбасы мүшелерімен қауышу мақсатында тұрғылықты жерлерін өз еріктерімен ауыстырады. Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын қазақтар бүкіл қазақ ұлтының ажырамас бөлігі болып табылады және олардың Отаны – Қазақстан. Шетелде тұратын қазақ диаспорасы қазақтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтап отыр.
Ресми статистикаға сәйкес, қазіргі таңда Қазақстан халқының саны 18,7 миллион адамды құрайды, оның 68%-ы немесе 12,7 миллионы – этникалық қазақтар. Этникалық қазақтар сонымен бірге, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Еуропа одағы, АҚШ және басқа елдерде де тұрады. Ең үлкен қазақ диаспорасы Қытайда қоныстанған.
Олардың саны 2 миллионнан асады. Әртүрлі елдерде тұратын қазақтардың санына назар аударатын болсақ, Өзбекстанда қазақтардың саны 760 мың, Ресейде - 661 мың, Түркияда – 8,5 мың және Иранда – 6,3 мың екенін көруге болады.
Жалпы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының деректері бойынша, Қазақстаннан тыс 43 мемлекетте бес миллионнан астам қазақ тұрады.
Қазақ диаспораларының өзіндік тарихи ерекшеліктері бар екені мәлім. Жылдың төрт мезгілінде бір жайылымнан екінші жайылымға ауысып отырған көшпелі халық ретінде қазақтар қабылдаушы елде этникалық азшылықты құраса да, жаңа елге сәтті әрі оңай бейімделеді. Сондай елдердің бірі – Иран, онда 6,3 мыңға жуық қазақ тұрады.
Каспий теңізінің шығысында орналасқан және қазіргі таңда Маңғыстау облысы деп аталатын аймақтың қазақтары 1917 жылғы Қазан төңкерісі мен 1932-1933 жылдары қазақ даласында болған аштықтан кейін Иранға қоныс аударды. Қазан төңкерісі және Кеңес өкіметінің орнауы бұрынғы Ресей империясының аумағында өмір сүрген көптеген халықтарға қатты әсер етті. 1917 жылға дейін Қазақстан дәстүрлі өмір салтын ұстанған көшпенділер елі болып саналды. Техникалық прогресс пен индустриалды даму мүмкіндіктері жеткіліксіз болғанын ескере отырып, сол кезде билікке келген адамдар көшпелі өмір салтынан индустриалды қоғамға сапалы серпіліс жасау үшін қазақтың қалыптасқан өмір салтында түбегейлі өзгерістер жасады. Өндірістік серпіліс және сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған мұндай қадамдар қазақ қоғамына кері әсерін тигізбей қоймады. Кулактарды (ұсақ жер иелерін) жою, ұжымдастыру, азық-түлік сатып алу жоспарын ұлғайту және жеке малды тәркілеу сияқты кеңестік саясат тұрақты түрде азық-түлік өнімдерін жеткізіп тұрған КСРО аймақтары үшін өте ауыр тиді.
Халқы негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан Қазақстан Кеңес одағының осындай саясатынан ең көп зардап шеккен республикалардың бірі болды. 1930 жылдың қысында басталған аштықтан елдің солтүстігі мен оңтүстікшығысындағы көшпелі қазақтар ең көп зардап шекті. Көшпенділер отбасын асырау үшін малдарын сойып, Кеңестік Қазақстаннан қаша бастады. 1931-1933 жылдары шарықтау шыңына шыққан ашаршылықтың салдарынан 1,1 миллионнан астам адам, олардың көп бөлігі – қазақтар, Қазақстаннан кетіп, көрші Кеңес республикаларына, Қытайға және одан әрі шетелдерге қоныс аударды.
Осылайша, Кеңес одағы кезінде елде қалыптасқан жағдай мен саясат нәтижесінде адамдар Қазақстаннан жаппай қоныс аударып, олардың бір бөлігі Иранға кетті.
Иранның Гүлстан провинциясына қоныстанған қазақтар сол жерде бес ұрпақ бойы тұрып келеді. Иран қазақтары ретінде белгілі Ирандағы қазақ диаспорасы айтарлықтай жас болып саналады. Иран қазақтары негізінен Гүрган, Гомбеде-Кавус, Бендер-Гез және Түркмен аймақтарында тұрады. Уақыт өте келе қазақтар Иранның Тегеран, Мешхед сияқты ірі қалаларында өмір сүре бастады. Олар қазақтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтайды және Иранда тұратын басқа этникалық азшылықтармен некелеспейді. Парсы тілінде білім алған Иран қазақтары Иранда жақсы бейімделді. Ирандағы қазақ диаспорасының аздығына қарамастан, Қазақстан Үкіметінің лауазымды тұлғалары Ирандағы қазақтардың тарихи Отанына оралуына мүдделілік танытады.
2008 жылы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі №1126 қаулысын шығарды. Аталмыш қаулы шеңберінде қазақтардың шетелден оралуына арнал-ған «Нұрлы көш» атты бағдарлама құрылды. Қазақстан Үкіметінің этникалық қазақтардың оралуына мүдделі болуының себебі ретінде халықтың қартаюын, жоғары білікті мамандардың жақын және алыс шетелдерге кетуін, халық саны аз аймақтардың болуын, сондай-ақ халық санын көбейтуге бағытталған саясатты атап өтуге болады. Сондықтан этникалық қазақтардың тарихи Отанына оралуы тек Қазақстанның демографиялық саясатын жүзеге асыруға ғана емес, сонымен бірге елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ықпал етеді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев билік құрған жылдары мемлекеттік органдарға этникалық қазақтарды тарихи Отанына қайтару туралы бағдарламаның стратегиясы мен міндеттерін айқын белгілеп берді.
Демек, шетелде тұратын қазақтарға квота бөлетін және олардың Қазақстан аумағында қоныстануына көмектесетін «Нұрлы көш» бағдарламасы әзірленді.
Сонымен қатар, Қазақстан Үкіметі қоныс аударған қазақстандықтарға баспана сатып алуға және қоныс аудару шығындарын өтеуге жәрдемақы беру арқылы әлеуметтік қолдау көрсетеді. Аталмыш бағдарлама аясында Ирандағы қазақтардың Қазақстанға оралуға мүмкіндігі бар және бұл жағдай Иранда тұратын қазақтар санының азаюына да әкелуде. Осы бағдарлама бойынша көптеген Иран қазақтары Ираннан кетіп, Маңғыстау облысының Ақтау қаласына қоныс аударды. Осылайша, мемлекеттің этникалық қазақтарды белсенді әлеуметтік және қаржылық қолдау саясатының арқасында Ирандағы қазақтар өздерінің ата-мекеніне оралу мүмкіндігіне ие болды. Қорыта айтқанда, Қазақстаннан тыс жерлерде өмір сүріп жатқан көптеген қазақ диаспораларын біріктіретін басты тарихи ерекшелік – қайғылы саяси және экономикалық оқиғаларға байланысты арғы ата-бабаларының өз Отанынан күштеп жер аударылуы. Қазақстаннан жаппай көші-қон ағыны көрші мемлекеттерде, Еуропада және Америкада қазақ диаспораларының қалыптасуына ықпал етті. Қазақ халқының аз да болса маңызды бөлігі Ирандағы қазақ диаспорасы болып табылады. 6,3 мыңнан астам Иран қазақтары өз дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және тілін ұмытпай, жаңа қоғамға бейімделді. Қазақстан Үкіметінің этникалық қазақтарды елге қайтаруға қызығушылық танытып, бұл бастаманы қолдауының арқасында көшпенділердің бостандық сүйгіш жүректері шетелдегі саяхаттарын аяқтап, өз елдеріне оралады деген үлкен үміт бар.
Жазушы: Илана Даутова, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік Түркияның ведомствоаралық делегациясы Мәскеуде ресейлік әріптестерімен аймақтық оқиғаларды, атап айтқанда Ливия мен Сирия мәселелерін талқылау үшін консультациялар өткізді. Ливия бойынша тараптар тұрақты саяси шешімге қол жеткізу үшін БҰҰ қамқорлығымен ливиялықтар арасында инклюзивті саяси диалог процесін бастаудың маңыздылығын растады. Ал Сирия бойынша Идлиб деэскалация аймағындағы жағдай және бірлескен патрульдеуді өткізу мәселелері талқыланды (Түркия СІМ, 01.09.2020). Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, елді одан әрі дамыту стратегиясын ұсынды. Президент Тоқаев басқару жүйесі мен экономиканың тиімділігін арттыруға, өндірістік әлеуетті ашуға, ауылшаруашылығын, көлік және логистиканы, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын дамытуға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар бастамалар көтерді (Ақорда, 02.09.2020).
Мемлекеттік органдардың, ғылыми орта мен азаматтық қоғамның өкілдері ЕҚЫҰ мен «Құқықтық медиа орталығы» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған Қазақстандағы ақпаратқа қол жетімділік туралы онлайн пікірталасқа қатысты. Қатысушылар тиісті ұлттық заңнаманы, ақпараттың жіктелуінің әртүрлі категорияларын, ақпаратқа қол жетімділік пен ашықтықты қорғау, есеп беру мәселелерін, ресми ақпаратты шығаруды реттейтін процедураларды және азаматтық қоғамның заң шығару процесіне қатысуын талқылады (ЕҚЫҰ, 03.09.2020 ).
Қырғызстан мен Түрікменстанның Сыртқы істер министрлері Шыңғыс Айдарбеков пен Рашид Мередов бейнеконференция арқылы келіссөздер жүргізді. Тараптар Бішкекте өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының үшінші консультативті кездесуіне дайындық туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, министрлер екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылап, жаһандық COVID-19 індетіне қатысты мәселелерге ерекше назар аударды (Түрікменстан СІМ, 02.09.2020).
Ресей мен Беларусь Сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Владимир Макей президенттік сайлаудан кейінгі Беларустың ішкі саяси жағдайын талқылау үшін Мәскеуде келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, тараптар Беларустың ішкі істеріне араласу әрекеттеріне жол берілмейтінін атап өтті. Ресей тарапы жағдайды қалыпқа келтіруге көмектесуге дайын екенін растады және Беларусь билігінің конституциялық реформа бастамасын қолдайтынын білдірді (Ресей СІМ, 02.09.2020).
Мәскеу облысында Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті. Тараптар Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанына 75 жыл толуына орай бірлескен мәлімдеме қабылдады. Олар сондай-ақ, терроризмге қарсы күрестегі ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаласты және биологиялық қауіп-қатерлерге жауап беру қабілетін арттыру бойынша мүмкін шараларды талқылады (ТМД Атқару комитеті, 04.09.2020).
Экономика, қаржы және энергия АҚШ-тың Сауда-өнеркәсіп палатасы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында АҚШ-Қазақстан Іскерлік кеңесінің құрылғанын жариялады. Қазіргі уақытта жылдық екіжақты тауар айналымы шамамен 2 млрд. долларды құрайды және ауыл шаруашылығы, энергетика, тау-кен өндірісі және инфрақұрылым сияқты салаларда өсу әлеуеті жоғары деңгейде. Қазақстанда 700-ден астам американдық компания жұмыс істейді, ал «Шеврон» ең ірі инвестор ретінде кеңестің корпоративтік төрағасы болып аталды (АҚШ Сауда-өнеркәсіп палатасы, 01.09.2020). Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігі мен БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы жаңа аймақтық жобалар бойынша келісімшарттарға қол қоюдың онлайн рәсімін өткізді. Бұл серіктестік ауыл шаруашылығының тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға және ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған. Атап айтқанда, Оңтүстік Корея мен Жапония қаржыландыратын жобалар жылыжай саласына инновациялық технологияларды енгізуді, сондай-ақ ұлттық және аймақтық деңгейде зиянкестермен күресті күшейтуді көздейді (UzDaily, 04.09.2020). Қырғызстан мен Өзбекстан Премьер-министр орынбасарлары Эркин Асрандиев пен Сардор Умурзаков онлайн режимде келіссөздер жүргізіп, экономикалық ынтымақтастықтың нақты мақсаттарын атап өтті және өзара инвестициялар, сауда, көлік және логистикалық серіктестікті кеңейту жоспарларын талқылады. Сондайақ, тараптар өнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі келесі шаралар туралы пікір алмасып, тиісті жол картасын қабылдауға келісті. Соңғы үш жылда екі ел арасындағы тауар айналымы бес есеге көбейіп, 2019 жылы шамамен 818,4 млн. долларды құрады (UzDaily, 04.09.2020).
Тәжікстан Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, мемлекет 2022 жылға дейін мемлекеттік сыртқы қарыз алудың ұлттық бағдарламасы шеңберінде жалпы 1 млрд. доллар көлемінде сыртқы қарыз тартуды жоспарлап отыр. Тәжікстан 2020 жылы 220 млн. доллар, 2021 жылы 336,4 млн. доллар және 2022 жылы 365 млн.
доллардан астам қарыз алады. 2020 жылдың 1 шілдесінде елдің сыртқы қарызы 3 млрд. 96,1 млн. долларды немесе ЖІӨ-нің 36,1%-ын құрады. Бұл ретте үкімет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында сыртқы қарызға қызмет көрсетуге шамамен 115 млн. доллар жұмсады (New Europe, 03.09.2020).
Беларусь 2020 жылғы Жаһандық инновациялар индексіндегі жағдайын едәуір жақсартып, 131 елдің рейтингінде 2018 жылы 86-шы, 2019 жылы 72-ші және 2020 жылы 64-ші орынға көтерілді. Беларустың Мемлекеттік ғылыми-техникалық комитетінің хабарлауынша, бұл жағымды өзгеріс инновациялық экономиканың инфрақұрылымын дамыту, іскерлік және институционалдық жағдайды жақсарту және білім беру сапасының жоғарылауы нәтижесінде болды (БелТА, 03.09.2020).
Еуропа қайта құру және даму банкі Еуропадағы үшінші томат пастасы өндірушісі болып табылатын Украинаның Agrofusion Group компаниясына 10 млн. еуро несие береді. Аталмыш компания өнімнің 72%дан астамын әлемнің 45 еліне экспорттайды. Компания несиені клиенттердің төлемдерінің кешеуілдеуі және операциялық шығындардың жоғарылауы сияқты коронавирус індетінің жағымсыз салдарларымен күресу үшін, сондай-ақ Украинадағы алғашқы толық органикалық томат пастасы өндірушісі болудың ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыру үшін пайдаланады (Укринформ, 04.09.2020).
Дайындағандар:
Даурен Абен, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет Massaget.kz жастар порталы көрнекті қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» видео саммари роман-эпопеясының төртінші тарауын жариялады. Видео – танымал doodle анимация жанрында жасалған романның қысқаша мазмұны. Жоба Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады (ҚазАқпарат, 31.08.2020).
ТҮРКСОЙ Өзбекстан мен Түркияның жоғары лауазымды тұлғалары мен дипломаттары қатысқан онлайн конференция барысында Өзбекстанмен мәдени ынтымақтастығы туралы кітап ұсынды. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтің айтуынша, жақын уақытта ұйым белгілі өзбек жазушылары мен ақындарының шығармаларын басып шығарып, оларға арналған еске алу шараларын өткізеді. Қатысушылар сонымен қатар ежелгі өзбек қаласы Хиуаның 2020 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына қатысты іс-шараларды талқылады (ТҮРКСОЙ, 04.09.2020). Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен «Тұңғыш түрколог студенттер құрылтайы» өтті. Онлайн іс-шарада түркі әлемінің танымал ғалымдары мен Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің түркология мамандығында оқитын студенттері бас қосты. Қатысушылар түркі халықтарының фольклоры, әдебиеті, тіл білімі және дәстүрі бағыттарында баяндама жасап, пікір алмасты (TWESCO, 04.09.2020).
БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхиты өңірі бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру бойынша төртінші Солтүстік және Орталық Азия көпмүшелі форумын ұйымдастырды. Бейнеконференция форматында өткен форумның тақырыбы «Адамдардың әл-ауқаты және ТДМ: COVID-19 дағдарысынан кейін қалпына келтіру» болды. Қатысушылар COVID-19 індетінің жағымсыз әсерімен күресу аясында 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін жеделдету бойынша мүмкін іс-қимылдар мен шешімдерді талқылады (ЭСКАТО, 02-04.09.2020). Орталық Азия мен Жапонияның жетекші денсаулық сақтау мамандары бейнеконференция өткізіп, COVID-19 пандемиясына қарсы күресті талқылады. Іс-шараға тиісті мемлекеттік органдардың, медициналық мекемелердің, университеттердің, ауруханалардың және фармацевтикалық компаниялардың өкілдері қатысты. Қатысушылар өз елдеріндегі эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат алмасты, ауруды емдеудің тиімді жолдары туралы тәжірибелерімен бөлісті және өзара практикалық байланыстарды жалғастыруға келісті (UzA, 04.0.2020). Түркия Молдоваға екі мемлекет арасындағы достық пен стратегиялық серіктестіктің белгісі ретінде медициналық жабдықтар мен компьютерлерден тұратын материалдық көмек көрсетті. Кишиневтегі Түркия Республикасының елшілігінде өткізілген тапсыру рәсімі кезінде Молдова тарапына 30 мың маска, 1,400 хирургиялық алжапқыш және 600 қорғаныш халаты табысталды. Аталмыш көмек COVID-19-ға қарсы күресте медициналық персоналдың қорғалуын қамтамасыз ету үшін елдің денсаулық сақтау мекемелері арасында таратылатын болады (Moldpres, 02.09.2020).




