f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Қазақстанның конституциялық референдумы: “халық үніне құлақ асатын мемлекет”
ebulletin

Қазақстанның конституциялық референдумы: “халық үніне құлақ асатын мемлекет”

Авторлар: Ainur Akhmetova
2022 ж. 29 маусым
Қазақстанның конституциялық референдумы: “халық үніне құлақ асатын мемлекет”

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМЫ: “ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ”

2022 жылдың 5-маусымы күні Қазақстан Республикасының Ата заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыхалықтық референдум өтті. Орталық референдум комиссиясының мәлімдемесіне сәйкес, референдумға 11 734 642 адамның 7 985 769 (68,05 %) қатысқан. Оның ішінде 6 163 516 азамат «иә» деп дауыс берсе, 1 490 470 адам «жоқ» деп дауыс берген. ҚР Орталық референдум комиссиясының есебі бойынша Қазақстанның 17 облысында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада азаматтардың жартысынан көбі қолдап, дауыс бергендіктен, референдумға ұсынылған Ата заңға қатысты өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді.

Заңға сәйкес, референдум мемлекет басшысының Жарлығы шыққан күннен кейін 1-3 ай аралығында өтуі тиіс. 2022 жылғы 5мамырда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 31-сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастамасы күн тәртібіне қойылды. Бұл референдум 1995 жылы қолданыстағы Ата заң қабылданғаннан кейінгі 27 жыл ішінде биыл өткізілді. Референдум саяси институт ретінде мемлекеттік маңызы бар мәселелерді жалпыхалықтық дауысқа салып шешуді білдіреді. Заңға сәйкес, референдумға 18 жастан асқан және дауыс беруге құқығы бар азаматтар қатыса алады. Жоғарыда айтқанымыздай, референдум өтті деп есептелуі үшін дауыс беруге құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысуы тиіс. Референдум өткенге дейін және одан кейін де айтылғандай, бұл референдумның мақсаты – басқарушылар мен саясаткерлерді (президент, депутат, т.б.) сайлау емес, халық тікелей қатысатын саяси үдеріс арқылы қоғамға қатысты маңызды конституциялық өзгерістерді жүзеге асыру болды.

Халық пен мемлекет арасында тиімді диалог орнату мәселесі мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың сөйлеген сөздері мен мәлімдемелерінде айтылып келді.

Президенттің биылғы наурыз айындағы Жолдауында Қазақстанның саяси жүйесіне елеулі өзгерістер енгізілетініне қатысты нақты ұстаным айтылды. Ел басшысы референдум өткізу туралы бейнеүндеуінде Жолдаудағы саяси тұрғыда жаңғыру бағдарламаларын тиімді жүзеге асыру үшін Ата заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттігін және осыған орай арнайы жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, президент мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге халықтың да белсене қатысуы қажет екенін атап өтті. Сондықтан Президенттің референдум өткізу бастамасы мемлекетті басқару ісіне және елдегі саяси үдерістерге халықтың белсенді қатысуға деген талабына негізделген деп айтуға болады.

Сарапшылардың пікіріне қарағанда, бұған дейін 1995 жылы 30-тамызда республикалық референдумда қабылданған Ата заңға қатысты реформалар тек Парламентте мақұлданған.

Мұндай басқару механизмі суперпрезиденттік басқару жүйесін орнатуға себеп болды. Референдумнан бастау алған бұл жаңа үдеріс жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды шешімдерді қабылдауға халықтың белсене араласатын уақыты келгенін көрсетеді. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың бейнеүндеуінде «Конституциялық реформа барлық мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге бағытталған. Түзетулер «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен ықпалды Парламенті және есеп беретін Үкіметі бар президенттік республикаға түбегейлі көшуді көздейді» делінген.

Референдумның қорытындысы жарияланғаннан кейін ҚР Ата заңының 33 бабына 56 өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Ата заңның бұрынғы және жаңа нұсқасының арасындағы өзгерістер халыққа түсінікті болуы үшін бес ірі блокқа бөлінгенін атап өткен. Ата заңға енгізілген түзетулердің бірінші блогы суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу мәселесін қамтамасыз етсе; екінші блогында бірнеше билік өкілеттіктерін қайта бөлу жағы қарастырылған. Үшінші блогы парламент пен оның палаталарының рөлі мен мәртебесін арттыруға; төртінші блогы халықтың ел басқару ісіне көбірек қатыстыруға; бесінші блогы азаматтардың құқықтарын қорғау тетігін күшейтуге бағытталған.

Аталған ережелерді егжей-тегжейлі қарастырғанда маңызды өзгерістер бар екенін көруге болады. Мысалы, 1995 жылғы Ата заңның 43-бабындағы 3 және 4-тармақтарға: «3. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.

Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға хақысы жоқ» деген ережелер қосылған. Ал 46-баптың 4-тармағындағы «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен конституциялық заңмен айқындалады» деген сөйлем жаңа референдум арқылы күшін жойған. Референдумда қабылданған 23баптың 2-тармағындағы:

«Республика Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының және өзге де соттарының төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері саяси партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс» деген ережелер маңызды өзгерістер әкелді деп айтуға болады. Референдум арқылы жүзеге асырылған мұндай өзгерістер мемлекеттік билік бөлінісіндегі тепе-теңдікті қалпына келтіруге еліміздегі президент мәртебесіне берілетін артықшылықтарды алып тастауға бағытталған. Бұл толықтырулар елдегі саяси партиялар арасындағы теңдікті қамтамасыз ету арқылы бәсекелестікті арттырады деп күтуге болады.

1995 жылғы Ата заңның 6-бабындағы «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деген 3-тармақ «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады»

болып өзгертілген.

Шетелдіктер мен халықаралық компанияларға халыққа тиесілі жерлерді сату немесе жалға беру тәжірибесіне қазақ қоғамының соңғы жылдардағы реакциясын ескерсек, бұл өзгерістер қоғамның толық қолдауына ие болғаны анық. Сонымен қатар, Ата заңның 7174-баптарының редакциясында «Конституциялық Кеңес» «Конституциялық Сот» болып қайта құрылған. Сарапшылардың пікірінше, өзгертілген заңға сәйкес, жеке және заңды тұлғалар Ата заңға қайшы келетін шешімдер (мысалы, жерге қатысты заңсыз шешім)

қабылданған жағдайда Конституциялық Сотқа жүгінетін құқыққа ие болады. Кез келген дау туғанда түпкілікті шешім қабылдайтын құзыретті орган Конституциялық Сот болып табылады.

Негізгі құқықтар мен бостандықтарға қатысты Ата заңның 15-бабының 2-тармағына «Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасына тыйым салынады» деген өзгеріс енгізілген. Яғни, бұрынғы тармақтағы өлім жазасы түзету енгізу арқылы алынып тасталған. Өлім жазасы туралы заңды талқылаған құқық қорғаушылар мен сарапшылар «адам өзімен тең басқа адамдардың өміріне қатысты шешім шығара алмайды» деп есептейді. Өйткені заңгерлер басқа мемлекеттерде өлім жазасы туралы заңға тыйым салынуы зорлық-зомбылық қылмыстарының көбеюіне әсер етпегенін алға тартады. Құқық қорғаушылар өлім жазасына тыйым салынғанын құптайды деп айтуға болады. Дегенмен кейбір қоғам өкілдері өлім жазасы алынып тасталғаннан кейін қылмыс саны көбеюі мүмкін деп есептейді.

Қорыта келгенде, Қазақстан мемлекетінің басшысы Қ.К. Тоқаевтың жалпыхалықтық референдум өткізу бастамасы Қазақстан қоғамының демократиялық әлеуетін барынша арттыруға және халықтың шешімі арқылы елдің саяси, экономикалық, әлеметтік жүйесін жақсартуға негізделген деп айтуға болады. Сарапшылар референдум арқылы өзгерген Ата заңдағы әрбір бап, тармақ, тіпті, сөздерде не айтылғанынан халықтың хабардар екенін алға тартады. Бұл үдерісті келесі тең саяси бәсекелестіктің, белсенді әлеуметтік қатысу мен басқарудың бастауы деп санауға болады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»

тұжырымдамасымен сипатталатын бұл үдеріс Қазақстанның саяси өміріндегі маңызды өзгерістердің белгісі екені даусыз.

Жазушы: Ахметова Айнұр, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқауіпсіздік       Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының мерейтойлық саммитінде сөйлеген сөзінде ұйым Орталық Азияның оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлуі керектігін мәлімдеді. Тоқаев Ауғанстандағы тұрақсыз жағдай мен елдегі қарулы топтардың көптігі әлі де аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретінін айтты. Сондай-ақ, ұйымның бітімгершілік әлеуетін дамыту жақын арада негізгі басымдық болатынын мәлімдеді (Kazinform, 16.05.2022).

Саясат және қауіпсіздік бойынша Еуропалық Одақ (ЕО) – Орталық Азия жоғары деңгейдегі диалогының кезекті раунды аясында Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Бас хатшының орынбасары, Еуропалық сыртқы істер қызметінің саяси директоры Энрике Морамен кездесті. Тараптар ЕО және Орталық Азия елдеріндегі соңғы оқиғаларды, ортақ қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастықты және әртүрлі мәселелер бойынша аймақаралық ынтымақтастықты талқылады. Тараптар Самарқандта өтетін Байланыс және тұрақты даму жөніндегі ЕО-Орталық Азия министрлер конференциясын құптайтындарын мәлімдеді (Kun.uz, 18.05.2022). Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Өзбекстан-Қырғызстан стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылап, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кеңейіп жатқанын атап өтті. 2022 жылдың басынан бері елдер арасындағы тауар айналымы 30%-ға өсті. Тараптар сауда, өнеркәсіптік ынтымақтастық, бірлескен инфрақұрылымдық жобалар, көлік-энергетика және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша келісімдерді жүзеге асыруға үлкен мән берді (UzReport, 19.05.2022).

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Терроризмге қарсы аймақтық құрылымы туралы келіссөздер алдында Делиде Үндістанда өткен жиында Ресей, Орталық Азия елдері, Қытай және Пәкістанның лаңкестікпен күрес бөлімшелері бас қосты. Қатысушылар Ауғанстандағы болып жатқан жағдайға тоқталып, жалғасып келе жатқан саяси дағдарыс елдегі қалыптасқан жағдайды бұзғанын атап өтті. Аймақтық қауіпсіздік мәселесін қозғаған делегаттар бейбітшілік пен тұрақтылықтың жалғыз жолы – «шынайы» аймақтық ынтымақтастық екенін айтып, қауіпсіздік мәселелерін шешу жолдарын да ұсынды (Khaama.com, 17.05.2022).

Тәжікстан президенті Имамали Рахман Мәскеуде ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесті. Тараптар екі ел экономикасының секторлары үшін пайдаланылмаған мүмкіндіктерді пайдалану және Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында мемлекет басшылары әлемдегі және аймақтағы саяси жағдайға да баға берді (ASIA-Plus, 16.05.2022). Түркия Қорғаныс министрі Хулуси Акар Пәкістанның солтүстік-шығысындағы әскери қаласы Равалпиндидегі армия штабында Пәкістан Бас штаб төрағасы генерал Камар Джавед Баджвамен кездесті. Тараптар бірқатар мәселелерді, соның ішінде қорғаныс саласындағы ынтымақтастық пен аймақтық қауіпсіздікті талқылады. Хулуси Акар ел астанасы Исламабадта пәкістандық әріптесі Хаваджа Асифпен де кездесті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды, соның ішінде аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға күш салуды одан әрі дамытуға деген ұмтылыс расталды (Dailysabah.com, 21.05.2022).

     қаев Кремльде ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесті. Кездесу барысында Тоқаев елдер арасындағы саудаэкономикалық ынтымақтастық тереңдей түскенін айтты. Екі ел арасында машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібі сияқты салаларда жалпы құны 4 миллиард доллар болатын дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі 20 бірлескен жоба бар. Елдер арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 34%-ға өсіп, 25 миллиард долларға жетті. Ресейлік компаниялар Қазақстан экономикасына 17 миллиард доллар инвестиция салды (Qazaq TV, 17.05.2022). Қазақстан Сауда және интеграция министрі Қайрат Төребаев Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының отырысына қатысып, Қазақстанның түркітілдес елдермен саудасы қарқынды дамып жатқанын мәлімдеді. 2022 жылдың бірінші тоқсанында тараптар арасындағы тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,3%-ға өсіп, шамамен 3 миллиард долларды құрады. Министр өзара сауда шарттары жеңілдетілгенін атап өтті (Turk-pa.org, 20.05.2022). Өзбекстан Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар министрлігінің мәліметінше, Информатика паркі резиденттерінің экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есе өсіп, 17,3 миллион долларға жеткен. 2022 жылдың бірінші тоқсанында тұрғындар көрсеткен қызметтердің жалпы көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 186%-ға өсті. АҚШ-тың жалпы экспорттағы үлесі 85%дан асты. 2022 жылдың соңына қарай экспорт 100 миллион долларға жетеді деп күтілуде (UzReport, 19.05.2022).

Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанда негізінен экономика министрлерінен құралған Орталық Азия шенеуніктері Орталық Азиядағы сауданы жеңілдетуге арналған «Ұлттық жол карталарынан аймақтық реформаларға» атты жиын өткізді. Қазақстан аймақ елдерін жаһандық электрондық коммерция платформаларында жақындастыру үшін бірлескен күш-жігерді біріктіруді «Орталық Азия AMAZON» деп аталатын бірыңғай аймақтық жобаны құруды ұсынды. Билік Орталық Азия елдерінің өнімдерін ЕО нарығына бірлесіп шығару мәселелерін де сарапқа салды (Kabar, 16.05.2022). Дүниежүзілік банктің құрамына кіретін Халықаралық даму қауымдастығы Тәжікстанға тұрақты ландшафтты қалпына келтіру жобасын қаржыландыру үшін 45 миллион доллар грант бөледі. Бұл мәселе бойынша келісімге Тәжікстанның Қаржы министрі мен Дүниежүзілік банктің елдегі директоры 17 мамырда қол қойды. Жобаның мақсаты – Тәжікстандағы тұрақты жер ресурстарын басқаруды қолдау және трансшекаралық ландшафттарды қалпына келтіру жөнінде Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықты дамыту (Asia-Plus, 19.05.2022).

Жақында Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк тобы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Қаржылық тұрақтылық кеңесі, сондай-ақ G7-нің қаржы министрлері мен орталық банк басшыларынан тұратын халықаралық даму және қаржы институттары жақында Украинаға 19,8 миллиард доллар экономикалық қолдау көрсеткенін хабарлады. Бұл қаражат Украинаға қаржыландырудағы тапшылықты жоюға және украин халқына маңызды қызметтерді жеткізуді қамтамасыз етуге көмектеседі. Еуропалық комиссия 9 миллиард еуроға дейін қосымша макроқаржылық көмек көрсетуді ұсынды (Ukrinform, 20.05.2022).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Түрік мемлекеттері ұйымына мүше елдер Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан және бақылаушы мемлекет Венгрияның дипломатиялық өкілдіктері Вильнюсте халық музыкасының гала-концертін өткізді. Концертте түркі елдерінің мәдениеті, салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары таныстырылды. Шараға дипломаттар, Литваның ресми өкілдері, мәдениет және спорт саласының өкілдері, қазақ диаспорасы қатысты. Қонақтар түрік ұлттық тағамдарынан дәм татып, ұлттық киімдерді тамашалап, елдердің туристік әлеуетін білуге мүмкіндік алды (Kazinform, 19.05.2022).

Халықаралық Түркі академиясы Стамбулда ортақ түркі тарихы, әдебиеті және географиясы оқулықтарын дайындауға арналған үш күндік бірлескен семинар ұйымдастырды. Іс-шараға түрік ұйымдарының басшыларымен қатар Ұлттық білім министрлігінен көптеген шенеуніктер мен түркі әлемінің түрлі университеттерінен ғалымдар қатысты. Үш күндік қызу бірлескен жұмыстан кейін тараптар қажетті түзетулер енгізіп, ортақ тарих, әдебиет және география оқулықтарының түпкілікті нұсқаларын келісті (Turkkon.org, 25.05.2022).

Анадолу агенттігінің бас директоры Сердар Карагөз Түрік мемлекеттері ұйымының баспасөз, ақпарат және жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғаларға жауапты министрлердің төртінші жиналысында түркі әлеміндегі ақпарат агенттіктерін Түрік ақпарат агенттіктері қауымдастығының бір шаңырақ астында біріктіру жобасының аяқталуға жақын екенін мәлімдеді. Жоба түркі әлемін жақындастыру үдерісін одан әрі дамытады деп күтілуде (Анадолу агенттігі, 16.05.2022).

Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігінің жаңа ғимараты құрылысының іргетасын қалау рәсімі өтті. Нусратулло Махсум көшесінде Қазақстанның дипломатиялық өкілдігінің жаңа ғимараты салынуда. Ғимарат құрылысының іргетасын қалау рәсіміне Тәжікстан мен Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшылары мен екі елдің дипломатиялық ведомстволарының қызметкерлері қатысты (ASIAPlus, 17.05.2022). Әзербайжан-Түркия одақтастық қатынастары туралы Шуша мәлімдемесі Бішкектегі Қырғызстанның Түркітілдес мемлекеттердің саясатын қолдау қорының ұйымдастыруымен әзірбайжан, түрік және орыс тілдерінде жеке кітап болып басылып шықты. Кітапта Шуша декларациясына қол қойылған және құжаттың Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі мен Әзірбайжан Милли Мәжілісі бекіткен күні көрсетілген (Kabar, 19.05.2022).

БҰҰ Арал өңіріндегі көлдер мен батпақты жерлерді тиімді пайдалану жобасын жүзеге асырмақ. Жоба «Арал теңізі бассейнінің тозған жерлеріндегі тұрақты өмір сүру құралдары ретінде көлдерді, сулы-батпақты жерлерді және жағалаудағы аумақтарды сақтау және басқару» жобасын қаржыландыруға 3 552 968 доллар грант бөлуді қамтиды. Жоба алдағы бес жылда Қарақалпақстанның Мұйнақ және Әмудария аудандарында, сондай-ақ Бұхара облысының Қаракөл және Алат аудандарында жүзеге асырылады (Kun.uz, 21.05.2022).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.