Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одағы аясындағы сауда қатынастары: автокөлік саласындағы оң өзгерістер

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҒЫ АЯСЫНДАҒЫ САУДА ҚАТЫНАСТАРЫ: АВТОКӨЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО)
құрылған алғашқы жылдары Қырым мәселесі бойынша Ресейге қатысты Еуропа Одағы (ЕО) мен басқа да батыс елдері тарапынан салынған санкциялар мен әлемдік нарықтағы мұнай бағасының құлдырауына тура келіп, ЕАЭО тарапынан жоспарланған экономикалық оң көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін болмады. 2013-2019 жылдар арасындағы ЕАЭОның ішкі сауда нарығын саралағанымызда, 2013 жылы 69.2 млрд. АҚШ долларын құраған сауда көлемі, 2016 жылы 42.9 млрд. АҚШ долларына дейін төмендесе, ал 2019 жылы одақтың ішкі нарығында қайта өсу байқалып, сауда көлемі 61 млрд. АҚШ долларына жеткен. Одақтың негізгі үш тағаны Қазақстан, Ресей және Белорусь елдерінің арасындағы экономикалық байланыстар мен сауда қатынастары одақтың негізгі басым сауда көрсеткішіне ие болғандықтан, бұл жазбамызда аталған үш елдің одақ шеңберіндегі коммерциялық байланысын сараптайтын боламыз. ЕАЭО-ның қорытынды ресми мәліметтерінде одақ елдері арасында сауда өнімдері негізінен түрлі 8 салада жүргізілсе, олардың ең алғашқы қатарында минералдық өнімдердің саудасы 2019 жылы 15.7 млрд. АҚШ долларын құраса, автокөлік саласы 12 млрд. АҚШ долларды құрап, екінші орынға тұрақтаған. Аталған алғашқы салалар 2015 жылдағы одақтың құрылуынан бүгінге дейін ЕАЭО шеңберіндегі өзара саудада алғашқы орынды тұрақты иелеп келеді. Басқа өндіріс салаларының сауда нәтижелері әр жылдары өзгеріп отырғанымен, бірінші орындағы минералдық өнімдер мен екінші орындағы автокөлік нарығының жоғарғы көрсеткіштерінен бұл саланың маңыздылығын көруге болады. 2015-2019 жылдар арасындағы құбылмалы сауда үдерісі шеңберінде күрт құлдыраған сауда көлемі аздап кемігенімен, кейінгі қайта серпілу кезеңінде тез ес жиып, даму жолына түскен салы автокөлік саласы екені аңғарылады. 2019 жылы одақ елдері арасында автокөлік саудасындағы жалпы қорытынды есепке көз салсақ, бірінші орында Ресей 12 млрд. АҚШ долларға, екінші орында Белорусь 7.1 млрд. АҚШ долларға және Қазақстан 490 млн. АҚШ долларға көлік экспорттаған. Мұны 2018 жылмен салыстырғанда саласындағы сауда көлімі 19.8% жоғары өскені байқалса, ал жекелей алғанда Қазақстанның одақ аясындағы автокөлік экспорты 28% ұлғайған.
Ресей мен Белорустың бұл саладағы сауда көлемі қаншалықты жоғары болғанымен, Қазақстанның автокөлік саласының даму дейгейінің орташа өсу көрсеткіші одақтағы басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін айтуға болады. Бұған қоса Қазақстанның ЕАЭОға мүше мемлекеттермен сауда қатынасын салыстыра сараптама жасалғанда, Қазақстанның одақтың жалпы сауда көлеміндегі үлесі 2015 жылы 18% болса, 2019 жылы 22%-ға шығарған жалғыз ел екенін көруге болады. Осы ретте басқа мүше мемлекеттердің одақ ішіндегі сауда үлесі 1%-дан аспағанын айта кеткен жөн. Мұндай маңызды ілгерлеушілікке сабап болған басты салалар арасында минералдық өнімдер, отын, қағаз шикізаты мен қағаз өнімдері, машина, құрал-жабдық және көлік саласы алдыңғы қатарда келеді. Аталған салалар арасындағы дамуды сараптағанымызда 2016-2019 жылдар арасында Қазақстандағы машина, құрал-жабдық және көлік саласы экспортында өсу көрсеткіші 21%-дан 28%-ға дейін ұлғайған. Жалпы алғанда Қазақстанның 2014 жылы мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасын бастатуы, сондайақ, «Белдеу және Жол» сияқты халықаралық бастамаларға қатысуы да елдің қатынас саласы мен инфрақұрылымның өркендеуіне айрықша маңыз қосқанын және оң өзгерістерге себеп болғанын байқаймыз.
Қазақстан үкіметі инфрақұрылым саласын одан әрі дамытуға байланысты ел ішіндегі автокөлік өндірісіне бақытталған айрықша жұмыстар атқарып келеді. Осы бағытта автокөлік саласын дамытуды көздеген 139 жоба қолға алынған. Елдегі 65 үлкен, 100 орта және 2.745 шағын кәсіпорындарда 114.000 адам жұмыс жасап, Қазақстанның автокөлік өндірісінің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Осындай ыңғайлы жағдайдың арқасында жасалған жұмыстарды санмен сөйлетсек, 2013 жылы 37.500 автокөлік құрастырылған болса, бұл көрсеткіш 2020 жылының қаңтар-қыркүйек айлары арасында 52.411 автокөлікке жеткен. Бұлардың ішінде алғашқы орында 13.404 Lada орналасса, одан кейінгі орындарға 11.509 Hyundai, 5.414 Ravon, 4.689 KIA және 3.563 Chevrolet маркалы автокөліктері бар. Қазақстанда жалпы қолданыста 4.56 миллион көлік құралы тіркелсе, оның 3.75 миллионы жеңіл автокөлік екен. Қазақстанда 2020 жылдың алғашқы тоғыз айында сатылымға шығарылған 71.000 астам көлік құралының 59%-ы қазақстандық автокөлік фирмаларының өнімдері болса, қалған автокөлік құралдары импортталған. Қазақстан құрастырылған түрлі автокөлік фирмаларының өнімдері «Қазақстанда жасалған» маркалық белгісіндегі көліктердің көпшілігі ішкі нарықта жоғары сұраныста екенін жеткізіп отыр. Жылдар бойғы ішкі нарықтағы тұтынушылардың артуымен автокөлік саласындағы жақсы жетістіктердің арқасында жақын жылдардағы қазақстандық автокөліктердің бұдан да көптеп мөлшерде экспортқа шығарылуы күтіліп отыр. Себебі елдегі көлік сатылымы орташа есеппен 4%-5% артқанда, ал құрастыру көлімі қарқынды түрде 15%-ға жеткен. Қазақстанның ЕАЭО-ға сәйкестендірілген экономикалық реформасы және мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулардың арқасында қысқа уақытта жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Жаһандық сауда ыңғайында кетіп қалмай, мемлекеттік бағдарламалар аясында тұсауы кесілген жобалардың басым бөлігінің нақты нәтижелерін көру үшін әлі біршама уақыт керек. Әйтседе, Қазақстан жасалған маркалардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі ЕАЭО-ның сауда алаңдарымен әлемдік нарықта ұпай жоғалтпай қарқынды түрде қысқа уақытта нақты көрсеткіштерге жеткенін көруге болады. Осы себепті Қазақстан экономикасындағы өзгерістер елдің экономикалық реформасына қаншалықты ықпал еткенін саралағанда алғашқы нәтижелері мен қайтарымы мол көрсеткіштерді әрдайым назарда ұстап отыратын сала екенін баса айтқымыз келеді. Қорытындылай келе, айрықша 2009 жылғы жаһандық экономикалық дағдарыстың соңында экономикалық құрылымын әртараптандырудың жолын қарастырған Қазақстанның индустриялық мақсаттарының орындалуымен қатар, соңғы жылдары жасалған жұмыстардың өз жемісін бере бастағанын байқауға болады. Мұнын нақты айғағы ретінде автокөлік саласындағы даму үдерісінің жалпы алғанда ЕАЭО-ның ішкі саудасында автокөлік, құрал-жабдықтар мен қажетті мамандар тобын аз уақыттың ішінде қалыптастырып, жақсы нәтижеге қол жеткізілгені айқын көрініп келеді. Сөз еткен және басқа да оң нәтижелердің әртүрлі салаларда одақтасудың маркоэкономикадағы межелерге, жаһандық сауда құбылуларымен бірге қарқынды түрде қарыштауға бет бұрғаны анық көріне бастады.
Жазушы: Еркінбек Тұрғынов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және Экономика, қаржы және энергия қауіпсіздік Жуырда Қазақстан Сенаты әлеуметтік Молдовадағы Іс-қимыл және ынтымақтастық партиясының жетекшісі Майя Санду президент сайлауының екінші турында жеңіске жетті. Республиканың Орталық сайлау комиссиясының қорытынды нәтижелері бойынша Майя Санду 57,72%, ал қазіргі президент Игорь Додон 42,28% дауыс жинады. Молдова мемлекетінің қазіргі президентінің өкілеттік мерзімі 23 желтоқсанда аяқталады, содан кейін төрт жылдық мерзімге сайланған жаңа президент қызметіне кіріседі (Interfax.com.ua, 20.11.2020).
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен түрлі министрліктердің өкілдерінен құралған делегация Арменияға сапарлай барып, Армения басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуден кейін Лавров Арменияның Ресеймен стратегиялық қатынастарын тереңдетуді мақұлдағанын мәлімдеді. Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен президент Армен Саркисян Таулы Қарабаққа қатысты мәлімдемені жүзеге асыруға бел буғандықтарын баса айтты. Өз кезегінде Ресей делегациясы, Армениямен екіжақты сауда және инвестициялық байланыстардың тереңдете түскісі келетіндерін білдірді (ТАСС, 21.11.2020).
Жақында Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Сардор Умурзаков Ауғанстан президент әкімшілігінің басшысы Мухаммед Шакир Коргармен кездесті. Тараптар саяси, экономикалық және инфрақұрылымдық ынтымақтастық сияқты маңызды мәселелерді талқылады және екіжақты қатынастарды тереңдетуге бағытталған шараларды белгіледі. Тараптар сауда көлемін 2 миллиард долларға дейін арттыру мақсатында жеңілдетілген сауда келісімшартын жасауды қарастыруда (UzDaily, 19.11.2020).
Түркия парламенті, Ресейдің ара ағайындығымен Армения мен Әзірбайжан арасында атысты тоқтату туралы келісімге қол қойылғаннан кейін Таулы Қарабаққа әскер жіберуді мақұлдады. Түрік сарбаздары атысты тоқтату режимінің орындалуын бақылау үшін бақылау нүктесінде тұрған Ресей күштеріне қосылады. Парламенттің шешімі түрік қарулы күштеріне аймақта бір жыл тұруына мүмкіндік береді (Aljazeera.com, 18.11.2020). Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері Еуропалық Одақтың (EO) Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Хосеп Борреллмен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде ЕО-дан Орталық Азияға 134 миллион еуролық ынтымақтастық пакетін бөлуді талқылады. Лауазымды тұлғалар Ауғанстандағы жағдайды сараптап, елдегі бейбітшілік Орталық Азия аймағындағы тұрақтылыққа айтарлықтай ықпал ететіндігіне тоқталды (Жаңа Еуропа, 18.11.2020).
Қырғызстан Орталық сайлау комитеті (ОСК) президенттік сайлауға үміткер азаматтардың құжаттарын қабылдауды тоқтатты. Жалпы 65 үміткер өтінім тапсырды. Кейін екеуі өтініштерін қайтарып алды. Президенттік сайлауға қатысуды жоспарлап отырған 63 адамның біреуі ғана саяси партияның мүшесі болса, қалғандары тәуелсіз кандидаттар. Сайлау 2021 жылы қаңтарда өтеді (Asiaplustj.info, 16.11.2020).
шығындардың үлесі бюджеттің жартысынан асатын «2021-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет туралы» заң жобасын қарастырды. Сенат мүшелері бюджет шығыстарын 46,6 миллион долларға көбейту туралы ұсынысты қолдады, оның 6,3 миллион доллары табиғи газды таратуға және 13,9 миллион доллары тұрғын үй құрылысына бөлінеді. Үкімет сонымен қатар мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтереді (Kazak TV, 19.11.2020). Ресей премьер-министрінің орынбасары Марат Куснуллиннің айтуынша, билік үш жыл ішінде жол құрылысына қосымша 13,1 млрд. доллар тартуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта мемлекеттік Avtodor және VEB.RF 2021-2023 жылдары сәйкесінше 6,5 млрд және 2,6 млрд долларлық инфрақұрылымдық облигациялар ұсынады. Куснуллин жолдар мен тұрғын үй құрылысының ұлттық жобалары өзара байланысты болады деп мәлімдеді.
DOM.RF тұрғын үй жобаларына 3,9 млрд.
доллар бөледі (ТАСС, 20.11.2020).
Қытай-Беларусь Great Stone индустриялық паркі дамудың оң динамикасын көрсетуде. 2020 жылдың тоғыз айында парк тұрғындарының кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 есе өсті. Экспорттық кірістер 8,7 есеге өсіп, жалпы кірістің 29,2%-ын құрады. Сонымен бірге резидент компаниялардың саны 2019 жылғы 55-тен 2020 жылы тоғыз айда 65ке дейін өсті (БелТА, 17.11.2020). Украина мен ЕО елдерінің арасындағы екіжақты тауар айналымы 2020 жылдың тоғыз айында төмендеді. Есепті кезеңде Украинаның ЕО-ға экспорты 13,06 млрд.
долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,3%-ға төмендеді. ЕО-дан импорт 16,44 млрд. долларды құрады және 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға төмендеді. Нәтижесінде сауда тапшылығы шамамен 3,4 миллиард долларға жетті (Укринформ, 20.11.2020). Қырғызстан Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың қыркүйегінде елге жіберілген ақша аударымдары 266,2 миллион долларды құрады. Бұл көрсеткіш тамызға қарағанда 28,8 миллион долларға төмен болса, өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 54,1 миллион долларға жоғары болды. 2020 жылдың тоғыз айында ақша аударымдары 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 463,1 миллион долларға азайып, 1,7 млрд. долларды құрады және ақша аударымдарының 90%-дан астамы Ресейден жіберілді (24.kg, 17.11.2020).
Әзірбайжан «Қарабақты азат етудің түркі әлеміне экономикалық әсері» тақырыбында онлайн-кездесу ұйымдастырды. Кездесуде сөз сөйлеген Әзірбайжан экономика министрінің орынбасары Севиндж Хасанова 2020 жылдың алғашқы тоғыз айында елдің Түркі кеңесіне мүше елдермен екіжақты сауда 3,4 млрд. долларға жеткенін мәлімдеді. Соңғы 16 жылда Әзірбайжанның басқа мүше елдердің экономикасына салған инвестициялары 18 млрд. доллардан асса, мүше елдер Әзірбайжанға шамамен 13 млрд. доллар инвестициялады (APA.AZ, 20.11.2020).
Дайындағандар:
Сауле Ахметкалиева, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет ТҮРКСОЙ Тракия университеттер одағымен (TUB) бірлесіп «Ұлы қазақ ойшылы Абайдың туғанына 175 жыл» атты онлайн-конференция ұйымдастырды. Шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейнов, Кыркларели университетінің ректоры, профессор Бүлент Шенгурур, көрнекті түркология мамандары, түркі тілдес елдерден танымал жазушылар мен ақындар қатысты. Конференцияға қатысушыларға белгілі түрік ағартушысы Абай туралы өз шығармаларын ұсынуға мүмкіндік берілді (TÜRKSOY, 18.11.2020). 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанға 11,8 мың этникалық қазақ оралып Оралман мәртебесін алды. Қазақстанға келген оралмандардың басым бөлігі Қытайдан 55,5%, одан кейін Өзбекстан 28,8%, Түркіменстан 9,1%, Моңғолия 3,4% және 2,9% басқа елдерден келді. Этникалық қазақтардың 52,3% Алматы облысында, 13,4% Маңғыстау облысында және 5,5% Түркістан облысында қоныстанды (Avesta-news.kz, 19.11.2020). Дүниежүзілік банк Тәжікстандағы эпидемияның жағымсыз әсерін азайтуға бағытталған COVID-19 апатына қарсы іс-қимыл жөніндегі жобаны бастады. Бастама аз қамтылған, үш жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға 500 сомони (50 доллар) көлемінде бір реттік ақшалай көмек көрсетуді көздейді. Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша Тәжікстанда ақша аударатын отбасылардың 80%-дан астамы оларды негізінен азық-түлік пен басқа да маңызды тауарларға жұмсайды (Asiaplustj.info, 20.11.2020).
Өзбекстан билігі COVID-19-қа қарсы қауіпсіз деп таныған қытайлық Anhui Zhifei Longcom биофармацевтикалық вакцинасы үшінші кезеңнен өту үшін Өзбекстанға жіберілді. Вакцина 18 бен 59 жас аралығындағы 5000 ер-әйелге сыналады.
Бұған дейін Қытайдан, Ресейден, Еуропадан және АҚШ-тан вакциналар Өзбекстанға сынақ мақсатында әкелінетіні туралы хабарланған болатын (Aa.com.tr, 18.11.2020).
Болгария астанасы Софиядағы Қазақстан елшілігінде ұлы түркі философы Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығына және қазақ ақыны әрі ағартушысы Абайдың 175 жылдығына арналған салтанатты рәсім өтті. Бастамаға Софиядағы Қазақстан елшілігі Ұлттық жиналыстың депутаты Спас Панчев пен кәсіпкер Милен Райков қолдау көрсетті және шараны Софиядағы Қазақстанның елшілігі жүзеге асырды.
Бұл шара болгарларға Қазақстанның мәдени мұрасын танытуға себепкер болды (Inform.kz, 20.11.2020).
Өзбекстан гуманитарлық көмек жүктерін Қырғызстанға жіберді. Өзбекстанның Андижан қаласынан пойызбен жөнелтілген үш мың тонна бидай Қырғызстанның Ош қаласына жеткізілді. Жеткізілім 100.000 жұп медициналық қолғаптан, 10.000 дана медициналық комбинезоннан, 2.000 дана медициналық көзілдіріктен, 10.000 дана коронавирустық тест жиынтығынан, 5.000 қорап Ремдесивир, 1.000 қорап Гепарин, 4.000 дана натрий хлориді мен шприцтерден тұрады (Kun.uz, 17.11.2020).




