Түрік ағыны табиғи газ құбырының ағымдағы даму үрдісі

ТҮРІК АҒЫНЫ ТАБИҒИ ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ДАМУ ҮРДІСІ Түркия энергия өндіруші елдер мен тұтынушы елдер арасындағы энергия тасымалында бірегей көпір қызметін атқарады. Еуропалық нарыққа бағытталған «Түрік ағыны» табиғи газ құбыры Ресейдің табиғи газын Қара теңіз арқылы Түркияға, одан ары Еуропа елдеріне жеткізуді қамтамасыз ететін жоба ретінде Түркияның позициясын одан әрі нығайта түсуде. Бұл құбыр Ресейдің Анапа жағалауынан басталып, 930 шақырымы Қара теңіз астынан өтіп, Тракия жағалауымен Түркияға жетеді.
Бұл жоба, Ресейдің табиғи газ қорын тікелей Түркияның табиғи газ жеткізу желісімен байланыстыру арқылы, Түркия мен Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Еуропа елдерін сенімді энергия көзімен қамдауға бағытталған. Құбыр желісінің теңіз астындағы бөлігі Қара теңізден бір-біріне параллель екі құбырдан тұрады. Табиғи газды Түркия арқылы Еуропаға тасымалдайтын құбыр желісінің әрқайсысының сыйымдылығы жылына 15,75 миллиард текшеметр болып, жиыны 31,5 миллиард текшеметр газ жеткізе алады. Жобаның жалпы құны 7 миллиард долларды құрайды.
Жобаны іске асыру үшін 2014 жылдың 1 желтоқсанында Ресейдің Газпром компаниясы мен Түркияның Botaş мұнай құбыры корпорациясы «Түрік ағыны» жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Алайда, жобаның техникалық, экономикалық және құқықтық негіздері 2016 жылы 10 қазанда Стамбулда өткен XXIII Дүниежүзілік энергетикалық конгресс аясында Түркия мен Ресей үкіметтері арасында қол қойылған үкіметаралық келісім арқылы анықталды. «Түрік ағыны» жобасының негізгі желілеріне қарағанда, Газпром мен Боташ арасында жасалған меморандум шеңберінде жалпы 31,5 миллиард текшеметр газ жеткізе алатын аталмыш жоба Түркия мен Ресей тұрғысынан ғана емес, Еуропа одағы (ЕО) елдері тұрғысынан да энергиямен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады деп күтілуде.
Түркияның табиғи газ импорты 20172019 жылдар аралығында орта есеппен 8-10% төмендеді. Түркияның Энергия нарығын реттеу органынан (EPDK)
есептеріне сәйкес, 2019 жылы Түркия ең көп, яғни 33,61% табиғи газды Ресей импорттады. 2018 жылы Ресей 46,95%-дық көрсеткішпен Түркияның табиғи газ импорты бойынша ең ірі серіктесі болды. Бұл көрсеткішті өткен жылдармен салыстырғанда, бұл үлес 2015 жылы 55,31%-ды құраған болса, 2016 жылы 52,94% және 2017 жылы 51,93% болып, жыл өткен сайын төмендеген. Түркия мен Ресей арасындағы табиғи газдың бағасы туралы 2015 жылы басталған пікірталас осы төмендеудің себебі ретінде көрсетіледі. Боташтың Газпромнан 10,25% жеңілдік талап етуі Түркияға жеткізілетін табиғи газдың мөлшеріне біраз уақыт әсер етті. Алайда, 2018 жылғы баспасөзде жарияланған хабарларға қарағанда, 2015 және 2016 жылдары Түркияға жеткізілген газ үшін артық төленген 1 миллиард долларды Газпром кері қайтаруға келіскен. Газпромның 2019 жылдың мамырында жарияланған есебіне қарағанда, Түркияның Ресейден табиғи газ импорты азайғанына қарамастан, Түркия Ресейдің Германия мен Италиядан кейінгі үшінші ірі табиғи газ тұтынушысы болып отыр. Түркияның табиғи газ импортының жалпы көлеміне көз жүгіртсек, Ресей 15,196 миллион текшеметр, Әзірбайжан 9,585 миллион текшеметр және Иран 7,736 миллион текшеметр болып, алғашқы үш орынды иелейді.
Шетелдік энергияға тәуелді Түркия баламалы құбырларға жүгіну арқылы Ресейдің үлесін азайтуды сәтті жалғастыруда. Осы бағытта 2018 жылы 30 маусымда Әзербайжанның Шах-Дениз-2 кен орнынан Транс Анадолы табиғи газ құбыры (TANAP) арқылы Түркияға табиғи газ тасымалдауының басталуы маңызды рөл атқарды. TANAP құбыры арқылы 2018 жылдың 30 маусымынан 2019 жылдың 28 ақпанына дейін шамамен 1,25 миллиард текшеметр газ тасымалданды. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың соңына қарай 3,7 миллиард текшеметрге жетті. 2020 жылдың аяғында TANAP арқылы Түркияға жеткізілген табиғи газдың жалпы көлемі 8,4 миллиард текшеметрге жетті. TANAP және Оңтүстік газ дәлізі жобасы аясында ЕО мен Түркия табиғи газдың Ресейге тәуелділігін төмендетуге тырысуда. Ресейдің табиғи газына балама іздеу үшін Түркияның Иран мен Әзірбайжанға бағытталуы Мәскеуді алаңдатады, сондықтан «Түрік ағыны» табиғи газ құбырынан зор үміт күтуде. 2020 жылдың 27 қаңтарында «Түрік ағыны» арқылы алғашқы бір миллиард текшеметр табиғи газ тасымалданып, оның 54%-ы түрік табиғи газ нарығына және 46%-ы Түрік-Болгар шекарасына жеткізілді. Қазіргі уақытта Газпром ағымдағы «Түрік ағыны» желісімен Сербия мен Босния-Герцеговинаға табиғи газ жеткізуде, ал екінші желісі 2021 жылдың соңғы тоқсанында Мажарстандағы құбыр құрылысы аяқталғаннан кейін іске қосылады деп күтілуде. Түркияда құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін табиғи газ ағынын уақытша тоқтатылуы, Түркияның осы жобадағы маңыздылығын көрсетеді.
Қорытып айтқанда, «Түрік ағыны» жобасы Түркияның аймақтағы энергетик нарықтарындағы орталық позициясын нығайтумен қатар, Ресей мен Еуропа арасындағы табиғи газ тасымалында бірегей көпір ретінде халықаралық энергетикалық саясатта өз пікірін білдіретін ел болуын қамтамасыз етуде. Ал, Ресей үшін «Түрік ағыны» жобасының жедел іске қосылу, Түркия мен Еуропаға табиғи газ жеткізуді аталмыш жоба арқылы қамтамасыз етіп, Украинаны тыс қалтыру тұрғысынан маңызды болып отыр.
Жазушы: Динара Талдыбаева, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік • • • • • • • Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштері бас штабтары басшыларының кездесуі өтті. Кездесуде Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия аймақтарындағы әскери қауіпсіздікке қатысты мәселелер мен қатерлер талқыланып, әскери қауіпсіздікке қатысты ықтимал қауіп-қатерлерге байланысты ортақ ұстаным бекітілді. 2021 жылы мүше елдер «Бауырластық күрес 2021» стратегиялық жаттығуы аясында Орталық Азияның ұжымдық қауіпсіздік аймағын қамтитын төрт бірлескен жаттығу өткізеді (БелТА, 14.04.2021). Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен Бакуде кездесті. Көшбасшылар Қарабақты қалпына келтіру мәселелерімен бірге бірқатар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуде екі лидер қатысқан салтанатта Әзірбайжан мен Беларусьтың Ауыл шаруашылығы және сыртқы істер министрліктері арасында түрлі меморандумдарға қол қойылды (Anadolu Ajansı, 15.04.2021).
Орталық Азия елдері мен Қытайдың сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары 2021 жылдың бірінші жартысында Қытайдың Шэньси аймағында өтетін «Қытай + Орталық Азия» шеңберіндегі екінші министрлік кездесуге дайындық туралы пікір алмасу үшін онлайн-кездесу ұйымдастырды. Қатысушылар келесі кездесуде қарауға ұсынылатын құжаттардың жобаларын талқылап, Орталық Азия елдері мен Қытайдың өзара жоғары деңгейдегі саяси сенімге негізделген дос және көршілес екенін, өзара тиімділік негізінде ынтымақтастықты кеңейткендерін баяндады. Министрлер Қытайдың COVID-19 індетіне қарсы саясатын оң бағалап, «Белдеу және жол» бастамасы арқылы Орталық Азияның даму мақсаттары арасындағы синергияны қолдайтындықтарын білдірді (AsiaPlus, 14.04.2021). Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин Душанбеде Швеция Сыртқы істер министрі және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төрағасы Анн Линдемен кездесті. Тараптар, екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастық, Тәжікстанның ЕҚЫҰ-мен байланысымен қатар, әр түрлі мәселелерді талқылай отырып, аймақтық қауіпсіздік мәселелері мен Ауғанстандағы жағдайды бағалады. Министрлер эпидемиядан кейінгі қалпына келтіру, климаттың өзгеруі, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге келісті (Азия-Плюс, 15.04.2021). НАТО-ға мүше елдер мен Еуропалық Одақ АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкцияларын қолдайтын мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Ресейдің Украина мен Грузияның егемендігін бұзып, тұрақсыздыққа қарсы әрекет етіп, еуроатлантикалық қауіпсіздікке қауіп төндіру әрекеттері айыпталды. Екінші жағынан, мәлімдемеде Ресейдің іс-әрекеттеріндегі оң өзгерістеріне жауап ретінде НАТО-ның Ресеймен диалог пен сындарлы қатынастарға ашық екендігі атап көрсетілген (Apsny.ge, 15.04.2021).
Санкт-Петербургте «COVID-19 індеті аясында жаһандық қиындықтар мен қауіпқатерлер» атты халықаралық парламенттік форум өтті. Іс-шараға парламент төрағалары, барлау офицерлері және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысты. Қатысушылар көптеген елдерде эпидемия мен терроризмнің барлық салалардағы жағымсыз салдарын талқылап, терроризм және экстремизммен күресу бойынша ынтымақтастық және қажетті сақтық шараларын қабылдау туралы пікір алмасты (Sng.today, 15.04.2021).
Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібі өндіріс пен экспорттың рекордтық деңгейіне • • • • • • Экономика, қаржы және энергия Қоғам және мәдениет жетті. 2021 жылдың бірінші тоқсанында шамамен 20 мың автокөлік, автобус және арнайы техника шығарылды. Экспорт 84%-ға артып, 2 мың көлікке жетті. Қарастырылып отырған сектордың өндірістік кірісі шамамен 326 миллион долларға дейін өсті. Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) мүше болу автокөлік өндірушілерін Қазақстандағы отандық өндірістің үлесін арттыруға, сондай-ақ ЕЭОтың ішкі нарығына экспорттауға ынталандырады. Автокөлік өндірушілері жақында ауылшаруашылық және басқа да техникаларды шығару үшін экспортқа бағытталған бірнеше отандық өндіріс орталықтары мен қондырғылар құрды (Qazaq TV, 16.04.2021).
Қырғызстан Ұлттық статистика комитеті төрағасының орынбасары Азамат Оросбаев Қырғызстанның сыртқы сауда көрсеткіштерінің 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында айтарлықтай төмендегенін мәлімдеді. Елдің сыртқы сауда көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,3%, яғни 800 миллион долларға дейін төмендеді. Елдің экспорты 25,5%-ға, импорты 15%-ға азайды. Екінші жағынан, Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауда-саттығы шамамен 13%-ға төмендеп, 393 миллион долларды құрады (Кабар, 13.04.2021). Қазақстан мен Өзбекстан «Орталық Азия» Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын салу арқылы екіжақты тауар айналымын 10 миллиард долларға дейін арттыруды көздейді. Екі елдің премьер-министрлері орталық құрылысының алғашқы іргетасын қою рәсімінен кейін теміржол көлігін дамыту жөніндегі бірлескен іс-шаралар туралы хаттамаға қол қойды. Орталықтың жалпы аумағы 400 гектар болып, тәуліктік екі бағытта 35 мың адам және 5 мың жүк көлігін өткізе алады (UzReport, 12.04.2021).
Әзірбайжан билігі Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясының өкілдерімен кездесті. Энергетика министрі Парвиз Шахбазов елдің жел энергетикалық әлеуеті мен «жасыл энергия» мүмкіндіктері туралы кеңес өткізді. Ел 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 30%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Әзірбайжан Энергетика министрлігі және Халықаралық қаржы корпорациясы жел энергетикасын дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюға келісті (AzerNews, 12.04.2021).
Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан аймақаралық ынтымақтастықты тереңдетуді жоспарлап отыр. Тәжікстанның Соғды және Қырғызстанның Баткен облыстарының шенеуніктері мен кәсіпкерлері Өзбекстанның Ферғана облысында «Шекаралас аймақтардың интеграциясы даму кепілі» атты үшжақты бизнес-форумда кездесті. Тараптардың өнеркәсіптік және ауылшаруашылық ынтымақтастығын талқылауы күтілуде. Форумда Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері Ферғана облысы тауар өндірушілерінің өнімдерінің көрмесін тамашалады (Asia-Plus, 14.04.2021).
Түркіменстанның кәсіпкерлік секторы 2021 жылдың бірінші тоқсанында айтарлықтай өсті. Елдің Мемлекеттік статистика комитеті 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әртүрлі салалардағы компаниялардың санының 44%-дан астам өскенін баяндады. Агроөнеркәсіптік кешенде жаңа компаниялардың саны 88%-ға артса, өңдеу секторындағы өсім 53%-дан асты. Жеке компаниялардың өсуі мемлекеттік кәсіпорындардың нарықтағы үлесінің одан әрі төмендеуіне әкелді (Orient, 15.04.2021).
Түркі мәдениеті және мұрасы қорының төрағасы Гүнай Афандиева мен Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиевтің кездесуі барысында қор мен Қырғызстан арасындағы қатынастарды дамыту және кеңейту мәселелері талқыланды. Тараптар ұйымның ағымдағы жұмыстары мен жүзеге асырылған жобаларын талқылады. Министр Қайрат Иманалиев Қырғызстанның ұйымның жобаларын жүзеге асыруда ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді (Azernews.az, 13.04.2021).
Тәжікстандағы тоғыз тарихи-мәдени орын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраларының болжамды тізіміне енгізілді. Бұл тізімге Хисорак ежелгі қаласы, Тали Хамтуд, Ежелгі Пянжекент, Санжаршох ежелгі қаласы, Қалайы Муг, Құм, Гардани Хисор, Қожа Мухаммад Башоро мавзолейі және Токсанкорез суару жүйесі кірді. Аталмыш қадам Тәжікстанның бай мәдени мұрасын танытуға маңызды үлес қоса отырып, болашақта Тәжікстанның туристік тартымдылығын арттырады (Centralasia.news, 15.04.2021).
АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі Ауғанстан мен Орталық Азиядағы әйел қолөнер шеберлері мен қолөнер өндірушілері үшін «Қолөнердегі әйелдер: байланыс және сандық сауда мүмкіндіктері» атты екі күндік вебинар ұйымдастырды. Вебинарға 100-ден астам әйел қолөнер шеберлері мен қолөнер өндірушілері, іскер әйелдер қауымдастықтарының өкілдері мен Орталық Азия елдерінің үкіметтік емес ұйымдары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты - нарықтағы сұранысты жақсырақ түсіну және әйел қолөнер шеберлеріне өз жұмыстарын ұйымдастыруға көмектесу (Tm.usembassy.gov, 12.04.2021).
Қазақстанның Жапониядағы елшілігі Жапониядағы қазақтар қауымдастығын ашты. Қауымдастық - Жапонияда кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастықты және мәдени-әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатында осы елде тұратын қазақ азаматтары мен этникалық қазақтардың басын қосу үшін құрылған алғашқы қоғамдық ұйым. Ашылу салтанатында Жапониядағы қазақтар қауымдастығы мен «Отандастар» қоры арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды (Kabar.kg, 16.04.2021).
Оңтүстік Кореяның ең ірі пошта операторы Korea Post, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерейтойлық маркалар шығарды. Кейбір маркалар Корея почтасының мұражай қорына жіберілді. Аталмыш бастама Оңтүстік Корея республикасындағы Қазақстан елшілігі мен Korea Post арасындағы ынтымақтастық аясында, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асырылды (Kazinform, 15.04.2021). Ауғанстанның Әзірбайжандағы елшісі Аманулла Жейхун Әзірбайжан Мәдениет министрі Анар Каримовпен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы бауырластық байланыстардың Әзірбайжан мен Ауғанстан арасындағы көптеген салаларда екіжақты қатынастардың дамуына ықпал ететіндігін білдірді. Тараптар екі елдің болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылай келе, мәдени ынтымақтастықтың әлі қол жеткізілмеген әлеуетіне назар аудара отырып, бірлескен мәдени күндер ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті (Azernews.az, 12.04.2021).
Дайындағандар:
Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов • • • • •




