Жоғары білім берудегі басқару практикасы

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ БАСҚАРУ ПРАКТИКАСЫ Қазіргі заманауи қоғамда ең күрделі және ең маңызды мәселелер кездесетін салалардың бірі білім саласы болып табылады. Көптеген қиыншылықтарға байланысты, дамыған елдердің өзінде жақсы дамыған университеттің үлгісін табу қиын. Жоғары білім беруде білім сапасы, мемлекеттік немесе жеке қаржыландыру, жұмыс берушілердің жаңа шарттарын орындау, коммерцияландыру және цифрландыру маңызды мәселелер болып табылады. Талқыланатын маңызды мәселелердің бірі – білім алу мен білім берудегі көшбасшылық және оның жоғары білім беруді дамытудағы рөлі.
Университеттер мен кафедраларды басқаратын адамдар даму стратегиясы мен саясатын анықтауда, білім беру мекемелерінің қоғамға қосқан үлесінде, оқытушылық құрамды жинақтауда және студенттерді тартуда маңызды рөл атқарады. Басқару құрамының тәжірибесі мен біліктілігі университеттердің басты мақсаты болып табылатын білім беру мен оқытудың дамуына тікелей әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, университеттердің екінші маңызды міндеті – ғылыми жобалардың сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ететін ғылыми жетекшілер басқаратын ғылыми зерттеулерді дамыту. Соңғы жылдардағы пікірталастардың негізгі тақырыптарының бірі жоғары басшылық деңгейінде шешім қабылдаушылардың кәсіби біліктілігі мен дағдыларына қойылатын талаптар төңірегінде туындады. Жалпы, университеттің әкімшілігіне білімі немесе ғылыми зерттеулері болмаған бизнестен келген адамдар әкелінеді. Олардың ең мықты қасиеті - ұйымдастырушылық пен басқарушылық қабілеттерінің болуы болса, ал олардың принциптері нәтижелерге, ақша табу мен табысқа бағытталған. Сондықтан, бұл адамдар өздерінің бизнес құрылымдарына ұқсас лидерден гөрі менеджер болып саналады. Скандинавия елдеріндегі жергілікті университеттерді автономизациялау реформасынан кейін жүргізілген зерттеулерде күтпеген нәтижелер жүзеге асырылды. Дәстүрлі академиялық көшбасшылық, циклдік жүйелер, әріптестер арасындағы таңдау және әріптестерге негізделген шешім қабылдау біртіндеп өзгерді. Кейбір жерлерде жоғарыдан төмен басқару жүйесімен басқарушыларды ректор етіп тағайындау және университеттердің тиімділігін өлшеу үшін жүйенің енгізілуіне байланысты толығымен өзгеретінін айтуға болады. Нәтижесінде, университет басқарушысының ресурстар мен тиімділігін басқарудағы рөліне үлкен назар аударылып, стандартты рәсімдер мен нақты белгіленген міндеттер енгізілуде. Бағалау ұпайлары, көрсеткіштер, қатаң жазылған жоспарлар сияқты әр түрлі бақылау мен есеп беру жүйелері жеке адамдардан бастап ұйымдарға дейін барлық деңгейде белсенді түрде жүзеге асырылады.
Тарихы, дәстүрлі құндылықтары, мәдениеті бар, тіпті «көшбасшылық» моделіне бейім ескі университеттердің факультеттері, басшылықты нақты кәсіпте немесе академиялық ортада білім алу мен білім беру нәтижесінде алынған ақпаратқа негізделген кәсіпқойлық ретінде қабылдайды. Осы модель бойынша шешім қабылдау, консенсус, сенім және әріптестікке назар аударылады.
Әрине, кәсіби академиялық дағдыларды дамыту қажеттілігі оқу орындарының қазіргі жоғары білім жағдайында шынымен табысты болуы үшін жеткіліксіз. Факультеттің мықты көшбасшылығы институттардың қазіргі жоғары білім беру жағдайында шынымен жетістікке жетуі үшін өте маңызды. Бәсекелестік пен жылдам трансформация жағдайында жоғары оқу орындары қаражат жинау, түлектер және донорлармен қарымқатынасты сақтау, студенттерге капиталды жобалар мен қаржылық көмек көрсету сияқты өзіне тән емес функцияларды міндеттенеді. Сонымен қатар, тәжірибеден өтуге арналған жұмыспен қамту бағдарламалары немесе мемлекеттік қызметкерлер және саясаткерлермен тұрғын үй, қатынау немесе қорғау сияқты проблемаларын шешу сияқты қосымша міндеттері бар. Десе де, академиялық қауымдастықтың көпшілігі білім беруді бизнеске айналдыруға болмайтынына сенуде. Университеттер акционерлер үшін пайда табуды мақсат етпей, бастамаларын аз өнім мен қызмет ассортиментіне бағыттамауы керек.
Университет әкімшілігіндегі демократия ғалымдар үшін маңызды және олар өз ұйымдарының миссиясын орындау кезінде стратегиялық мәселелерді шешуге қатысуы керек. Сонымен бірге көптеген тактикалық, әкімшілік және техникалық тапсырмалар бөлім бастығы мен бөлімнің функционалдық міндеттері мен жауапкершілігін құрайды. Сондықтан, табысты академиялық жетекшінің рөлі таңдалғанына немесе тағайындалғанына қарамастан, жоғары оқу орнының академиялық қауымдастығын бағалайтын үдерістен өтуі өте маңызды. Сонымен қатар, іскерлік әлемде дағдылары бар, сыртқы қиындықтар мен күтпеген мәселелерді шешуге жауапты кәсіби менеджер де қажет болып табылады. Екінші жағынан, университеттерді басқару жүйелеріне қатысты тағы бір тәсіл бар. Мысалы, американдық зерттеушілер Кезар мен Холкомб, бүгінгі жоғары білім әкімшілігінде ең ықпалды деп санайтын «ортақ көшбасшылық» моделін ұсынады. Бұл модельдің ерекшелігі - оның ұйымдарға бірнеше адамның басшылығынан пайдалануына мүмкіндік беретін инфрақұрылымы. Ортақ көшбасшылықты қолдау үшін қазірдің өзінде басшылық қызметте жүрген адамдар емес, топ мүшелерін немесе құрылымдарын дамытуға бағытталған бағдарламалар қажет. Ортақ көшбасшылық тұжырымдамасы дәстүрлі модельдермен салыстырғанда көбірек адамдардың көшбасшылыққа тартылуын және көшбасшылар мен ізбасарлардың өзгере отырып әрекет ете алатындығын көздейді. Көшбасшылық лауазым немесе беделге негізделмей, көптеген көзқарастар мен тәжірибелердің арқасында мәселелерді шешуде бір-біріне үлес қосуға баса назар аудара отырып, инновациялар мен өзгерістерді жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Ортақ көшбасшылық көшбасшылық лауазымдардағы көшбасшылардың маңызды рөлін жоққа шығармайды, бірақ билік басындағылардың билікті қалай бөліп, ұйым ішіндегі қабілетінен пайда көре алатындығына назар аударады. Сонымен қатар, осы басқару жүйесінің инфрақұрылымын құру арқылы ол ұйымдарға бірнеше адамның басшылығынан пайдалануына мүмкіндік береді. Көшбасшылық тұжырымдамасының авторлары көшбасшылықты жеке тұлға емес, үдеріс деп санайды. Көшбасшылық біліктілікті арттыру, топтық жұмыс және ынталандыру арқылы жүзеге асырылады. Орталықсыздандыру мен жергілікті автономияны ілгерілету ұйымдарға олардың бейімделуін дамытуға, қоршаған ортаның өзгеріп отырған жағдайларына креативті және жылдам жауап қайтаруға, байланысын жақсартуға және болашаққа ортақ көзқараспен ортақ жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Менеджмент пен көшбасшылық қабілеттерді үйрететін және оқытатын бизнес бағдарламалары бар әлемдегі университеттердің көпшілігінде басқа салалардың басшыларына арналған жоғары деңгейлі курстар ұсынылатындығын атап өткен жөн. Алайда, жоғары оқу орындарының жетекшілері үшін бұл курстар өте аз екенін ескере отырып, бұл олқылықтың орнын толтыру керек. 2019 жылдың шілдесінен бастап Өзбекстан, жоғары оқу орындарының бас қызметкерлерін тағайындау үшін Президент әкімшілігімен келісе отырып, тиісті министрлік басшысының ұсынысы бойынша оны Министрлер кеңесі тағайындайтын және босататын жүйені қолданады. Орталық Азиядағы университеттер ішінде өздерінің ректорларын таңдау принципін қолданған алғашқы елдердің бірі Қырғызстан болып табылады. Бүгінде Қырғыз Республикасының Премьер-министрі сайлауда ең көп дауыс жинаған үш үміткердің бірін тағайындайды. 2021 жылдың алғашқы айларында Қазақстанның кейбір жоғары оқу орындарына жаңа ректорлар тағайындалды. Алайда бұл тағайындаулар 2019 жылға дейінгі президенттің жарлықтарына емес, Білім және ғылым министрлігінің жауапкершілігімен құрылған жетістіктер мен бағалау комиссияларының шешімдеріне негізделді. Бұл жағдай елдің жоғары білім беру жүйесіндегі көшбасшылық тәсілдерінің өзгеруін көрсетеді. Бұл жаңа таңдау әдісі жоғарыдан төмен басқару моделінен өзара түсіністікке және ынтымақтастықта басқару стиліне көшуді білдіргенін айтуға болады.
Жазушы: Гүлнар Надирова, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік Украина президенті Владимир Зеленский Түркияға сапары барысында түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша президенттер бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді. Режеп Тайып Ердоған Украинадағы шиеленісті азайтуға және Қара теңіз аймағында бейбітшілікке шақырды. Ердоған Түркияның Украинаның аумақтық тұтастығын қорғайтынын және Украинаның халықаралық қауымдастықты Қырым тақырыбында біріктіруді мақсат ететін «Қырым палтформасы» бастамасын қолдайтынын атап өтті (Anadolu Agency, 10.04.2021).
Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев ирандық әріптесі Мохаммад Жавад Зарифпен кездесті. Қазақбаев Иранға эпидемия кезінде көрсеткен гуманитарлық көмегі және Ош қаласында қырғыз-иран достығы спорт кешенін салуға қаржылай грант бергені үшін алғыс айтты.
Министрлер денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы жобаларды іске асыруды ұсынып, терең экономикалық ынтымақтастыққа шақырды.
(Kabar.kg, 06.04.2021).
Ресей президенті Владимир Путин әзірбайжандық әріптесі Ильхам Алиевпен телефон арқылы сөйлесті. Президенттер атысты толық тоқтату туралы бірлескен декларацияға сәйкес, Таулы Қарабақта бейбітшілік, қауіпсіздік және прогрессивті әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, олар экономикалық даму үшін көлік дәліздерін қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтті. Тараптар, Ресей-Армения саммитінің нәтижелерін ескере отырып, байланыстарды әр түрлі форматта жалғастыруға уағдаласты (ТАСС, 08.04.2021). Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Пәкістанға сапары барысында, пәкістандық әріптесі Шах Махмуд Курайши және елдің премьер-министрі Имран Ханмен кездесті. Тараптар экономикалық қатынастар, Ауғанстанда бейбіт шешім және «Пәкістан ағыны» табиғи газ құбырындағы ілгерілеу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, COVID-19 эпидемиясынан туындаған қиындықтар және Оңтүстік Азиядағы қауіпсіздік мәселелер туралы пікір алмасып, екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайына қанағаттанушылықтарын білдірді (Aa.com.tr, 07.04.2021).
Мажарстан Сыртқы және сауда министрі Петер Сийярто Қырғызстанға жұмыс сапарымен келіп, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен кездесті. Тараптар Қырғызстан мен Мажарстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері туралы пікір алмасып, қолданыстағы екіжақты стратегиялық серіктестікке қанағаттанушылықтарын білдірді. Кездесу барысында Мажарстан астанасы Будапештте Қырғызстан елшілігін ашу туралы шешім қабылданды (Kabar.kg, 08.04.2021).
Баку қаласында Түркі кеңесінің медиа мен ақпарат жөнінде жұмыс тобының сегізінші мәжілісі өтті. Отырысқа қатысушылар мүше елдер арасындағы бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпарат саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын талқылады. Кездесуде ақпарат және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы «2021-2022 іс-қимыл жоспарын» қабылдау, түрік тілдес елдердің тарихы мен мәдениеті туралы көркем фильмдер мен деректі фильмдер түсіру мәселелері талқыланды (Azertag.az, 10.04.2021).
Экономика, қаржы және энергия Қазақстан Парламенті шетелдіктерге меншік құқығына тыйым салатын жер туралы заң жобасын мақұлдады. Әсіресе, шетелдік акцияларға ие шетелдік компания, кәсіпкерлік және ғылыми орталықтардың ауылшаруашылық жерлерінің меншік құқығына тыйым салынады. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мораторийге дейін шамамен 93 мың гектар ауылшаруашылық жерлерінің жеті бірлескен кәсіпорынға және екі шетелдік заңды тұлғаға жалға берілгенін мәлімдеді. 2022 жылдан 2025 жылға дейінгі мерзім аяқталғаннан кейін бұл жерлердің барлығы мемлекетке қайтарылады (Qazaq TV, 07.04.2021).
Жақында Еуропалық Одақ (ЕО) Өзбекстанға оң әлеуметтік-экономикалық реформаларға байланысты «Преференциялардың жалпы жүйесі» плюс (GSP+) артықшылықтарын берді. GSP+ Өзбекстанға ЕО елдеріне 6200-ден астам тауарларды тарифсіз экспорттауға мүмкіндік береді, стандартты GSP жүйесі кезінде тарифсіз тауар позицияларының саны 3000-ды құрады. Қалған 3200 тауарды төмендетілген бағамен экспорттауға болады. GSP+ жобасы ел мен ЕО арасындағы екіжақты сауданы арттырады (UzReport, 10.04.2021). Ташкентте өткен ІNNOPROM Бірінші Халықаралық өнеркәсіптік жәрмеңкесіне шамамен 1300 өзбек және ресейлік компания қатысты. Қатысушылар 128 миллион долларлық 21 келісімшартқа қол қойып, Өзбекстан мен Ресей компаниялары 2,2 миллиард долларға 33 жобаны іске қосты.
Совкомбанктің басқарма төрағасы Дмитрий Гусев 2020 жылы банктің Өзбекстан банктері мен компанияларына 500 миллион доллар несие бергенін және 2021 жылдың соңында бұл санды 1 миллиард долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді (UzReport, 08.04.2021).
Қырғызстан мен Мажарыстан Мажарқырғыз даму қорын құру туралы келісімге келді. Келісімге Мажарыстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийяртоның Қырғызстанға сапары кезінде қол қойылды. 50 миллион долларлық даму қоры Қырғызстан үшін маңызды жобаларды қаржыландырып, ауылшаруашылығы, туризм және энергетика салаларында бірлескен кәсіпорындар мен жұмыс орындарын құруға үлес қосады. Мажарыстан жобаға 16 миллион доллар, 2021 жылдың соңына дейін тағы 34 миллион доллар бөлетін болады (Kabar.kg, 08.04.2021).
Әзірбайжан Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Анар Сүлейманов елдің сауда статистикасының арнайы платформасын құру арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Платформа елдің сыртқы сауда айналымын көрсетіп, бизнестің зерттеулеріне қолдау көрсетіп және әсіресе 99 тауардың экспорты мен импорты көрсеткіштерімен қатар сауда-саттыққа қатысты кез-келген ақпаратты табуға мүмкіндік береді. Жобаның электронды сауданың дамуын ынталандырып, көлеңкелі экономиканы жоюға ықпал етуі күтілуде (AzerNews, 08.04.2021).
Украина президенті Владимир Зеленский Катар бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында, елдің Катардан инфрақұрылым, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларына инвестиция тартуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Зеленский Украина Катар үшін азық-түлік қауіпсіздігіне кепілдік бере алатынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық Украина-Катар бірлескен комиссиясының екінші отырысының биыл болуын күтетінін мәлімдеді. Ол 2020 жылы елдер арасындағы екіжақты сауданың шамамен 150 миллион долларды құрағанын баяндады (Ukrinform.net, 05.04.2021).
Дайындағандар:
Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Түркия Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун, Түркия Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоғлу және Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен кездесті. Министрліктің бақылауындағы салалардағы ынтымақтастықты дамыту талқылаудың негізгі тақырыбы болды. Тараптар Түркия мен Қазақстан арасындағы ақпарат, жастар саясаты, білім және бұқаралық коммуникация туралы келісімге қол қойды (Inform.kz, 04.06.2021).
Түркияның Хатай қаласының Эрзин ауданында жаңа ТҮРКСОЙ саябағы жасалды. Саябақтың ашылу салтанатына ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, жергілікті үкімет басшылары және түрік елдерінің елшілері қатысты. Сол күні түрік елдері тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме ұйымдастырылды (Inform.kz, 07.04.2021).
Түркістанда «Мұра, туризм және қала құрылысы» атты 10-шы Халықаралық Еуразия дүниежүзілік мұраларының қалалары конференциясы Түркістанда өтті. Конференцияға 55-тен астам қала мен 23 елден тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау бойынша мол тәжірибеге ие өкілдер қатысты. Онлайн-конференция аясында ежелгі мұралар мен мәдениетті сақтау, туризмді дамыту, қала құрылысы, тарихи көртартымдылықты сақтау мәселелері талқыланды (Astanatimes.com, 06.04.2021).
Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әмреев Қырғызстан елшісі Кубанычбек Омуралиевты қабылдады. Тараптар аймақтық күн тәртібіне қатысты әртүрлі мәселелер бойынша пікір алмасып, ұйымның түрік қаржы институттары арасында экономикалық ынтымақтастық орнату бойынша ағымдағы жұмысын талқылады. Бішкекте бас кеңсесі орналасқан Түркітілдес мемлекеттердің инвестициялық қорының ынтымақтастық кеңесін құру ортақ басым мақсаттардың бірі ретінде тіркелді (Mfa.gov.kg, 08.04.2021).
Беларусьтың жетекші мемлекеттік университеті мен Өзбекстанның Мирзо Улугбек атындағы Ұлттық университеті арасында мәдени және ғылыми ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Құжатқа Беларусь делегациясының Өзбекстанға сапары кезінде университет басшылары қол қойған. Келісім академиялық басылымдарды дайындау, ғылыми жұмыстарды бірлесіп ұйымдастыру, бірлескен білім беру бағдарламалары және студенттердің бірлескен жобаларын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты көздейді (Belta.by, 07.04.2021).
Қазақтың белгілі ақыны және зиялысы Абайдың өлеңдер жинағы алғаш рет грузин тілінде жарық көрді. Грузия Жазушылар одағында ұйымдастырылған жинақтардың тұсаукесеріне Мәдениет министрлігі мен Жазушылар одағының өкілдері, Грузия әдеби үйірмелері және қазақстандық дипломаттар қатысты.. Аударманы Грузия Жазушылар одағының төрағасы, мемлекеттік сыйлықтардың иегері Маквала Гонашвили жасады (Inform.kz, 10.04.2021).




