f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Ауғанстаннан көші-қон: миграция жолы және Түркиядағы ауғандар
ebulletin

Ауғанстаннан көші-қон: миграция жолы және Түркиядағы ауғандар

Авторлар: Женгизхан Жаналтай
2021 ж. 3 желтоқсан
Ауғанстаннан көші-қон: миграция жолы және Түркиядағы ауғандар

АУҒАНСТАННАН КӨШІ-ҚОН:

МИГРАЦИЯ ЖОЛЫ ЖӘНЕ ТҮРКИЯДАҒЫ АУҒАНДАР Ауғанстанның соңғы саяси тарихына көз жүгіртсек, кейінгі 40 жылға жуық уақыт ішінде бейбітшілік пен тұрақтылықтан алшақ оқиғалар тізбегі болғанын көреміз. Оқиғалардың тарихи ретін қарастыратын болсақ, Кеңестік социалистік республикалар одағы (КСРО) Ауғанстанға 1979 жылы әскери операциямен кіргеннен кейін басталған тұрақсыздық үдерісі 1989 жылы КСРО әскерін шығарғаннан кейін де жалғасты. 1994 жылы құрылған Талибан 1995 жылы Кабулды басып алып, 1998 жылға дейін елдің басым бөлігіне үстемдік етті. Талибан 2001 жылға дейін Ауғанстанды қатаң шариғат заңдарымен басқарды. Америка құрама штаттары (АҚШ) «ӘлҚаиданы» 2001 жылы 11 қыркүйектегі шабуылдардың орындаушысы ретінде көрсетіп, Ауғанстандағы Талибандар тарапынан қорғалуы себебіне байланысты әскери операциялармен Ауғанстанға кіргеннен кейін Талибан ел астанасынан қуылып, Ауғанстан үшін жаңа дәуір басталған болатын.

Бұл жаңа үдерісте АҚШ пен Солтүстік атлантикалық шарт одағы (НАТО)

мемлекеттерінің әскери күштерінің қолдауымен қорғалатын аумақтардағы қатерлерінің төмендеуіне қарамастан, соңғы 20 жылда елдің даму үдерісіне қатысты маңызды серпілістерге жеткілікті түрде қол жеткізілмеді. Сонымен қатар, 2006 жылдан бері күшейген Талибанның үстемдігін қалпына келтіру үдерісі Жорж Буш пен Барак Обама кезінде АҚШ сарбаздары санының артуына байланысты кешіктірілгенімен, 2021 жылдың 15 тамызында Талибанның Кабулды басып алуымен аяқталды. Осылайша, 20 жылға жуық уақыттан кейін Талибан Ауғанстандағы билікті тағы да қолына алып, Панжшир провинциясынан басқа елдің барлығында дерлік үстемдік орнатты.

Осы оқиғалардың барлығын алаңдаушылықпен бақылаған миллиондаған ауғандықтар Талибан билігінде өмір сүрмеу үшін елден заңды немесе заңсыз қоныс аудара бастады. Бұл үдеріс Сириядағы азаматтық соғыс нәтижесінде пайда болған үлкен мәжбүрлі көші-қон ағындарына ұқсас нәтижелерге әкелуі мүмкін екендігі болжануда. Осы тұрғыда Иран, Пәкістан және Тәжікстан ауғандықтардың алғашқы баратын елдерінің қатарында. Дегенмен, негізгі баратын бағыттарға қарасақ, елден қашқан ауғандықтардың Түркия мен Батыс Еуропа елдеріне қоныс аударғысы келетіні аңғарылады. Көші-қонның бұл толқыны қазіргі таңда екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асуда. Бірінші бағыт бойынша Иран арқылы Түркияға өтіп, одан кейін Грекия немесе Италия арқылы Еуропаға кіріп, межелі елдерге жетуге болады. Екінші бағыт бойынша Ауғанстаннан Пәкістанға өтіп, Иранның оңтүстігінен кіріп, Түркия арқылы өтіп, одан кейін Грекия немесе Италия арқылы мақсатты елдерге жету.

Талибанның ел шекарасын жабуы елден кеткісі келетін ауғандықтарды заңсыз жолдарға баруға итермелеуіне қатысты пікір айтылса да, әртүрлі БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттар бізге көші-қон жолы, контрабанда желісінің жұмыс барысы және оның бағалары туралы қызықты мәліметтер береді. Екі бағытты салыстырған кезде, біріншісінде Нимруз, Фарах және Герат провинцияларынан Иранға және одан Ван арқылы Түркияға өтетін транзит уақыт пен жол жүру қашықтығы тұрғысынан анағұрлым орынды көрінуде. Алайда 2020 жылы Иран қауіпсіздік күштерінің елдегі заңсыз иммигранттарға қарсы қауіпті қарым-қатынастары, кейбірінің өліммен аяқталуы себепті бұл бағытқа көп артықшылық берілмегені және жаңа балама жолдың әзірленгені айтылады. Осы себепті Ауғанстан-Пәкістан-Иран бағыты кеңінен қолданыла бастады. Бұл жолда Пәкістанның Белужистан провинциясына кіргеннен кейін иммигранттар Тафтан тауы аймағы арқылы Иранға өтіп, одан кейін Ван арқылы Түркияға кіргені белгілі.

Осы заңсыз иммиграциялық үдерістің егжейтегжейіне қарасақ, Ауғанстаннан басталатын иммиграциялық сапарда иммигранттарды Ыстанбұлға заңсыз тасымалдау құны әдетте 600800 доллар арасында болса, бұл күндері Талибанның елді басып алуына және Түркияның шекара қауіпсіздігін арттыруына байланысты 1,500 долларға дейін өскені айтылады. Жол, айырбастау орындарында ақшаны кепілгерлерге жеткізу үшін қалдырғаннан кейін «хавала» әдісін қолдану арқылы басталады. Кепілгерлер, өз кезегінде мигранттарды келесі жеткізу орнына жеткізгеннен кейін әр елдегі әртүрлі контрабанда топтарына өз үлесін төлейді. Осылайша, бүкіл сапар барысында әртүрлі топтар заңсыз иммигранттарды осы контрабанда желісінің ішінде қол жеткізгісі келетін қалаларға тасымалдайды.

Бірінші бағыт ретінде 30-40 адамнан тұратын тұрақты емес иммигранттар топтары шекара арқылы Пәкістанның Белужистан провинциясына өтіп, басқа контрабандашыларға тапсырылады. Сондай-ақ, әртүрлі контрабандашылардың шекарадан өтуінің айтарлықтай өскені айтылады. Белужистаннан Иран шекарасына дейін әртүрлі контрабандашылар тобымен бірге келген иммигранттар Тафтан тауының төңірегіне қоса әртүрлі нүктелерден Иранға кіргеннен кейін Пәкістанмен шекаралас кейбір ауылдарға қоныстанады. Бұл жерден автобустармен жиналған иммигранттар алдымен Теһранға, одан кейін Иранның солтүстігіндегі Хой және Маку қалаларына жеткізіліп, Хойдан Ванға және Макудан Шығыс Беязитке шағын топтармен тасымалданады. Жалпы Түркияда өткелдер үшін бес түрлі бағыт пен кемінде 10 ауылдың кеңінен пайдаланылғаны хабарланады. Ванға жеткеннен кейін иммигранттардың сапары Малатия мен Диярбакыр арқылы Түркияның батыс провинцияларындағы тағайындалған жерлеріне жалғасады.

Осы орайда Сириядағы көші-қон дағдарысындағыдай Түркияның негізгі баратын немесе транзиттік ел болуы үкіметтің түрлі қадамдар жасауына себеп болуда. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Сириядағы көші-қон дағдарысындағы жағдайдан басқа, Түркияның екінші көші-қон толқынын көтере алмайтынын және әртүрлі мәселелер, әсіресе бойынша дайындық пен дипломатиялық қадамдар жасалғанын мәлімдеді. Бұл шаралардың ішінде Түркияның Иранмен 560 шақырымдық шекарасында қабырға тұрғызу жұмыстары орын алады. Ішкі істер министрлігі жариялаған ақпаратқа сәйкес, қабырға құрылысының қалған бөліктерінде жұмыстар жалғасуда, оның 155,5 шақырымы 2015 жылдан бері аяқталды. Осы шеңберде шекараның 295 шақырымын қамтитын Вандағы қабырға құрылысының аяқталуымен қабырғаның Хаккариге дейін ұзартылып, Иран-Ирактың түйіскен жеріне дейін қабырғамен жабылуы қарастырылуда. Осыған орай басқа көршілес мемлекеттердің шекарасының қауіпсіздігін арттыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Сириямен 911 шақырымдық шекараның 837 шақырымында қабырға тұрғызу және бұл аумақты жарықтандыру, талшықтыоптикалық жүйелер, сенсорлар және түнгі көру камераларымен жабдықтау жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. Сонымен қатар, ол Грузия мен Армения шекарасында қабырға салу жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

Дипломатиялық оқиғаларға қарасақ, Иранмен шекара сызығы бойынша келіссөздер және Еуропалық одақпен және әртүрлі Еуропа елдерімен көші-қон ағынына қатысты мәселелер бойынша байланыстар жалғасуда.

Түркиядағы ауғандар мәселесіне келетін болсақ, бұл көші-қон ағыны жаңа құбылыс емес, 1979 жылдан бері жалғасып келе жатқаны белгілі. Осы тұрғыда Көші-қон бас басқармасының соңғы жылдардағы мәліметтеріне сәйкес, 2014 жылы елде барлығы 58,647 заңсыз мигрант ұсталса, 12,248 адаммен ауғандықтар сириялықтардан кейін екінші орында тұр. Одан кейінгі жылдары ұсталған тұрақсыз мигранттардың жалпы саны артып, 2016 жылы 174,466-ға жетіп, өсу қарқынының орасан жоғары деңгейіне қол жеткізіп, 2019 жылы ең жоғары саны 454,662-ге жетті. COVID-19 пандемиясына байланысты 2020 және 2021 жылдары айтарлықтай азайған бұл сан 2021 жылдың 23 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 106,222 адамға азайды. Бұл айтарлықтай өсудің ең үлкен факторы - сириялықтардан асып түсетін Ауғанстан азаматтарының саны.

2016 жылы 31,360 болған тұрақсыз ауған иммигранттарының саны 2019 жылы 201,437-ге өскенімен, 2021 жылдың 23 қыркүйегінде 44,565ке азайғанымен, олардың жалпы санының жартысына жуығын құрайтыны байқалады. Түркиядағы ауғандардың жалпы санына қатысты президент Режеп Тайып Ердоған 2021 жылдың 20 тамызында сөйлеген сөзінде олардың 300 мыңға жуықтағанын мәлімдеді. Бұл санның жалпы таралуына қарасақ, Түркияда заңды түрде ауғандықтардың көпшілігінде әртүрлі тұру рұқсаттары бар. Олардың ішінде 2021 жылдың 23 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Түркияда қысқа мерзімді және студенттік тұруға рұқсаты бар ауғандардың жалпы саны 100,778. Бұған қоса, 2020 жылдың соңына қарай 22,606 ауғандық халықаралық қорғауға өтініш берді. Осы кезде Түркияға заңсыз кірген ауғандықтар ұсталған жағдайда халықаралық қорғауға жүгінуге құқылы айта кеткен жөн.

Өтініштері қабылданғандарға халықаралық қорғау мәртебесін беру арқылы әртүрлі құқықтарды пайдалана алады. Осыған байланысты маңызды мәселелердің бірі - қорғау мәртебесін алған адамдар өтініш берген қалаларда тұруы керек. Сондықтан кейбір қорғау мәртебесіне ие ауғандықтар басқа қалаларда заңсыз өмір сүретіні белгілі.

Түркиядағы ауғандықтар негізінен Стамбул, Анкара сияқты үлкен қалаларда және елдің батысындағы елді мекендерде тұрады.

Себептердің ішінде басқа қалаларға қарағанда үлкен қалаларда жұмыс табу және Еуропаға көшу мүмкіндігі көбірек екендігі көрсетілген. Жұмыс бойынша салалық бөлуді қарастыратын болсақ, құрылыс секторындағы әртүрлі жұмыс орындарынан басқа, кафелер мен мейрамханалардағы және зауыттардағы күнделікті жұмыстармен қатар, әсіресе жұмысқа рұқсат қажет етпейтін заңсыз жұмысшылар шопандық және басқа да жұмыстарға қызығушылық танытады.

Талибанның Ауғанстандағы елді басқаруға қатысты қандай қадамдар жасайтыны басқа елдердің Талибанға деген көзқарасын анықтауға және көші-қон толқынының барысына үлкен әсер етеді. Дегенмен, Талибанның елді басқаруында айтарлықтай өзгеріс күтілмейтінін ескерсек, көші-қон ағыны әлі де арта түсуіне қатысты болжам бар. Осыған байланысты АуғанстанПәкістан-Иран бағытының қаншалықты кең қолданылатыны Түркияға көші-қон ағынындағы маңызды үрдістерді түсінуге де көмектеседі. Көші-қон сапарының ұзақтығы ескерілгенде, Ауғанстаннан шығып үлгерген адамдардың Түркияға шамамен 1-1,5 айда жетуі біздің қаншалықты үлкен көші-қон толқынымен бетпебет келгенімізді және қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы нақтырақ ақпарат береді.

Жазушы: Женгизхан Жаналтай, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және  Қазақстан атом электр станцияларына қа      Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Италияға ресми сапармен барып, Қырғызстанның Италиядағы елшілігінің ресми ашылу салтанатына қатысты. Салтанатты шараға Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Марина Серени, Италияның әртүрлі қалаларынан келген қырғыз диаспорасының жетекшілері мен қырғыз студенттері қатысты. Министр Қазақбаев Италия тарапына Қырғыз елшілігінің ашылуына көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғысын білдірді (Kabar, 10.11.2021).

Түркия Ұлы ұлттық мәжілісі, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұған дейін қол қойған түрік әскери күштерінің Әзірбайжанда болу мерзімін ұзарту туралы заң жобасын мақұлдады. Ағдамдағы түрік-ресей бірлескен бақылау орталығына түрік әскерлерінің орналастырылуы үшін тағы бір жыл уақыт қажет. Түркия Ұлы ұлттық мәжілісі 2020 жылдың 17 қарашасында Әзірбайжандағы Түрік қарулы күштеріне сарбаздарды жіберуге бір жылдық рұқсат берді (Azernews.az, 11.11.2021)

Ыстанбұлда Түркі мемлекеттері ұйымының сегізінші саммиті өтті. Шараға Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Венгрия президенттері қатысты. «Цифрлық дәуірдегі жасыл технологиялар мен ақылды қалалар» тақырыбына арналған Саммит Түрік мемлекеттері тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Саммит барысында көшбасшылар Ұйымның өсіп келе жатқан рөлі мен келешегі зор болашағын атап өтіп, ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын белгіледі (Turkkon.org, 12.11.2021).

Исламабадта Ауғанстандағы соңғы жағдайды талқылауға арналған Пәкістан, Ресей, Қытай және АҚШ-ты қамтыған «Үштік плюс» форматында кездесу өтті. Осы елдердің өкілдері Талибанның жоғары лауазымды өкілдерімен кездесу өткізіп, тәліптер лаңкестердің Ауғанстан аумағын көрші елдерге және бүкіл әлемге қарсы пайдалануына жол бермеу жөніндегі міндеттемелерін орындайтынын қайталай жеткізді. Қатысушылар сонымен қатар әлемнің басқа елдерінен Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету және COVID19-бен күресу үшін шаралар қабылдауды талап етті (ASIA-Plus, 12.11.2021).

Мәскеуде Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) мүше елдердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті. Әскери ведомстволардың басшылары әлемдегі әскери-саяси жағдай және оның Ұлттар Достастығына мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсері туралы пікір алмасты. Қатысушылар қорғаныс саласындағы көпжақты ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған бірқатар мәселелерді талқылап, 2022 жылға арналған бірлескен шаралар кешенін бекітті (Tengrinews.kz, 10.11.2021). Жапония Сыртқы істер министрі Жапонияның Ресеймен бейбіт келісімге қол қою ниетін растады. Атап айтқанда, Жапония Курил архипелагының Кунашир, Итуруп, Шикотан және Хабомаи қатарлы төрт аралына меншік құқығы мәселесін шешуге ынталы. Ресей мен Жапония бұған дейін 2018 жылы қарашада өткен АСЕАН саммиті аясында бейбіт келіссөздер қарқынын тездетуге келісті (Aninenews.in, 12.11.2021).

     жетті отын өнімдерін шығара бастады.

Бұл жоба Қазақстанға ядролық отынды экспорттауға мүмкіндік беріп, толық өндірістік циклге көшуді белгілейді. Қазақстан Қытайға 200 тоннаға дейін қосылған құны жоғары отынды жеткізуді жоспарлап отыр. Осы орайда, әлемдік дәлелденген уран қорының 14 пайызы Қазақстанда орналасқанын айта кеткен жөн (Qazaq TV, 11.11.2021).

Жақында Өзбекстан Энергетика министрлігі су деңгейінің төмендігінен Өзбекстандағы су электр стансаларының тиімділігі 23%-ға төмендегенін, соның салдарынан елдің кейбір аймақтарында электр қуатының қысқа мерзімді үзілістері орын алғанын хабарлады. 2020 және 2021 жылдары электр энергиясын өндіру көлемі 2019 жылғы 6,5 млрд. кВтсағ салыстырғанда 5 млрд. кВт/сағ-қа дейін төмендеді. Өзбекстанда электр энергиясын тұтыну 2030 жылға қарай 110 миллиард кВт/сағ болады деп күтілуде. Сонымен қатар Өзбекстан көршілес Орталық Азия елдерінен қайтадан электр энергиясын импорттай бастады (UzReport, 10.11.2021). Өзбекстан мен Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастық тереңдей түсуде. Өзбекстанның көлік министрлігі елдерге жүк тасымалдауға рұқсат бланкілерін электронды түрде алмасуға мүмкіндік беретін жүйені іске қосуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Жақында Өзбекстан Көлік министрлігі E-Permit арқылы алғаш рет сынақ көлік раллиін ұйымдастырды. Электрондық жүйені енгізу екі ел арасындағы тасымалдау операцияларын жылдамдатуға және сауда айналымын арттыруға көмектеседі (UzReport, 12.11.2021).

Қырғызстанда бидай түсімі айтарлықтай төмендеді. Республиканың Ұлттық статистика комитетінің деректері бойынша 2021 жылдың қазан айының соңындағы жағдай бойынша бидайдың жалпы түсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,1%-ға төмендеді. Бидай түсімінің азаюы температураның нормадан тыс жоғарылауына және суарудың жетіспеушілігіне байланысты болды. Керісінше 574 мың гектар алқаптан дәнді дақылдар (бұршақ, күріш және қарақұмықты қоспағанда) жиналып, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,9%-ға өсті (Kabar, 13.11.2021).

Ресей-Қырғыз даму қорының басшысы Артем Новиков ресейлік Розексимбанк 2022 жылға дейін жобаларды бірлесіп қаржыландыруға 200 миллион доллар бөлуге дайын екенін мәлімдеді. Новиков екі жарым ай бұрын Ыстықкөлде өткен ІІІ Қырғыз-Ресей бизнес-форумының қорытындысы бойынша қордың шамамен 100 миллион рубль несиесі бойынша алғашқы алдын ала келісімдерге қол қойылғанын тілге тиек етті (Kabar, 10.11.2021).

ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы, ұйымның бас хатшысы Сергей Лебедев ТМД-ға мүше елдер 2022 жылдың мамыр айында қызмет көрсету саласындағы еркін сауда туралы келісімге қол қоя алатынын мәлімдеді. Лебедев бұл келісімнің 2012 жылдан бері тоғыз жыл бойы жалғасып келе жатқанын хабарлады. Президент сондай-ақ ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысушылар бұл жұмыстың іс жүзінде аяқталғанын ойдағыдай атап өткенін мәлімдеді (BelTA, 12.11.2021).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Ыстамбұлда «Қорқыт ата» атты жаңа халықаралық кинофестиваль басталды. Фестиваль түрік киносының дамуын және түркі әлемінің мәдени кодтарын көрерменге жеткізетін кино туындыларын көрсетуді мақсат етеді. Қорқыт Ата Түрік әлемі кинофестивальі, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі Халықаралық кино қауымдастығы, Түркі кеңесі, ТҮРКСОЙ, ТРТ, Стамбул университетімен, сондай-ақ көптеген мекемелер мен ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырып отыр (Dailysabah.com, 08.11.2021).

Орталық Азияның барлық елдерінің сыртқы істер министрліктері «Жасыл Орталық Азия» жоспарын ұсыну үшін дипломатиялық мақұлдау мен қолдау ноталарын жіберді. Бұл құжат 2020 жылы Берлинде өткен жоғары деңгейдегі конференцияның қорытындысы бойынша Германия мен Орталық Азия мемлекеттері арасында бірлескен декларацияның ережелеріне сәйкес әзірленіп, қол қойылған. Бастама, климаттың өзгеруінің әсері, су ресурстарын басқару, жерді пайдалану, био әртүрлілік т.б. мәселелер бойынша аймақтық саяси диалогты белсендіруді қамтамасыз етеді (Avesta.tj, 12.11.2021). Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) жергілікті министрлікті Ауғанстанның денсаулық сақтау жүйесін 15 миллион доллармен тікелей қаржыландыруды тапсырды. Бұл қаражаттың 8 миллион доллары жалақыға бағытталса, қалған қаражаттың негізгі бөлігі медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектерге жұмсалды. Ақша Ауғанстанның 34 провинциясының 31-індегі медицина қызметкерлеріне жетті. БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Жаһандық қор халықаралық денсаулық сақтау ұйымы Дүниежүзілік банк қаржыландыратын жобаны іске асыруды қайта бастады (Avesta.tj, 11.11.2021). Рейтинг социологиялық тобы жүргізген сауалнамаға сәйкес, украиндықтардың шамамен 62%-ы Украинаның Еуропалық Одаққа (ЕО) қосылуын қалайды, ал 58%ы НАТО-ға қосылуды қалайды. Егер бүгін тиісті референдум өткізілсе, сауалнамаға қатысқандардың 32%-ы ғана Украинаның ЕО мүшелігіне қарсы, ал 35%-ы НАТО-ға мүшелікке қарсы дауыс береді. Сауалнама елдің батыс және орталық аймақтарында тұратындар арасында еуропалық көңілкүйдің басым көрсетті (Ukrinform.net, 11.11.2021).

АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) АҚШ үкіметінің COVID-19 індетіне қарсы ауқымды жаһандық әрекеті аясында Өзбекстанға тағы 2,5 миллион доллар бөлді. USAID бұл қосымша қаражатты дәрі-дәрмек сапасын қамтамасыз ету және елдегі вакцина мәселесін шешуде жоғары деңгейдегі техникалық көмек көрсету үшін пайдаланады. Бұл АҚШ үкіметінің Өзбекстанға COVID-19-бен күресудегі күш-жігеріне 16 миллион доллардан астам тікелей көмегін әкеледі (The Tashkent Times, 12.11.2021).

Ташкент облысының Бостандық ауданында қыздарға Орталық Азиядағы көшбасшылық, тәлімгерлік және гендерлік теңдік туралы білім беру науқаны ұйымдастырылды. Іс-шараны Өзбекстан билігі БҰҰ Даму бағдарламасы, БҰҰ-ның Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясының аймақтық орталығы және БҰҰ-ның Әйелдер ұйымымен бірлесіп өткізді. Оқытуға Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінен отыздан астам өкіл жиналды. Оқытудың мақсаты – әйелдердің өз елінің саяси, әлеуметтік және экономикалық өміріне белсендірек қатысуы үшін олардың көшбасшылық қасиеттері мен әлеуетін дамыту (Centralasia.news, 11.11.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.