Күнделікті өмірдегі мифология: Түркістан киелі жерлерін зерттеу тұрғысында

КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕГІ МИФОЛОГИЯ: ТҮРКІСТАН КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ ТҰРҒЫСЫНДА Түркістан тарихы мен мәдениетін зерттеу көптеген ғылыми бағыттардың ортақ сабақтастығын қажет етеді. Бұл негізінен археология, этнография, әлеуметтану және басқа да қоғамдық ғылымдарды қамтиды. Соның ішінде Түркістанның мәдени ерекшеліктерін, өңірдің киелі жерлерін, аңыздарын мифологиялық тұрғыдан талдау халықтың мифтік санасындағы өзгерістерін сипаттайды. Алғашқы кезеңде адамның өмір тіршілігіндегі мифологияның орны мен қызметі және мифтің түрлі категориялары Д. Виконың еңбектерінде көрініс тапты. Ол мифтердегі символдар, өнер мен философиялық білімнің ерекшелігін түсіндірді. Ал Ф.В.И. Шеллинг болса мифологияның тарихи дерегі – халықтың санасы деп түсіндірді. Сонымен қатар, зерттеушілер адамның күнделікті өмір сүру жағдайында қалыптасатын әлеуметтік мифологияның көптеген функциясын көрсетеді. Соның ішінде адамның қалыптасуы алғышарттарына байланысты, космологиялық, психологиялық, социологиялық қызметтерін ерекше атауға болады. Осының негізінде әлеуметтік мифология жүйесінде ғұрыптар мен мифтің орны анықтала бастайды. Сондықтан ғұрыптар мен мифтердің қызметінің классификациясын талдау әлеуметтік мифологияның қызметін зерделеуге мүмкіндік береді. А.К. Байбурин ғұрыптардың адамның күнделікті өмірін реттеуші қызметін көрсетеді деп талдайды. Түркістан өңіріндегі киелі орындар мен тарихи ескерткіштерді зерттеуде халықтың санасында сақталған, жалпы жаратылысқа байланысты мифтер, діни ғұрыптар, аңыздар мен әңгімелердің маңызы зор. Біз бұл тұрғыда Түркістан өңіріне байланысты миф, аңыз, әңгімелерді классикалық тұрғыда емес, әлеуметтік мифология тұрғысынан қарастырамыз. Бұл қоғам өмірінде қалыптасқан мифтер мен аңыздарды әртүрлі жағдайда күнделікті қолданыста пайдалануын көрсетеді. Мұның көптеген функциясы бар, біз мұнда киелі жерлерге байланысты қалыптасқан аңыздар мен мифтерді қазіргі қолданыстағы қызметін талдауға тырыстық.
Осындай теориялық тұжырымдардан тұратын әлеуметтік мифологияның қызметі Түркістан өңірінде айқын көріністер табады. Түркістан тақырыбына байланысты мифтер, аңыздар мен әңгімелер өте көп сақталған. Оны топтастырып қарайтын болсақ, біріншіден, Қожа Ахмет Яссауидің іліміне қатысты сақталған аңыздар; екіншісі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің құрылысына аңыздарды құрайды. Сонымен қатар, Түркістан өңіріндегі өркендеген қала мәдениеті мен киелі өлкенің қасиеттеріне байланысты мифтер халық арасында кеңінен сақталған. Мысалы, Қожа Ахмет Ясауи қайтыс боларында “маған келетін адам ең алдымен Арыстан бабтың басына зиярат етсін” деп өсиет қылыпты. «Арыстан бабқа әрине, Түркістандағы Әзірет Сұлтаннан тіле» деген сөз содан қалыпты. Осыдан «Арыстан бапқа түне, Қожа Ахметтен тіле!» деген сөз қалған. Осы топтастырылған мифтердің қазіргі қызметіне қарайтын болсақ, мұны әртүрлі мақсатта қолдану жағдайы бар. Мысалы, Қожа Ахмет Ясауидің іліміне байланысты аңыздар ғылыми әдебиеттерде көрініс тапса, кесененің құрылысы мен қаланың киелі орындары жөніндегі аңыздардың дені жергілікті туризмді дамытуға жиі қолданылады.
Түркістан өңіріндегі мифологиялық танымның халық санасына терең сіңуін қазіргі кезеңде де бірден байқауға болады. Бұл негізінен қала халқының күнделікті тіршілігінде бірден көзге түседі. Мысалы, әр түрлі дүкендер, бизнес нысандардың атауын бергенде “... ата”, “... ана” деп беруі қала халқының мифтік санасының тереңдігін көрсетеді. Сол сияқты туристік нысандардың қызметінде де мифтер көп пайдаланылады. Бұл арада кейбір туристік нысандардың аңыздары мен ақпараттары жалған мифтерге негізделіп те жатады. Мұндай жалған ақпараттар арқылы туризмді ілгерілету Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан кейінгі халықтың өзін-өзі тану үрдістерінен қалыптасқан. Мұндағы басты ерекшелік кейбір киелі орындардың гиперболизациялануында болып тұр. Мысалы, Укаш ата кесенесіне байланысты халық арасындағы пікірлер бір біріне қайшы келіп жатады. Халықтың көпшілігі Укаш атаны Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың сахабасы ретінде түсіндірсе, кейбір халық оның жергілікті өңірде өмір сүрген әулие ретінде сипаттайды. Аңыз бойынша Укаша сахаба Мұхаммед пайғамбардың жақын серігі, күзетшісі болған. Сонымен қатар, Укаш ата құдығына байланысты аңыздар халық арасында көп талқыланып, қазіргі өмірдің мифтеріне айналған. Яғни, егер адам құдықтан су тартқанда шелекке су ілінбесе, онда оның күнәлі істерінің бар екені көрсетілетін сипатта аңыздар тарайды. Халық арасында Үкаша ата құдығының суы жер асты арқылы Меккедегі Зәм-зәм бұлағымен байланысады деген түсінік бар. Осындай аңыздардың кең таралуы тарихи ескерткішті туристік нысан ретінде танымал етсе, екінші жағынан ғылыми ізденістердің жүргізілуіне кері әсерін тигізіп жатады.
Түркістан облысында тарихи ескерткіштерден бөлек, ерекше табиғи жерлер де жетерлік. Соның бірі – екіге жарылған Адам Ата мен Жер Ана жартасы болып табылады. Ол Қазығұрт тау алабында орналасқан. Тастың екі бөлігі еркек пен әйел немесе әке мен ана деген мағынаны білдіреді. Жарық ұзындығы 15 метрді құрайды, ең жіңішке жерінің кеңдігі 25-30 см. Көп адам осы жар арасы жерді жүріп өтуге тырысады. Жергілікті тұрғындар арасында бұл жерден тек адал ниетті адамдар өте алады деген наным бар. Ең қызығы, қос тастың ортасынан арық адам өте алмай, керісінше толық адам өтіп кетуі де мүмкін. Міне осы сияқты көптеген аңыздар мен сенімдерге негізделген ақпараттар туристердің қызығушылығын тудырады. Келуші туристер мен зиярат етушілер киелі жерлерде құран оқып, дұға тілейді. Сондай аңыздардың бірі Қазығұрт тауының басында Нұх пайғамбардың кемесі қалған деген аңыздар сақталған. Аңыз бойынша Қазығұрт тауының басына Нұх пайғамбардың кемесінің тоқтағаны айтылады.
Бұл жөнінде бірқатар журналистік зерттеулерде бар. Алайда, адамзаттың алғашқы қауымдық құрылысы тарихына көз жүгіртсек, дүниежүзілік топан су басу Қосөзен аймағында болған (Тигр және Ефрат өзендері аралығында). Бұл мифтер жылдар бойы халықтар арасында тасымалданып, бізге өзіндік формада жергілікті жерлерге байланысты жеткен. Дегенмен, Қазығұрт тауына осы аңыздың негізінде кеменің ескерткіші қойылған. Бұл да жергілікті халықтың мифтік танымы арқылы туристік нысан ретінде киелі жерлер қатарына енген. Қазіргі уақытта киелі жерлердегі аңыздар мен мифтердің негізгі насихаттаушысы кесенелер мен мазарлардың шырақшылары болып табылады. Шырақшылар негізінен әулиелердің мазарын қорғап, зиярат етушілерге қызмет көрсетуші адам болып табылады. Шырақшы сол әулиенің ұрпағы немесе жақын туысы болып келеді. Ол киелі жерлер мен әулиеге байланысты аңыздарды, тарихи деректерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыру және киелі жерлерге зиарат етудің тәртібін сақтаушы, гид қызметін атқарады. Сонымен қатар, осындай орындардағы қайыр садақа сұраушылардың арасында да мифтік санада өзін киелі жерлер мен әулиелі тұлғалармен байланыстыратындар бар.
Мұндай әлеуметтік топқа жататын адамдар өздерін көне аңыздармен тікелей байланыстырады. Олар өздеріне әулие кісілерден аян берілгенін айтып отырады. Жалпы, мифтік сананың этностың күнделікті өмірінде орын алуы этномәдени бірегейленудің бір жолы ретінде түсіндіріледі. Бұл этностың шығу тегінің терең тарихын және киелі орындар мен ескерткіштер арқылы тұтас территориялық мемлекет екенін анықтайды.
Қорытындылай келе, Түркістан өңіріндегі киелі жерлерге байланысты қалыптасқан аңыздар халықтың күнделікті өмір тіршілігімен тығыз байланысты. Соңғы жылдары бұл аңыздардың функциясы өзгеріп, кейбір табиғат ерекшеліктеріне (тастарға, тау жыныстарына, ағаштарға, үңгірлерге) де зиярат ету орын алған. Бұл бір жағынан халықтың мифтік санасының кеңдігі ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан туризмнің бір маркетингтік қадамы ретінде анықталады. Жалпы, Түркістан облысы көлеміндегі тарихи ескерткіштер мен жәдігерлер тарихи өлкетанулық музейлер, ғылыми ұйымдар арқылы жіті зерттеліп, халық алдына анық ақпаратты айқындауы тиіс. Бір қырынан аталмыш мифтердің қалыптасуы тек Түркістан емес, сонымен қатар Қазақстанның басқа да кейбір аймақтарында орын алған. Осы тұрғыда Түркістанның ерекшелігі мифтік сананың халық тіршілігінде трансформациаланып жалғасын тауып отыр. Мұны зерттеу алаңы ретінде қарастыру үшін арнайы ғылыми бағыттардың зерттеу әдістерін тиімді пайдалануымыз қажет.
Жазушы: Дәулет Жайлыбай, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік Қазақстан Астана халықаралық қаржы ор Моңғолия Сыртқы істер министрі Батмунх Батцэцэг Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жалғас Әділбаевты Моңғолиядағы миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады. Министр Батцэцэг елшінің Моңғолия мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды кеңейтудегі күш-жігерін атап өтті. Министр, сондай-ақ, елшіге Моңғолия-Қазақстан қарым-қатынасын нығайтуға және халықтар арасындағы достықты ілгерілетуге қосқан маңызды үлесі үшін алғысын білдірді (Monsame.mn, 17.03.2022).
Молдова президенті Майя Санду 2022 жылдың 16 наурызында БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында Ресейді Приднестровье аймағында орналасқан әскерлерін толықтай шығаруға тағы да шақырды. Президент Санду сонымен қатар Днестрдің сол жағалауындағы аудандардағы оқ-дәрі қоймаларын жоюды талап етті. Санду Молдованың Ресей-Украина қақтығыстарын бейбіт жолмен шешуге шақырып, дипломатиялық және бейбіт саяси шешім табуға, сондай-ақ жүзеге асыру үшін барынша қолдау көрсететінін мәлімдеді (Seenews.com, 17.03.2022). Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Өзбекстан Али мәжілісі Сенатының 24-ші жалпы отырысында Өзбекстанның Украинаның тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығын мойындайтынын мәлімдеді. Министр Өзбекстанның Донецк пен Луганскті бөлек республикалар ретінде мойындамайтынын жеткізді. Сонымен қатар Өзбекстан Ресей және Украинамен өзара тиімді ынтымақтастығын жалғастыратынын мәлімдеді (Avesta.tj, 17.03.2022).
Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның кейбір Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкцияларына қатыспайтынын мәлімдеді. Ресейге салынған санкцияларға байланысты Түркияның ұстанымын білдірген Чавушоғлу санкциялардың мәселені шешпейтініне сенетіндерін білдірді. Сонымен бірге Түркия бейбіт келіссөздер үшін ресейлік және украиндық әріптестерін қуана қабылдауға дайын екендіктерін атап өтті (Avesta.tj, 14.03.2022).
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Президенттер сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аудара отырып, Қазақстан-Өзбекстан статистикалық әріптестігін дамыту перспективаларын талқылады. Мемлекет басшылары бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар мен сыртқы экономикалық жағдайдың жағымсыз салдарын жұмсарту жөнінде күш-жігерді тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударды (Kazinform, 16.03.2022).
Түркіменстанның жаңадан сайланған президенті Сердар Бердімұхамедов Министрлер кеңесі мен Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысының соңғы сөзінде отандастарымен алдағы жоспарлары туралы бөлісті. Сердар Бердімұхамедов ел дамуының жаңа кезеңінде үлкен қиындықтарға тап болып отырғанына тоқталды. Жаңадан сайланған президент тәуелсіздік жылдарындағы даму үдерісін жалғастыруды көздеп отыр. Президенттік сайлауда Сердар Бердімұхамедовке сайлаушылардың 72,97 пайызы дауыс берді (Orient, 16.03.2022).
талығы (AUFM) платформасы арқылы 6 миллиард доллардан астам инвестиция тартты. Қазір қаржы орталығында 63 елден 1200-ден астам компания тіркелген. AUFM биржасының сауда мүшелеріне 18 қазақстандық және 11 халықаралық брокерлер кіреді. Астана халықаралық қаржы орталығы ислам банкі мен ислам қаржы компаниясына лицензия берді. 2021 жылы Астананың Қаржы қызметтері басқармасы лицензия алған компаниялардың саны екі есеге өсіп, 46-ға жетті (Qazaq TV, 16.03.2022).
Өзбекстанда 3 жаңа заманауи жылу электр станциясы салынды. Бірінші газ поршенді жылу электр станциясының қуаты 270 МВт. Екіншісі – қуаттылығы 240 МВт құрайтын циклді газ электр станциясы болса, үшіншісі – 174 МВт. Жылына барлығы 5,6 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндіре отырып, осы электр станциялары жылына 725 миллион текше метр табиғи газды үнемдейді, бұл қосымша 2,7 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді (UzReport, 14.03.2022).
Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Анталия дипломатия форумы аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Экономика министрі Абдулла бен Тук Аль Марримен кездесті. Министр Қазақбаев Қырғыз-Әмірлік инвестициялық қорын құруды ұсынды. БАӘ экономика министрі екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру және сауда-экономикалық айналымды арттыру жөнінде бірлескен жоспарларды жүзеге асыруға мүдделілік танытты. БАӘ бизнес делегациясы B2B іс-шараларын ұйымдастыру үшін Қырғызстанға бармақшы (Kabar, 14.03.2022).
Түркіменстан 2021 жылы жаңа энергетика нарығына шығып, Тәжікстанға сұйытылған газды экспорттауды бастады. 2021 жылдың тамызында Имамали Рахманның Ашхабадқа сапары кезінде екі ел Түркіменстанның сұйытылған газын Тәжікстанға жеткізуді ұйымдастыру туралы келісімге келген. Түркіменстан 2021 жылдың соңында Тәжікстанға шамамен 5 мың тонна сұйытылған газ жеткізді, бірақ Душанбе сатып алуды ұлғайтуды жоспарлап отыр. 2022 жылдың қаңтарында Түркіменстан сұйытылған газ өндіруді 16 пайызға арттырды (Orient, 18.03.2022).
Азия даму банкі (АДБ) мен Тәжікстан үкіметінің өкілдері банктің елдегі жобаларын жүзеге асыру барысын сараптау мақсатында кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар жобаны жүзеге асыруға әсер ететін ортақ мәселелерді талқылап, оларды шешу жөнінде іс-шаралар жоспарын талқылады. 2021 жылы Тәжікстандағы АКБ портфелі 1 миллиард доллар тұратын 20 жобадан құралды, оның 92 пайызы гранттар есебінен қаржыландырылды. Көлік және энергетика секторлары өткен жылы ЭКЮ қаржыландыруының ең ірі алушылары болып қала берді (Asia-Plus, 14.03.2022).
Әзірбайжан Грузияның электр энергиясын экспорттауда маңызды ел болып қала бермек. Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Леван Давиташвили Әзірбайжанның Грузияға электр энергиясы экспорты 601,1 миллион кВт/сағ болғанын мәлімдеді. Ол Грузияның жаңартылатын энергия көздерін дамытудың үлкен әлеуеті бар екенін, бірақ ел әлі де электр энергиясының импортына тәуелді екенін айтты. 2021 жылы екі елдің сауда көлемі 763,6 миллион доллар болса, оның 661 миллион доллары экспорт, 102,6 миллион доллары импорт болды (AzerNews, 14.03.2022).
Дайындағандар:
Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет Түркияның Бурса қаласында Түрік әлемі театр режиссерлерінің 8-ші бас ассамблеясы отырысы өтті. Кездесу «Түркі әлемінің 2022 жылғы мәдени астанасы» мерекелік іс-шаралары аясында өтті және ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) және Гагаузия (Молдавия) театрларының директорларының басын қосты. Қатысушылар түркі әлемі елдері арасындағы театр саласының ынтымақтастық мәселелерін талқылады (Turksoy.org, 14.03.2022).
Ресей Мұсылмандары діни басқармасы мен Ресей мүфтилер кеңесі зиярат туризмін (мұсылмандар үшін тарихи маңызы бар жерлерге бару) дамытуды жоспарлап отыр. Зиярат орындары арасында МириАраб медресесі, Имам әл-Бухари ескерткіші, Бахаутдин Нақшбанди сияқты белгілі орындар, тарихи және мәдени ескерткіштер сынды басқа да маңызды орындар бар. Жоба бірнеше жыл бұрын жүзеге асады деп жоспарланғанымен, эпидемияға кейінге қалдырылған (UzDaily, 15.03.2022).
АҚШ іскер топтары өкілдерінің қатысуымен AUFM бастамасымен өткен кездесуде қазақстандық әйелдерді оқыту бағдарламаларын әзірлеу талқыланды. Қатысушылар Қазақстанда әйелдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларына сұраныс артып отырғанын атап өтті. Кәсіпкер әйелдер академиясы 80 елдегі 16 000 кәсіпкер әйелге өз бизнесін дамыту үшін қолдау көрсетті. AUFM аталған бағдарламаны Қазақстанда кеңейтуді жоспарлап отыр (The Astana Times, 16.03.2022). Өзбекстандағы Жаһандық жасыл өсу институты (GGGI) Deutsche Gesellschaft für Internationale Zusammenarbeit (GIZ) ұйымымен Арал теңізі бассейніндегі жасылдандыру және климаттың өзгеруі жөнінде ынтымақтастық мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Өзара түсіністік туралы меморандум GGGI мен GIZ арасындағы 2030 жылға дейінгі орнықты даму күн тәртібін және Париж климаттық келісімін қолдаудағы ынтымақтастықтың жалпы негізін қамтамасыз етеді. Құжат аймақ тұрғындары үшін климатқа сезімтал және экологиялық таза экономикалық дамуды ынталандыруға бағытталған (Greengrowthknowledge.org, 15.03.2022). Тәжікстан үкіметінің мүшелері мен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанның басқа да туристік агенттіктерінің жетекшілері Орталық Азия елдері арасындағы туризм саласын дамыту мәселелерін талқылаған онлайн отырысқа қатысты. Кездесу пандемиядан кейінгі кезеңде аймақтағы туризмді ынталандыруға көмектесуге арналған. Жібек жолының әйгілі тарихи жолында орналасқан Орталық Азияның ежелгі қалалары мен бірегей ландшафттарына ерекше назар аударылды (Centralasia.news, 14.03.2022). Қырғызстан мен Түркия екі елдің шекарасынан жеке куәлікпен өту және визасыз режимді ұзарту мүмкіндігін талқылап жатыр. Талқылау Анталияда Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев пен Түркия Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу арасындағы кездесу барысында өтті. Кездесу барысында тараптар екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін де сарапқа салды (Kaber, 14.03.2022).




