f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Путиннің төртінші президенттік мерзіміндегі ресейдің жаңа экономикалық саясаты
ebulletin

Путиннің төртінші президенттік мерзіміндегі ресейдің жаңа экономикалық саясаты

Авторлар: Қанат Маханов
2018 ж. 16 шілде
Путиннің төртінші президенттік мерзіміндегі ресейдің жаңа экономикалық саясаты

ПУТИННІҢ ТӨРТІНШІ ПРЕЗИДЕНТТІК МЕРЗІМІНДЕГІ РЕСЕЙДІҢ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин төртінші президенттік мерзімге тағайындалғаннан кейін 2018-2024 жж. аралығында федералдық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүзеге асырылатын 150 міндеттен тұратын жаңа Мамыр жарлықтарын шығарған болатын.

Бұл құжат белгілі бір дәрежеде Ресей үкіметінің алдағы алты жылға арналған елдің дамуы жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын айқындауына байланысты зор маңызға ие.

Мамыр айында қабылданған жаңа жарлықтар экономикалық даму және демографиялық өсу, әлеуметтік жеңілдіктер, білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс, ғылым және басқа да көптеген маңызды мәселелерді қамтиды. Мәселен, жаңа Мамыр жарлықтары Ресейде тұрақты түрде халықтың табиғи өсуін қамтамасыз ету; өмір сүру ұзақтығын 2024 жылға қарай 78 жасқа, ал 2030 жылға қарай 80 жасқа дейін өсіру; үй шаруашылықтарының нақты табыстарының тұрақты өсуін қамтамасыз ету; кедейлік деңгейін екі есеге төмендету және т.б. сияқты маңызды басым міндеттерді қамтиды. Алайда, жаңа Мамыр жарлықтарындағы ең күрделі міндет – Ресейдің экономикалық өсу қарқынын әлемдік орташа көрсеткіштен асыру және сатып алу қабілетінің паритеті (СҚП) бойынша әлемдегі бесінші ірі экономикаға айналу. Сонымен қатар, жарлықтарда макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап, инфляцияны 4%-дан төмен деңгейде ұстау көзделген. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, қазіргі уақытта Ресей ағымдағы АҚШ долларымен өлшенетін ЖІӨ бойынша әлемнің 11-ші экономикасы және СҚП бойынша есептелген ЖІӨ тұрғысынан әлемнің 6-шы ірі экономикасы болып табылады. СҚП тұрғысынан бесінші үлкен экономикаға айналу үшін Ресей экономикасы алдағы алты жылда жыл сайын 3,5%дан жоғары мөлшерде өсуі тиіс, ал қалған экономикалар алдыңғы алты жылдағы қарқынмен өседі деп болжануда.

2014 жылы мұнай бағасының күрт төмендеуі Ресейде соңғы экономикалық құлдырауға алып келді. Бұл 1996 жылдан бері ең ұзақ құлдырау болып табылатын екі жылдық теріс өсу кезеңіне себеп болды. Құлдыраудан кейін 2017 жылы 1,5%-ды құраған экономикалық өсім өте баяу болып, 3,1%-дық әлемдік орташа көрсеткіштен артта қалса да, Президент Путин бұл өсу көрсеткішін экономикалық қалпына келудің айқын белгісі ретінде қабылдады. Ресей Федералдық мемлекеттік статистика қызметі (Росстат) жариялаған ЖІӨ бой-ынша тоқсан сайынғы ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің 1,3%-ға және өнеркәсіптік сектордың 2,8%-ға өскенін және 2018 жылдың бірінші тоқсанында бұл үрдістің жалғасқанын көруге болады. Бұл белгілі бір оптимизмге негіз болуы мүмкін. Дегенмен, 2018 жылдың бірінші тоқсаны мен 2017 жылы Ресей ЖІӨ-нің өсуі негізінен мұнай бағасының оң үрдісіне байланысты болғанын ескеру керек. Алайда, 2018 жылдың маусым айында Ресейдің Экономикалық даму министрлігі ЖІӨ-нің өсіміне қатысты болжамдарын қайта қарап, күтілген ЖІӨ өсімін 2018 жыл үшін 2,1%-дан 1,9%-ға, ал 2019 жыл үшін 2,2%-дан 1,4%-ға дейін төмендетті. Бұл болжамдар геосаяси белгісіздік, индустриалды өсудің әлсіздігі және демографиялық мәселелерге байланысты қайта қаралды.

Алдын ала болжамдарға сәйкес, мамыр айында қабылданған жаңа жарлықтарды жүзеге асыру үшін 25 трлн. рубль (396 млрд. доллар) немесе ЖІӨ-нің шамамен 31%-ы қажет. Шығыстардың басым бөлігі мемлекеттік бюджетте жоспарланғанына қарамастан, 2018-2024 жылдар аралығында федералдық бюджеттің шығындарын жылына 7%-ға арттыратын 8 трлн. рубль (126,9 млрд. доллар) көлемінде қосымша қаражат табу қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі таңда Ресейдегі қаржылық жағдай өте қиын болғандықтан, бұны жүзеге асыру қиынға соғуы мүмкін. Мәселен, Ресей үкіметінің жалпы мемлекеттік қарызы 2018 жылдың басынан бері 2,6%-ға артып, 51,1 млрд. долларға жетті. 2019-2021 жылдарға арналған Мамыр жарлықтарын жүзеге асыру шығындарын қанағаттандыру үшін 1,7 трлн. рубль (27 млрд. доллар) қарыз алу шешімі қабылданды. Бұл мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-ге қатынасын 14%-дан 16,6%-ға дейін арттырады. Қарыздың ағымдағы деңгейін қауіпсіз деп санауға болатынына қарамастан, қаржылық ауыртпалықтың елеулі бөлігі қазіргі уақытта аймақтық бюджет кірістеріне қарағанда қарыз деңгейі 100%-дан жоғары алты аймаққа жүктелетін болады. Жалпы аймақтық қарыз қазіргі уақытта 2,17 трлн. рубльді (34,3 млрд. доллар) құрайды. Ресейге қарсы экономикалық санкциялар және қиын экономикалық жағдайлар ескерілгенде мамыр айындағы жарлықтарда белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті қаражаттың қалған бөлігі халық тарапынан қамтамасыз етілетін тәрізді. Бұл белгілі бір дәрежеде Ресей азаматтарының наразылығы мен үкіметке сенімсіздігін арттыруы мүмкін. Мысалы, 2019 жылдан бастап қосылған құн салығы (ҚҚС) 18%дан 20%-ға дейін көтеріледі. Бұл жыл сайын қосымша 600 млрд. рубль (9,3 млрд. доллар) бюджет кірісін қамтамасыз етеді. Халықтың жылы көзқарасына ие болмаған тағы бір шешім зейнетке шығу жасын ерлер үшін 65-ке, ал әйелдер үшін 63-ке дейін көтеруді көздейтін зейнетақы реформасы болып табылады. Бұл заңның орындалуы 2024 жылға қарай зейнеткерлік жастағы адамдардың санын 5 млн.-ға қысқартып, 1,5 трлн. (23,8 млрд. доллар) қаражат қамтамасыз етеді деп күтілуде. Оның үстіне, 2019 жылдан бастап шамамен 14 млн. өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматқа табыстарының 3%-нан 6%-на дейінгі мөлшерде салық салынатын болады. Бұл алдымен Ресейдің төрт аймағында, содан кейін бүкіл ел аймағында жүзеге асырылатын болады. Осылайша, мамыр айында қабылданған жарлықтардың орындалуына жұмсалатын шығындардың халық тарапынан өтелуі жоспарлануда. Мамыр айындағы жарлықтардың орындалуы Президент Путиннің төртінші президенттік мерзімін белгілейтін және 2024 жылға дейін Ресейдің экономикалық саясатын айтарлықтай дәрежеде кеңейтетін ең қиын міндеттердің бірі болмақ. Көзделген мақсаттар оң болғанымен және ресейлік халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанымен, жоспардың іске асырылуынан туындайтын ықтимал қауіп-қатерлер мен олардың салдары Ресей экономикасына зиян тигізуі мүмкін. Олардың бірі – ауыр салық ауыртпалығының салдарынан ЖІӨнің жартысынан астамын құрайтын жеке тұтынудың қысқару қаупі. Қолдағы табыс мөлшері неғұрлым аз болса, тұтыну деңгейі соғұрлым аз болып, бүкіл экономиканың бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін. Бұл үкіметтің барлық оң сипаттағы мақсаттарының сәтсіздікке ұшырауына себеп болуы мүмкін. Тағы бір қатер – Ресейдің қарыз деңгейі жоғары аймақтарының салықтық автономиясын жоғалтуына қатысты. Ресейдің 83 аймағынан екеуі тым көп қарызға ие болғандықтан федералдық қаржы бақылауына алынды. Осыған байланысты аймақтардың қарызы жинала берсе, қарыз коэффициенттері 100%-дан асатын тағы төрт аймақ өздерінің салықтық автономиясын жоғалтуы мүмкін. Сондықтан, Владимир Путиннің жаңа алты жылдық президенттік мерзіміндегі ең басты мәселелердің бірі осы қатаң қаржы саясатының экономикалық өсуге әсерін бақылау үдерісі болады.

Жазушы: Канат Маханов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік       Бакуге ресми сапары барысында Финляндия Сауда және халықаралық даму министрі Энн Мари Виролайнен Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі елдің экономикалық саладағы ынтымақтастығына қатысты мәселелерді, оның ішінде сауда айналымын арттыру және тараптар арасындағы көлік байланыстарын нығайту мүмкіндіктерін талқылады. Венаға ресми сапары барысында Иран Президенті Хасан Рухани Австрия Премьер-министрі Себастьян Курц және Австрия Президенті Александр Ван дер Белленмен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі елдің өзара қарым-қатынастарын кеңейту жолдары талқылап, ЕОИран диалогын нығайту мәселесіне көңіл бөлді. Сапардың қорытындысы бойынша тараптар бірнеше ынтымақтастық туралы құжаттарға және өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды. Венада өткен Қытай, Франция, Германия, Иран, Ресей және Ұлыбритания Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде тараптар 2015 жылы қараша айының соңында АҚШ жаңа санкцияларды салғанға дейін 2015 жылғы бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын (БКІЖ) құтқаратын Иранға арналған экономикалық пакетті талқылады.

Ашхабадта өткен Түркіменстан мен Румыния Сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар барысында тараптар өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады. Тараптар Түркіменбашы мен Константа теңіз порттары арасындағы әріптестік перспективалары туралы пікір алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша министрліктер 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Иранның Исфахан провинциясының губернаторы Мохсен Мехрализаденің айтуынша, Исфахан уран конверсиялау кешенінде тоғыз жылдық үзілістен кейін уранның тетрафториді өндірісі қалпына келтірілді. Сондай-ақ, уран гексафторидін өндіруге дайындық жоспарланғандай алға қарай жалғасып келе жатқанын және бір айдың ішінде басталатынын атап өтті. Әзірбайжан Қорғаныс министрі генерал-полковник Закир Хасановтың айтуынша, елдің Қарулы күштері ауқымды әскери жаттығуды аяқтады. Жаттығуға 20 мың әскери қызметкер, 120-ға жуық танк және басқа бронды машина, 200-ден астам зымырандық қондырғы және әртүрлі калибрдегі артиллериялық жүйе, 30ға жуық әскер мен майдан авиациясы қатысты. Жаттығу кезінде әскерлер соғыс жүргізудің заманауи тәжірибесіне негізделген әртүрлі әскери операциялар шеңберінде тапсырмалар орындады.  Экономика, қаржы және энергия     Әзірбайжан Мемлекеттік кеден комитетінің деректері бойынша, 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында мемлекеттік бюджетке 1,62 млрд.

манат (0,95 млрд. доллар) аударылды, бұл 2017 жылғы қаңтармаусымға қарағанда 38,5%-ға артық. 2018 жылғы маусым айында кедендік баж салығынан түскен түсімдер 2017 жылғы маусыммен салыстырғанда 32,3%-ға артып, 70,69 млн. манатқа (41,52 млн. доллар) дейін өсті, ал қосылған құн салығынан түскен түсімдер 52,3%-ға артып, 202,36 млн. манат (118,86 млн. доллар) болды. Тегеранға сапары барысында Ресей Орталық банкі төрағасының орынбасары Дмитрий Скобелькин Иран Орталық банкі Халықаралық қатынастар департаментінің бас директоры Хоссеин Ягуби Миабпен кездесті. Кездесу барысында тараптар банктер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған келісімге қол қойды. Келісімде екі ел арасындағы сауда-саттықты ынталандыру тетіктерінің құрылуы, оның ішінде Вашингтонның 2015 жылға арналған БКІЖ-нан шығу туралы шешімінен кейін төлемдерді жеңілдету бойынша бірлескен банктің құрылуын көзделген. «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) ашылу салтанатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО биржасында жалпы актив көлемі 34 млрд. доллар болатын 14 халықаралық брокердің бар екендігін және бұл санның одан әрі арта түсетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, АХҚО-ның NASDAQ және Шанхай қор биржасының қатысуымен құрылғаны атап өтілді.

Түркіменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Сердар Бердімұхамедов бастаған делегация Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директоры Роберт Азеведомен кездесу үшін Женеваға жұмыс сапарымен барды. Келіссөздер барысында энергетика, көлік, инвестиция, интеллектуалдық меншік және қорша-Дайындағандар:

Лидия Пархомчик, Даурен Абен, Данияр Нурбаев ған ортаны қорғау, сондай-ақ Түркіменстанның ДСҰ-ға мүше болу мәселелері талқыланды. Өзбекстандағы «Ангрен» еркін экономикалық аймағы (ЕЭА) өкілінің мәліметі бойынша, 2018 жылы ЕЭА аумағында тікелей шетелдік инвестициялар түрінде 78 млн. долларды қоса есептегенде құны 300 млн. доллардан асатын 15-тен астам жаңа жоба жүзеге асырылады. «Ангрен»

аумағында жобаларды іске асыру шеңберінде 2017 жылы 89,1 млн.

доллар көлемінде инвестиция игерілді. Бұл 2016 жылға қарағанда 57,1%-ға артық.

Қоғам және мәдениет     Бакуге ресми сапары барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиевпен кездесіп, денсаулық сақтау саласындағы реформаларды талқылады. Тараптар Әзірбайжандағы заманауи медициналық мекемелерді салу перспективалары туралы пікір алмасты. Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның айтуынша, 2017 жылы Тәжікстанда кедейлік деңгейі 29,7%ға дейін төмендеді, бұл 2015 жылғы кедейлік деңгейінен 1,3%-ға аз. Бұл нәтижелер жылдық 7% деңгейіндегі жоғары экономиканың өсу қарқынына және әлеуметтік шығындардың ұлғаюына байланысты. Нәтижесінде, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 2016 жылы 73 жастан 73,5 жасқа дейін (ерлерге - 71,9 жыл, әйелдерге - 75,7 жыл) жетті. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев шетелдіктерге елге кіру рәсімдерін оңайлату туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Өзбекстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері мен консулдықтарында кіру визаларына өтініш беру рәсімінің күшін жоятын электронды кіру визаларын рәсімдеу және беру жүйесі енгізіледі. Бұдан басқа, 101 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз кіру, уақытша қалу және Өзбекстанның халықаралық әуежайлары арқылы кету, сондай-ақ Өзбекстан аумағы арқылы бес күндік визасыз транзит мүмкіндігі енгізілетін болады. Қырғызстандағы Еуропалық Одақ өкілдігі және ЮНИСЕФ Қырғызстанда көші-қонға ұшыраған балаларды қорғауға бағытталған жаңа бағдарламаны іске қосты. Қырғызстандағы балалардың 11%-ынан астамы немесе шамамен 259 мыңы шетелге кеткен ата-аналарының біреуінің не екеуінің де қамқорлығынсыз қалған.

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.