f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Түркістан туризміндегі жаңа мүмкіндіктер
ebulletin

Түркістан туризміндегі жаңа мүмкіндіктер

Авторлар: Дәулет Жайлыбаев
2021 ж. 27 мамыр
Түркістан туризміндегі жаңа мүмкіндіктер

ТҮРКІСТАН ТУРИЗМІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР Түркістан қаласының келешек туристік әлеуеті көнеден қалыптасқан өзіндік дәстүрлерімен тікелей байланысты. Мұны Жібек жолы бойында орналасқан Түркістан қаласының мәдени және тарихи ескерткіштерімен түсіндіреміз. Бұл дәстүрлі құндылықтар заманауи қаланың туристік әлеуетіне көп ықпал етіп отыр. Оны ең алдымен тарихи қаланың қазіргі сақталу жағдайы мен бүгінгі архитектуралық нысандардағы ортағасырлық стильмен сабақтастығы ретінде қарастыруға болады.

Соңғы жылдардағы еліміздегі туризм саласының өркендеуінде Түркістан қаласының да маңызы жоғары екені байқалады.

Себебі, қаладағы ортағасырлық ескерткіштердің сақталуы Түркістанның мәдени туризмдегі орнын анықтап берді.

Алайда, кейінгі уақыттағы бүкіләлемдік пандемия жағдайында Түркістан облысына келуші туристтердің күрт азайғанын көруге болады. Мысалы, 2020 жылы Түркістан облысына 103 747 турист келген, оның 102 512 адамы ішкі турист болса, ал 1235 адам сырттан келген. 2019 жылмен салыстырғанда туристердің толқынының 40,5% азайғанын байқауға болады. Қазіргі Түркістан қаласының туристік даму мүмкіндіктерін қарастырғанда бірнеше басымдықтардың бар екенін анықтаймыз. Біріншіден, Түркістан қаласының орналасқан аймағы Қазақстан бойынша барлық көлік түрлеріне қолайлы болып табылады. Мысал, Түркістанның Ақтөбе, Орал, Маңғыстау, Атырау сияқты Қазақстанның батысы мен шығысында Семей, ал солтүстікте Нұр-Сұлтан, Петропавл, Көкшетау қалаларына темір жол арқылы пойыз қатынасы орнаған. Сонымен қатар қаланың Ресейдің Челябинск, Москва, Саратов, Уфа қалаларына да темір жол қатынасы бар. Сондай-ақ, Өзбекстанның Әндіжан, Ташкент, Қырғызстанның Бішкек қаласына жолаушылар тасымалы қолайластырылған. Жалпы Түркістан қаласына жақын оңтүстік Шымкент, Қызылорда, Тараз, Алматы сынды қалалармен де темір жол байланысы жолға қойылған. Ал, еліміздің оңтүстік аймақтағы қалалар үшін автобус, таксилер арқылы қатынастар да маңызы зор. Ал жуырда ғана Түркістанда ашылған Хазірет Султан халықаралық әуежайы арқылы Қазақстан ішінде және Түркия сынды елдермен байланыс орнатылған. Бұда басқа Түркістан қаласынан Өзбекстанның бірқатар қалаларына автобус арқылы қатынайтын мүмкіндіктер бар. Бұл Түркістанның туристік әлеуетінің жол көлік қатынасында күрделі мәселенің жоқтығын көрсетеді.

Екіншіден, Түркістан қаласының қазіргі кезде туристік саланы дамытуда бірқатар басымдықтарға қол жеткізуі болып табылады. Мысалы қаланың бас жоспарында белгіленген көптеген ғимараттардың құрылысының аяқталуы, Түркістан қаласының жаңа туристік бағыттарының қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Жаңадан пайдалануға берілген кешендердің қатарына «Керуен сарай» ойын-сауық кешені, «Алтын самұрық театры», «Сиқырлы керуен кешені», «Шоу рум театры» және «Этноауыл жатады. Бұл нысандардың қызмет көрсете бастауы туристердің көп келуіне негіз болып отыр.

Үшіншіден, Түркістан қаласының туристік әлеуетін қарастырғанда Түркістандағы кәсіби туризмнің қалыптасып келе жатқанын байқауға болады. Мұны қаладағы Rixos Turkistan, Karavansaray Kaganat Hotel, Karavansaray Kaganat Kun Hotel, Hampton by Hilton Turkistan және Khanaka сынды көп жұлдызды қонақүйлердің пайда болуымен байланыстыруға болады.

Себебі бұл отельдердегі қызмет түрлері жоғары дәрежеде және көп салалы болып табылады. Ал бұл жағдай қалаға келуші шетелдік туристердің қызмет түрлерін және өзіне қолайлы қонақүйді таңдауға жағдай жасайды.

Сондай-ақ, Түркістандағы Туризм және қонақжайлылық университетінің ашылуы да келешекте қаланың туризм саласында кәсіби және білікті мамандардың қызмет етуін қамтамасыз ететін болады.

Төртіншіден, бүкіл әлемдегі пандемия жағдайы туризм саласындағы бірқатар ұстанымдарды өзгертті. Оның бірі қауіпсіз туризмді қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте туристтердің денсаулығы басты назарға алынуы тиіс. Осы жағдайға байланысты Түркістандағы туристік қызмет көрсету орындары қауіпсіздік шараларын басты назарда ұстауда. Соның бірі туристік нысандардағы әлеуметтік ара қашықтықты қамтамасыз ету және сақтық шараларын жіті бақылау болып табылады. Сонымен қатар, Түркістан қаласының қазіргі туристік бағыттарының көпшілігі табиғат аясында тамашалайтын кешендерден қалыптасып келеді. Оның қатарында әртүрлі саябақтардың көбеюі туристердің өздерін қауіпсіз ортада сезінуіне жағдай жасайды. Сонымен бірге қаладағы туристік кешендердегі полиция пунктерінің ашылуы, әр түрлі бейнебақылау камераларының, SOS батырмаларының орнатылуы және туристік полиция жасақтарының құрылуы туристтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жоғарыда көрсетілген даму мүмкіндіктерден басқа бірқатар, мәселелердің де бар екенін айта кету керек. Ал жергілікті туризм негізінде дамып келе жатқан Түркістан үшін өңірлерден ұйымдастырылатын турлардың маңызы зор. Соның ішінде Алматы мен Шымкент қалалары арқылы Түркістанға әртүрлі турлар ұйымдастырылады.

Бұл турлардың қызметіне жол шығыны, гид, және әртүрі тарихи және мәдени нысанға кіру ақысы ғана қамтылады. Ал, қонақүй, тамақтану туристің өзінен қарастырылуы тиіс. Нәтижесінде жергілікті туристтер үшін басты мәселе қонақүй ақысының қымбатшылығы болып отыр. Себебі, жол көлік арқылы келген туристтер Түркістанда 1-2 күн тұрақтауға мәжбүр. Осы уақыт аралығында жергілікті туристтердің жоғарыда аталған көп жұлдызды қонақүйлерге тұрақтауға мүмкіндігі бола бермейді. Бұл келуші туристтердің қонақүй мәселесінде қиындықтарға тап болатынын көрсетеді. Сонымен қатар, кейбір қолжетімді қонақүйлердің Түркістанның орталығынан қашықтықта орналасуна байланысты жеке келуші туристтердің көпшілігі қала ішінде турлардың ұйымдастырылуын қалайды.

Қорытындылай келе, Түркістан қаласындағы туристік саланың әлеуеті көптеген жана жерлермен бірге кенейіп келе жатыр. Соның ішінде соңғы уақытта қалаға келуші туристтердің назарың «Керуен сарай», «Түркістан Венециясы» сияқты ғимараттар тартып жатыр.

Дегенмен Түркістанның жергілікті туризмдегі алар орны ерекше, оның ішінде этнотуризмді дамытуда көптеген аймақтарға үлгі болатын шаралардың ұйымдастырылып жатқаны көрінеді. Сондай-ақ, пандемиядан кейінгі туризм саласындағы жаңа трендтер қала туризмінің алға шығуын жоспарлайды. Бұл туристерге санитарлық нормаларды сақтауға және цифрлы технологиялар арқылы турларын рәсімдеуге мүмкіндік беретіні анық.

Осы тұрғыда Түркістанның туристік саласы әртүрлі туристік сайттар арқылы өз мүмкіндіктерін жарнамалап, барынша турис тартуға тырысады. Сонымен қатар, әртүрлі туристік нысандардың (музейлердің, өнер орталықтарының) пандемияға байланысты қызметінің шектелуі Түркістан облысында фототуризм, агротуризм, экотуризм сында туризмның дәстүрлі емес жаңа бағыттарының қалыптасуына негіз болып отыр.

Жазушы: Дәулет Жайлыбаев, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік       Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті. Көшбасшылар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады және жан-жақты ынтымақтастықтың қазіргі жоғары деңгейіне қанағаттанушылықтарын білдірді. Тараптар дәстүрлі мұнай-газ салаларының, сондай-ақ сауда, қатынас, тоқыма және химия өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударды (Kabar, 07.05.2021).

Жақында Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен 19-20 мамыр күндері Тәжікстанға ресми сапармен келетінін мәлімдеді. Президенттер стратегиялық серіктестік мәселелерін, оның ішінде саяси диалогты одан әрі нығайту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылайтын болады. Көшбасшылар өңірлік ынтымақтастық мәселелеріне, әсіресе Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударатын болады (Kazinform, 04.05.2021). Беларусь президенті Александр Лукашенко Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Президенттер кең ауқымды ынтымақтастық мәселелерін талқылады және екіжақты сауданы 1,5 миллиард долларға дейін арттыру бойынша бұрын бекітілген жоспарлардың орындалуын тексеріп, жалғасты ынталандыруға келісті. Президент Ердоған Беларусь халқын Жеңіс күнімен құттықтаса, президент Лукашенко Түркияны Ораза айт мейрамымен құттықтады (BelTA, 07.05.2021).

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстанның жаңа Конституциясына және «Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы» заңға қол қойды. Қол қою рәсімі «Ала Арча» мемлекеттік резиденциясында өтті. 2021 жылы 11 сәуірде өткен жаңа Конституция үшін сайлауға қатысқан азаматтардың 79%-дан астамы дауыс берді. Жаңа Конституцияға сәйкес, Қырғызстанда басқару формасы парламенттіктен президенттікке ауысты (Kabar, 05.05.2021).

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде ұйымның ағымдағы қызметіне қатысты 60-тан астам тақырып болды. Ұлттық үйлестірушілер негізгі іс-шараға, 2021 жылы 16-17 қыркүйекте Душанбеде өтетін ШЫҰ мүше-мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына дайындық барысын талқылады. Мүше мемлекеттердің өкілдері БҰҰ Бас Ассамблеясының Тәжікстан ұсынған «ШЫҰ-мен ынтымақтастық»

атты қарарының қабылдануын құптады (Anadolu Agency, 03.05.2021).

Анкарада Қазақстан мен Түркия екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды. Аталмыш құжатта өңірлік қауіпсіздік мәселелері, арнайы мақсаттағы бөлімшелерді даярлау, бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу аясындағы 17 іс-шараны қамтыды. Сонымен бірге барлау және соққы беруші ұшқышсыз ұшу құрылғыларын қолдану тактикасы бойынша тәжірибе алмасуды көзделген. Тараптар сонымен қатар 2022-2023 оқу жылына әскери қызметкерлерді оқыту жоспарын бекітті (Kazinform, 04.05.2021).

Экономика, қаржы және энергия       Қазақстандық басшылар алдағы 3 жылда бюджет шығындарын 3 миллиард долларға арттыруды жоспарлап отыр. Осылайша, жылдық бюджет шығыны 35 миллиард долларға жетеді. 2021 жылдың алғашқы екі айында бюджеттің жалпы көлеміндегі әлеуметтік көмек пен қамсыздандырудың үлесі 25%-ды құрады. Денсаулық сақтау саласындағы шығындар 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70%-дан астам өсті және 1,1 млрд. доллардан асты. Білім беру шығындары 7,3%-ға немесе 1,1 млрд. долларға өсті. Сарапшылар барлық салаларда шығындардың артқанын талқылады (Qazaq TV, 05.05.2021).

2021 жылы 3 мамырда Эр-Риядта өткен Өзбекстан-Сауд Арабиясы үкіметаралық комиссиясында Ислам Даму Банкі Өзбекстандағы кәсіпкерлікті қолдауға дайын екенін мәлімдеді. Ол үшін арнайы экономикалық қолдау қоры құрылады. Сауд Арабиясының Даму Қоры 2021 жылы Өзбекстанда құны 300 миллион доллар болатын 10 жобаны қаржыландырды. Кездесу қорытындысы бойынша үкіметтер энергетика және ауыл шаруашылығы саласындағы көптеген маңызды келісімдерге және ұзақ мерзімді екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыты туралы қорытынды хаттамаға қол қойды (UzReport, 06.05.2021).

2021 жылы Беларусь мен Өзбекстан арасындағы екіжақты сауда айтарлықтай алға басуда. Жылдың бірінші тоқсанында сауда көлемі 67,5 миллион долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,3% өсті. Беларустың экспорты 37,4%-ға өсіп, 58,7 миллион долларға жетті, ал Өзбекстаннан экспорт 8,8 миллион долларға яғни 79,2%-ға өсті. Нәтижесінде Беларустың профициті 49,8 миллион долларды құрады. Беларустың импортынан негізінен салқындатылған және мұздатылған сиыр еті, дәрі-дәрмектер, полимерлер мен тракторларды атауға болады (BelTA, 07.05.2021).

Жақында Литва Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергис бастаған делегация Әзірбайжанға ресми сапармен барды. Әзірбайжанның Экономика министрі Микаил Жаббаров делегациямен кездесу барысында эпидемияға қарамастан екі ел 2020 жылы және 2021 жылдың бірінші тоқсанында өзара сауда айналымының ұлғайғаны туралы мәлімдеді. Сауда-саттық көлемі 2020 жылы 24,4 миллион долларға, 2021 жылдың бірінші тоқсанында 7,6 миллион долларға жетті. Осы уақытқа дейін екі жақ 39 құжатқа қол қойса, тағы 12 құжат дайындалуда (AzerNews, 04.05.2021). Дүниежүзілік банк пен Украина үкіметі екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда. Жуырда банк елдің жоғары білім беру жүйесінің сапасы мен ашықтығын жақсарту мүмкіндіктерін қолдау мақсатында 200 миллион долларлық жобаны мақұлдады. Жоба украин жастарын ХХІ ғасырға қажет дағдылармен жабдықтау үшін жоғары оқу орындарының білім беру мен ғылыми-зерттеу базалары және сандық оқыту инфрақұрылымын еуропалық стандарттарға сәйкес жаңартуды қаржыландырады (Ukrinform, 06.05.2021). Өзбекстан, Қырғызстан және Қытай өкілдерінен құрылған жұмыс тобы онлайн конференция өткізіп, Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай теміржол құрылысының перспективаларын талқылады. Қытай өкілдері жобаны қаржыландыру үлгісін және 2021 іс-қимыл жоспарын ұсынды. Тараптар қаржыландыру мәселесін шешу және теміржолдың бағытын анықтау бойынша біржақты келісімге қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, тараптар эпидемиологиялық жағдай тұрақталғаннан кейін далалық зерттеулер жүргізуге келісті (Kabar, 04.05.2021).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       180 метрлік жаңа көпір Тәжікстанның Фархор облысындағы Кокул қаласын Ауғанстанның Тахор ауданы Ойхоним ауылымен байланыстырады. Бұл Тәжікстан мен Ауғанстанды жалғайтын алтыншы көпір болмақ. Шешім Тәжікстан, Ауғанстан, Ага Хан Қоры және Еуропалық Одақ (ЕО) өкілдері қатысқан өңірлік экономикалық даму мүмкіндіктері мен ынтымақтастық туралы кеңесте жарияланды. 16 миллион еуро тұратын жоба ЕО-тың қаржылық қолдауымен салынады (Avesta.tj, 07.05.2021).

Өзбекстан үкіметтің Түркияға гуманитарлық көмек жіберу туралы қаулысына сәйкес Өзбекстанда шығарылған 1 миллион дана Ecos N 95 медициналық маскаларын Өзбекстан әуе жолдары арқылы Ыстамбұлға жіберді. Сонымен қатар, Өзбекстан Үндістанға коронавирустың салдарынан науқастар мен өлім санының көбеюіне байланысты жылжымалы оттегі концентраторлары мен дәрі-дәрмектерін жеткізді (Fergana.agency, 03.05.2021).

Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев Шуша қаласын елдің «мәдени астанасы» деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Армения басқыншылығынан кейін қаланың тарихи бейнесін қалпына келтіру және оның мәдени маңыздылығын жаңарту туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, Президент Әлиев Таулы Қарабахтағы Физули қаласының Шуша туризмін дамытуға көмектесу үшін сол өңірде халықаралық әуежай салу туралы бұйрық берді (Centralasia.media, 05.07.07.2021). Ресей президенті Владимир Путин тәжікстандық әріптесі Эмомали Рахмонмен Ресейдегі еңбек көші-қон мәселесін талқылады. Президент Путин иммигранттар мәселесін Тәжікстан үшін «нәзік» деп сипаттап, Ресей билігі шетелдіктердің Ресейде өздерін жайлы сезінуі үшін барлық жағдай жасайтынын айтты. Бүгінде 1 миллионнан астам адам, шамамен төрттен бірі (247 мың) Тәжікстан азаматтары Ресейде заңсыз жұмыс істейді (Rbc.ru, 08.09.2021). Ресей билігі коронавирусқа қарсы топтың иммунитетін қамтамасыз ету үдерісін жеделдету үшін Sputnik V вакцинасының «Sputnik Light» деп аталатын жаңа бір дозалы нұсқасын мақұлдады. Ресейде Sputnik Light-ті сынау 2021 жылдың қаңтарында басталғанымен, қарастырылып отырған вакцина оның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін белгіленген ғылыми хаттамаларға сәйкес жетілдірілген сынақтардан әлі өтпеген. Бүгінгі күні Ресейде тек 13,4 миллион адам яғни Ресей халқының тек 9%-ында COVID-19 вакцинасының ең болмағанда бір дозасы болған (Apnews, 06.05.2021).

Жуырда Украинада кездейсоқ таңдалған ұялы телефон нөмірлерін қолдана отырып, компьютер көмегімен телефон қоңырауларына жүргізілген сауалнама барысында Украинаның қазіргі президенті Владимир Зеленскийдің президенттікке қолдау көрсетуді жалғастырып жатқанын көрсетті. Сауалнамаға сәйкес, егер президенттік сайлау 2021 жылы сәуірде өткізілсе, дауыс бергендердің шамамен 31,4%-ы қазіргі президентті қолдайды. Тағы 18,1% Еуропалық ынтымақтастық партиясының жетекшісі, бұрынғы президент Петр Порошенкоға дауыс берсе, 11,9% Батькившина партиясының жетекшісі Юлия Тимошенконы қолдайды (Unian.info, 05.05.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.