f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Ресей-Украина соғысының Германияға ықтимал әсері
ebulletin

Ресей-Украина соғысының Германияға ықтимал әсері

Авторлар: Omirbek Hanayi
2022 ж. 11 маусым
Ресей-Украина соғысының Германияға ықтимал әсері

РЕСЕЙ-УКРАИНА СОҒЫСЫНЫҢ ГЕРМАНИЯҒА ЫҚТИМАЛ ӘСЕРІ 2022 жылы ақпан айында Ресейдің Украинаға басып кіруі Мәскеу-Киев қарымқатынасын ғана емес, жаһандық және аймақтық тепе-теңдіктерді де бұзды. Шиеленіскен сайын барлық Еуропа елдерінің қауіпсіздік бойынша алаңын арттыра түскен бұл соғыс Еуропа-Ресей қарым-қатынасы үшін де бетбұрыс болды. Өйткені Еуропа мен Ресей арасындағы буферлік мемлекет және Еуропалық Одақ (ЕО) мен НАТО-ның ықтимал мүшесі саналатын Украинаның шабуылға ұшырауы, көптеген жылдар бойы Ресеймен өзара диалог пен ынтымақтастықты жақтап келген ЕО елдерінің, әсіресе Германияның Ресейге қаратқан саясатының өзгеруіне себеп болды. Осы тұрғыда Ресей-Украина соғысының ЕО-ның өозғаушы күшіндей Германияға қалай әсер еткені және алды қалай әсер ететініне тоқталу маңызды мәселе.

Ең алдымен, Ресей-Украина соғысы ЕО елдерінің ішінде ұзақ жылдар бойы Ресеймен ең жақын сауда-экономикалық ынтымақтастықты сақтап келе жатқан Германияның Ресей саясаты үшін елеулі бетбұрыс болды деуге болады. Өйткені, соғыстан басталған соң Берлин энергетикалық ынтымақтастықты қамтыған тығыз сауда-экономикалық қарым-қатынасы бар Мәскеуге қарсы күтпеген қадамдар жасап отыр. Онсыз да Германия Ресейдің Украинаның сепаратистік аймақтары – Донецк пен Луганскті тәуелсіз мемлекет ретінде танығанына қарсы «Солтүстік ағын-2» газ құбырын лицензиялау үдерісін тоқтатқан болатын. Ал, Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Германия бірден Ресейге ауыр экономикалық санкциялар салатынын және Украинаға әскери көмек көрсететінін жариялады.

Одақтастарымен бірге Украинаға қолдау көрсеткен Германия ЕОның Ресейдің экономика, қаржы, сыртқы сауда, өндіріс, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, көлік, авиация және ғарыш сияқты маңызды салаларына бағытталған жан-жақты экономикалық санкцияларына жетекшілік етті. Бұл бағытта қазірге дейін Ресейге қарсы бес дүркін экономикалық санкция салған Германия мен ЕО елдері Ресей банктерін халықаралық SWIFT қаржы жүйесінен шығаруға және валюталық резервтерін бұғаттауға шешім қабылдап, әуелі Ресей президенті Владимир Путин бастаған бірқатар ресейлік саясаткер мен олигархтың ЕО елдеріндегі активтерін нысанаға алды. Сонымен қатар, Ресейге әуе кеңістігін жапқан Германия мен ЕО елдері, әсіресе, Ресейдің энергетика, авиация және ғарыш өнеркәсібіне қажетті тауар, қызмет және технологияны экспорттауға, өткермелеуге және инвестициялауға тыйым салды.

Әсіресе, Ресей-Украина соғысы Германияның қорғаныс және қауіпсіздік саясатын түбегейлі өзгертті деуге болады. Өйткені «Қырғи-қабақ соғыстан» кейін Германия қорғаныс пен қауіпсіздік саласында барынша сақ, салмақты да ұстамды көзқарас танытуға тырысты. Сондықтан жылдар бойы қарулануға онша ынта танытпай, қорғаныс бюджетін барынша үнемдеуге тырысқан Германия Еуропаның әскери күші болғаннан гөрі экономикалық күші болуға көбірек мән берді. Осы тұрғыдан алғанда, Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Германияның әскери және қорғаныс шығындарын едәуір ұлғайтып, Украинаға тікелей әскери көмек көрсетуі таң қаларлық жағдай болды. Жақын тарихында алғаш рет соғысып жатқан бір тарапқа әскери көмек көрсеткен Германия осы уақытқа дейін Украинаға әртүрлі танкіге қарсы қаружарақтарды, зениттік зымырандарды, пулеметтерді, оқ-дәрілерді, броньды машиналарды және басқа да әскери техникаларды жеткізді. Сонымен қатар, 2022 жылдың наурыз айында Германияның Қорғаныс министрлігі Германия қарулы күштерінде 1981 жылдан бері қолданылып келе жатқан PA-200 Tornado жойғыш ұшағын F-35 жойғыш ұшағына ауыстыру жоспарын жариялады. Германияның әскери және қорғаныс саласындағы нақты қадамдары Берлиннің барынша ұстамды қорғаныс және қауіпсіздік саясатынан бас тарта бастағанын көрсетеді.

Әсілінде Германияның әскери күшке айналу жолындағы қадамдарын Берлиннің соңғы жылдардағы геосаяси ояну кезеңінің де бір сатысы деуге болады. Өйткені соңғы жылдардағы жаһандық және аймақтық геосаяси және геоэкономикалық оқиғалар ЕО елдерінің, әсіресе, Германияның геосаяси және геостратегиялық көзқарастарын қайта қарауға түрткі болды. Бұл үдерісте соңғы жылдардағы босқындар дағдарысы, Brexit мәселесі, Иранның ядролық келісім мәселесі, АҚШ пен Қытай арасындағы саудасоғысы және жаһандық экономикалық құлдырау сияқты маңызды геосаяси және геоэкономикалық өзгерістермен қатар, 2014 жылы басталған Украина дағдарысынан кейін ЕО мен Ресей арасында бірте-бірте тереңдей түскен шиеленістің де маңызды рөл атқарғанын айтуға болады. Осы тұрғыда 2020 жылдың қыркүйегінде Үнді-Тынық мұхиты аймағына бағытталған «Германия – Еуропа – Азия: 21 ғасырды бірге қалыптастыру» атты сыртқы саясат стратегиясы германияның көпжақты саясатын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Осы кезекте Ресейдің Украинаға басып кіруі Германияның геосаяси оянуын одан әрі жылдамдатқанын байқауға болады. Осы тұста 2022 жылдың наурыз айында Германия Сыртқы істер министрлігі елдің жаңа Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы әзірленетінін мәлімдеді. Мәлімдемеде Ресейдің Украинаға қарсы соғысы еуропалық қауіпсіздікке қауіп төндіргеніне баса назар аударылып, НАТО ынтымақтастығын нығайту және еуропалық қорғаныс өнеркәсібін одан әрі дамыту қажеттілігі айтылды. Осы тұрғыдан алғанда Германияның алдағы кезеңде ЕО геосаясатында да, халықаралық аренада да белсенді рөл атқаруға тырысатынын болжауға болады. 2017 жылдан бері НАТОның шығыс шекарасын нығайтуда маңызды рөл атқарған Германия 2022 жылдың наурыз айында Литвадағы НАТО-ның күшейтілген алғы шебіне (eFP) қосымша 350 сарбаз жіберуге шешім қабылдады. 2017 жылдан бері Литвада қызмет ететін eFP күштерінің құрамында жалпы 1600 сарбаз болса, олардың 900-і неміс сарбаздары болатын. Аталмыш eFP күштерін НАТО 2014 жылы Ресейдің Қырымды аннексиялауына жауап ретінде Балтық жағалауы елдері мен Польшаның қауіпсіздінгін қаматмасыз ету және ықтимал қауіптерден бірлесе қорғану мақсатында орналастырды.

Алайда, ЕО-ның көптеген елдерінің, әсіресе Германияның энергетикалық қажеттілігін қанағаттандыруда ресейлік мұнай мен табиғи газға тәуелділігін ескергенде, РесейУкраина соғысы Германия мен Ресейдің және ЕО елдері мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасқа терең әсер ететін болады. Германия мен ЕО-ның Ресейден мұнай мен табиғи газ экспортын ішінара немесе толық тоқтатуы ЕО-да энергетикалық мәселе тудыруы мүмкін. Сондықтан алдағы кезеңде Германия мен ЕО елдері энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұнай мен табиғи газ өндіретін басқа елдермен энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытумен қатар, жаңартылатын энергия саласында да маңызды қадамдар жасауға тырысатыны сөзсіз.

Қорыта айтқанда, ауыр салдар тудырып, жалғасып жатқан Ресей-Украина соғысының қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз болғандықтан, соғыстың ықтимал салдары қалай қалыптасатынын нақты болжау да мүмкін емес. Дегенмен, Мәскеу мен Киев арасында бітімгершілік келісімге қол қойылған күннің өзінде, өкінішке қарай соғыстың жаһандық және аймақтық ауқымдағы ықтимал теріс геосаяси және геоэкономикалық салдары ұзақ жылдар бойы жалғасатын болады. Геосаяси тұрғыдан алғанда, алда Германия бастаған ЕО елдерінің АҚШ-пен ынтымақтастығы екіжақты қарым-қатынас аясында да, НАТО аясында да бірте-бірте тереңдей түседі. Өйткені Дональд Трамп кезінде АҚШ пен ЕО елдері арасында туындаған сенімсіздік дағдарысы 2021 жылдың қыркүйегінде АҚШ, Ұлыбритания және Австралия арасында қол қойылған AUKUS келісімінен кейін Австралия-Франция сүңгуір кеме келісімінің жойылуына байланысты Жо Байден кезінде де тоқтамаған болатын. Жалпы алғанда АҚШ пен ЕО елдері қарым-қатынасындағы дәстүрлі сенімнің әлсіреуіне байланысты ЕО елдері дербес саяси күш ретінде әрекет етуге тырыса бастаған кезде туындаған Ресей-Украина соғысының АҚШ пен ЕО елдері арасындағы одақтың қайтадан нығаюына мүмкіндік бергені байқалады.

Жазушы: Өмірбек Қанай, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және  Қазақстан парламенті сенатының төрақауіпсіздік       Қазақстан парламенті Қазақстан үкіметі мен Қырғызстан Министрлер кабинеті арасындағы Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әскеритехникалық көмек көрсету туралы келісімді мақұлдады. Келісімге 2021 жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Қарулы күштері жоғарғы қолбасшылығының тапсырмасына сәйкес және Қырғызстанның әскеритехникалық көмек көрсету туралы өтініші бойынша қол қойылған. Қырғызстан бұл жабдықты тек қауіпсіздік мақсатында ғана пайдаланады (Kazinform, 11.05.2022). Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Владимир Норов Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесіп, саяси, сауда-экономикалық, көлік-коммуникация, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарының қазіргі жағдайын жоғары бағалай отырып, тараптар іскер топтар арасындағы байланыстардың айтарлықтай жанданғанын және Ташкент пен Баку арасында тікелей әуе қатынасы қайта іске қосылғанын мәлімдеді (Kun.uz, 14.05.2022).

АҚШ пен Ресей тәжік-ауған шекарасын нығайту үшін бақылау-өткізу бекеттері мен шекара отрядтарын салады. Тәжікауған шекарасындағы Чалдовардағы жаңа шекара заставасының құрылысына 3 миллион доллар, шекара отрядының құрылысына 30 миллион доллар қажет. Сондай-ақ Тәжікстан парламенті Ресейдің тәжікауған шекарасында шекара бекетінің құрылысына 1,1 миллион доллар бөлу туралы гранттық келісімді мақұлдады (ASIA-Plus, 11.05.2022).

Тәжікстан астанасы Душанбеде Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтті. Кездесу барысында ТМД Сыртқы істер министрлері Достастық аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Халықаралық қауіпсіздік пен гуманитарлық және ғылыми ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды, сондай-ақ, отырыс аясында министрлер екіжақты мәселелерді талқылауға мән берді (ASIAPlus, 11.05.2022). Қытай Мемлекеттік кеңесшісі және Сыртқы істер министрі Ван И Пәкістан Сыртқы істер министрі Билавал Бхутто Зардаримен онлайн кездесу өткізді. Ван И пәкістандық әріптесіне Қытайдың лаңкестікке қарсы әлеуетін арттыруда Пәкістанға қолдау көрсетуді жалғастыратынын және Қытай-Пәкістан қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында Пәкістанмен қол ұстасып тұруға дайын екенін тілге тиек етті. Билавал Бхутто Зардари Пәкістанның терроризмге қарсы әлеуетін арттыру және Пәкістандағы барлық Қытай азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қытаймен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді (English.news.cn, 12.05.2022).

Ашхабадта Ресей мен Орталық Азия елдерінің парламентаралық форумы өтті. Парламенттік отырыста жоғары деңгейдегі делегаттар заңнамалық және басқа да негізгі салалардағы өзара тиімді көпжақты серіктестікті нығайтуға қатысты негізгі мәселелерді талқылады. Кездесу өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту, елдер арасындағы сенімге негізделген қарымқатынастар мен өзара түсіністікті нығайту, Орталық Азия мен Ресейдегі әйелдер үшін құқықтық база мен үміттерді дамытуды мақсат етті (Centralasia.news, 12.05.2022).

     ғасы Мәулен Әшімбаев Түрікменстан Парламенті жоғарғы палатасының спикері Құрбанқұл Бердімұхамедовпен экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесті. Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы жыл басынан бері 100 миллион доллардан асып, 2021 жылмен салыстырғанда үштен екі есеге артық екені айтылды. Екі ел энергетика және ауыл шаруашылығы салаларында тиімді ынтымақтаса отырып, теміржол, автомобиль және су көлігі және логистика саласындағы серіктестікті нығайтуды жоспарлап отыр (Qazaq TV, 13.05.2022).

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарада түрік кәсіпкерінің көрнекті өкілдерімен кездесіп, оларға жан-жақты қолдау көрсетіп, Қазақстан экономикасына инвестиция салуға шақырды. Түрік кәсіпкерлері қазірдің өзінде елімізде химия, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында ірі жобаларды жүзеге асыруда. Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 4 мыңға жуық компания табысты жұмыс істейді. 2021 жылы Түркиядан Қазақстан экономикасына құйылған тікелей инвестиция рекордтық деңгейге — 680 миллион долларға жетті. Кездесуден кейін екі ел арасында 30 құжатқа қол қойылды (Qazaq TV, 11.05.2022).

Өзбекстан Орталық банкінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың басынан бергі төрт айда шетелден ақша аударымдары 2,54 миллиард долларды құрады. Ақша аударымдарының ағыны бір жылмен салыстырғанда 27%-ға өсіп, 1,99 миллиард долларды құрады. 2022 жылдың сәуір айында мигранттар Өзбекстанға 1,07 миллиард доллар жіберді, бұл алдыңғы сәуір айымен салыстырғанда 88%-ға көп. 2021 жылы аударымдардың жалпы сомасы 8,1 миллиард долларға жетті (Kun.uz, 13.05.2022).

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) жергілікті банктер мен Украинадағы соғыс кезінде азық-түлік қауіпсіздігін арттыру үшін таңдалған лизингтік компанияға жалпы құны 53,25 миллион еуро болатын тәуекелді бөлісу құралдарын беретінін хабарлады. Бұл Банктің Украина экономикасын қолдаудың бес кезеңдік жоспарының маңызды элементі. ЕҚДБ сонымен қатар биылғы жылы Украинаға жоспарланған 1 миллиард еуро көлеміндегі инвестициямен сауданы, энергетикалық қауіпсіздікті, маңызды инфрақұрылымды және фармацевтикалық өнеркәсіпті қолдайды (Ukrinform, 12.05.2022).

Әзірбайжан Экономика министрі Микаил Жаббаров Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесу өткізіп, тараптар көлік және энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Тараптар әртүрлі салалардағы қарым-қатынастарды дамыту үшін үйлестіруші орган ретінде екіжақты Түркіменстан-Әзербайжан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының рөлін күшейту қажеттігіне назар аударды. Олар жүктерді тасымалдау үшін ең қолайлы құрлық және теңіз жолдарын ұсынудың, сондай-ақ оларды халықаралық көлік инфрақұрылымына біріктірудің маңыздылығын атап өтті (AzerNews, 12.05.2022).

Венгр-Қырғыз Даму қорының атқарушы кеңесінің мүшесі Әлімбек Орозбеков Қор Қырғызстан мен Венгрия азаматтарынан қаржыландыру үшін жұмысқа орналасуға өтінімдерді қабылдауға дайын екенін хабарлады. Қолдану шарттары мен басымдықты салалардың ішінде ең төменгі сыйақы мөлшерлемесі 1,5%, ал ең жоғары мөлшерлеме 7,25% болады. Орозбеков Қорда шағын су электр стансаларының құрылысы, мал шаруашылығы, омарта шаруашылығы және балық шаруашылығын дамыту сияқты бірнеше басым бағыттар бар екенін айтты (Kabar, 12.05.2022).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Бурса қаласында ЮНЕСКО-ға және ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің Ұлттық комиссияларының 8-ші отырысы өтті. Жиынға түркі мемлекеттерінің, ЮНЕСКО және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар «Материалдық емес мәдени мұра», «Мәдени және табиғи мұра», «Әлем жадысы» және ЮНЕСКО белгілеген ғылыми тақырыптар бойынша түрлі семинарларға жиналып, мәдени мұраның әртүрлі элементтерінің жай-күйін, өзекті мәселелер мен болашақ бірлескен зерттеулерге қатысты мәселелерді сарапқа салды (Türksoy.org, 13.05.2022). Түркияның Измир қаласындағы Эге университетінің кампусында 1-ші Халықаралық Түркі әлемі музыкасы мен билері симпозиумы өтті. Шара ТҮРКСОЙ ұйымымен, Еге университетінің Түрік музыкасы мемлекеттік консерваториясымен және Еге университетінің Түркі әлемі зерттеу институтымен бірлесіп ұйымдастырылды. Симпозиумда Түрік әлемінен түрлі семинарлар, сұхбаттар, өнер ұжымдарының концерттері және әлемнің түрлі елдерінен келген академиктердің баяндамалары ұсынылды (Türksoy.org, 13.05.2022).

Бурсада бесінші дәстүрлі қолөнер фестивалы өтті. Түркі әлемінің 2022 жылғы мәдени астанасы Бурса қаласында өткен ісшаралар аясында өткен фестивальге Түркі әлемінің түрлі елдерінен 80-нен астам қолөнер шеберінің туындылары қатысты. Шараны Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі, ТҮРКСОЙ, Бурса қалалық әкімшілігі және Бурса қалалық кеңесі бірлесіп ұйымдастырды (Türksoy.org, 12.05.2022). Түркі мемлекеттері ұйымының ғарыш агенттіктері мен байланысты органдардың екінші жұмыс тобының отырысы Ташкентте өтті. Кездесуге Әзірбайжан, Венгрия, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Түркияның тиісті ғарыш органдары қатысты. Кездесу барысында тараптар Түркі мемлекеттері ұйымы аясында бірлескен спутник әзірлеу және бірлескен семинарлар мен жастар лагерлерін ұйымдастыру туралы егжей-тегжейлі талқылады (Turkkon.org, 12.05.2022). Ташкентте Орталық Азиядағы диаспораларды дамыту мәселелеріне арналған «Орталық Азиядағы диаспоралардың дамуы тұрақты дамудың маңызды факторы» атты алтыншы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Әзірбайжан, Германия, Польша және Ресейдің ғылыми, академиялық және аналитикалық мекемелерінен 100-ден астам өкіл қатысты. Конференция барысында академиктер Орталық Азиядағы диаспоралар жөнінде практикалық жұмыстарын таныстырды (Centralasia.news, 11.05.2022).

Дүниежүзілік банк Қырғызстанға білім жүйесін реформалау үшін 25 миллион доллар бөледі. Бағдарламаның мақсаты – Қырғызстандағы жоғары оқу орындары студенттерінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ олардың педагогикалық әлеуетін кеңейту. Грант қаражатын бөлу кезінде адам капиталын дамытуға көңіл бөлінетін болады. Ақша «Болашақ үшін оқыту» жобасы бойынша қайтарымсыз грант ретінде беріледі (Centralasia.news, 12.05.2022).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.