f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Батысқа бет бұру мен шығыс симпатиясының үйлесімі: Молдова мен Гагаузия мысалы
ebulletin

Батысқа бет бұру мен шығыс симпатиясының үйлесімі: Молдова мен Гагаузия мысалы

Авторлар: Қанат Маханов
2021 ж. 9 қаңтар
Батысқа бет бұру мен шығыс симпатиясының үйлесімі: Молдова мен Гагаузия мысалы

БАТЫСҚА БЕТ БҰРУ МЕН ШЫҒЫС СИМПАТИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСІМІ: МОЛДОВА МЕН ГАГАУЗИЯ МЫСАЛЫ 2020 жылдың 15 қарашасында Молдовада төртінші кезекті президенттік сайлаудың екінші раунды өтті, онда қазіргі президент Игорь Додон, өзінің басты қарсыласы, Молдованың еуропашыл сайлаушыларының өкілі Майя Сандуға қарсы шықты.

Еуропаға қарсы және ресейшіл ұстанымды президент Игорь Додонға қарсы Майя Сандудың жеңісіндегі 57,72% бен 42,28% арасындағы айырмашылық молдовалықтар арасында еуропалық ұстанымның басым екендігін айқын көрсетті. Президенттік сайлаудың қорытынды нәтижелері сонымен қатар Молдова сайлаушыларының әртүрлі параметрлер бойынша жіктелуінің жоғары деңгейін айқындады. Қазіргі президент Игорь Додон Ресейде және басқа да бұрынғы кеңестік мемлекеттерде тұратын молдовалық иммигранттар, басқа этностар және қарт адамдар арасында танымал болса, ал Майя Санду жастар, елдің орталық өңірлерінде тұратын және батыс елдерінде тұратын этникалық молдовандар арасында айтарлықтай қолдауға ие. Гагаузия - дәстүрлі түрде ресейшіл немесе еуропаға қарсы саяси күштерді қолдау деңгейі өте жоғары Молдова аймақтарының бірі. Сондықтан 2020 жылғы президенттік сайлаудың екінші турында Президент Игорь Додон Гагаузияда 94,59% дауыс жинады. Бұл көрсеткіш Молдова бойынша екі үміткердің пайдасындағы ең жоғарғы үлес болды. 2016 жылы өткен президенттік сайлауда Игорь Додон Гагаузияда 98,89% дауыс жинаған болатын. Гагаузиядағы сайлауда ресейшіл және антиеуропалық кандидаттар мен партиялар әрдайым үлкен жеңіске жетеді.

Гагаузия (Гагауз автономиялық территориялық бірлігі) - Молдованың ішіндегі үлкен саяси автономиясы бар аймақ.

Молдова территориясының 5,4%-ын ұстайтын, 1832 км2 аумақта орналасқан облыс халқының саны 161.700. Гагаузияда халық негізінен ауылдық жерлерде орналасқан болса, олардың тек 36,2%-ы қалалық жерлерде тұрады. Гагаузияның астанасы және ең ірі қаласы Комратта 20.000 тұрғын бар. Басқа түркітілдес халықтардан айырмашылығы, этникалық гагауздықтардың бесте төрттен астамы православиялық христиан дініне сенеді. Халықтың қалған бөлігі молдалықтардан басқа, украин, орыс және болгар этностарынан тұрады. Кеңес Одағы таралған кезде Гагаузия 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялады. Алайда 1994 жылы Молдованың құрамына «Ұлттық аймақтық автономиялық бірлік» ретінде бейбіт жолмен қосылған Гагаузияға басқа аймақтармен бірге өзін-өзі анықтау құқығы берілді. Румын және орыс тілдерімен қатар Гагаузияның ресми тілдерінің бірі болып саналатын гагауз тілі түркі тілдерінің оғыз тобына жатады. Сондықтан, Гагауз тілі, түрік тіліне, әзірбайжан тіліне және қырым татарының тіліне жақын. Алайда Гагаузияда орыс тілі, гагауз немесе молдован тілдеріне қарағанда жиі қолданылатыны белгілі. Гагауз тілі мен гагауздардың бірегейлігі Гагаузияны Молдованың қалған бөлігінен парықтандыратын саяси және әлеуметтік-мәдени құрал болып табылатындығы назар аудартады.

Гагаузия Молдованың басқа аймақтарынан өзінің этникалық және мәдени ерекшелігімен, сондай-ақ елдегі кейбір маңызды саяси мәселелерге деген көзқарасы мен ұстанымымен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұрын айтылғандай, антиеуропалық, коммунистік және ресейшіл ұстанымды президенттікке үміткерлер Гагаузияда әрдайым жоғары пайыздық дауысқа ие бола алады. Бұл парламенттік сайлауға да қатысты. Гагаузиядағы социалистік, коммунистік және антиеуропалық партиялар басқа партияларға қарсы үнемі жеңіске жетеді. Мысалы, 2019 жылғы соңғы парламенттік сайлауда Молдова Республикасының Социалистік партиясы (MMCSP) Молдовада жалпыхалықтық дауыстың 31,15%ын алған болса, ал Гагаузияда 83,72% дауысқа ие болды. Гагаузия халқының жалпы саяси көзқарасын Еуропаға деген шектен тыс скептицизм, молдовенизм (молдовалық бірегейлікке берік ұстаным), орыс таңданысы және әлеуметтік консерватизм тұрғысынан бейнелеуге болады. Гагаузия әрдайым Молдова үкіметінің Еуропалық бастамасына қатты қарсы болып, Ресеймен тығыз одақтастыққа қатысты кез келген ұстанымды мүлтіксіз қолдайды. Гагаузия халқының саяси көзқарастарының айқын көрсеткіштерінің бірі - коммунистік фракция бастаған 2014 жылғы референдум болды, онда Гагаузия халқының 98,9%-ы Молдова өзінің егемендігін жоғалтса Гагаузияның тәуелсіздігін қолдайтындықтарын мәлімдеді және олардың 98,47%-ы Молдованың қазіргі Еуразиялық экономикалық одағына (ЕЭО) қосылуға дайын екендігін көрсетті. Бір қызығы, гагауздар молдовенизм мен молдован тәуелсіздігінің ең қызу қолдаушыларының бірі болып табылады және Молдованың Румыниямен бірігуі туралы пікір Гагаузия тұрғындары арасында қатты және жағымсыз реакциялар тудырады.

Халқының, аумағының және экономикалық әлеуетінің шектеулілігіне қарамастан, Гагаузия саяси деңгейде маңызды аймақ болып табылады. Гагаузия, Түркия, Ресей, Украина және Румыния сияқты елдер үшін Молдовамен қарымқатынаста маңызды факторға айналды. Мысалы, 2020 жылдың тамызында Түркия, 2020 жылдың қазан айында Украина Комратта өз консулдығын ашты. Ресей Гагаузиямен достық қарым-қатынасты сақтай отырып, ЕЭО-пен неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнату жөніндегі күш-жігерін құптайды. Көршілес Румыния мен Румынияның Молдовамен бірігу идеясын қолдаушылар үшін Гагаузия ең үлкен кедергілердің бірі болып табылады. Молдова Румынияның құрамына кіруге шешім қабылдаса, Гагаузия өзінің тәуелсіздігін жариялайды деп санауға болады. Соңғы бірнеше жылда Молдовадағы осы шағын түрік қауымдастығының әртүрлі салалардағы саяси маңыздылығының артуына бірқатар факторлар әсер етті. Біріншіден, Ресей мен Батыс арасындағы бөлінудің күшеюі жағдайында Молдованың Еуропаға деген ұмтылысы Гагаузияда дүрбелең туғызды, бұл Гагауз халқы арасында саяси белсенділікке алып келді. Екіншіден, Қырымдағы оқиғалар, Кишиневтің аумақтық тұтастығы мен саяси тұрақтылығына қатысты алаңдаушылық артты. Елдің оңтүстік территорияларда екінші бір Транснистрия мәселесінің туындауынан алаңдаған Молдованың орталық үкіметінің түрік азшылық халықтарына деген көзқарасын қайта қарай бастады. Үшіншіден, 2016 жылға дейін Молдованың «Шығыс серіктестігінде» басқа мүшелермен салыстырғанда салыстырмалы түрде алға жылжуы және жақында Санду сайланған Молдова саясатындағы еуропашыл көзқарастардың қайта жандана бастауы, Гагаузияны Молдованың саяси күн тәртібіне алып келді.

Молдова 2020 президенттік сайлауы Молдова халқының еуропалық ықпалдастыққа деген ұстанымын қалпына келтіруге дайын екендігін көрсетті. Молдованың Шығыс серіктестігі бастамасы аясындағы Еуропаға деген жақындасуы 2021 жылы жоспарланған кезектен тыс парламенттік сайлаудан кейін қарқын алуы мүмкін. Алайда, әр түрлі азшылықтар, әсіресе Гагаузия факторы, Молдова үкіметіне Еуропаға ұмтылысын қайта бастау үшін жаңа және сезімтал саясат жасауын қажет етеді.

Жазушы: Қанат Маханов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік       Бішкекте өткен кездесуде Қырғызстан мен Өзбекстан үкіметінің қызметкерлері шекараны анықтау мен бөлуді талқылады. Қырғызстаннан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев, Өзбекстаннан премьер-министрдің орынбасары Мехриддин Кайриддинов қатысты. Өз сөзінде Ташиев Өзбекстанмен ресми шекараның тез аяқталуы, қырғызстандықтарға әкелетін қолайлы жағдайларға байланысты үлкен маңызы бар екенін мәлімдеді (Kabar.kg, 15.12.2020).

2020 жылдың 18 желтоқсанында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) Президенттерінің Кеңесі онлайн-отырыс өткізді. Кеңес ұйымның болашақтағы дамуының негізгі шаралары мен тұжырымдамасын және жоспарын мақұлдады. Еркін сауда аймағын, цифрлық экономиканы мен ақпараттық қауіпсіздікті одан әрі дамытуға бағытталған жаңа құжат, мүше мемлекеттер үшін басты басымдық ретінде қабылданған экономикалық ынтымақтастықты белгілейді (BelTA.by, 18.12.2020).

2020 жылғы 14 желтоқсанда Үндістан, Иран және Өзбекстан өкілдері қатысқан жұмыс тобының онлайн-отырысында Чаабахар портын бірлесіп пайдалану мәселесі талқыланды. Өзбекстан президенті Шевкет Мирзиёев кездесу туралы ұсынысты үш күн бұрын Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің қатысуымен өткен онлайн саммит кезінде ұсынған болатын. Үндістан өкілдері келесі айда Үндістанда өтетін Халықаралық теңіз саммиті аясында «Чабахар күнін» ұйымдастыруды ұсынды. Тараптар Чабахар портының аймақтық сауда мен тасымалдаудағы маңызды рөлін атап өтті (The Tribune, 14.12.2020).

Қырғызстанда 2021 жылдың 9 қаңтарына дейін созылатын президенттікке кандидаттардың сайлау науқандары басталды. 2021 жылы 10 қаңтарда өткізілуі жоспарланған және оған 18 үміткер қатысатын президенттік сайлауда 3.544.403 азамат дауыс береді деп күтілуде. Сайлау үшін жалпы республика бойынша 2475, ал шетелде 45 дауыс беру жәшігінің орталығы құрылады (Russian.news.cn, 15.12.2020). Украина мен Түркияның сыртқы істер және қорғаныс министрлері 2+2 төрттік форматында кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар бірлескен мәлімдеме жасап, бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға және саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени және қорғаныс салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылатындықтарын растады. Түрік тарапы Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын білдірді. Түркия, Украинаның, Еуропалық Одақ (ЕО) пен Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымындағы интеграциясын қолдайтындығын қуаттады (Aa.com.t are, 19.12.2020).

Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов Бельгия Корольдігіне жұмыс сапары барысында ЕО-ның Көршілік саясаты және кеңейту жөніндегі комиссары Оливер Вархелимен кездесті. Тараптар Әзірбайжан мен ЕО арасындағы сауда, энергетика, көлік және коммуникация саласындағы екіжақты ынтымақтастық пен серіктестікті талқылады. Сыртқы істер министрі аймақтың қазіргі жағдайы туралы айта отырып, жаңа қауіпсіздік шеңберін дамыту және аймақтағы әскери қимылдардың аяқталуы арқылы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері туралы әңгімеледі (Azernews.az, 19.12.2020).

Экономика, қаржы және энергия       2020 жылдың алғашқы сегіз айында Түркияның Қазақстанға экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,6%-ға өсіп, 61,2 млн. долларды құрады. Алайда, 2020 жылдың тамызында Түркия Қазақстанға 6,04 млн. доллар химиялық өнімдер жеткізді. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың тамызынан 10,2% төмен болды. 2020 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында Түркияның әлемдік нарықтағы химиялық өнімдер экспорты 14% төмендеп 11,4 млрд. долларды құрады. Химиялық өнімдер экспорты елдің жалпы экспортының 11,2% құрайды (Kazinform.kz, 20.12.2020).

Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак Сауд Арабиясына сапары кезінде Эр-Риядта саудиялық әріптесі, ханзада Абдулазиз бин Салманмен кездесіп, ОПЕК+ көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады. Екіжақты кездесуден кейін Новак, Ресейдің де, Сауд Арабиясының да ОПЕК+ келісіміне адалдығын растады және Ресейдің Сауд Арабиясымен ынтымақтастығы мұнай нарығын жақсартады деп мәлімдеді. Кездесу барысында Ұйымның шикі мұнай өндірісі 2021 жылдың қаңтарында тәулігіне 2 млн баррельге біртіндеп арттырылатыны айтылды (ТАСС, 20.12.2020).

2020 жылдың алғашқы тоғыз айында Өзбекстанның сыртқы қарызының көлемі өсті. Өзбекстанның Орталық банкі жариялаған соңғы есеп бойынша бұл сома 1 қазаннан бастап 4,8 млрд. долларға (19,7%) өсіп, 29,3 млрд. долларға жетті. Мемлекеттік және жеке сектор қарыздары сәйкесінше 2,9 млрд. доллар және 1,9 млрд. долларға өсті. Банктер мен тоқыма кәсіпорындарының ірі несиелік сатып алулары жеке сектордың қарыздарының өсуіне себеп болды. Жеке сектордың несиелік сатып алулары 3 млрд. долларды құрады (Kabar, 18.12.2020).

Қырғыз ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, мигранттардың ақша аударымы 2020 жылдың қазан айында 226,2 млн. долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 40 млн. долларға және 2019 жылдың қазан айымен салыстырғанда 5,8 млн. долларға көп болды. 2020 жылдың алғашқы он айында ақша аударымдары шамамен 2 млрд. долларға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,6 млн. долларға төмен болды. 2019 жылы мигранттардың аударымдары 2,4 млрд. доллардан асқан кезде, Ресейдің ақша аударымдарының жалпы көлеміндегі үлесі 98% құрады (24.kg, 17.12.2020). Сыртқы сауда балансының профициті Әзірбайжанның стратегиялық валюта резервтерінің өсуіне оң әсер етті. Әзірбайжанның Орталық банкінің (ӘОБ) мәлімдемесіне сәйкес, резервтер 2020 жылдың басынан бастап 3% өсіп, 50 млрд долларға жетті. Бұл көрсеткіш елдің жылдық жалпы ішкі өнімінен көп. ӘОБ төрағасы Элман Рустамов өз мәлімдемесінде әлемдік қаржы нарығында болып жатқан белгісіздіктерге қарамастан, елдің қаржы секторы биыл жақсы көрсеткіштермен жабылатынын мәлімдеді (Azernews.az, 18.12.2020).

Түркия Палаталар және Биржалар Одағы (TПБО) және Молдова Сауда-Өнеркәсіп Палатасы (МСӨП), «Түркия-Молдова Сауда-өнеркәсіп палатасы форумын» құруға байланысты өзара түсіністік туралы меморандумына қол қойды. Аталған өзара түсіністік туралы меморандумы МСӨП ұйымдастырған «Expo Business Moldova 2020» аясында қол қойылды. Жаңа Саудаөнеркәсіп палатасы қолданыстағы еркін сауда келісімдерін пайдалана отырып, Молдова мен Түркия арасындағы сауда мен инвестиция көлемін арттырады деп күтілуде (Tobb.org, 12.15.2020).

Дайындағандар:

Сауле Ахметкалиева, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Қазақстанның Оңтүстік Корея Республикасындағы Елшілігі мен Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасы Абайдың «Алтын шаңырақта шырқалған ән» өлеңдер жинағының корей тіліндегі интернет-презентациясын жасады. Қазақтың дана ақыны мен философының өлеңдерін Ханкук Шетелдік Университетінің студенттері қазақ тілінде оқыды (Inform.kz, 15.12.2020).

Ресей үкіметі Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) «Фергана алқабындағы COVID-19-тен кейінгі өмір сүруді жақсарту, жұмыспен қамту және аймақтық ынтымақтастық арқылы экономиканы қалпына келтіруді жеделдету» атты жаңа жобасына 2 млн доллар бөлді. Жоба Тәжікстанмен шекаралас Ферғана алқабының ауылдық жерлерінде өмір сүруді жақсартуға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Жобаға қол қою рәсімі 2020 жылы 17 желтоқсанда Тәжікстанның Экономикалық даму және сауда министрлігінде өтті (Tj.undp.org, 17.12.2020).

БҰҰДБ Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан үшін климаттық дипломатия және қауіпсіздік жобасын іске қосты. Бішкекте таныстырылған жоба академиялық орта мен азаматтық сектордың аймақтық климаттық саясатты құру үдерісіндегі көзқарасы мен үлесін көтермелеуге үлес қосуға бағытталған. БҰҰДБ Орталық Азияның үш еліндегі жастар ұйымдарымен жастардың климатқа қарсы іс-қимыл жөніндегі келіссөздер бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік беру үшін белсенді жұмыс істейтіндігін мәлімдеді (Timesca.com, 18.12.2020).

Қазақстан, Қырғызстан және Түркия ұсынған танымал дәстүрлі түрік үстел ойыны Мангала, Тоғызқұмалақ және Тогуз Коргоол Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет ұйымының (БҰҰБҒМҰ) адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне қосылды. Шешім Интернетте өткізілген он бесінші Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитет кезінде қабылданды. Түркия Сыртқы істер министрлігі БҰҰБҒМҰ-ға дәстүрлі түрік стратегиялық үстел ойынын тізімге қосқаны үшін алғыс айтты (I Trtworld.co, 19.12.2020).

Моңғолияның Мәдениет министрі Сампилдондов Чулун, Моңғолиядағы Түркия елшісі Ахмет Язалыны қабылдады. Білге Тоныкөк кешеніндегі мұражай жобасы, сондай-ақ екі елдің музейлері, кітапханалары мен театрлары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы пікір алмасты. Тараптар сонымен бірге мәдениет және өнер саласындағы сарапшыларды даярлау бойынша ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады (Montsame.mn, 15.12.2020). Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігімен серіктесе отырып Кембридж Университетінің баспасы алғаш рет он тоғызыншы ғасырдағы ең көрнекті қазақ ғалымдарының бірі Шоқан Уәлихановтың таңдамалы шығармалар жинағын ағылшын тілінде басып шығарды. Патшалық Географиялық Қоғамда жартылай онлайн форматта өткен іс-шараға Кембридж университетінің Кембридж білім беру серіктестігінің басқарушы директоры Джейн Манн және Қазақстан елшісі Ерлан Ыдырысов қатысты (Inform.kz, 17.12.2020).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.