Қазақстан мен Үндістан қатынастарындағы негізгі ерекшеліктер

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҮНДІСТАН ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР Қазақстан мен Үндістан арасында 2009 жылғы қол қойылған Стратегиялық серіктестік туралы келісім, екккі елдің қарым-қатынасының соңғы 10 жылда айтарлықтай динамизмге қол жеткізуіне және жан-жақты диалог құруға мүмкіндік берді. 2015 жылы Үндістан Премьерминистрі Нарендра Модидің Қазақстанға сапары ағымдағы қатынастарды нығайтуға одан әрі серпін берсе, 2021 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндістанға жоспарланған сапарының толық серіктестік үшін жаңа көкжиектер ашуы күтілуде. Бұл тұрғыда Үндістан мен Қазақстан арасындағы өзара әрекеттесудің қазіргі жағдайына сүйене отырып, экономика, қорғаныс, мәдениет және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты екі ел ынтымақтастығының негізгі бағыттары ретінде қарастыруға болады.
1990 жылдары Қазақстан Үндістанның сыртқы саясатының күн тәртібінде елеусіз қалған болатын. Алайда, 2000 жылдардың басынан бастап Дели Орталық Азия аймағындағы сыртқы саяси стратегиясына шолу жасап, бүгінгі таңда Орталық Азия елдерімен, әсіресе, аймақтағы ең ірі сауда серіктесі болып табылатын Қазақстанмен ынтымақтастыққа басымдық беруде.
Үндістанның Қазақстанмен қарымқатынасы - Үндістанның «Connect Central Asia»
(2012)
саясаты шеңберінде жүргізіліп, аймақтағы саяси, қауіпсіздік, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуда. Үндістан Орталық Азия аймағын «кеңейтілген көршілік»
анықтамасы шеңберінде қабылдауда.
Өзінің көпвекторлы сыртқы саясатында прагматикалық және идеологиялық негіздерден тыс қарым-қатынастарды дамытуды мақсат еткен Қазақстан Үндістанмен ұзақ мерзімді және көп қырлы қатынастар орнатуды көздейді. Аймақтық деңгейде екі ел де Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі сияқты аймақтық платформаларға қатысып, 2019 жылдан бері Үндістан-Орталық Азия диалогының сессияларында бас қосуда. Корпоративті салада екіжақты қатынастарды дамыту мақсатында екі ел сауда-экономикалық, ғылымитехнологиялық, өндірістік және мәдени ынтымақтастық саласындағы институционалдық тетіктерді қолға алатын Үндістан-Қазақстан Үкіметаралық комиссиясы және тиісті салаларда құрылған Бірлескен жұмыс топтары арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар, Үнді Сауда-өнеркәсіптік палаталарының федерациясы және Қазақстан Халықаралық сауда палатасы, бизнес арасындағы сауда мен инвестицияларды ілгерілететін Бірлескен іскерлік кеңес құрды.
Қазақстан 2020 жылдың алғашқы 9 айында 2,2 миллиард долларды құрайтын жалпы сауда көлемімен Орталық Азиядағы Үндістанның маңызды сауда серіктесі болып қала беруде және бұл көрсетккіш 2015 жылмен салыстырғанда екі еседен астам өсті. Бұдан сырт, медициналық өнімдер, шай, телефон және басқа да электронды құрылғылар Үндістан экспортының басым бөлігін құраса, Қазақстан экспортының 80%-ын мұнай майлары мен минералдар құрайды.
Қазақстанда үнділік капиталдың қатысуымен 560-тан астам ұйым жұмыс істесе, олардың 200-ге жуығы соңғы бірнеше жылда тіркелген.
2015 жылы, әсіресе, қорғаныс және әскеритехникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін, екі ел арасындағы одан әрі кеңейген ынтымақтастықтың басым бағыттары арасында дәстүрлі түрде қорғаныс қатынастары орын алды.
Мысалы, 2016 жылдан бері Үндістан мен Қазақстан армиялары арасында өткізіліп келе жатқан «KAZIND» жыл сайынғы әскери жаттығуы екі ел армиялары арасындағы ағымдағы әскери байланысты тереңдету үшін маңызды құрал болып саналады. Терроризмге қарсы операциялар үшін орманды және таулы жерлерде бірлескен әскери дайындық пен тактикалық жаттығулар жүргізілуде. Екі апталық жаттығу кезінде әскери қызметшілер, бірлескен жаттығулар, алмасу жаттығулары мен процедуралары арқылы өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге және екі елдің әскери бөлімшелерінің дағдыларын нығайтуға тырысады.
Сонымен қатар, Қазақстан бітімгершілік күштері 2018 жылы Үндістан батальонының құрамында Ливандағы Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) уақытша күштерінің миссиясына қатысқан кезде, екі елді шетелдік әскери ынтымақтастық шеңберінде жақындастырды. Қазақстанның бітімгершілік бөлімшесінің жаттығуы Делидегі БҰҰ Бітімгершілік даярлық орталығында жүргізілді. 2020 жылдың қазан айында екі ел арасындағы әскери қатынасты тереңдету мақсатында екі күндік онлайн Үндістан-Қазақстан Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде әскери және авиациялық техниканы бірлесіп жасау мен өндіру мүмкіндіктері, «Үндістан-Қазақстан қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы» ісшаралар жоспары бағаланды. Сонымен қатар, Қазақстан студенттері Үндістанның әскери мекемелерінде немесе үкіметаралық келісімдер негізінде студенттермен алмасу түрінде білім алу мүмкіндігіне ие. 2015 жылғы келісім шеңберінде Үндістанның Ұлттық кадет корпусы әскери институттар арасындағы академиялық және практикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстанның кейбір жоғары оқу орындарымен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды. Осылайша, соңғы жылдары екі елдің екіжақты қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы нығайған болса, Үндістандағы қорғаныс бағдарламасы аясында қазақстандық қарулы күштердің 246 офицері оқудан өтті. Университет студенттері туралы айтатын болсақ, Қазақстанның медициналық университеттері, әсіресе, Үндістандағы ең танымал «Медицина факультеті және хирургия бакалавры»
(MBBS)
медициналық бағдарламасы тұрғысынан үнді студенттеріне танымал. 5300-ден астам үнділік студенттердің барлығы дерлік қазақстандық жоғары оқу орындарында медицина саласында оқиды. Қазақстан университеттерінде шетелдік студенттер үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған және үнді студенттері үшін арнайы бөлім де бар. Қазақстан студенттері Үндістанның университеттерінде толық стипендия ұсынатын Үндістанның Мәдени байланыстар кеңесі (ICCR) бағдарламасы арқылы Үндістанда 15 түрлі бағытта білім алу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, Үндістанның Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Үндістанның Техникалықэкономикалық ынтымақтастығы (ITEC) бағдарламасы бүгінгі күнге дейін Қазақстанның мыңнан астам мамандар мен жас мансапкерлерге Үндістандағы әлеуетті арттыру бойынша қысқа мерзімді курстарға қатысуға мүмкіндік береді.
Екінші жағынан, Болливуд кинолары, үнді әндері мен билерінің және өмір салтының арқасында Қазақстан халқы үнді мәдениетін жақыннан тану мүмкіндігіне ие болғанын атап өткен жөн. Бұрын Үнді мәдени орталығы деп аталған, 1994 жылдан бастап Swami Vivekananda мәдени орталығы (SVCC) Нұр-Сұлтанда үнді дәстүрлері мен мәдениетін насихаттау мақсатында жұмыс істеуде. Танымал хореограф және Үндістанда кең таралған классикалық би түрі Бхаратанатям орындаушысы Ақмарал Қайназарова Алматыдағы Үнді классикалық би және йога орталығында үнді классикалық билерінен басқа дәрістер мен семинарлар ұйымдастырып, үнді рухани әлемі мен философиясын насихаттауға өз үлесін қосуда. Бұлардан басқа ақпараттық технологиялар, банк, фармацевтика, текстиль және энергетика салалары екіжақты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары ретінде айтуға болады.
Қорта келгенде, екі ел арасындағы қатынастардың қазіргі жағдайына баға беретін болсақ, көптеген салаларда жағымды өзгерістердің болғанын, бірақ инвестицияның жеткіліксіздігі мен іскерлік әлемге деген қызығушылықтың төмендігі осы перспективалы бағыттардың даму үдерісін баяулатқанын көрудеміз. Үндістан мен Қазақстан қарым-қатынасы әлі де болса қажетті деңгейге жетпегенімен, Үндістанның жаһандық маңыздылығы мен Қазақстанның геосаяси салмағының артуы тараптардың екіжақты қатынастарын нығайтатын жаңа тетіктерді дамытатынын айта аламыз. Екі елдің көзқарасы бойынша, әсіресе, дамып келе жатқан кибер, информатика, банк қызметі және басқа да қызмет көрсету салалары, сондай-ақ қорғаныс, сауда және білім беру сияқты салалардың даму әлеуеті зор.
Жазушы: Альбина Муратбекова, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Республикасының Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлескен кезде Қазақстан Түрікменстанмен жан-жақты серіктестікті дамытуға дайын екенін мәлімдеді. Президент Құрбанқұлы Бердімұхамедов Қазақстан Түркіменстанның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі болып қала беретіндігін білдірді. Президенттер екіжақты сауда көлемін ұлғайту және әр түрлі салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты қадамдар жасау мәселелерін ерекше атап өтті. Түрікменстан Президенті Бердімұхамедов ел президенті Қасым Жомарт Тоқаевты екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Түркіменстанға ресми сапар жасауға шақырды (Kazinform, 28.04.2021). Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбае түркиялық әріптесі Мевлют Чавушоглумен телефон арқылы сөйлесті. Министр Чавушоглу Қырғызстан халқына көңіл айтып, Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы жағдайды тұрақтандыру үшін қол жеткізілген келісімдерге қолдау білдірді. Ол сонымен бірге Түркия қақтығыстан зардап шеккен Қырғызстан жерлерін әлеуметтікэкономикалық және инфрақұрылымдық қалпына келтіруге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Чавушоглу зардап шеккендерге Түркияның медициналық және гуманитарлық көмек беретінін жеткізді (Kabar, 01.05.2021).
Молдова Президенті Майя Санду парламентті тарату туралы жарлыққа қол қою арқылы 2021 жылы 11 шілдеде мерзімінен бұрын өтетін парламенттік сайлау науқанын бастады. Санду көптеген депутаттардың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген себеппен осындай шешімді қабылдағанын мәлімдеді. Сондықтан сауатты үкімет құрып, елді қалпына келтіру үшін жаңа парламент сайлануы керектігін тілге тиек етті. Парламентті тарату Молдова Конституциялық сотының коронавирус эпидемиясын сылтауратып, депутаттар енгізген төтенше жағдайды алып тастауының арқасында іске асты. (Moldpres.md, 29.04.2021).
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті. Басшылар сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық серіктестіктерді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылай отырып, екі ел арасындағы достық пен стратегиялық ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне баса назар аударды. Тараптар тығыз қарым-қатынасты дамыту және Қытайдың кедейлікті жоюжағы маңызды тәжірибесін зерттеу туралы келісімге келді (Centralasia.news, 01.05.2021). Түрікменстан Республикасының Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедов Ашхабадта Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Мемлекет басшылары сауда, экономика, ғылым және мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Президент Мирзиёев Өзбекстанның халықаралық көлік дәлізін құру туралы Ашхабад келісімін қолдайтынын және Қытай-Орталық Азия-Оңтүстік Кавказ-Түркия бағытының тасымал қабілетін арттыруға дайын екенін мәлімдеді (Centralasia.news, 30.04.2021).
Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі және Шығыс серіктестігі екіжақты қатынастар бөлімі Баку қаласында Еуропа Одағы (ЕО) мен Әзірбайжан арасындағы Әділет, бостандық, қауіпсіздік, адам құқығы және демократия бойынша кіші комитетттің тоғызыншы отырысын өткізді. Тараптар Әзірбайжанда азаматтық, экономикалық, саяси және әлеуметтік құқықтарды қорғау және адам құқықтарын қорғаудың ұлттық негіздерін жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, араптар әділеттілік, еркіндік, көші-қон және аймақтық қауіпсіздік саласындағы өзара мүдделерді қамтитын мәселелер бойынша пікір алмасты (Azernews.az, 28.04.2021).
Экономика, қаржы және энергия Қазақстан үкіметі 2021 жылы 1 шілдеден бастап ұлттық жоба ретінде қайта даярланатын «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмыспен қамтуды арттыруды көздеуде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов 2021 жылы 1,2 миллион қазақстандық азамат жұмыспен қамту шараларымен қолдау табатынын мәлімдеді. Бағдарлама еңбек нарығында цифрландыруға, 2025 жылға қарай нақты кірісті 27%-ға арттыруға, орташа жалақыны 707 долларға дейін молайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді (Qazaq TV, 27.04.2021).
Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында сөз сөйлеген Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) экономикасындағы жағымды өзгерістермен бөлісті. 2021 жылдың басында өндіріс өсімі Ресейде 1%-ға, Беларуссияда 9%-ға сәйкес келіп, Қазақстанда 7,5%-ға жетті. ЕЭО елдерінің өзара саудасы да 6,8%-ға өсті. ЕЭО үкіметтері экономиканы қалпына келтіру мен өсуді қамтамасыз ету үшін іскерлік әріптестік әлемімен селбесетін болады (BelTA, 30.04.2021).
Әзербайжан Энергетика министрлігі Индонезия Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен энергетикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мемлекеттер мұнай, газ және жаңартылатын энергия салаларында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, тараптар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастық жасау арқылы өзара инвестицияларды ынталандырады. Әзірбайжан 2007 жылдан бері Индонезияның маңызды мұнай жеткізушісі болып табылады. Осы уақыт ішінде Әзербайжан Индонезияға 25 миллион тоннадан астам шикі мұнай экспорттады (AzerNews, 02.05.2021). Өзбекстан мен Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) арасындағы екіжақты ынтымақтастық тереңдей түсуде. Жақында тараптар 2050 жылға қарай Өзбекстанның энергетикалық секторында көміртегі бейтараптылығын қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. ЕҚҚДБ Өзбекстанның стратегиясын қаржыландыруға, әзірлеуге және жүзеге асыруға көмектеседі. ЕҚҚДБ 92 жобаға 2 миллиард еуродан астам қаржы салды, оның ішінде Өзбекстандағы энергетика саласында 1 миллиард доллар тұратын 7 жоба бар (UzReport, 28.04.2021)
Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары әрі Экономика және қаржы министрі Улукбек Кармышаков Ресейге жұмыс сапары барысында Ресей қаржы министрінің орынбасары Тимур Максимовпен кездесті. Басшылар екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі туралы әңгімелесті. Тараптар, әсіресе, Ресей-қырғыз даму қорының толық көлемдегі несиелік-инвестициялық қызметін қалпына келтіруге баса назар аударды. Қорды жаңғырту кәсіпкерліктің қаржылық қолдауын арттыруға және жұмыспен қамтудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға бағытталған (Kabar, 28.04.2021).
Түрікменстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Түркменгаз» және «Түркменнебит» (Түркмен мұнайы) мемлекеттік компанияларының ұйымдастыруымен және «Түрікмен форумының» қолдауымен 2021 жылы 12-13 мамырда Ашхабадта «Түрікменстанның мұнайы мен газы - 2021 (OGT 2021)» атты халықаралық инвестициялық форум өтеді деп күтілуде. Түркіменстанда көптеген маңызды газ жобаларына қатысқан Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясы осы іс-шараға демеушілік етпекші. Аталмыш компания 35 жыл ішінде Бақтыярлық келісімшартты аймағында табиғи газды зерттеу, дамыту және өндіруді толық көлемде жүзеге асырады. 2021 жылы Түркіменстан Қытайға газ жеткізілімін 65 миллиард текше метрге арттыруды жоспарлап отыр (Trend, 26.04.2021).
Дайындағандар:
Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет Ресей президенті Владимир Путин Үндістан президенті Нарендра Модимен кездескеннен кейін, Үндістанға коронавирус эпидемиясына байланысты туындаған дағдарысқа гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырды. Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі Үндістанға оттегі өндірісіне арналған 20 жабдық, 75 өкпені жасанды тыныс алдыру қондырғысы, 150 медициналық бақылағыш және 200,000 дәрі-дәрмек пакетін қамтыған жалпы 22 тоннадан астам жүк жіберді.
Өзбекстан Самарқанд қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылды. Ашылу салтанатына Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Дархан Сатыбалды, Самарқанд облысының әкімі Еркинжон Турдимов, сондай-ақ, Самарқандтың қоғам және бизнес әлемінің өкілдері қатысты. Жаңа Бас консулдықтың мандаты көптеген іскерлік және экономикалық мәселелермен қатар, консулдық және құқықтық мәселелерді қамтитын болады (Gov.kz, 29.04.2021).
Ташкентте Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) мүше елдердің Жастар кеңесінің онлайн-отырысы өтті. Жастармен жұмыс және жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған кездесуге Кеңес мүшелері мен ТМД-ға мүше елдердегі ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар «Халықаралық жастар ынтымақтастығы стратегиясы» бойынша ТМД-ға мүше елдердің орта мерзімді іс-қимыл жоспарларын іске асыру барысын талқылады. Отырыста ТМДның жоғары органдарына ұсынылатын «ТМД елдерінің жастар астанасы» атты халықаралық жоба мақұлданды (Cis.minsk.by, 30.04.2021).
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Түркіменстандағы өкілдігі Түркіменстандағы Қоғамдық денсаулық сақтау және тамақтану орталығының вирусологиялық зертханасына шамамен 10,000 ПТР анализін жеткізді. Тапсыру рәсіміне Еуропалық Одақтың Түркіменстандағы өкілі Диего Руиз Алонсо, ДДСҰ өкілінің орынбасары Тасним Ататра және орталық директоры Азат Овезов қатысты. Көмек Орталық Азия елдері үшін COVID-19 дағдарысы бойынша ДДСҰ-ЕО бірлескен жобасы аясында көрсетілді (Hronikatm.com, 28.04.2021).
«Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Томирис» фильмі канадалық және американдық көрермендерге арналған Amazon Prime халықаралық бейне платформасының медиатекасында жарық көрді. 10-нан астам тілге аударылып, дыбысталған фильм халықаралық деңгейде Франция, Италия, Жапония, Румыния, Ресей, Сингапур, Оңтүстік Корея, Испания және Түркияда көрсетіледі. 2020 жылдың қарашасында «Томирис» Дүниежүзілік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Телец» сыйлығын жеңіп алған болатын (Kazinform, 26.04.2021).
Халықаралық Түркі академиясы көрнекті түркітанушы және түрік лингвисі Әдхәм Тенишевтің 100 жылдығына орай «Әдхәм Тенишев - түркі тіл білімінің атасы» атты халықаралық конференция ұйымдастырды. Іс-шараға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, университет ректорлары, туркология кафедраларының меңгерушілері және Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Түркиядан танымал түркітанушылар қатысты. Конференцияда Эдхәм Тенишевтің әріптестері мен студенттері оның жұмыстары мен жазып қалдырған еңбектері туралы әңгімеледі (Twesco, 26.04.2021).




