f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Интеллектуалды даму мен кедейліктің байланысы
ebulletin

Интеллектуалды даму мен кедейліктің байланысы

Авторлар: Гүлнар Надирова
2022 ж. 4 сәуір
Интеллектуалды даму мен кедейліктің байланысы

зерттеулер кедейшілікте өмір сүру түрмеге түсу, баспанасыз қалу, жалғыз басты атаана болу, орта мектепті тастап кету және тіпті жастай мерт болу ықтималдығын айтарлықтай арттыратынын көрсетеді. Сонымен қатар, кейбір зерттеулер кедейлік пен одан туындайтын күйзелістің мидың дамуына, атап айтқанда мәселелерге қалай талдау жасайтынымыз мен шешетінімізге, мақсаттарға қалай талпынын, қаншалықты алға ұмтылатынымызға әсер ететінін дәлелдейді. Қысқаша айтқанда, ғылым кедейлік пен күйзеліс адамдарға қиындықтардан шығу үшін ең қажет дағдылар мен мінез-құлыққа нұқсан келтіретінін дәлелдеді.

Соңғы онжылдықта бірқатар зерттеулер кедейлікте өмір сүретін балалар мен ересектердің миы мен ми белсенділігінің айырмашылығын көрсетті.

Зерттеу нәтижелері отбасындағы табыс пен білім айырмашылығы дамып келе жатқан балалар мен жасөспірімдердің ми көлеміне тікелей әсер ететінін дәлелдеді, ал бай және білімді отбасылардың балаларына қарағанда кедей және білім деңгейі төмен ата-аналардың балаларының ми қыртысы кішірек болады.

Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық жағдайы жоғары отбасылардың балалары бірқатар зейіндік шараларды, соның ішінде IQ ұпайларын, оқу және тіл дағдыларын, сондай-ақ, тапсырмаға назар аудару қабілетін тексеруді жақсы орындайтыны белгілі. Көптеген балаларды зерттеу әлеуметтікэкономикалық жағдайы жоғары отбасылардан шыққан балаларда мидың есте сақтау және/немесе тілге қатысты негізгі аймақтары үлкенірек немесе дамыған немесе екеуі де болатынын көрсетті. Басқа зерттеу жобаларында кедейліктің неврологиясы деп аталатын дамып келе жатқан саланың ғалымдары кедей балалардың сұр заты - ақпаратты өңдеу мен атқарушы мінез-құлықты қолдайтын ми тінінің аз екенін анықтады. Мидың белгілі бір аймақтары академиялық жетістікке әкелетін барлық қабілеттер үшін маңызды, мысалы, бағыттарды ұстану, назар аудару және жалпы білім алу. Бірнеше жыл бұрын Гейтс қоры дұрыс өсіпжетілмеу және дұрыс тамақтанбау сияқты қолайсыз ортада тұратын кішкентай балалардың миының дамуын зерттеуге ерекше қызығушылық танытты. 2000 жылы Бостондық педиатрлық невролог Чарльз Нельсон балалар үйіндегі жұпыны ортада тәрбиеленетін балалардың миын дамыту жөніндегі зерттеулерді бастады. Азық-түлік пен баспанаға қарамастан, балаларды ынталандыру, әлеуметтік байланыс немесе эмоционалды қолдау аз болғандықтан, ондағы балалардың көбі зейіндік жақтан ұзақ мерзімді мәселелерге тап болған. Нельсонның жұмысы жетім балалардың миында немқұрайлылықтың ізі бар екенін көрсетті. Магнитті резонансты бейнелеу олардың биологиялық ата-анасы тәрбиелеген балаларға қарағанда сегіз жасқа келгенде зейін мен тілге байланысты сұр және ақ заттардың аймақтары кішірек болатынын көрсетті. Қорытындылай келе, ол қамқор ата-ананың болуы және кітапқа, саяхатқа, бірге серуендеуге, тіпті үйде музыкалық аспаптарға деген қызығушылықтың артуы баланың ми құрылымына кедейліктің әсерін азайтатынын анықтады.

Кедейшілікте өсу баланың миының дамуына әсер етіп, салдарынан орта мектеп пен колледжге жете алмай қалады. Оның себебі – зорлық-зомбылық, тұрмыстық тәртіпсіздік, ластану, дұрыс тамақтанбау, қатыгездік, жұмыссыз ата-ана сияқты кедейлік әкелетін жағдайлар жас баланың миындағы байланыстардың өзара әрекеттесуіне, қалыптасуына және төмендеуіне әсер етіп, жүйке байланыстарының біртіндеп әлсіреуіне әкеледі. Сөйтіп мидың пайымдау және этикалық өңдеумен байланысты бөліктеріндегі байланыс төмендейді. 15 жастан 30 жасқа дейінгі аралықта ми пластикасы күшейеді. Осы аралықта жасөспірімдер мен жастар білім мен тәжірибе арқылы бейімделуге дайын болады, яғни сапалы даму үшін жағдай туындайды. Бірақ мұндай жағдай орын алу үшін үкімет қылмысты, заңға қайшы істі, өте тығыз қоныстануды және зорлықзомбылықты азайту бағдарламаларына инвестиция салу арқылы кедейлерге бағытталған әлеуметтік бағдарламалар мен саясаттарды қайта қарастыруы керек. Жаңа бағдарламалар тек балаларға ғана емес, сонымен бірге өздері кедейшілікте өскен, соның салдарынан қиындықтарды жеңе алмайтын және балаларын да қиындықтан шығару ықтималдығы төмен аналарға да бағытталған болуы керек. Ең болмағанда, ата-аналарға баланың өмірінің алғашқы бес жылында көмектесуге баса назар аудару өте маңызды. Нашар мектептер мен қоғамдық инфрақұрылым, қорғалмаған аумақтар, бақылаусыз балаларды қорлау, сондай-ақ, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік және жасыл аумақтардың жетіспеушілігі сынды кедейшілікті күшейте түсетін өзге де факторлар мемлекеттік саясат пен басқарудың сәттілігіне байланысты болады.

Колумбия университетінің нейробиологы Кимберли Нобл және «Баланың алғашқы жылдары» бағдарламасының зерттеу тобы табысы төмен отбасыларға арнайы балалар жәрдемақысын берудің әсерін зерттеді. Кедейлікті азайту шараларының нәресте миының белсенділігіне әсері ерте балалық шақтағы кедейлікті азайтуға арналған бірінші рандомизацияланған бақыланатын сынақ болып табылады. Бірнеше басқа жобалармен қатар ғалымдар аз қамтылған отбасыларға қаржылай қолдау көрсету сәбилердегі кедейлік мидың дамуына зиянды әсерінен қорғай алады деген қорытындыға келді. Ағымдағы клиникалық сынақтың алдын ала нәтижелері отбасының жылдық табысын қосымша 4000 долларға арттырса, балалардың миының белсенділігі артып, ойлау мен оқуды дамытуды жақсаратынын көрсетеді.

Бұл жобалардың барлығы ғылыми дәлелдер келтіре отырып, кедейшілікпен күресу үшін мақсатты мемлекеттік саясат қажет деген жүйелі қорытындыға әкеледі. Отбасының табысын арттырып, кедейліктен құтылдыру балаларды когнитивті даму нормаларына әлдеқайда жақындату үшін жеткілікті болуы мүмкін. Аз қамтылған отбасыларды алғашқы жылдары мақсатты қаржыландыру туралы ғалымдардың ұсынысы, оның ішінде болжамды ай сайынғы шартсыз ақшалай жәрдемақы, балаға салықтық несие және мұқтаж отбасыларға арналған түрлі уақытша жәрдемақылар өсіп келе жатқан баланың миының дамуына оң ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар, әр қоғамда кедейшілікте өмір сүре тұра, психикалық жағынан ақаусыз балалар бар деген негізді пікір бар. Себебі, ата-анасы мүмкіндігінше оларды қорғауға тырысып, қиындықтарды жеңуге жігерлендіреді. Адамның миы, әсіресе балалардың миы пластик сияқты.

Осылайша кедейліктің оған тигізетін әсері жойылып, ми ұзақ мерзімді перспективада зақымдалудан сақтана алады дегенді білдіреді.

Қорытып айтқанда, жер шарындағы әрбір бесінші бала өте кедейлікте өмір сүретіні, тіпті әлемнің ең бай елдерінде 30 миллионнан астам бала кедейлік шегінен төмен өмір сүретіні анықталды. Сондықтан барлық балаларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету кедейлікті тежеу үшін маңызды. Қалай болғанда да, әр елдің бюджеттері мен саясаттарында балаларға көбірек басымдық берілуі қажет. Қоғам өзінің жақсы және гүлденген болашағын қамтамасыз ету үшін әрбір кішкентай баланың алдындағы міндеттерін орындауы керек. Өркендеу мен алға ілгерілеуді қаласақ, ең алдымен балалар мен отбасынан басталуы керек екені анық.

Жазушы: Гүлнар Надирова, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және  Жақында Қазақстан премьер-министрі қауіпсіздік       Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп Анкарада Косово президенті Вьоса Османи-Садриумен кездесті. Кездесуде тараптар негізінен Түркия мен Косово арасындағы саяси ынтымақтастық пен Балқандағы қауіпсіздік мәселелеріне тоқталды. Мұстафа Шентоп Түркияның 2016 жылғы төңкерістің артында тұрған Фетуллахшы террор ұйымына (FETO)

қарсы күресіне қолдау көрсетуге шақырды (Anadolu Ajansı, 01.03.2022). Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Пәкістанға ресми сапары аясында Пәкістан президенті Ариф Альвимен кездесті. Мемлекет басшылары екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың дамуына өзара қанағаттанатындықтарын білдіріп, ғылым мен білім, жастар саясаты және ақпараттық технологиялар салаларындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға келісті. Сондай-ақ көшбасшылар аймақтық және халықаралық саясатқа қатысты кейбір мәселелерді, әсіресе Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселесін талқылады (Centralasia.news, 05.03.2022).

Еуропалық Одақ (ЕО) Украинаның ЕО-ға мүшелікке өтінішін жылдам қабылдап, тіркеді. Еуропалық кеңес төрағасы Чарльз Мишель Украинаның ЕО-ға кіру ықтималдығы бірге талқыланатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Мишель Украинаның ЕО-ға мүше болуы екіжақты экономикалық және саяси байланыстарды нығайта түсетінін атап көрсетті (Avesta.tj, 02.03.2022).

Түркіменстанда мерзімінен бұрынғы президенттік сайлауда дауыс беру басталды. Мерзімінен бұрын дауыс беру жәшіктерде өтеді және сайлау күніне он күн қалғанда басталады. Дауыс беруге барлығы 2618 жәшік қойылды. Түркіменстанның шетелдегі дипломатиялық мекемелерінде дауыс беру үшін 41 жәшік қойылды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Бақылаушылар миссиясының мүшелері Ашхабадтағы түрлі сайлау учаскелерін аралады. Түркіменстан президенттігіне министрлер кеңесі төрағасының орынбасары Сердар Бердімұхамедовты қосқанда, тоғыз кандидат үміткер болуда (Orient, 03.03.2022). 25 ақпанда Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Ресейге қарсы Батыстың экономикалық және қаржылық санкцияларына қатысу жоспарлары жоқ екенін мәлімдеді. Ресейдің Федералдық ветеринариялық және фитосанитарлық бақылау қызметі Грузияға қысымды жеңілдетуге ниетті екенін мәлімдеді. Украина Грузия мен Ресей арасындағы сауда қарым-қатынасының күшеюін қолайсыз деп санайды. Киев Тбилисиді Ресейдің қолданыстағы сауда санкцияларының бір бөлігін алып тастау туралы шешімінен аулақ болуға шақырады (Ukrinform, 06.03.2022).

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Мәскеуге барып, ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті. Сапар екі ел арасындағы дипломатиялық қарымқатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай жасалды. Министрлер одақтастық қатынастар мен стратегиялық әріптестік деңгейін жоғары бағалады. Қазақбаев екі ел арасындағы 2021 жылы 2,2 миллиард долларға жеткен және 46,5 пайызға өскен екіжақты тауар айналымының өсуіне риза екенін білдірді (Kabar, 06.03.2022).      Әлихан Смайылов үкімет пен Қазақстан Ұлттық банкінің негізгі міндеті елдегі инфляцияны бақылау және валюта нарығындағы тұрақтылықты сақтау болып табылатынын, сондай-ақ осы бағытта дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары іс жүзінде жүзеге асырылғанын мәлімдеді. Билік теңгелік депозиттерді қолдау бағдарламасын қолға алды. Мемлекет субсидиялар мен кепілдендірілген несиелерді көбейтеді, бизнеске шамадан тыс әкімшілік жүктемені алып тастайды, импортты алмастыру шараларын қолдайды (Qazaq TV, 01.03.2022).

Өзбекстанның мемлекеттік қарызы төмендеу үрдісін көрсетеді. Атап айтқанда, мемлекеттік қарыздың жалпы ішкі өнімге қатынасы 2021 жылдың басындағы 39 пайыздан 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 38 пайызға дейін төмендеп, 26,3 миллиард долларды құрады. Оның 23,6 миллиард доллары сыртқы мемлекеттік қарыз, 2,7 миллиард доллары ішкі мемлекеттік қарыз. Халықаралық валюта қорының ел экономикасы туралы есебіне сәйкес, Өзбекстанның мемлекеттік қарызын қалыпты деңгейге жатқызуға болады (Kun.uz, 28.02.2022).

Қырғызстанның Түркиядағы елшілігі «Санкон» түрік өнеркәсіпшілері, іскер әйелдері және кәсіпкерлері конфедерациясымен бірлесіп офлайн форматта «Қырғызстан-Түркия» атты бизнес-форум ұйымдастырды. Форумға Түркиядан 60-тан астам кәсіпкер мен Қырғызстаннан 10 кәсіпкер онлайн түрде қатысты. Қырғызстанның Түркиядағы Елшісі Кубанычбек Омуралиев қатысушыларды Қырғызстанның инвестициялық әлеуеті мен төмен салықтары, энергетикалық әлеуеті және Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелікке баса назар аудара отырып, елдегі бизнесті жүргізу шарттары туралы хабардар етті (Kabar, 28.02.2022). ProZerno компаниясының бас директоры Владимир Петриченко Украинадағы жағдайға байланысты жеткізілімдердің тоқтатылуына байланысты Ресей астық экспортын 42 миллион тоннадан 35 миллион тоннаға дейін қысқартуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ресей қазірдің өзінде 23 миллион тонна бидай экспорттаған. Петриченко ықтимал мүмкіндіктер мен дағдарыс сценарийі туралы айтты. Ол өнімді жеткізуді қалпына келтіретіні белгісіз екенін түсіндірді. Сондықтан Ресей 33 миллион тоннаның орнына 27 миллион тонна бидай экспорттайды (TASS, 04.03.2022). ЕО Украинаға қаржылай көмек көрсетеді. Жақында тараптар 1,2 миллиард еуро көлемінде макроқаржылық көмек көрсету мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Украина премьерминистрі Денис Шмихал түсіністік туралы меморандумға қол қою Украинаның экономикалық әлеуетін нығайтуға көмектесетін ЕО-ның күшті қолдауының тағы бір өлшемі деп түсіндірді. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Дүниежүзілік банк тобымен бірлесіп Украинаға жедел қаржылық және басқа да көмек көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдеді (Ukrinform, 03.03.2022).

Түркіменстанның энергетикалық секторының өндірістік көрсеткіштері тұрақты көрсеткіштерді көрсетеді. 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында ел табиғи газды экспорттау жоспарын 114,7 пайызға, өндіруді 105,9 пайызға орындады. Алайда президент Құрбанқұл Бердімұхамедов бірқатар позициялардағы өсу динамикасының жеткіліксіздігін атап өтіп, кешеннің қуаттарын жандандыруды тапсырды. Түркіменстанға Галкын газ кен орнының екінші кезеңін игеруге Қытайдан келген инвесторлар да кіреді (Orient, 05.03.2022).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Түркия Украинадан жалғасып жатқан соғыс салдарынан эвакуацияланған Қырым татарларының 98 баланы қамтыған 209 адамдық алғашқы тобын қабылдады. Босқындарды Дерекой шекара өткелінде солтүстік-батыстағы Кыркларели провинциясының жергілікті үкімет қызметкерлері мен Ұлттық медициналық құтқару тобы қарсы алды. Қонатын жері жоқ босқындар кейінірек Кыркларели әкімшілігі белгілеген қонақүйлерге орналастырылды (Anadolu Ajansı, 03.03.2022).

Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) Даму бағдарламасы мен Түркіменстан Аралды қорғауға арналған 4,6 миллион долларлық жаңа жобаға қол қойды. Жобаны Жаһандық экологиялық қор қаржыландырады және оны Даму бағдарламасы мен елдің Ауыл шаруашылық министрлігі жүзеге асырады. Жобаның мақсаты – Арал теңізі бассейнінің түрікмен бөлігіндегі негізгі экожүйелерді, жер және су қорларын сақтауды, сондай-ақ тиімді пайдалануды қамтамасыз ету (Centralasia.news, 04.03.2022). Қырғызстан Будапештте өткен «Travel Show Budapest 2022» халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысты. Қырғызстанға жиналған делегация құрамында Қырғызстанның Туризм министрлігінің өкілдері мен Travelife Partner сертификаты бар туроператорлар болды. Шара барысында делегация Еуропа мен басқа континенттердегі серіктестерге Қырғызстанның туристік әлеуетін көрсетті. Қырғызстан стендіне Қазақстан мен Грекия билігі, Мысыр туризм министрінің орынбасары және т.б. өкілдер қатысты (Kabar, 04.03.2022). ЕО-Орталық Азия: су, қоршаған орта және климаттың өзгеруі ынтымақтастығы қалалық мобильділікке жасыл инвестицияға арналған семинар ұйымдастырды. Екі күндік семинар барысында Орталық Азия, ЕО және халықаралық қаржы институттарынан 50-ден астам қатысушы аймақтағы қалалық көліктердің экологиялық тазалығын арттыру мүмкіндіктерін талқылады. Қатысушылар Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі Тұрақты қалалық ұтқырлық жоспарын жүзеге асырудың сәтті мысалдарын қарастырып, ұсыныстарын білдірді (Kabar, 02.03.2022). Тәжікстан Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Жамшид Журазода ЮНЕСКО-ның көші-қон, қоныс аудару, төтенше жағдайлар және білім департаментінің өкілі Хода Джаберлимен кездесті. Тараптар білім беруді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру және ауған босқындарының балаларын Тәжікстандағы білім алуға тарту мәселелерін талқылады. Тәжікстанның БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Тәжікстан Орталық Азиядағы ең көп ауған босқындарын (14,000) қабылдайды (ASIAPlus, 01.03.2022). Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қоры «3 ақын» атты жаңа жобаны қолға алды. Жоба Юнус Эмренің 700 жылдығына, Ашык Аласгардың 200 жылдығына және Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына байланысты жүзеге асырылды. Жоба аясында түрік әлемінің жетекші үш ақыны Юнус Эмре, Ашык Аласгар және Жамбыл Жабаевтың мерейтойларына арналған пошта маркалары шығарылды (Azertag.az, 03.04.2022).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.