f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Ковид-19 пандемиясы бойынша жаһандық ынтымақтастықты қайта қарау
ebulletin

Ковид-19 пандемиясы бойынша жаһандық ынтымақтастықты қайта қарау

Авторлар: Суат Бейлур
2021 ж. 12 наурыз
Ковид-19 пандемиясы бойынша жаһандық ынтымақтастықты қайта қарау

КОВИД-19 ПАНДЕМИЯСЫ БОЙЫНША ЖАҺАНДЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ҚАЙТА ҚАРАУ Ковид-19 пандемиясының шығу тегі мен шыққан күні туралы әлі де көптеген сұрақтарға ие бола отырып, бір жылдан астам уақыт бойы қауіп-қатерлерімен және барлық салалардағы жойқын әсерімен жаһандық дағдарысты жалғастыруда. Пандемияның басталуындағы дүрбелең мен қорқыныш вакцинаның ашылуымен салыстырмалы түрде азайған сияқты болғанымен, вакцинаны жеткізу, тарату және әділ бөлісу мәселелеріне байланысты дағдарыс ұзаққа созылатыны болжануда. Экономикалық және технологиялық жағынан мықты елдер «өзіне өзі қарағандықтан», екінші жағынан әлем халқының шамамен 10%-ы, әсіресе Африка, Азия және Оңтүстік Америкадағы қоғамдар аштық жағдайында өмір сүреді, сондықтан вакциналарды өз ресурстарымен қамтамасыз ету мүмкін еместігін ескере отырып, індеттің таралуын азайту немесе пандемияның өздігінен аяқталуы туралы пікір аңғалдық болады. Бұл тұрғыда бірнеше сұрақтар ойға оралады: біріншісі - қоғамдық пікірде жиі талқыланған, пандемияны басқару мен бақылаудағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) рөлі; екіншісі, вакциналармен әділетті бөлісуде «жаһандық ынтымақтастық» неге жүзеге асырылмады; соңғы және ең маңыздысы - халықаралық сауда кедергілері мен бұзушылықтар туралы Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) сияқты ғаламдық ұйымдар немесе елдер арасындағы ынтымақтастық немесе салынған санкциялар, гуманитарлық дағдарысқа айналған Ковид-19 пандемиясында неліктен қолдану мүмкін болмады. Бұл талдау осы сұрақтар аясында Ковид-19 пандемиясы туындаған дағдарыстағы ДДҰ-ның орнын қоса алғанда, жаһандық ынтымақтастықтың жай-күйін талқылауға бағытталған. Біз тұрып жатқан дәуірге қатысты көптеген атаулар мен сипаттамалар жасалды. Әсіресе 1990 жылдан кейінгі кезеңде әлеуметтік ғылымдар әдебиетінде қолданылған «жаңа әлемдік тәртіп» және «жаһандану» осы анықтамалардың ішіндегі ең кең тарағаны болып табылады. Әр түрлі көзқарастарға сәйкес көптеген анықтамалар болғанымен, жалпы мағынада жаһандану, «жеке адамдар, қауымдастықтар, мемлекеттер мен ұлттар арасындағы өзара тәуелділіктің орталықта болатын саясаттан экономикаға, спорттан өнерге, саудадан мәдениетке дейін ықпалдың күшею үдерісі» ретінде анықталады.

Жаһандану пікірталастары аясында қазіргі қоғамдар мен халықаралық жүйеге қатысты екінші модернизм, постмодерн, ақпараттық қоғам және тәуекел қоғамы сияқты бірқатар тұжырымдамалар жасалды. Олардың ішінде Ульрих Бектің тәуекелді қоғамға деген көзқарасы қазіргі заманның үздіксіз жалғасы болып табылатын жаңа модернизацияның бастан кешіп жатқандығы туралы негізгі дәлелдерге негізделген. Бек өзінің «Тәуекел қоғамы: жаңа заманға қарай» атты еңбегімен тәуекел қоғамы туралы ойларын талқылай отырып, бүгінгі тәуекелдерді экологиялық, саяси, әділетсіздік, экономикалық, технологиялық және дараландыру сияқты санаттарға жіктеді. Осы тәуекелдердің барлығы адамның өндірісі екеніне назар аудара отырып, Бек әсіресе «Тәуекел дәуірінде экологиялық саясат» атты еңбегінде дәуіріміздегі дұрыс емес саясат пен тәжірибе нәтижесінде медицина мен гендік технологиядағы бейсаналық тәжірибе мен экологиялық проблемалардан туындаған тәуекелдерге назар аударады. Аталған тәуекелдердің негізгі себебін «ұйымдасқан жауапсыздық» ретінде сипаттай отырып, Бек тәуекелдерді азайту үшін мемлекеттер мен әлемдік деңгейдегі ха-бардарлық, ынтымақтастық және мықты қадағалау мен бақылау институттары қажет екендігін атап көрсеткен. Жаһандану мүмкіндігінше жеделденіп жатқан қазіргі әлемде, Қытайдан шыққаны белгілі болған Ковид-19 пандемиясы «ұйымдасқан жауапсыздықтың» нақты көрсеткіші ретінде ірі әлемдік дағдарысты тудырды. 2021 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша дүние жүзінде тіркелген коронавирустық жағдайлар саны 113 миллионға жақындады. Коронавирустан шамамен 2,5 миллион адам қайтыс болған болса, 88 миллион ауруынан жазылды. 2020 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша Америка құрама штаттары (АҚШ), Германия, Англия, Ресей және Қытайда өндірілген вакциналардың елдер бойынша қолданылуын қарастырған кезде Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Англия, АҚШ, Еуропалық Одақ (ЕО), Қытай және Ресей сияқты елдер алғашқы ондыққа кіреді. Практикаға негізделген мәліметтер, кейбір ерекше жағдайларды қоспағанда, халық саны мен жағдайлары төмен Африка, Азия және Оңтүстік Америка елдерінде вакцинацияның деңгейі өте төмен болып қалғанын көрсетеді. Вакцинаның жалпыға ортақ еместігін көрсететін бұл жағдай Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антонио Гутерриштің реакциясына себеп болды. Гутерриш мәлімдемесінде «10 мемлекет әлемдегі коронавирустық вакциналардың 75%-ын алса, ал 130 ел тіпті бір доза да ала алмады», - дей отырып, аталмыш әділетсіздікке өзінің реакциясын көрсетіп, осы дағдарыс жағдайында вакциналарды әділ қолдану «әлемдік қауымдастық алдында тұрған ең үлкен сынақ» деп мәлімдеді.

Солтүстік-Оңтүстік теңгерімсіздігі мен теңсіздікті тағы да еске алған бұл сәтте БҰҰ- ын қоса алғанда ДДҰ және «Демократия мен адам құқықтарымен» байланысты АҚШ пен ЕО неге үнсіз қалып, миллиондаған адамдардың өміріне қатысты осы әділетсіздікке жауап бермейтіндігі үлкен сұрақ. Жаһандану, бір жағынан, жаһандық ұйымдардың рөлін арттыра отырып, екінші жағынан, осы ұйымдардың шешімдерінің заңдылығын және міндетті сипатын қайтадан талқылауға ашты. Жаһандану халықаралық ұйымдар мен басқа да мемлекеттік емес құрылымдардың халықаралық қатынастардағы маңыздылығын арттырғанымен, мемлекеттер өздерінің ішкі саясатында да, егемендік құқықтарымен байланысты сыртқы мәселелерде де іс жүзінде негізгі детерминант актер болу позициясын сақтайды. Халықаралық ұйымдардың контекстінде халықаралық құқықтың заңдылығы және оған қатысты оның міндеттілігі туралы әр түрлі пікірлер болғанымен, Джек Голдсмит пен Эрик Познер сияқты халықаралық заңгерлер қорғаған ортақ көзқарас халықаралық құқықтың негіздері жеткіліксіз және сондықтан оның заңдылығың даулы болуы. Халықаралық құқықтың заңдылық проблемасы, түрлі ұйымдардың әртүрлі сынескертпелер алуына себеп болды. Халықаралық құқықтағы заңдылық проблемасы, халықаралық ұйымдардың функциялары мен шешімдерінің міндеттілігінде көрінеді. Бұл проблема ДДҰ-ның көзқарасы мен оның мемлекеттермен, әсіресе Қытаймен қарым-қатынасында «Ковид-19» пандемиясының басталуынан бастап нақты байқалды. 1948 жылы «барлық адамдар үшін мүмкін болатын денсаулық деңгейіне жету» мақсатында құрылған ДДҰ қазіргі уақытта 150 елде 194 мүше және 7000-ға жуық қызметкерден тұрады. Ұйым өзінің жарғысында денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерді халықаралық деңгейде үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатын жариялаған болатын. Халықаралық денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттерге жоғары деңгейде кеңес бере алатындығына қарамастан, ДДҰ шешімдері мемлекеттер үшін міндетті емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пандемия туралы нақты және сенімді деректерге қол жеткізу үшін Қытаймен қарым-қатынасын ескере отырып, Ұйымның мемлекеттер алдында үйлестіруді қамтамасыз ете алмағандығы байқалды. Осы және басқа да кейбір айыптауларға байланысты АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп ДДҰ-ны қатаң сынға алып, АҚШ-тың 2020 жылғы 29 мамырдан бастап ДДҰ-мен қарым-қатынасын тоқтатқанын мәлімдеді. АҚШ-тан басқа, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Франция мен Жапониядан әр түрлі себептермен сын айтылды. Алайда вакцинациялау жұмыстары аяқталып жатқан қазіргі кезде, дамыған елдердің алдынала тапсырыс берілген вакциналардың басым көпшілігін артығымен сатып алғанына және «Әлемдік қоғамдардың шамамен 75%-ы» вакцинаның бір дозасына да жете алмағаны жайлы шындықты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас хатшысының өзі жүйелі түрде баяндауы, «жаһандық ынтымақтастықтың» жарасын көрсету тұрғысынан да, «корольдің жалаңаштығын» корольдің өзі мойындауы тұрғысынан да ойландырады. ДДҰ-ның Бас хатшының жоғарыдағы мойындауы, сондай-ақ, біздің әсіресе экологиялық және денсаулық сақтау мәселелерінде есімізде сақталған «Бізде бір ғана әлем бар» ұранының идеалына нұқсан келтірді. Осы сәтте халықаралық қоғамдастықта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мысалында көрсетілгендей, заңдылық мәселелерінен тыс халықаралық ұйымдарда онтологиялық мәселелер көп екендігі байқалды. ДДҰ мысалында көрсетілгендей, халықаралық ұйымдардың, заңды заңдылықтан тыс көп онтологиялық проблемалардың бар екеніне көз жеткізілді. Осы сәтте, гегемония туралы жаңа талқылауды бастамай және мәселені контексттен шығармай, 2,5 миллионнан астам адамның өмірін қиған осы дағдарыста мәліметтерді жасырып, ДДСҰ-ға дұрыс жол көрсетпеді деп айыпталған Қытай емес, қарапайым ел болса, БҰҰ, ДДҰ, ЕО, АҚШ және басқа мемлекеттердің реакциясы қандай болар еді? Сұрағын қойып, жауабын оқырманға қалдыру орынды болар еді.

Қысқаша айтқанда, «ұйымдастырылған жауапсыздықтың» нәтижесі деп айтуға болатын Ковид-19 пандемиясы жаһандық ынтымақтастық пен жаһандық басқару енді таңдау бола алмайтын біздің дәуірімізде тәуекел қоғамындағы халықаралық құқық пен халықаралық ұйымдардың болуы мен функциялары талқылауға ашылды. Жаһанданудың өзі жиі талқыланатын бұл кезеңде ұлттық саясаттағы түбегейлі өзгерістер мен мемлекеттер арасындағы қатынастардың айтарлықтай құлдырауы да орын алды. Пандемия басталған кезде кейбір еуропалық елдерде ксенофобияның күшеюі, маскаларды жеткізу нүктесіндегі мемлекеттер арасындағы «маска соғысы» және вакцинаны бөлісу кезінде байқалған «әркім өз өзіне» ынтымақтастықтан алыс өзімшіл саясат бұл жағымсыз жағдайлардың ең нақты көрсеткіштері. Ковид-19 пандемиясы халықаралық құқықты және жаһандық ұйымдардың қайтадан талқыланып, жаһандану қарқынына сәйкес өзгеруін қажет етті. Сонымен қатар, бұл адамдардан бастап қоғамға, мемлекетке және халықаралық ұйымдарға дейін адамзаттың өзі шығаратын қауіп-қатерлерден хабардарлықты арттырудың маңыздылығын көрсетті.

Жазушы: Суат Бейлур, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік • • • • • • Түркіменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Түркияға сапарында Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Сапар барысында министр Мередов өзінің әріптесі Мевлют Чавушоғлумен де кездесіп, 2021-2022 ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Сонымен қатар, екі ел аймақтық және көпжақты қатынастардағы үйлестіру алаңын күшейтеді (Kabar.kg, 24.02.2021). Украина президенті Володимир Зеленский Украинаны Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында қол қойылған халықаралық келісімдерден шығару туралы шешімге қол қойды. Украина Азаматтық авиация туралы және әуе кеңістігін пайдалану туралы келісімдерінен шығады. Президент Зеленский Сыртқы істер министрлігіне Украинаның жоғарыда аталған келісімдерден шығу шешімі туралы Авиациялық және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі кеңесіне хабарлау тапсырмасын берді (President.gov.ua, 23.02.2021).

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесу өткізді. Тараптар Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Ресейге сапарының жемісті нәтижелерін бағалады. Сонымен қатар, тараптар саяси және экономикалық ынтымақтастықты нығайта отырып, еуразиялық интеграция мен аймақаралық өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында министрлер халықаралық ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды (Kabar.kg, 25.02.2021).

Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук Армения, Әзірбайжан және Ресей премьер-министрлерінің орынбасарларынан тұратын Таулы Қарабақ бойынша үшжақты жұмыс тобының 1 наурызда онлайн-кездесуде бас қосатынын хабарлады. Кездесуде көлік-экономикалық қатынастар саласындағы келісімдер талқыланып, қауіпсіздік, шекара, кедендік, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттар, әсіресе аймақтық бақылау аясында мәселелерге назар аударылатын болады (ТАСС, 28.02.) 2021).

Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Молдованың Гагаузия автономиялық аймағының әкімі Ирина Влахты Анкарада қабылдады. Екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін бағалай отырып, Ирина Влах Гагаузиядағы индустриалды мектептің құрылысын бағалайтындықтарын мәлімдеді. Қарастырылып отырған мектеп инженерлер даярлауға да, аймақтық өнеркәсіптің дамуына да үлес қосатыны күтілуде. Министр Чавушоғлу Анкараның Гагаузияны әр салада қолдайтынын мәлімдеді (Aa.com.tr, 22.02.2021). Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Иранның жоғары деңгейдегі делегациясын басқаратын Иранның ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани Фазлиді қабылдады. Тараптар екіжақты ынтымақтастық шеңберінде түрлі мәселелерді талқылап, COVID-19 індетіне қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған практикалық қадамдар туралы пікір алмасты. Тәжікстан Президенті екі ел арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы жан-жақты құжаттарды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті (Asiaplustj.info, 24.02.2021).

Экономика, қаржы және энергия • • • • • • Қазақстан Үкіметі мен Парламенттің төменгі қанаты - Мәжіліс ең төменгі жалақыны көтеру мүмкіндігін талқылады. Екі жыл бұрын ең төменгі жалақы 68 доллардан 102 долларға дейін ұлғайтылып айтарлықтай өскен болатын. Үкіметке жалақыны көтеру құны 626,5 миллион долларды құрайды. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ең төменгі зейнетақыны ең төменгі жалақының 54%-дан 70%-ға дейін арттыруды жоспарлап отырғандықтарын мәлімдеді (Qazaq TV, 24.02.2021).

Түркі кеңесіне мүше және бақылаушы мәртебесі бар мемлекеттердің энергетика министрлері алғашқы онлайн кездесу өткізіп, онда өз елдерінің энергетикалық мүмкіндіктерін таныстырды. Министрлер энергетика саласындағы реформалар, озық тәжірибелер, озық энергетикалық технологиялар және инвестициялық жобаларды талқылады. Талқыланатын тақырыптар тізіміне бірлескен энергетикалық жобаларды іске асыру, жаңартылатын энергияны дамыту, жасыл энергетикалық аймақтарды құру кірді. Энергетикалық ынтымақтастық Түркі кеңесінің 2025 Стратегиясының және Кеңестің 2040 жылғы көзқарасының маңызды бөлігін құрайды (Turkkon.org, 24.02.2021). Ресейдің Есеп сотының мәлімдемесінде елдің мемлекеттік қарызының 2020 жылы 39,9% өскені және номиналды өсімінің 73 миллиард долларды құрағаны хабарланды. Қарыздың жалпы сомасы 257 миллиард долларды құрай отырып, Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 17,8% -на сәйкес келеді. 2019 жылы елдің қарызы 7,8% өсіммен ЖІӨ-нің 12,3% құрады. Ресей қарыздың басым бөлігін ішкі нарықтан алды. Бұл жағдайда ішкі қарыз 62,4 миллиард долларды құрады, сыртқы қарыздар 1,9 миллиард долларға дейін өсті (ТАСС, 24.02.2021).

Сауда саласындағы ақпараттың маңыздылығына байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы Халықаралық сауда орталығымен бірлесіп, Қырғызстанда Орталық Азия сауда ақпараттық порталын іске қосты. Портал Интернеттегі ақысыз деректерді ұсыну арқылы Орталық Азиядағы сауданы арттыруға бағытталған. Бағдарлама негізінен негізгі сауда талаптарын, статистиканы, тарифтерді және іскери байланыстарды қамтиды. Портал Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы коммерциялық интеграцияны арттыратындығы күтілуде (24.kg, 27.02.2021).

2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстанның сыртқы қарызы 21,1 миллиард долларға жетіп, ЖІӨ-нің 36,5%на сәйкес келеді. Өзбекстан үкіметі 15,1 миллиард долларлық несие тартса, мемлекет кепілдендірген несие 6 миллиард долларды құрады. Үкімет бұл қаражатты ауылшаруашылық және өнеркәсіптік жобаларды қаржыландыруға жұмсаған болса, энергетикалық жобаларға 2,6 миллиард доллар жұмсалды. Ел Азия даму банкінен 5 миллиард доллар, Дүниежүзілік банктен 3,7 миллиард доллар және Қытайдың Экзимбанкінен 2 миллиард доллар қарыз алды (UzReport, 27.02.2021).

Әзірбайжанның энергетика министрі Парвиз Шахбазов, елінің 1995 жылдан 2020 жылға дейін Түркі кеңесіне мүше елдердің экономикасына 18,3 миллиард доллар инвестиция салғанын хабарлады. Есепті кезеңде Әзірбайжан осы елдерден 13 миллиард доллар инвестиция тартты. Инвестициялардан басқа елдер арасындағы коммерциялық ынтымақтастық та тереңдей түсуде. Әзірбайжанның түркі мемлекеттерінің серіктестерімен тауар айналымы 2009 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге өсіп, 2020 жылы 4,4 миллиард долларға жетті. Түркі мемлекеттерімен сауда Әзірбайжан сыртқы саудасының шамамен 18% құрайды (MENAFN, 25.02.2021).

Дайындағандар:

Сауле Ахметкалиева, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет • • • • • • Түркияның Сыртқы істер министрлігінің Стратегиялық зерттеулер орталығы (SAM) және Халықаралық Түркі академиясы «Түркі республикалары тәуелсіздігінің 30 жылдығында: кеше, бүгін және ертең, білім мен ғылымдағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен қиындықтары» атты онлайн-конференция ұйымдастырды. Іс-шараға түркі мемлекеттерінің халықаралық ұйымдарының төрағалары, министрлері мен дипломаттары қатысты.

Қатысушылар тәуелсіздіктің 30 жылдық кезеңінде қол жеткен жетістіктер туралы ойларын ортаға салып, түркі мемлекеттерінің болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады (Turkkon.org, 24.02.2021).

Анкараның Алтындағ ауданында аңызға айналған Тоныкөк жазбалары үлгісінің ашылу салтанатына Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының төрағасы Мұстафа Шентоп, Сыртқы істер министрінің орынбасары Селим Киран, Анкара әкімі Шахин Васипке және көптеген елдердің елшілері қатысты. 1300 жылдық түпнұсқа түркі жазулары бүгінгі Моңғолияда орналасқан және Гөктүрік кезеңіне жататын тарихи оқиғалар туралы ақпарат береді. Түркияның ұсынысы бойынша ЮНЕСКО Тоныкөк монументі құрылысының 1300 жылдығын 2020-2021 жылдарға арналған мерейтойлық ұсыныстар тізіміне енгізді (Dailysabah.com 22.02.2021).

Моңғолия Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінен (TIKA) 2000 отбасыға арнап дайындалған азық-түлік жәрдемі мен гигиеналық құралдарын алды. Бұл қайырымдылық Монғолияның әртүрлі аймақтарындағы аз қамтылған отбасыларға көмектесу және COVID-19-қа қарсы күресті қолдау мақсатында жасалды. Салтанатты рәсімге Моңғолия Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрінің орынбасары Зульфикар Саркит пен ТИКА-ның Ұлан-Батырдағы үйлестірушісі Эмрах Устаомер қатысты (Reliefweb.int, 22.02.2021).

Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Азық-түлік Бағдарламасы (BMDGP) Ресей Федерациясы үкіметінің қаржылық қолдауымен Тәжікстанға азық-түлік көмек бағдарламасын бастады. Көмек 1.200 тонна бидай ұны мен 50 тонна өсімдік майынан тұрады. BMDGP мектептегі тамақтану бағдарламасының бөлігі болып табылатын азық-түлік көмегі Тәжікстанның 52 ауылдық округтері мен қалаларындағы 2.000 мектептің 600.000-нан астам бастауыш сынып оқушыларына таратылады (Asiaplustj.info, 22.02.2021).

Өзбекстанның Ауыл шаруашылығы министрі Жәмшид Қожаев пен Германияның Халықаралық ынтымақтастық қауымдастығы (UİD) арасында «Арал маңындағы қоршаған ортаны қорғаудағы аймақтық даму» жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды. Жоба Өзбекстан мен Қазақстан үкіметтеріне Арал өңірінің трансшекаралық суларында тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қолдау көрсетуге бағытталған. Жобаның бюджеті 8 миллион еуроны құрайды және жоба төрт жылдың ішінде жүзеге асырылады (Uzdaily.uz, 26.02.2021).

Түркістан қалалардың халықаралық мәртебесінің көтерілуіне ықпал ететін Дүниежүзілік Қалалар Мұрасы Ұйымына (ДҚМҰ) қосылды. Сондай-ақ, Түркістанда 2021 жылы 2 сәуірде ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Еуразиялық әлемдік мұра қалалары бойынша бесінші халықаралық конференция өтеді. ДҚМҰ тарихи қалаларды басқару, қорғау және абаттандыруға арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. ДҚМҰ бағдарламасы мен жобалары әлемдік мұраны сақтауды, насихаттауды және дамытуды қолдайды (Astanatimes.com, 26.02.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.