Жібек жолының жаңғыруы және Қазақстан үшін мүмкін болатын пайдасы

ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН МҮМКІН БОЛАТЫН ПАЙДАСЫ Заманымызды екі мың жылдан бұрынғы дәуірмен салыстырғанда, заманауи өркениет, технология және коммуникацияның артықшылығына алдану оңай болуы мүмкін. Қанша уақыт өткеніне қарамастан қиялымызға симайтын сол кезеңнің жетістіктерінің бірі ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолы тек жарқын тарихи құбылыс қана емес, бүкіл жолындағы және айналасындағы халықтар үшін маңызды тәжіріибе.
Еуропа елдері ұлы Жібек жолының арқасында Қытайдың таңдаулы бұйымдарын, жібегі мен фарфорын танып-білген болатын. Қазір де Орта Азия елдерінде археологиялық қазба жұмыстары кезінде алуан түрлі тұрмыстық заттар мен қолөнер бұйымдары табылады. Ұлы Жібек жолының маңызды бір бөлігі қазіргі Қазақстан аумағы арқылы өткен. Ежелгі Жетісудың бай қалалары Қытайдан Еуропаға тауар тасымалындағы маңызды өткелдер болып қана қоймай, өндіріс және сауда, мәдени құндылықтар мен білімнің таралуына белсене қатысқан болатын. Қытай империясының көпестері Қазақ даласы арқылы батысқа жібек, қару-жарақ, дәрілер, күріш, сондай-ақ сол уақыттың экзотикалық тауарларын тасыды. Дала билеушілері сауда керуендерінен айырбасқа кейбір тауардың үлесін немесе монетасын талап етіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өздерінің қызметтерін ұсынды. Қазақстан аумағы бойынша Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары елдің оңтүстігінен өтті. Қытайдан жолға шыққан сауда керуендері Сайрам, Яссы (қазіргі Түркістан), Отырар, Тараз қалалары арқылы бұдан әрі Орталық Азияға, Персию, Кавказға және сол жерден Еуропаға дейін жетті.
2013 жылы Астанада ҚХР президенті Си Цзиньпин Назарбаев университетінде сөз сөйлегенді “тарихи Жібек жолын жаңғыртуда Қытайдың бастамашы болатынын” жеткізген еді. Бұл бағдарлама, сондай-ақ «Белдеу және жол» ретінде танымал, оның мақсаты неғұрлым тығыз экономикалық байланыстарды дамыту, ынтымақтастықты тереңдету және еуразиялық өңірде дамыту нүктелерін кеңейту болып табылады. Қазіргі уақытта осы бастамаға қосылған 65 мемлекет мәселенің маңыздылығын және даму үшін мүмкіндіктер ашатын сауда мен инфрақұрылымға инвестиция салуды түсінді. Желі Азия, Еуропа және Африканы тығыз байланыстырып, тауарлар мен идеялар алмасуға ықпал ете отырып, 4,4 миллиард адамды жаһандық ықпалдастық аясында біріктіруді көздейді.
Қазақстан географиялық тұрғыдан әлемнің тоғызыншы үлкен мемлекеті болғынымен, ашық теңізге шығатын жолы болмағандықтан, басқа елдерге қарағанда құрлықаралық сауда мен өнеркәсіптік төңкерістің әсерін тым кеш сезінді. Дегенмен, Ұлы Жібек жолының жылдам қайта жаңғыруы және инфрақұрылымға салынған ірі инвестициялар келесі онжылдық ішінде Қазақстанның Орталық Азияның сауда орталығы ретінде қайта жаңғыртатын болады.
Мұндай ежелгі сауда жолының жаңғыруы Қазақстанға қандай паыда әкелуі мүмкін? Ең алдымен, Жібек Жолы материалдық ауыскүйіс арқылы Батыс пен Шығыс өркениетінің байланысын арттыратын болады. Қазргі таңда әлемде экономикалққ және әлеуметтік дамудың негіздері тек қана Еуропада, Жерорта теңізі мен Азия құрлығында қаланбаған, керісінше бүкіл адамзат күшімен құрылды деген түсінік нығайып келеді. Бұл тұрғыдан алғанда, ұлы Жібек жолы қоғамдастық дамытудың ежелгі интеграциялық модельдердің бірі болды.
Ұлы Жібек жолын жаңғыртудың Қазақстан үшін ықтимал пайдасын қарастырсақ, Қазақстанда «Нұрлы жол» бағдарламасының бірінші кезеңі аясында көлік жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастырып, кұшейтуде, ғаламдық көлік дәліздерімен интеграциясы қамтамасыз етіліп, Қазақстанның Азия мен Еуропа арасын байланыстыратын тарихи мәртебесі қалпына келтірілуде. Алайда, Президент ҚасымЖомарт Тоқаев өзінің 2020 жалындағы 1 қыркүйектегі Жолдауында атап өткеніндей, осы саладағы бәсекелестік өте жоғары. Қазақстанның көлік-транзиттік сектордағы көшбасшы рөлі бекемделіп келеді.
Қытайдың әлемдік экономикада өте маңызды орынға ие екендігі мәлім. Қытай, әлемдік COVID-19 пандемия кезеңінде экономикалық өсу қарқынын сақталған әлемдегі жалғыз ел болып табылады. 2020 жылы Қытайдың ЖІӨ-і 2,3%-ға өсіп, 15,66 трлн. доллар шамасында артты. Елдің сыртқы саудасының жалпы көлемі 2020 жылы 1,5%-ға өсіп, 4,65 трлн. долларына жетті. Экспорты 3,6%-ға өсіп, 2,59 трлн. долларды құраса, ал импорты 1,1%-ға азалып, 2,05 трлн. доллар шамасында болды. Қытай өндірген тауарлар, әлемнің әр түкпірінде қолданылады. Сонымен бірге, Қытай өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, әлемнің түкпір-түкпірінен түрлі өнімдер импорттайды.
Қытайдың сауда жолы тұрғысынан Қазақстан құрлықтағы ең маңызды транзиттік ел болып табылады. Ашық теңізге шығатын жолы жоқ Қазақстан көпжақты көліктік-транзиттік әлеуетін дамыту арқылы осы жағандағы ақтаңдақтың орынын толтырғысы келеді. Осыдан екі жыл бұрын Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласындағы жұмыс сапары барысында Каспий теңізінің тиімді географиялық орналасуы маңызды геосаяси мәніге ие екендігін атап көрсеткен болатын. Қазіргі уақытта Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалын дамытуда белсенді жұмыс жүргізіп отыр. Аталған жүйе Қытайдың шығыс жағалауынан Каспий арқылы Еуропа мен Ресейдің кез келген нүктесіне қысқа мерзім ішінде жүк жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңде Қытай Қазақстанның маңызды ынтымақтастық серіктесінің бірі болып табылады. ХХІ ғасырда Қазақстан Жаңа Жібек жолының қалыптасуындағы маңызды рөл атқарады. Қазақстан Президенті ҚасымЖомарт Тоқаев көптеген баяндамасында Еуропаға баратын барлық жолдар Қазақстан арқылы өтетіндіктен, мемлекеттің стратегиялық артықшылығын тиімді пайдалану кетектігін атап өткен болатын. Қытай мен Азияның басқа да елдерін Еуропамен және Таяу Шығыспен байланыстыратын халықаралық бес теміржолы және алты автомобиль жолы қазіргі Қазақстанның аумағы арқылы өтеді. Бұл жолдар арқылы Қытайдан Еуропаға және кері бағыттағы жүк тасымалын Қазақстан арқылы 15 күнде жеткізуге мүмкіндік береді, ал теңіз жолымен жеткізу екі-үш есе көп уақытты алады. Атап айтқанда, темір жол тасымалдары бойынша 2020 жылдың қаңтар–тамыз айларына Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша тасымалдау көлемі 306,6 мың ЖФЭ (жиырма футты баламасы – жүк көлік құралдары сыйымдылығының шартты өлшем бірлігі) болып, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 62%-ға артық. Қытай – Орталық Азия – Қытай бағыты бойынша жүк тасымалы 29%-ға өсіп, 149,2 мың ЖФЭ құрады.
Қазақстан қызмет көрсету экспорты секілді транзиттен пайда табады. 2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстанның жылдық қызметтер экспорты 6 млрд. доллардан 7,8 млрд долларға дейін, яғни 30% артты. Бұл ретте, жүк тасымалын қамтитын көлік қызметтерінің экспорты жалпы көлемінің жартысын ұстайды. 2018 жылғы Дүниежүзілік банктің Логистиканың тиімділік индексі (LPI) бойынша Қазақстанның әлемдегі 160 елдің ішінде 71-ші орынды иеленгенін атап өткен жөн. Бұл ретте Қазақстанның жүктерді уақтылы жеткізу бойынша 42-ші орынға, ал кедендік рәсімдеу үдерісінің тиімділігі бойынша 21-ші орынға көтерілуін маңызды жетістік ретінде бағалауға болады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның көліклогистика, туристік индустрия және сауда қатынастарын дамытуда шетелдік және ішкі инвестициялар ағыны үшін барлық мүмкіндігі бар. Потенциалды инвесторлардың Қазақстан аумағында жаңа Жібек жолы жобасын іске асыруға қатысуы мен қолдауы тасмал секторының жандануын және бәсекеге қабілетті отандық экономиканы құру үрдісін жеделдетеді.
жалпы экономикалық баяндамаларды Қытай өкілдері Қазақстанға 50 млрд.
доллар көлемінде инвестиция салынатынын айтады. 2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Қытайдың Қазақстандағы жалпы инвестиция көлемі 13,2 млрд.
долларды құрады.
Қытай инвестицияларының әртараптандырылған сипаты жалпы алғанда, аталмыш инвестициялардың Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылға оң ықпал ететінін айтуға болады. Өйткені Қытайдың инвестициялары тек өана тау-кен өнеркәсібіне ғана шоғырланбастан, Қазақстан экономика үшін маңызды қайта өңдеу секторын қамтыған түрлі салаларға бағытталған.
Қазір Қазақстан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының келесі бесжылдық жоспарын іске асыруға кірісті. Бағдарламаның бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автожолдардың үлесі 88%-ға, ал жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 71%-ға дейін жетті.
Зманауи және сапалы автомагистральдардың пайда болуымен қатар, жаңа жұмыс орындары құрылып, транзиттік жүк тасымалы артып, әлеуметтік инфрақұрылым жақсарды. Соңғы бес жылда іске асырылған бағдарлама елдің ЖІӨ-нің өсуіне айтарлықтай ықпал етті. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша, шамамен 3,000 км республикалық маңызы бар автожол жасалды және жаңартылды.
Қорытындылай айтқанда, «Белдеу және жол» бағдарламасы шын мәнінде Қазақстанға қайтадан жаһандық сауданы байланыстыратын негізгі өңір болу мүмкіндігін ұсынады. Қазіргі заманғы нарықтық және геосаяси үрдістер ежелгі сауда жолдарын жаңғыртуды қажет етеді. Елдегі ірі мүдделі тараптар тек қана шетелдік инвесторлар ғана емес, әсіресе алдағы уақытта Қазақстан арқылы өтетін орасан зор транзит көлемін қолдауға дайын ұлттық компаниялар болады. Бұл тұрғыда, жаңа Жібек жолының жаңғыруы Қазақстанның экономикалық дамуы үшін өте маңызды екенін атап өткен жөн.
Жазушы: Жандос Ранов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі Вилле Скиннаримен кездесті. Президент Тоқаев Финляндияның Солтүстік Еуропа елдері арасында маңызды инвестор болып қала беретінін мәлімдей отырып, тұрақты саяси диалогты ең жоғары деңгейде сақтау керек екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, Президент Тоқаев жасыл технологиялар мен телекоммуникация салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Вилле Скиннари Финляндияның осы іс-шараларды қолдауға дайын екендігін және ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы айтты (ҚазАқпарат, 14.05.2021).
АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісінің орынбасары Джонатан Хеник АҚШ-тың Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара дауын шешуде жанжақты қолдау көрсететіндігін мәлімдеді. Вашингтонда Атлантикалық кеңес өткізілген вебинарда сөз сөйлеген АҚШ-тың сыртқы саясат жөніндегі өкілі жағдайдың әлі шешілмегенін және қақтығыс аймағында қалпына келтіру әрекеттері үшін жағдай жасау үшін бейбітшілік пен тұрақтылықтың қажет екенін мәлімдеді (Kabar, 11.05.2021).
Грузия Премьер-министрі Иракли Гарибашвили Арменияға ресми сапармен барып, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті. Тараптар энергетика, экономика, сауда, мәдени қатынастар, көлік және логистика салаларындағы екіжақты мәселелердің кең ауқымын талқылады. Екі Кавказ мемлекетінің транзиттік әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылды. Грузин жағы қақтығысушы тараптар арасында диалог алаңын құру арқылы қызмет етуге дайын екенін растады (Agenda.ge, 12.05.2021).
Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин Қытайға ресми сапармен барып, Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесті. Министрлер өзара тиімді көпвекторлы ынтымақтастықты нығайту жоспарлары мен жаңа үкіметаралық құжаттарға қол қоюмен қатар екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқылады. Кездесулерден кейін дипломатиялық мекемелер арасында 2021-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды (Centralasia.news, 11.05.2021).
Қырғызстан Қорғаныс министрі Таалайбек Өмірәлиев Қытай әскери аташесі Чжан Ёнды қабылдады. Тараптар екі елдің қарулы күштері арасындағы ұзақ уақыт бойы келе жатқан қарым-қатынасты атап өтіп, Қырғызстан мен Қытайдың қорғаныс министрліктері арасындағы әскери ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың мақсаттары мен міндеттерін талқылады. Министрлер сонымен қатар Қырғыз Республикасының Қарулы күштеріне қатысты қырғызстандық мамандарды оқыту және жетілдіру туралы пікір алмасып, қорғаныс бөлімдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді (Kabar, 11.05.2021). Қырғызстан мен Ауғанстан президенттері Садыр Жапаров пен Мұхаммед Ашраф Гани телефон арқылы сөйлесті. Көшбасшылар бірқатар екіжақты ынтымақтастықты және олардың даму мүмкіндіктерін талқылай отырып, күн тәртібіндегі халықаралық және аймақтық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Президенттер сондай-ақ Қырғыз-ауған үкіметаралық комиссиясының отырысын ұйымдастыру мәселесіне тоқталды (Kabar, 13.05.2021).
Экономика, қаржы және энергия Қазақстан экономикасының барлық салалары қарқынды дамуда. 2021 жылдың соңғы төрт айында елдің өндірістік секторына инвестициялар 7,7%-ға, ал шикізаттық емес басқа салаларға 32,3%-ға өсті. Есепті кезеңде экспорты 11,5 млрд. долларды құраған Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 19,7 млрд. долларды құрады.. Шикізаттық емес тауарлардың экспорты 15% өсіп, 4 миллиард долларға жетті. Осылайша, сауда балансы 3,3 млрд. доллардан асты. Елдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 0,7% өсті (Qazaq TV, 12.05.2021). Жақында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев кеңес өткізіп, ел экономикасының ағымдағы нәтижелерін қорытындылады. Президент, Өзбекстанның экспортының 2021 жылдың бірінші тоқсанында 3,2 млрд. долларға жеткенін, ЖІӨ-нің 3%, ал өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің 4% өскенін мәлімдеді. Сұраныстың өсуіне қарамастан, дәрі-дәрмек өндірісі 22%-ға төмендеді. Өзбекстан 2021 жылдың екінші тоқсанында 7,1 млрд. доллар инвестиция тартуды жоспарлап отыр (UzReport, 12.05.2021).
Беларусь атом электр станциясының бірінші блогы реактор қондырғысының номиналды қуат деңгейінде жабдықтың кешенді сынағынан өтуде. Беларусь Энергетика министрі Виктор Каранкевич атом электр станциясы бірінші кезекте электр энергиясының ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалғанын мәлімдеді. Егер қандай да бір өтініш болса, Беларусьтық зауыт өндіретін электр қуатын экспорттай алатынын атап өтті. 2020 жылы Беларусьта электр энергиясын тұтыну 38 млрд кВтсағ-ты құрады. Нысанның елдегі қажеттіліктің шамамен 40%-ын қамтамасыз етуі күтілуде (BelTA, 15.05.2021).
1 мамырдағы жағдай бойынша Ресей-қырғыз даму қоры елдің барлық аймақтарында құны 434 млн долларды құрайтын 3000-ға жуық жобаны мақұлдады. Жобалардың 50%-дан астамы өңдеуші және ауыл шаруашылығына негізделген өнеркәсіп салаларына арналған. Жалпы портфельдегі ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібінің үлесі сәйкесінше 23% және 30%-ды құрады. Көлік-логистика, туризм және инфрақұрылымды дамыту акцияларының әрқайсысы 12%-ды құрады. 1% болған ең төменгі үлес қаржылық қызметке тиесілі (Kabar, 14.05.2021). Тәжікстандағы Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің кеңсесі АгаХан қоры жүзеге асырған Тәжікстандағы Ауылшаруашылық сауданы дамытудың пилоттық жобасын қаржыландыруда.
Жуырда бұл екі ұйым жоба аясында Хатлон аймағындағы фермерлерге сапалы ауылшаруашылық материалдарын таратты. Жоба фермерлерге бидай, жүгері немесе тыңайтқыштар сияқты сапалы ресурстарға тұрақты қол жетімділікті қамтамасыз етумен қатар, қоймаларды салу арқылы ауылшаруашылық өнімін жақсартуға бағытталған (Азия-Плюс, 14.05.2021).
Жуырда Түркіменстанда халықаралық мұнай-газ инвестициялық форумы өтті. Форум аясында Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Әзірбайжан Мемлекеттік мұнай компаниясының төрағасы Ровнаг Абдуллаевты қабылдады. Тараптар Каспий теңізіндегі «Достлуг» бірлескен кен орнының жұмысын және екі ел арасындағы энергетикалық саладағы стратегиялық серіктестікті одан әрі жандандыру мүмкіндігін талқылады. Достлуг кен орнында шамамен 60 млн мұнай қоры мен 100 млрд текше метр табиғи газ қоры бар (AzerNews, 16.05.2021).
Дайындағандар:
Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігі (USAID) Сырдария мен Әмудария өзендерінің бассейндерінде трансшекаралық су ресурстарын басқару бойынша аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған су және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жаңа аймақтық жобаны іске қосты. Бес жылдық жобаның бюджеті 24 млн долларды құраған және аталмыш жоба Орталық Азияның барлық бес елінде және Ауғанстанда жүзеге асыру жоспарланған. Бастама Сырдария мен Әмудария өзендерінің бассейндеріндегі трансшекаралық су ресурстарын басқару бойынша аймақтық ынтымақтастықты нығайтып, Орталық Азия мен Ауғанстан халқы үшін тұрақтылықты, экономикалық өркендеуді және экожүйенің тұрақтылығын жақсартуға көмектеседі (Tj.usembassy.gov, 12.05.2017). Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Еуропалық одақ пен Сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық жөніндегі министрі Франк Райстер бастаған француз делегациясымен кездесті. Тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы екіжақты қатынастарды талқылаумен қатар, әр түрлі деңгейде өткізілетін бірлескен іс-шараларды дайындауға байланысты мәселелерге ерекше назар аударды. Француз жағы 2022 жылдың күзінде Париждегі Лувр мұражайында «Орталық Азияның сән-салтанаты: Өзбекстанның керуен жолдарында» атты көрмесін ұйымдастыруға көмектесуге дайын екенін білдірді (Dunyo.info, 10.05.2021). Түркіменстан қытайлық Sinovac компаниясы жасаған CoronaVac атты COVID-19 вакцинасының үлкен партиясын алды. Коронавирус эпидемиясына қарсы бірлескен күрес туралы бұған дейін Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Қытай Президенті Си Цзиньпиннің телефон арқылы сөйлесуі кезінде болған. Вакциналардың жеткілікті мөлшеріне қол жеткізу Түркіменстанға инфекция қаупі жоғары топтардан бастап өз тұрғындарына қажетті вакцинация жүргізуге мүмкіндік береді (Centralasia.media, 10.05.2021).
Будапешттегі Қазақстан елшілігінде «Абайды оқу» атты көркем альбомының тұсаукесері өтті. Альбомда, ғұлама ақынның шығармалары негізінде құрылған түркі әлемінің көрнекті суретшілерінің туындыларымен қатар, Абай мұрасының Венгрияда кеңінен таралуына үлес қосқандарды марапаттау жұмыстары да қамтылған. Іс-шара барысында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов ТҮРКСОЙ-дың «Абайдың 175 жылдығы» құрмет медалін Будапешттегі Түркі кеңесінің төрағасы Янош Ховариге тапсырды (ҚазАқпарат, 13.05.2021). Қазақстан үкіметі COVID-19 пандемиясынан туындаған күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетті. Жалпы салмағы 40 тонна болатын гуманитарлық көмек, медициналық және респираторлық маскалардан, қорғаныс киімдерінен және Қазақстанда жасалған өкпенің жасанды желдеткіш құрылғыларынан тұрады. Әуежайдағы трансфер салтанатына Қазақстан елшісі Нұрлан Жалғасбаев пен Үндістан Сыртқы істер министрлігі Еуразия ынтымақтастығы бөлімінің бастығы Бандар Уилсонбабу қатысты (ҚазАқпарат, 14.05.2021).
Тәжікстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайрулло Ибодзода Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзум Мырзағалиевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, тараптар Халықаралық Аралды құтқару қоры мен Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығымен қоса, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайту туралы пікір алмасты (Avesta.tj, 15.05.2021).




