f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Қырғызстандағы Садыр Жапаров кезеңі: сыртқы саясатқа және экономикалық дамуға шолу
ebulletin

Қырғызстандағы Садыр Жапаров кезеңі: сыртқы саясатқа және экономикалық дамуға шолу

Авторлар: Балжан Ешметова
2021 ж. 9 маусым
Қырғызстандағы Садыр Жапаров кезеңі: сыртқы саясатқа және экономикалық дамуға шолу

ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ САДЫР ЖАПАРОВ КЕЗЕҢІ: СЫРТҚЫ САЯСАТҚА ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУҒА ШОЛУ Тәуелсіздік алғаннан кейінгі демократияның дамуы мен тамырлануы тұрғысынан Орталық Азиядағы жетекші ел ретінде танылған Қырғызстанда көптеген өзгерістер болды. Соңғы рет, 2021 жылғы сәуірінде Қырғызстанда конституциялық референдум мен жергілікті кенес сайлауы қатар өтті. Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) қортынды мәліметі бойынша, елдегі 2483 сайлау учаскесінде жергілікті кенеш сайлауына 1,295,096 (39,09%) адам, ал референдумға 1,338,717 (37.12%) адам дауыс берген. Референдумға қатысқандардың 79,37%-ы жаңа конституция жобасын қолдап дауыс берсе, ал 13,67%-ы қарсы болды. Референдум заңды өту үшін елдегі жалпы 3,606,201 сайлаушының ең кемі 30%-ы дауыс беруге қатысуы керек болатын.

Конституцияға өзгеріс енгізуді ел президенті Садыр Жапаров көтерген болатын. Осы өзгерістердің ішіндегі маңызды мәселелерінің біріне елдің парламенттік құрылымнан президенттік модельге көшуі жатады. 2021 жылы 11 наурызда Қырғызстан Жоғарғы Кеңес депутаттары «Қырғыз Республикасының конституциясы туралы» Заң жобасы бойынша «референдум (бүкілхалықтық дауыс беру) өткізу туралы» заң жобасын мақұлдап, референдумды өткізу мерзімін 11 сәуірге белгілеген еді. Қырзғызстанның саяси жүйесіне Халықтық құрылтай (Халық жиналысы) институтын енгізу және парламент мүшелерінің санын 120-дан 90ға дейін қысқарту сияқты өзгерістерді қамтитын жаңа конституциялық өзгеріс заң жүзінде президенттің өкілетін арттыруды көздейді.

Бұл өзгерістерге қатысты оппозициялық топтар президенттік жүйеге оралу мен парламенттегі депутаттар санының азаюы президенттің саяси күшін арттыруға бағытталған қадамдар екендігі туралы сынескертпелер де айтты. Бұл тәуелсіз Қырғызстан тарихындағы 11-ші, ал 2021 жылғы 2-ші референдум. 2005 және 2010 жылдары екі рет төңкеріс болған Қырғызстанда 2020 жылы қазанда тағыда төңкеріс болған еді. Негізінде, 2020 жылы 4 қазанда өткен парламенттік сайлаудан кейінгі наразылық төңкеріске ұласып, нәтижесінде сайлау нәтижелері жойылып, президент Сооронбай Жээнбековтің қызметінен кетуіне әкелген болатын. Елдегі саяси дағдарыстан шығу үшін 2021 жылдың 10 қаңтарында өткен кезектен тыс президент сайлауында Садыр Жапаров 1,110,412 (79.20%) дауыс жинап, айқын басымдылықпен жеңіске жеткен болатын. Президент Жапаров елдегі саяси аласапыранды тоқтатуда, тұрақтылықты қамтамасыз ету және елдің әлеуметтік, экономикалық және басқа мәселелерін шешуде президенттік жүйеге референдуммен көшуді қолдайды. Сондайақ, президенттік билікті саяси тұрғыдан арттыру үшін қадамдар жасауға мүмкіндік беретін қосымша өкілеттіктерге ие болу және президенттің өкілеттік мерзіміне қатысты ережелерге өзгертулер енгізу мүмкіндігі туралы мәселе де талқылануда. Сонымен қатар, Халықтық құрылтай – жаңа кеңесші орган ретінде құрылады деп күтілуде.

Ел экономикасының жағдайын жақсарту және халықтың әл-ауқатын арттыру сияқты мәселелер президент Жапаровтың экономикалық саладағы күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болып табылады. Бұған жету үшін Жапаров қаржылық ауыртпалық түсіретін іс-шаралардан бас тарту қажеттігін дәріптеді. Президент инаугурациясында заңнамада талап етілетін міндетті рәсімдерін ғана жүзеге асырып, мемлекет бюджетіндегі қаражаттың халық қажеттілігіне, мұқтаж жандарға берілу керектігін мәлімдеді. Осыған байланысты әкімшілік реформалар экономикалық өсу мен тұрақтылықты қамтамасыз етеді және елге шетелдік инвестицияларды көбірек тартуға және ұзақ мерзімді инвестицияларды жүзеге асыруға кең мүмкіндік береді деп күтілуде.

Осы бағытта Жапаров билігі сыртқы саясатта көрші елдермен қатар, Ресей сияқты аймақтағы маңызды ойыншылармен қарым-қатынасты жақсартуға басымдылық берді. Осыған байланысты, 2021 жылы 24 ақпанда Ресейге алғашқы ресми сапарын жасады және әріптесі Владимир Путинмен кездесті. Кездесу аяқталғаннан кейін, баспасөзде көрініс тапқан жаңалықтардың қатарында, алдағы уақытта ресейлік инвесторлар Қырғызстанға бірқатар тікелей инвестициялар салатын болады. Осы кезде Ресей-Қырғыз Даму Қорының мәлімдемелерінде 2021 жылдың мамырындағы жағдай бойынша елдің барлық аймақтарында жалпы құны 434 миллион доллар болатын 3000 жоба мақұлданғаны туралы жарияланды. Осы инвестицияларды салалық бөлуге қарайтын болсақ, өңдеу өнеркәсібі 30% -бен, ал ауылшаруашылық секторы 23% -мен көш бастап келеді. Сонымен қатар, көлік және логистика, туризм және инфрақұрылымды дамыту салаларына шамамен 12% инвестиция жоспарланған.

Президент Жапаров Қазақстанға екінші ресми сапарын жасады. Сапар барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасында саяси, экономикалық, гуманитарлық және инвестициялық салаларды қамтитын 180-ге жуық құжатқа қол қойылды. Соңғы 15 жылда Қазақстанның Қырғызстан экономикасына 1 миллиард доллардан астам қаржы салғанын ескере отырып, екі ел арасындағы инвестициялық мәселелер келіссөздердің маңызды тақырыптарының бірі екендігі айтылды. Сонымен қатар, тараптардың жастар арасындағы байланысты жандандыру туралы келісімге қол қойылып, қырғызстандық студенттерге Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы квотасын 10 есеге көбейту, білім гранттарының санын 50-ге жеткізу, сондайақ, жетекші университеттердің бірінің филиалын ашу мүмкіндігін қарастыру мәселелері талқыланды. Бұған қосымша, Орталық Азия көшбасшыларының консультациялық кездесу форматын одан әрі дамыту, ковид-19 эпидемиясына қарсы бірлескен іс-қимыл және медициналық көмек мәселелері қарастырылды.

11 наурыз 2021 ж. президент Жапаров өзінің үшінші ресми сапарын Өзбекстанға жасады. Сапар барысында екі елдің президенттері сауда-экономика, көлік, коммуникация, саяси және басқа да ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Елдер арасындағы басты мәселе - саудаэкономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, және сауда-экономикалық қатынастар екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың маңызды бағыты екендігі өтілді.

Келіссөздер барысында, екі ел арасындағы сауданы әртараптандыру және кеңейту арқылы алдағы бірнеше жылда екіжақты сауда көлемін екі есеге арттыру мақсаты ортаға қойылып, екі мемлекеттің нарықтарында жоғары сұранысқа ие өнімдердің өзара импорты бойынша шаралар қабылдауға келісті. Сонымен қатар, Қырғыз-Өзбек инвестициялық қорын құру идеясы туралы пікір алмасты.

Қорытып айтқанда, президент Жапаров халықаралық аренада өз елінің сыртқы саясатына сәйкес маңызды елдерге жасаған сапарларымен екіжақты қатынастарды дамытуда да, сонымен қатар өз еліне шетелдік инвестицияларды тартудан бастап көптеген салаларда, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау және гуманитарлық көмекпен қолдау көрсетуде айтарлықтай жетістіктерге жетті.

Бір жағынан президенттік биліктің өкілеттіктерін арттыра отырып, екінші жағынан, бұл оның жаңа саяси жүйеде және өзі құрған Халықтық съезмен түсіністікте елді басқаратынын көрсетеді. Бұл өзгеріс Қырғызстанға қандай жетістіктер мен тәжірибелер әкелетінін және президент Жапаров уәде еткен мақсаттарына жете ме, жоқ па, уақыт көрсетеді.

Жазушы: Балжан Ешметова, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік       Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға ресми сапары барысында тәжік әріптесі Эмомали Рахмонмен кездесті. Президенттер стратегиялық серіктестік, саяси диалогты нығайту, саудаэкономикалық инвестиция, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты қамтитын көптеген мәселелерді талқылады. Олар сондай-ақ Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелеріне назар аударды. Президент Тоқаев Тәжікстан президентіне қонақжайлылығы үшін алғыс айттып, екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын жеткізді (ҚазАқпарат, 20.05.2021). Душанбеде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы министрлер Кеңесінің кезекті отырысы аясында Қырғызстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері Руслан Қазақбаев пен Сергей Лавров екіжақты кездесулер өткізді. Министрлер бұрын қол жеткізілген келісімдердің орындалуын талқылап, қырғыз-ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Сергей Лавров қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын анықтауға қатысты келіссөздер үдерісін жалғастыру қажеттілігіне назар аударды (Кабар, 19.05.2021). Украина, Грузия және Молдованың сыртқы істер министрлері Киевте Еуропалық одаққа (ЕО) мүше болу жолындағы ынтымақтастықты рәсімдеген меморандумға қол қойды. Бұрынғы үш кеңестік мемлекет ЕО институттарымен диалог барысында бірлескен бастамаларды дамытуға және олардың Шығыс серіктестігі шеңберінде өз ұстанымдарын үйлестіруге келісті. Осылайша, үш ел өздерінің еуропалық мақсаттарын белгілеп, реформалар мен модернизация жоспарларын жүзеге асырудағы іс-әрекеттерін үйлестіруге тырысады (Balkaninsight, 18.05.2021). Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджидин Мухриддин Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Бурианды қабылдады. Тараптар «ЕО және Орталық Азия», «ЕО-ның аймақтағы жаңа стратегиясы» және «Тәжікстандағы ЕО бағдарламасы» аясындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты. Тараптар сонымен қатар аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық, Ауғанстандағы жағдай, терроризм мен экстремизм қаупі жайлы тақырыптарды талқылады. Кездесуде ЕО мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықтың, саяси, қауіпсіздік және адам құқықтары мәселелері бойынша диалогтардың маңыздылығы өтілді (Centralasia.media, 22.05.2021).

Қазақстан төрағалық еткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барлық бес мүше мемлекет басшыларының қатысуымен онлайн режимде өтті. Еуразиялық экономикалық одақтың бақылаушы мемлекеттерінің басшылары ретінде кездесуге Өзбекстан мен Куба президенттері де шақырылды. Іс-шараның күн тәртібіне саудадағы кедергілерді одан әрі азайту, өндірістік ынтымақтастық, транзит және тасымалдауды жеңілдету, сияқты экономиканың түрлі салаларындағы практикалық ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелер енгізілді. Кездесу соңында қатысушылар бірқатар құжаттарды қабылдады (Centralasia.media, 19.05.2021).

Қырғызстанның қорғаныс министрі Таалайбек Өмірәлиев Түркияның Қырғызстанға жаңадан тағайындалған елшісі Ахмет Садық Доғанды қабылдады. Тараптар әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі туралы пікір алмасты. Тараптар сондай-ақ Қырғызстан мен Түркия арасындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы әлеуетті дамыту қажеттілігіне назар аударды. Министр Өмірәлиев елші Доғанды жоғары және жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтады (Kabar.kg, 20.05.2021).

Экономика, қаржы және энергия       Қазақстан Үкіметі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар кешенін әзірледі. Азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерінің импортын алмастыруға бағытталған 285 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. 2021 жылы Қазақстанда төрт сүт фермасы, екі құс фабрикасы және жеміс-жидек қоймасы салынды. Қазіргі уақытта билік пен бизнес қауымдастық тамақ өнімдерін өндіру мен өңдеуге арналған жеті негізгі экожүйені құруда. Үкімет көптеген азықтүлік өнімдерімен 80% өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізуді жоспарлап отыр (Qazaq TV, 20.05.2021).

Қазақстандық автомобиль бизнесі қауымдастығы 2021 жылдың алғашқы төрт айында Өзбек Chevrolet автомобильдерінің Қазақстандағы сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 5000% өскені туралы хабарлады. Қазақстандықтар 8923 өзбек автокөлігін сатып алса, былтырғы сатылым 186 бірлікті құрады. Осылайша, аталған бренд Қазақстандағы ең көп сатылатын автомобиль модельдерінің тізімінде бірінші орын алды (UzReport, 19.05.2021).

«Құмтор Голд Компани» басқарма төрағасы Теңіз Болтүрік, Қырғызстанның Орталық банкінің «Құмтор» алтын кенішіндегі барлық алтындарын сатып алатындығын мәлімдеді. Қазіргі уақытта «Құмтор» компаниясының барлық есепшоттары бұғатталған және Қырғызстаннан тыс жерлерде орналасқан. Осы тұрғыда Орталық банк, «Құмтор Голд Компани» және «Кырғыз Голд» арасында Құмтордан алтын сатып алу туралы үшжақты келісім дайындалуда. 2021 жылы ақпанда Қырғызстан Парламенті Құмтордың жұмысын қадағалайтын Мемлекеттік комиссия құрды. «Құмтор Голд Компани»-канадалық «Centerra Gold» алтын өндіруші компаниясының еншілес компаниясы (Кабар, 20.05.2021).

Түркіменстанның Қаржы және экономика министрі Мухамметгелди Сердаров Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) төрағасы Фатих Түркменоғлымен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар банктің Түркіменстандағы әкімшілік жобаларға қатысуын және елдегі қаржы нарықтарын дамытуға көмектесу мүмкіндіктерін талқылады. Тараптар сонымен қатар шағын бизнес жобаларын қаржыландыру мәселелерін қолға алды. Түрікменстанның банка мен мемлекеттік емес сектордағы ынтымақтастығының арқасында ЕҚДБ бірқатар жобаларды қаржыландыруды бастады (Orient, 19.05.2021).

Украинаның Еуропалық және еуроатлантикалық интеграция бойынша Вицепремьері Ольга Стефанишина қыркүйек айында ЕО-тың Украинаға 600 миллион еуро көлемінде екінші макроқаржылық көмек бөлу туралы шешім қабылдауы мүмкін екенін мәлімдеді. Қолдау алу үшін Украина қажетті шарттарды орындауы керек. 2020 жылдың сәуірінде Еуропалық комиссия Украинаға 1,2 миллиард еуро көлемінде қаржылық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Көрсетілген соманың жартысы 2020 жылдың желтоқсанында Украинаға берілді (Укринформ, 21.05.2021).

Әзірбайжан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты ынтымақтастық тереңдей түсуде. Жақында екі ел Баку қаласында 20 мамырда өткен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның төртінші сессиясында таза энергияға көшу туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандум жаңартылатын энергия, энергия тиімділігі, аз көміртекті технологиялар, либералды энергетикалық нарыққа көшу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және климаттың өзгеруі проблемасын шешудің мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған (AzerNews, 21.05.2021).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Қырғызстанға 4,500 тонна ұн жеткізді. 75 вагонға тиелген жүк теміржол арқылы Бішкекке жіберілді. Жеткізу рәсіміне Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рапил Жошыбаев пен Қырғызстан Ауыл шаруашылық, су және орман министрінің орынбасары Азамат Мұқашев қатысты. Қырғыз тарапы Қазақстанның көрсеткен көмегіне ризашылықтарын білдірді (Astanatimes, 19.05.2021).

Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әмреев Әзірбайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Жейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Түркі кеңесі мен Әзірбайжан арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын талқылап, Түркі кеңесінің қазіргі күн тәртібін жүзеге асыруда үйлестіруді одан әрі күшейтуге бел буғандықтарын қуаттады. Тараптар 2021 жылдың күзінде Ыстамбұлда өткізілуі жоспарланған Түркі кеңесі саммитіне дайындықтарын да егжей-тегжейлі баяндады (Turkkon.org, 18.05.2021). Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Украинаның қорғаныс министрлігіне қарасты Ирпин ауруханасындағы Ирпин санаторийі мен оңалту медициналық орталығына жабдықтармен көмек көрсетті. Көмек жиналмалы төсек, кәсіптік терапия мен психологиялық оңалтуға арналған аралық перделер, тізе буындарына арналған үздіксіз пассивті қозғалыс құрылғылары сияқты клиникаға арналған әртүрлі медициналық жабдықтардан тұрады. Украина әскери іс-шараға қатысушыларды оңалту жөніндегі президенттік комиссар Вадим Свириденко ТИКА-ға алғысын білдіріп, аз уақытта маңызды жобаға қол жеткізгендіктерін атап өтті (Reliefweb.int, 21.05.2021).

Ашхабадта дос және бауырлас қалалар әкімдерінің кездесуі өтті. Іс-шара Ашхабадтың 140 жылдығына орай онлайн және ашық форматта өткізілді. Іс-шараға әлемнің көптеген қалаларының әкімдері, әкім орынбасарлары мен халықаралық ұйымдардың жергілікті өкілдері онлайн режимде қатысты. Қатысушыларға ақ мәрмәр астананың жетістіктері туралы бейнеролик көрсетілді (Centralasia.news, 21.05.2021).

Құрамында белгілі кинематографистерден тұратын Өзбекстан делегациясы Тәжікстанда өзбек киносы күндерін ұйымдастырды. Тәжікстандағы өзбек киносы күндерінің ашылу салтанаты Душанбедегі «Ватан» кинотеатрында өтті. Шарада үш көркем және үш деректі фильм көрсетілді. Екі елдің киноиндустрия басшылары бірлескен мәдени іс-шаралардың рөлі туралы әңгімелеп, өзбек және тәжік кинематографиясын дамытуға жоспарланған жобалар туралы ақпарат алмасты (Өзбекстан, 20.05.2021).

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, қоршаған ортаны жақсарту, табиғи ресурстарды сақтау және аймақтағы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Арал өңірін экологиялық инновациялар мен технологиялар аймағы ретінде жариялау туралы бастаманы ұсынды. Жақында Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы өзінің 75-ші пленарлық сессиясында осы қаулыны бірауыздан қабылдады. Бас ассамблея 2030 күн тұрақты даму күнтәртібіне сәйкес экологиялық таза технологияларды дамыту және енгізу үшін ел деңгейіндегі, аймақтық және көпжақты ынтымақтастыққа шақырды (UzReport, 19.05.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.