«Теңіз элементтері бар көл» мәртебесіне ие каспий теңізі: қай мемлекет үшін бұл тиімді?

«ТЕҢІЗ ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР КӨЛ» МӘРТЕБЕСІНЕ ИЕ КАСПИЙ ТЕҢІЗІ: ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҮШІН БҰЛ ТИІМДІ?
Ауданы шамамен мың км2 болатынКаспий теңізі әлемдегі ең ірі құрлықішілік су айдыны болып табылады. Каспийде көмірсутегі шикізатының үлкен қорларымен қатар, әлемдік бекіре тұқымдас балық қорының 90%-ы шоғырланған. Мұнда Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың 20-дан астам түрі мекендеп, өсімдіктердің 20-ға жуық түрі өседі. 1991 жылға дейін Каспий теңізіндегі халықаралық қатынастарды тек екі құжат ғана реттеген. Олар: 1921 жылғы Ресей мен Персия арасындағы шарт және 1940 жылғы Кеңес Одағы мен Иран арасындағы сауда және теңізде жүзу туралы шарт. Алайда, бұл келісім-шарттар негізінен балық аулау және кеме қатынасы мәселелеріне ғана қатысты болды. Кеңес Одағы тарағаннан кейін аймақта жаңадан төрт тәуелсіз мемлекет құрылып геосаяси ахуал айтарлықтай өзгерді. Бұл жағдай Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінжаңадан қалыптастыруды қажет етті. Дегенмен, Каспий теңізі энергия ресурстарына бай аймақ қана емес, сонымен қатар күрделі геосаяси аймақ екендігін бүкіл әлем мойындап отыр.
Нақты географиялық және гидрологиялық сипаттамаларына байланысты су айдыны ерекше құқықтық мәртебеге ие. Каспийді Теңіз құқығы туралы БҰҰ Конвенциясы тұрғысынан теңіз деп атауға да болмайды, өйткені ол әлемдік мұхитқа шығысы жоқ жабық су айдыны болып табылады. Теңіз суын көл суынан ерекшелейтін тағы бір айырмашылық – судың жоғары тұздылығы. Каспий теңізінің суы өзен суына қарағанда тұздылау болса, мұхит суымен салыстырғанда әлдеқайда тұщы болып есептеледі. Каспий теңізінде солтүстіктен оңтүстікке қарай тұздылық деңгейі артады. Еділ өзенінің дельтасында тұздылық дәрежесі 0,3‰ болса, оңтүстік және орта Каспийдің аймақтарында тұздылық 13‰-ге дейін жетеді. Ал әлемдік мұхиттың тұздылығы орташа есеппен 35-37‰-ді құрайды. Демек, бұл жәйт Каспий теңізін көл ретінде қарастыруға құқық береді. Екінші жағынан, Каспий теңізі көлемі жағынан басқа дәстүрлі көлдерден айтарлықтай үлкен болуымен ерекшеленеді. Бүгінде әлемде жағалауы бес мемлекетпен шектесетін ешқандай көл жоқ. Оның су құрамы мен түбінің құрылымы орта мұхиттық жоталарда пайда болып, субдукция аймақтарында сіңген және континенттерге қарағанда қалыңдығы жағынан жұқа және базальт құрамымен ерекшеленетін мұхит қыртысы болғандықтан мұхитқа айтарлықтай ұқсас. Тіпті, бірнеше ғасырлар бұрын Каспий теңізінің Жерорта теңізімен тікелей байланысы болған, бірақ құрғақшылық және тектоникалық процестерге байланысты олар бөлініп кеткен деген тұжырымдамалар да бар.
Каспий теңізіне қатысты нақтылықтардың болмауы оның құқықтық мәртебесін анықтау кезінде қиындықтарға соқтырды.
Бірнеше жылдар бойы құқықтық мәртебеге қатысты ортақ шешім қабылдау және келісім-шарт жасау сияқты нәтижеге қол жеткізу әрекеттері тараптардың өз позицияларында «қатып қалуы»
салдарынан әрқашан сәтсіз аяқталып отырды.
Каспий теңізінің шекарасын анықтау тараптардың саяси келісімі болған жағдайда ғана мүмкін. Яғни, теңіз түбінде бұрғылау жұмыстарын жасау үшін мемлекеттік шекаралар нақты белгіленуі қажет.
Сондықтан, Қазақстан мен Әзірбайжан Каспий теңізін секторлық бөлуге қатысты позиция ұстанды. Бұл мемлекеттер көпжақты келіссөздер басталғаннан бері өз ұстанымдарын айқын көрсетті. Әзірбайжан Каспий теңізін көл деп атап, оны бөлісу керек деп санайды. Қазақстан БҰҰ-ның 1982 жылғы Теңіз құқығы Конвенциясына сілтеме жасай отырып, Каспийді жабық теңіз ретінде қарастыруды ұсынды.
Сәйкесінше, Қазақстан Каспий теңізін осы Конвенцияға сәйкес бөлу керек деп есептейді.
Түркіменстан Каспийді бірлесіп басқару және пайдалану идеясын ұзақ уақыт бойы қолдап келді. Алайда, Түркіменстан жағалауында ресурстарды игеріп жатқан шетелдік компаниялардың ықпалымен ел президенті кондоминиум режимін орнатуға қарсылық білдіріп, теңізді бөлісу керектігін қолдады. Трансұлттық компаниялар сияқты үшінші тараптың аймаққа кіруіне кедергі жасау мақсатымен Ресей және Иран кондоминиумды жақтап, соның негізінде ымыраға келуді ұсынды.
Иранның жағалауы Каспий теңізінің суы терең бөлігінде орналасу себепті жерасты реурстарын игеру қиын болғандықтан теңізді бөлісу мәселе бойынша ең қатал позицияны осы ел ұстанды. Сондықтан Иран теңізді тең үлестік принцип бойынша, яғни әрбір шекаралас мемлекетке 20 пайыздан бөлуді талап еткен болатын. Иранның бұл ұсынысы жүзеге асқан жағдайда, ол секторлық бөлініске қарағанда әлдеқайда мол олжаға ие болар еді. Каспийдің ресурстарын бөлуге қатысты бірнеше жылға созылған келіспеушіліктерден кейін, 2018 жылы Каспийдің шекаралас елдері ортақ мәмілеге келіп, теңіздің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды. Конвенцияға сәйкес осы бес мемлекеттің территориялық суларының ұзындығы 15 теңіз милінен, балық аулау аймағы 10 теңіз милінен аспайтындай етіп бекітілді. 1992 жылғы БҰҰ-ның Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенциясына сәйкес трансшекаралық өзендер мен халықаралық көлдер шекаралас мемлекеттердің әкімшілік құзіретінде болып, оның мемлекеттік территориясының бір бөлігі болып есептеледі. Шекаралас елдің егемендігі көлдің осы мемлекетке тиесілі жағасы мен негізгі кеме жолының ортасында орналасқан мемлекеттік шекара сызығының арасындағы аумаққа таралады. Егер Каспий теңіз деп танылған жағдайда, теңізді бөлуге ішкі сулар, территориялық теңіз, ерекше экономикалық аймақ және континенттік шельф туралы БҰҰ-ның 1982 жылғы Теңіз құқығы конвенциясының ережелері қолданылуы керек.
Бұл жағалаудағы мемлекеттерге аумақтық теңіздің қойнауына егемендік алуға және континенттік шельф ресурстарын барлау мен игеруге айрықша құқықтарға ие болуға мүмкіндік береді. Алайда тараптар Каспий теңізін бөлу кезінде теңізге де, көлге де қатысты қағидаттарды есепке ала отырып, «теңіз элементтері бар көл» мәртебесін беруді ұйғарды. Яғни, Каспий теңізінің түбі теңіз сияқты секторларға бөлінсе, ал су қабаты үшін көлдің қағидаттары жүзеге асырылып отыр. Алайда, 1992 жылғы БҰҰның Халықаралық көлдерді пайдалану туралы конвенциясына сәйкес су қабаты шекаралас мемлекеттердің территориясына жатады. Ал Каспий теңізінде тек 15 миль территориялық су ретінде, тағы қосымша 10 миль аумақ балық аулау үшін ғана заңдастырылған. Ал, қалған кеңістік саяси және әскери мақсаттарды көздейтін Ресей мен Иранның талап етуімен тек шекаралас мемлекеттер үшін ашық теңіз болып қала бермек. Аталмыш екі ел каспийлік мемлекеттерден басқа елдердің, яғни үшінші тараптың әскери кемелері үшін жабық болуын қалады. Бұл Ресей мен Иран үшін маңызды және негізгі мәселе болды. Сондықтан, осы екі мемлекет үшін мәселенің оң шешім табуы көп жылғы келіссөздердің басты жетістігі болып саналады. Демек, Каспий теңізінде конвенцияға қол қойған елдердің өкілдерінен басқа әскерилер болмайды. Яғни, бұл – ұлттық шекарадан 25 миль қашықтықта көршілес мемлекеттердің әскери кемелері еркін жүзе алады деген сөз. Өз кезегінде, бұл теңіз әскери флоты дамыған елдердің пайдасына шешілген мәселе болып отыр. Яғни, Ресей бұл аймақта экономикалық мүддеге қарағанда саяси мүддеге аса ауыр басымдық бере отырып, Каспий мәселесінде саяси жеңіске қол жеткізді.
Қорытындылай айтсақ, экономикалық тұрғыдан алғанда, Каспий теңізінің түбін бөлу барлық шекаралас елдер үшін қолайлы болды. Барлық мемлекеттер өздерінің шекаралық аймағына сәйкес «әділ» тиісті бөлігін алды. Иран бұл шешіммен толықтай келіспегенімен, өзінің саяси мақсаттары үшін компромиске баруды дұрыс көрді. Ал саяси тұрғыдан қарағанда, Ресей мен Иран каспийлік емес мемлекетке теңізге кіруге рұқсат бермей, бұрынғы келісімшарттардағыдай «ішкі көл» мәртебесін сақтап қалды. Осылайша, Каспий Ресей мен Иран сияқты аймақтық державалардың саяси ерік-жігерінің арқасында «теңіз элементтері бар көл» ерекше мәртебесіне ие болып отыр.
Жазушы: Жандос Кудайбергенов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік Қазақстан премьер-министрі Әлихан Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Мәскеуге сапары барысында Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесуде премьер-министр Орбан Ресей президентіне «бейбітшілік миссиясында» екенін айтып, Еуроодақ (ЕО) елдерінде ешбір көшбасшы соғыс пен қақтығысты қаламайтынын мәлімдеді. Cонымен бірге, Венгрия басшысы Венгрияның өзара ұзақ мерзімді келісім-шарт бойынша Ресейден табиғи газ импортын ұлғайтқысы келетінін білдірді (France24, 01.02.2022). Түркия Ұлы ұлттық мәжілісі (TBMM) Әзірбайжанмен 2021 жылы 15 маусымда қол қойылған тарихи Шуша декларациясының жобасын мақұлдады. Жалпы 581 депутаттың 266-сы декларацияны қолдап дауыс берсе, 11 депутат қарсы болды. Декларация Түркия мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынастардың одақтық деңгейін көтеруді көздейді және екі армияның сыртқы қауіптерге қарсы ынтымақтастығын қолдайды (Anadolu Agency, 03.02.2022).
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдері Қорғаныс министрлері кеңесінің өкілдері онлайн форматта үйлестіру кеңесін өткізді. Қатысушылар тығыз әскери ынтымақтастықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Жиынның басты тақырыбы – бірыңғай мемлекеттік радиолокациялық сәйкестендіру жүйесін енгізу мәселесін талқылау болды. Сондай-ақ тараптар мемлекетаралық ынтымақтастық спектрін кеңейту, әсіресе қарулы күштерді жаңғырту, кадрларды даярлау және құқықтық базаны жетілдіру мәселелеріне тоқталды (Centralasia.news, 31.01.2022). Грузия президенті Саломе Зурабишвили Украинамен ынтымақтастығын қайталап, Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған әрекеттерді құптады. Ол Грузияның шиеленісті азайтуға бағытталған күшжігерді қолдайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Грузия парламенті Украинаны қолдайтын қарар қабылдаған болатын. Қарарда Грузия егеменді елдің аумақтық тұтастығына жасалған кез келген әрекетті айыптайтыны айтылған (Ukrinform.net, 05.02.2022).
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Қытайға барды. Қасым-Жомарт Тоқаев қытайлық әріптесі Си Цзиньпинмен кездесті. Екіжақты кездесулер барысында мемлекет басшылары Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігіне қатысты түрлі мәселелерді, соның ішінде саяси, саудаэкономикалық, көлік-тасымалдау салаларын талқылады. Си Цзиньпин мемлекет басшысы Тоқаевтың биылғы күзде Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын қабылдады (Kazinform, 05.02.2022).
Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддиннің мәлімдемесіне сәйкес, Душанбе халықаралық ұйымдар арқылы Ауғанстан халқына азық-түлік көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Жақын арада Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек жеткізіле бастайды. Мухриддин Тәжікстанның Талибан үкіметіне деген көзқарасының өзгермегенін тілге тиек етті. Тәжікстан Талибаннан Ауғанстанда инклюзивті үкімет құруды және адам құқықтары мен бостандық талаптарын сақтауды талап етті (ASIA-Plus, 02.02.2022). Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді. Отырыста 2021 жылы Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 30,4 миллиард долларды құрап, 2020 жылы 7,3 пайызға артық екені айтылды. 2021 жылдың 9 айында Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 49 пайызға өсіп, 18,7 миллиард долларға жетті (Qazaq TV, 02.02.2022).
Қазақстан Сауда және интеграция министрлігінің мәліметі бойынша, 2021 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты тауар айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 85 пайызға өсіп, 440 миллион доллардан асты. Елдер екі елдің бизнес өкілдері арасындағы диалогтың тиімділігін арттыру үшін жұмыс кеңесін құруды жоспарлап отыр. Қазақстан Қазақстан-Түрікменстан-Иран темір жолында қолайлы тарифтік шарттарды құру бойынша бірлескен күш-жігерді одан әрі жалғастыруды ұсынады (Qazaq TV, 04.02.2022). Жақында Қырғызстан Инвестициялар министрінің орынбасары Нұрәділ Баясов Түркияда болып, Түркияның энергия өндірушілері және кәсіпкерлер одағымен «жаңартылатын энергия көздерін дамыту және осы саладағы ынтымақтастық» туралы екіжақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында Түркияның энергетика Өндірушілер мен кәсіпкерлер қауымдастығы, күн және жел 2022 жылдың сәуір айында электр станцияларын салу және осы саладағы әлеуетті бағалау үшін Қырғызстанға барады (Kabar, 04.02.2022). Жақында Азия даму банкінің (АДБ)
президенті Масатсугу Асакава Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Сардор Умурзаковпен онлайн кездесу өткізді. Асакаваның айтуынша, АДБ Өзбекстанның жаңартылатын энергия секторын дамытуға қолдау көрсетеді. Банктің Өзбекстандағы портфелі 10 миллиард доллардан асады, Өзбекстанда АДБ-ның 2022-2024 жылдарға арналған бизнес-жоспарының шеңберінде құны 2,8 миллиард доллар болатын 27 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда (UzReport, 03.02.2022). Түркия Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Оңтүстік газ дәлізі консультативтік кеңесінің 8ші отырысында Түркия мен Еуропа елдерінің Трансанадолы табиғи газ құбырының өткізу қабілетін арттыруды жоспарлағанын мәлімдеді. Құбырдың жылдық шығыны 16 миллиард текше метрді құрайды және оны 31 миллиард текше метрге дейін арттыру мүмкіндігі бар (Orient, 06.02.2022).
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украинаға барып, украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен кездесті. Президент Ердоған ортақ баспасөз мәслихатында екі елдің еркін сауда келісіміне қол қою арқылы жоспарланған 10 миллиард долларлық сауда көлеміне жылдам жететінін білдірді. Екіжақты сауда көлемі 2021 жылы 60 пайызға өсіп, жалпы сомасы 7,5 миллиард долларға жетті. Сонымен қатар, ол Украинадағы түрік инвесторлары екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтқанын білдірді (Ukrınform, 04.02.2022).
Дайындағандар:
Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет Тәжікстан Үкіметі жанындағы Қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы Баходур Шерализоданың айтуынша, жақын болашақта климаттың өзгеруінен ең көп зардап шегетін салалар энергетика, су шаруашылығы, көлік және ауыл шаруашылығы болмақ. Есептерге сәйкес, алдағы 30-40 жылда елдегі мұздықтар қазіргі деңгеймен салыстырғанда 10-15 пайызға азаюы мүмкін. Бұл үрдіс сумен жабдықтауға әсер етіп, сел және құрғақшылық сияқты ауа райының жиі кездесетін оқиғаларына әкеледі (ASIA-Plus, 01.02.2022).
Жапония үкіметі «Өзбекстанның Ферғана алқабында бау-бақша дақылдарын өсірушілердің климатқа төзімді өмір сүру құралдарын құру» бірлескен жобасын жүзеге асыру үшін 956,147 долларлық қаржыландыруды мақұлдады. Жоба ауыл шаруашылығының климаттың өзгеруіне бейімделуіне үлес қосуға және Ферғана алқабындағы климатқа төзімді даму арқылы таза нөлдік мақсатқа жетуге бағытталған. Бір жылдық бастама 2022 жылдың наурыз айында басталады («The Times of Central Asia», 04.02.2022).
Ташкенттің тарихи қоныстарының бірі «Махалла» Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) мәдени мұрасының алдын ала тізіміне енді. Ташкентте төңірек дәстүрлі тұрғын үй құрылысының және мәдениет пен дәстүрді сақтаудың бір бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта Өзбекстанның Бұхара мен Шабздың тарихи орталықтары, Ичан-Қала қамалы, Самарқанд және Батыс Тянь-Шань сынды әртүрлі мәдени нысандары ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізілген (ASIAPlus, 04.02.2022). БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ауған әйелдері мен қыздарын оқытуға бағытталған аймақтық бастаманың соңғы жаңалықтарын талқылау үшін жыл сайынғы онлайн кездесу өткізді. Қатысушылар мұқтаж жандарға түрлі жеңілдіктер беретін бұл бағдарламаны қолдауға дайын екендіктерін білдірді. 2019 жылы пилоттық түрде өткізілген жоба Қазақстан мен Өзбекстанда оқитын Ауғанстаннан келген 50 әйелге академиялық шәкіртақы берді («The Times of Central Asia», 03.02.2022).
Бакуде түрік тілінде хабар тарататын алғашқы радиостанция Әзірбайжанда хабар тарата бастады. Жаңа радио TMB мемлекетаралық ақпарат алмасуды дамытуға ықпал етеді. Радио TMB жобасының әлеуметтік мақсаты - Әзірбайжанның ұлттық көзқарасы мен төзімділігін насихаттау, жастарды ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді қабылдауға шақыру және түрік елдері мен халықтарының заманауи музыкалық өнеріне назар аудару (Azertag.az, 02.02.2022). БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Өзбекстанның «Аграрлық сектор әйелдері» қауымдастығымен бірлесіп Қарақалпақстанның Бозтау ауданында мал шаруашылығы жөнінде бірқатар тренингтер өткізді. Тренингке 50-ге жуық адам қатысты, олардың көпшілігі ауылдан келген әйелдер мен жастар. Тренингті БҰҰДБ және ФАО ұйымы Арал өңіріндегі мұқтаж азаматтардың экономикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуге бейімделу қабілетін нығайтуға бағытталған бірлескен бағдарлама аясында ұйымдастырды (UzDaily, 01.02.2022).




