f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Талибанның Ауғанстан билігіне келуі мен оның аймақтық және жаһандық әсері
ebulletin

Талибанның Ауғанстан билігіне келуі мен оның аймақтық және жаһандық әсері

Авторлар: Өмірбек Қанай
2021 ж. 15 қыркүйек
Талибанның Ауғанстан билігіне келуі мен оның аймақтық және жаһандық әсері

ТАЛИБАННЫҢ АУҒАНСТАН БИЛІГІНЕ КЕЛУІ МЕН ОНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӘСЕРІ АҚШ пен НАТО әскерлері Ауғанстаннан шегіне бастағанда күшейе түскен «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) 2021 жылы 15 тамызда күтпеген жылдамдықпен Ауған астанасы Кабулды соғыссыз басып алып, бүкіл әлемді тағы да тіксіндірді. Ауғанстан үкіметі құлап, Талибан елдің басым бөлігін бақылауға алған соң Ауғанстанда күрделі хаос орнады. Талибанның тура 20 жылдан кейін Ауғанстанда билікті қайта басып алуы көптеген сұрақ туғызуда. Бұл тұрғыда Ауғанстанның болашағы мен оның аймақтық және жаһандық салдары қандай болатыны талқылауға тиісті мәселе болып отыр.

Ендеше, АҚШ неліктен Ауғанстаннан шегінді? Ең алдымен, АҚШ Ауғанстаннан асығыс-үсігіс шегінген сияқты көрінгенімен, шынтуайтында Вашингтон Ауғанстаннан кетуге әлде қашан шешім қабылдаған болатын. Әсілінде АҚШ-тың 2020 жылдың ақпанында Катардың астанасы Дохада Талибанмен Ауғанстанда бейбітшілік орнату туралы келісімге қол қоюы, Ауғанстанның болашағы мен тағдырын ауғандықтардың өз еркіне беруге шешім қабылдағанын көрсеткен еді.

Вашингтонның аталмыш ұстанымын нақтылай түскен АҚШ президенті Жо Байден 2021 жылы 14 сәуірде АҚШ-тың әскерінің 2021 жылдың 11 қыркүйегіне дейін Ауғанстаннан толығымен кететіндігін мәлімдеген болатын.

Байденнің мәлімдемесінде айтылғандай, Вашингтон жылдан кейін де Ауғанстанда жалғасты әскер ұстаудың еш қажеті жоқ деп түйді. Өйткені Ауғанстанға терроризммен соғыс ұранымен кірген Вашингтонға қарсы соңғы жылдары Ауғанстанда да, АҚШ-та да қарсылық күшейе түсті. Сонымен қатар, 20 жылға созылған Ауған соғысында 2352 әскері өліп, 2,313 триллион доллар жұмсаған АҚШ-қа Ауғанстанда жалғасты әскер ұстап отыра беру «қымбатқа» түсер еді.

Шынын қуғанда, АҚШ-тың Ауғанстаннан шегінуін геостратегиялық қадам ретінде бағалауға болады. Ауғанстаннан шегініп шыққан АҚШ-тың көп ұзамай Ирак пен Сириядан да толықтай шегінетіні анық. Осылайша, Таяу Шығыстағы әскери шығындарын қысқартқан АҚШ-тың бар күш-жігерін Үнді-Тынық мұхиты аймағына бұратынын болжауға болады. Өйткені Қытайдың аймақтағы геосаяси және геоэкономикалық әрекеттерінің күшеюіне алаңдаған АҚШ пен оның одақтастары, әсіресе, соңғы жылдары Үнді-Тынық мұхиты аймағына баса назар аудара бастады. Онсыз да АҚШ-Қытай сауда соғысының көлеңкесінде Үнді-Тынық мұхиты аймағында АҚШ, Австралия, Жапония және Үндістанның Қытайға қарсы ынтымақтастығы күшейген кезде Германия мен Франция да одаққа қосылған болатын.

Бұл тұрғыда Трамп билігімен салыстырғанда Қытайға қарсы анағұрлым терең стратегия ұстанған Байден билігі АҚШ-тың одақтастарымен қарымқатынасты одан әрі бекемдеумен бірге, Тайваньмен және жылдар бойы аралдарға байланысты Қытаймен талас-тартысқа түсіп келген басқа да аймақ елдерімен жанжақты саяси, сауда-экономикалық және әскери ынтымақтастықты нығайта бастады. Ауғанстаннан шығып, Ирак пен Сириядан да шегіне бастағанын АҚШ-тың миллиардтаған долларлық шығындарын «үнемдейтінін» ескергенде, алдағы кезеңде Үнді-Тынық мұхиты аймағында Пекиннің ықпалын тежеу үшін Вашингтонның аймақтағы позициясын күшейтетінін болжау қиын емес. Осыған байланысты, соңғы жылдары АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіскен бәсекелестік сахнасына айнала бастаған Үнді-Тынық мұхиты аймағы Вашингтонның келесі геосаяси ойындарының басты алаңы болуы мүмкін. Сондай-ақ, АҚШ-тың өзі шегінген соң тіпті де тұрақсыз күйге түскен Ауғанстанның ағымдағы және ықтимал барлық мәселелерін аймақтағы өз бәсекелестері Ресей, Қытай және Иранға қалдырғысы келгені анық. Ауғанстанда Талибан билікті басып алғаннан кейін күрделі хаос болған жағдайда туындайтын барлық ықтимал қауіп-қатерлердің Ресей, Қытай және Иран бастаған аймақ елдерін қатты алаңдататынын АҚШ жақсы білді. Талибан басып алған Ауғанстанның көршілес елдер үшін қиын мәселеге айналуынан алаңдаған Ресей, Қытай және Иранның алдағы кезеңде Ауғанстанға көбірек көңіл бөлетіні айтпаса да түсінікті. Аталмыш елдер Ауғанстанмен әлек болған кезде АҚШ басқа аймақтарда, әсіресе, Үнді-Тынық мұхиты аймағында өз ықпалын нығайтуға ұмтылатын болады. Алайда АҚШ тастап шыққап Ауғанстанға Қытай үлкен қызығушылық танытып отыр. Бұл тұрғыда 2021 жылы 28 шілдеде Қытай билігі Пекинде Молла Абдулгани Барадар бастаған Талибанның жоғары деңгейдегі делегациясын қабылдап, Талибанмен ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Қытайдың Талибанға деген аталмыш ұстанымын бірнеше себептермен байланыстыруға болады.

Біріншіден, Шыңжаң ұйғыр автономиялық районының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне алаңдаған Қытай бұрын да Талибанмен түрлі диалогтар жүргізген. Сондықтан Қытайдың Талибанмен байланысының астарында Шыңжаң аймағының тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаты жатыр. Екіншіден, АҚШ-тың Ауғанстаннан шығуы Қытайдың бұл елдегі саудаэкономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерін арттырады деуге болады. Қытай деректеріне сәйкес, 2020 жылы Қытай мен Ауғанстан арасындағы екіжақты сауда көлемі 550 миллион долларды құраса, 2020 жылдың желтоқсанындағы есеп бойынша Қытайдың Ауғанстанға тікелей шетелдік инвестициясы 630 миллион долларға жетті. Дегенмен, Қытайдың Талибан билігін мойындауда аса сақ болатындығы мәлім.

Қалай болса да, жеңімпазы белгісіз Ауған соғысында Ауған халқы тағы да тығырыққа тірелді. Өйткені Ауғанстанда билікті басып Талибан бейбітшілікті қолдай ма, жоқ па деген үлкен сұрақ туындайды. АҚШ келді, кетті. Бірақ Ауғанстанда жалғасып келе жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық, діни және этникалық мәселелер сол бойы қалды. Әзірге оң өзгерістер көрсетуге тырысып жатқан Талибанның болашақта қандай басқару тәсілін қолданатыны әлі белгісіз. Хаос пен белгісіздік жайлаған Ауғанстанда жоғарыда аталған мәселелер тіпті де тереңдей түсетіні мәлім. Ел қазірдің өзінде сұрапыл азамат соғысының алдында тұр. Ауған соғысы басталған 2001 жылы туған ауған балалары бүгінгі таңда 20 жастағы азамат болды. Бір тарапта, бұрындары отбасы мен туыстары Талибанның қысымына ұшыраған немесе бомба шабуылдарын көзімен көріп өскен жастар болса, екінші тарапта Талибан тәрбиелеген қарулы жастар бар. Бұған қоса, Ауғанстандағы этникалық және діни айырмашылықтарды ескерсек, елде бейбітшілікке қол жеткізу қиын сияқты. Сонымен қатар, ішкі және сыртқы мүдделі топтардың Ауғанстандағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, діни және этникалық мәселелерді өз мүдделеріне қарай өршітетінін де ескермеуге болмайды. Қорыта айтқанда, алдағы бір неше жылда Ауғанстанда бейбітшілік пен ішкі тұрақтылықтың орнай қоюы екіталай. Сондай-ақ, Ауғанстан ислам әмірлігін құруға тырысқан Талибанның билігі де қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Тұрақсыздық жайлаған Ауғанстан үлкен экономикалық дағдарысқа да дүп келуде. Ауғанстанмен көршілес орналасқан Орталық Азия елдері тұрғысынан алып қарағанда, Ауғанстанда радикалды Талибан билігінің оралуы аталмыш елдері үшін айқын мәселе деуге болады. Ендеше Орталық Азия елдері Ауғанстандағы жағдайды мұқият қадағалап, барлық қауіпқатерге дайын болуы керек. Әрине, алдағы бірнеше жылда Талибан өзінің билігін нығайтуға және Ауғанстанды тұрақтылықты қалпына келтіруге барынша тырысатынын ескерсек, оның көрші елдермен ешқандай жанжалға түсе қоймайтынын да болжауға болады. Қалай болмасын, Орталық Азия елдері үшін Ауғанстан бойынша тығыз ынтымақтастықта болу өте маңызды.

Жазушы: Өмірбек Қанай, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік  2020 жылы Қазақстанда тасымалдаудың       Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңестің Президенті Чарльз Мишельмен телефон арқылы сөйлесіп, Ауғанстандағы қазіргі ахуалды талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Чарльз Мишельге Қазақстанның аталмыш мәселеге қатысты ұстанымын білдіріп, Қазақстандағы ауған студенттеріне қажетті көмек көрсетілгенін баяндады. Чарльз Мишель, ағымдағы жылы Брюссельге сапары кезінде президент Тоқаевпен кездесуді күтетінін мәлімдеді (ҚазАқпарат, 26.08.2021).

Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Фарход Арзиев Өзбекстанның Ауғанстаннан азаматтарды эвакуациялауда халықаралық серіктестеріне көмектесуді жалғастыратынын хабарлады. Сонымен қатар, Арзиев Өзбекстанға транзит жасайтындардың ешқайсысының елде қалмайтынын және олардың міндетті түрде белгіленген бағыттарға жететіндерін айтты. Өзбекстан Ауғанстанда жаңа үкімет құру туралы ұлттық консенсусқа қол жеткізуге мүдделі, ал елдің Кабул мен Мазари-Шарифтегі дипломатиялық миссиялары өз қызметін жалғастыруда (UzReport, 26.08.2021).

Ресей Президенті Владимир Путин Пәкістан Премьер-министрі Имран Ханмен телефон арқылы сөйлесті. Көшбасшылар Ресей мен Пәкістан арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерімен қатар, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мен бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Сонымен қатар, тараптар екі елдің ауған мәселесіне қатысты көзқарастарын екіжақты, көпжақты шеңберде және Шанхай ынтымақтастық ұйымының функцияларын қолдана отырып үйлестіруге келісті. Көшбасшылар Ауғанстанда бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың, зорлық-зомбылықтың алдын алудың және ауғанаралық диалогты орнатудың маңыздылығына тоқталды (ТАСС, 26.08.2021).

Молдова Президенті Майя Санду, Румыния Президенті Клаус Иоханнис, Польша Президенті Анджей Дуда және Украина Президенті Владимир Зеленский Молдова тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында бірлескен баспасөз мәлімдемесін жасады. Президенттер Молдованың Еуропалық одаққа (ЕО) тез қосылуы үшін әрекет жасайтынын мәлімдеді. Көшбасшылар ЕО-дағы «ашық есік» саясатына адал екендіктерін мәлімдей отырып, Еуропамен ықпалдастық жолында Молдовамен көпжақты ынтымақтастықты құптады (Zdg.md, 27.09.2021).

Беларусь Қорғаныс министрлігі Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің төрағасы генерал-майор Олег Войнов Пәкістан Қарулы күштері Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің төрағасы генерал-майор Захид Махмуд бастаған пәкістандық әскери делегациямен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, екіжақты мүдделер жағдайында қорғаныс саласындағы екіжақты қатынастарды дамытуға дайын екендіктерін білдірді. Пәкістан делегациясы Беларусь әскери академиясында болып, әскери қызметшілердің оқу үдерісі мен кезеңдері туралы ақпарат алды (БелТА, 31.08.2021).

2021-2022 жылдары Беларусь пен Қытай аймақтарының жылы ретінде жарияланды. Тараптар Беларусь Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған шараның ашылу салтанатында саяси ынтымақтастық деңгейін көтеруге келісті. Беларусь Сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Борисевич жақында БеларусьҚытай қарым-қатынасының «темір бауырластық, барлық ауа-райы жағдайында үлгілі жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық пен серіктестік» мәртебесіне ие болатынын мәлімдеді. Екіжақты қатынастардың жаңа кезеңі жоғары деңгейдегі кезекті сапар кезінде қол қойылатын бірлескен декларацияда ресімделеді (БелТА, 31.08.2021).

     барлық түрлерінің тасымалы 2019 жылдың нәтижелерімен салыстырғанда 6%-ға төмендеп, шамамен 4 миллиард тоннаға жетті. Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі теміржол тасымалының 4%-дық өсіммен тұрақты екенін хабарлады. Сонымен қатар Еуропа елдері мен Қытай арасындағы транзиттік тасымалға байланысты транзиттік тасымал алғашқы жеті айда 37%-ға өсті (Qazaq TV, 31.08.2021).

2021 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты тауар айналымы 2020 жылмен салыстырғанда 26,7%-ға өсіп, шамамен 11 миллирд долларға жетті. Қазақстан Ресейге бидай, күріш, цемент, темір, табиғи газ конденсаты мен тыңайтқыш сияқты өнімдердің кең ассортиментін экспорттады. Ресейдің Қазақстанға инвестициялары 10%-дан астамға өсіп, яғни 12 миллиард доллардан асып, оң динамика көрсетті. Ресей негізінен өндіріс, сауда, қаржы және сақтандыруға инвестиция салады (Qazaq TV, 31.08.2021). Өзбекстан Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков Біріккен араб әмірліктері Экономика министрі Абдулла бен Тук әл-Марримен кездесті. Министрлер жалпы құны 5 миллиард доллар болатын 15 бірлескен инвестициялық жобаның жүзеге асырылатынын хабарлады. Өзбекстан мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасына қатысу үшін әмірлік инвесторларды тартуға мүдделі. Билік Өзбекстандағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға 100 миллион доллардан астам қаржы аударған Өзбек-әмірлік инвестициялық компаниясының табысты қызметі туралы айтты (UzReport, 26.08.2021).

2021 жылдың алғашқы алты айында Беларусь компьютерлік қызметтерінің экспорты 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,1%-ға өсіп, шамамен 1,5 миллиард долларға жетті. Беларусьтың жалпы қызмет экспорты бойынша компьютерлік қызметтердің үлесі шамамен 30%-ға жетті. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында елдің жалпы қызмет экспорты 17,6%-ға өсіп, 4,8 миллиард доллардан асты. Қызмет импорты 21%-ға өсіп, 2,7 млрд долларды құрады. Нәтижесінде қызметтер саудасының профициті 2,2 миллиард долларға жетті (БелТА, 31.08.2021).

Түркия мен Қырғызстан арасындағы екіжақты тауар айналымы артып келеді. 2021 жылдың алғашқы жеті айында Түркияның Қырғызстанға астық пен бұршақ дақылдары экспортының көлемі шамамен 39%ға өсіп, 3,6 миллион долларға жетті. Жалпы алғанда, Түркияның астық пен бұршақ дақылдары экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ға артып, 4,8 миллиард долларға жетті. 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін Түркияның астық пен бұршақ дақылдары экспорты 8 миллиард доллардан асты (Kabar, 25.08.2021). Әзірбайжан Экономика министрлігінің мәліметінше, ел агропарктерді дамытуға 1,4 миллиард доллар инвестициялады. Экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту қоры 50 агропарк құру мен дамытуға 690 миллион доллар бөлді. 25-ке жуық агропаркке машиналар, технологиялық жабдықтар мен басқа да қондырғыларды импорттау үшін 19 миллион доллар жеңілдік берілді. Елдің жеке секторы 710 миллион доллар инвестициялады. Министрлік агропарктер арқылы 4.750 тұрақты және 4.800 маусымдық жұмыс орындарын құрды (AzerNews, 25.08.2021).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Анкараның Кечиөрен әкімшілігінің басты алаңында қырғыз эпопеясының әйгілі кейіпкері Манас ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, депутаттар, дипломаттар мен жергілікті үкімет басшылары қатысты. Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров осыған орай өзінің құттықтауын білдіретін бейне жолдау жариялады. Салтанат Қырғыз Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына сәйкес келді (Mfa.gov.kg, 31.08.2021).

Америка құрама штаттарының Халықаралық даму агенттігі (USAID) «Әйелдердің күші: пандемиядан кейінгі өсу тенденциялары» атты әйелдер саммитін ұйымдастырды. Онлайн-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Үндістаннан 100 көшбасшы әйелдер, кәсіпкерлер, әйелдер басқаратын бизнес-ассоциациялар мен тиісті үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Қатысушылар індетпен күресуде әйелдердің рөліне тоқталып, індеттің қиындықтарымен күресуде өз пікірлері мен табысты оқиғаларымен бөлісті. Іс-шара аймақ елдеріндегі гендерлік алшақтықты төмендетуге қолдау көрсетуге бағытталған (Usaid.gov, 24.08.2021).

Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған гранитті мемориал Молдовада 77 жылдан кейін алғаш рет аты аңызға айналған «Серпени Бриджхедхед» биіктігінде ашылды. Ескерткіш павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу тобының бастамасымен Eurasia Group жүзеге асырған «Құрметті жеңіс» халықаралық патриоттық жобасы аясында жүзеге асты. Жобаның жүзеге асырылуы Молдованың фашизмнен азат етілуінің 77 жылдығы мен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы сияқты бірнеше маңызды күндерге сәйкес келді (ҚазАқпарат, 24.08.2021).

2021 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейінгі кезеңде Ресейдегі халықтың табиғи төмендеуі 2020 жылғы 316,300-ге қарағанда 62%-ға өсіп, 512,500 адамға жетті. Осы жеті айда туылғандар саны 2020 жылдың қаңтар-шілдесінде 811,650-ден 1,1%ға, яғни 802,827-ге дейін төмендеді. Ресейдегі тұрақсыз демографиялық үрдістер, 2020 жылдан бастап COVID-19 таралуына байланысты қарқын алып келеді. Халықтың табиғи демографиялық өзгерісінің теріс қарқынына байланысты бұл үрдіс жалғасуда және көші -қон азайып бара жатқан халықтың орнын толтыру үшін жеткіліксіз (Interfax.ru, 27.09.2021). Қазақстанда Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толды. Америка құрама штаттарының Мемлекеттік департаменті Қазақстан Үкіметіне жалғасып келе жатқан серіктестік үшін алғысын білдіре отырып, осыған байланысты жабылу туралы шешімнің қауіпсіз ядролық қару және ядролық қаруды таратпау туралы нақты міндеттеме екенін жеткізіп, елді құттықтады. 42 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеген Семей ядролық полигонының аумағында ядролық қарудың барлық түрлерінің 456 сынақтары жүргізілген (ҚазАқпарат, 28.09.2021). Түрік Жұмыспен қамту агенттігінің (İŞKUR) бас басқармасы Түркия азаматтарының Өзбекстанға жұмыспен бару санының айтарлықтай өсуіне назар аударады. 2021 жылдың қаңтар-шілде кезеңінде Өзбекстанға İŞKUR желісі бойынша келген Түркия азаматтарының саны 2020 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 213%-ға артып, 411-ге жетті. Осы кезеңде шамамен 7,461 түрік азаматы İŞKUR арқылы шетелге барды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,3% жоғары (Trend.az, 26.08.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.