EUR/KZT бағамының дамуы

EUR/KZT БАҒАМЫНЫҢ ДАМУЫ Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚҰБ) 2018 жылдың 31 қаңтарында жариялаған есебіне сәйкес, 2017 жылы жеке тұлғалардың еуроға жасаған инвестициялары басқа қаржы құралдары арасында ұлттық валютадағы эквивалентте ең тиімдісі болды. 2017 жылы еуромен ашылған депозиттер шамамен 15,3%-дық табыс өсіміне әкелді. Оның үстіне, 2017 жылы ешқандай инвестициясыз ақшаны еурода сақтау кірістердің шамамен 13,1%-ға өсуін қамтамасыз етті. АҚШ доллары, қазақстандық теңге және ресейлік рубльмен ашылған депозиттер тиісінше 1,7%, 14,9% және 13,4% табыс әкелді. Осылайша, ел азаматтары EUR/KZT бағамына көбірек қызығушылық танытуда. Осыған байланысты оның қазіргі және болашақтағы динамикасын қарастырған маңызды. Жалпы, еуро ел азаматтары арасында аса көп сұранысқа ие емес. Мысалы, 2017 жылы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) жалпы валюта саудасында EUR/KZT саудасының үлесі 6,5%-ды құрады. Еуропалық валюта одағы (ЕВО) елдері Қазақстанның негізгі сауда серіктестері болып табылатынына қарамастан, еуро елде кең қолданысқа ие емес. Мысалы, 2017 жылы Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі Статистикалық комитетінің мәліметі бойынша, елдің жалпы экспортының 43%-ынан астамы (20,97 млрд. доллар) ЕВО елдеріне жіберілді. Сонымен қатар, осы кезеңде Қазақстанның ЕВО елдерінен импорты 4,41 млрд. долларды құрады, бұл елдің жалпы импортының шамамен 15,3%ына тең. Жалпы алғанда, ЕВО елдері Қазақстанның жалпы тауар айналымының үштен бірінен астамын (32,7%) құрайды. Бұл көрсеткіш тіпті 2017 жылы 23,3%-ды құраған бұрынғы КСРО елдерімен тауар айналымынан асып түсті. Еуро Қазақстанда көп сатылмағандықтан, EUR/KZT бағамы кросс-бағам бойынша белгіленеді. Мысалы, EUR/KZT бағамы USD/KZT және EUR/USD бағамдары негізінде белгіленеді. Яғни, EUR/KZT бағамы теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамына және еуроның АҚШ долларына шаққандағы бағамына байланысты. Сондықтан егер еуро АҚШ долларына қатысты нығайса, онда EUR/KZT бағамы көтеріледі, ал егер АҚШ долларына қатысты теңге бағамы көтерілсе, EUR/KZT бағамы төмендейді. 2017 жылы еуроға шаққанда теңгенің нығаюының басты факторы – АҚШ доллары қатынасына қарай еуроның нығаюы. Мысалы, 2017 жылы EUR/USD бағамы 13%-ға артып, 1 еуро құны 1,21 долларды құрады. Сонымен қатар, сол кезеңде теңгенің долларға шаққандағы бағамы 0,3%-ға артып, 1 доллар құны 332 теңгеге дейін көтерілді. Осылайша, EUR/KZT бағамы еуроның нығаюына байланысты өсті. 2017 жылдың басында 352 теңгені құраған 1 еуро 2017 жылдың соңына 398 теңгеге дейін қымбаттады. Еуро бірнеше себептерге байланысты АҚШ долларына қатысты нығайды. Ең негізгі себептердің бірі Еуропа орталық банкінің (ЕОБ) төрағасы Марио Драгидің ЕОБ-ның ақша-несие саясатында кейбір өзгерістердің енгізілетінін жариялауы болды. Валюталық одақтың экономикасын қолдау мақсатында 2014 жылы ЕОБ тарапынан басталған Сандық жұмсарту бағдарламасын (QE) жабу түрінде өзгерістер жүзеге асырылатын болады деп болжануда. Мысалы, 2014 жылы QE бағдарламасының енгізілуіне дейін EUR/USD бағамы 1 еуро үшін 1,4 долларды құрады. Бірақ бағдарлама күшіне енгеннен кейін 2017 жылдың басына қарай EUR/USD бағамы 1 еуро үшін 1,01 долларға дейін төмендеп, жыл соңында 1 еуро үшін 1,2 долларға дейін көтерілді. QE бағдарламасының жабылуы еуроның өтімділігінің төмендеуін білдіреді, бұл валютаның нығаюына әкеледі. Дегенмен, QE бағдарламасы 2017 жылы жабылмағанын айта кету керек. Екіншіден, 2017 жылы ЕВО-ның экономикасы 2,5%-ға өсіп, он жыл ішіндегі ең жоғары өсу қарқыны байқалды. Бұл экономиканың өсу қарқыны 3,5% болған 2007 жылдан бергі ең жылдам өсу қарқыны болып табылады. 2017 жылғы өсу қарқыны Еуропалық комиссия күткеннен де жоғары болды. Жоғарыда айтылғандай, 2017 жылы АҚШ доллары да теңгеге қатысты құнсызданды. АҚШ долларының теңгеге шаққанда құнсыздануы негізінен Қазақстандағы қаржы-экономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты болды. Мысалы, 2017 жылы инфляция 7,1% болса, 2016 және 2015 жылдары тиісінше 8,5% және 13,6%-ды құраған бола-тын. 2017 жылы елдің ЖІӨ-нің нақты өсімі 4%-ға тең болды. Бұл 2014 жылы мұнай бағасының төмендеуінен кейінгі ең жоғарғы көрсеткіш болды. Сонымен қатар, 2017 жылы шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 52,44%-ға дейін төмендеді, ал 2016 және 2015 жылдары тиісінше 62,24% және 79,13%-ды құраған болатын. EUR/KZT бағамы 2018 жылы да негізінен USD/EUR айырбас бағамына байланысты болады, өйткені оң сыртқы және ішкі макроэкономикалық және саяси факторларға байланысты USD/KZT бағамының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді. Сондай-ақ, 2018 жылдың соңында ЕОБ өзінің QE бағдарламасын тоқтатады деп күтілуде. Шын мәнінде, 2017 жылы ЕВО аймағында инфляция 1,5% деңгейіне жетті, бұл банктің 2%-дық мақсатты көрсеткішіне жақын. Салыстыру үшін, 2016 және 2015 жылдары Еуроаймақта инфляция деңгейі тиісінше 1,1% және 0,2%-ды құрады. Осылайша, инфляцияның ЕОБ мақсатты мөлшерінен асып кетуіне жол бермеу үшін валюталық-қаржылық басқарма басқыншы облигацияларды сатып алу бағдарламасын тоқтатуы мүмкін. Себебі ол аймақтағы инфляцияның негізгі көзі болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, QE бағдарламасының аяқталуы еуроның өтімділігін төмендетеді, ал бұл валютаның нығаюына себеп болады. Кейбір сарапшылар EUR/USD бағамы 2018 жылы 1 еуро үшін 1,3 долларға жетеді деп болжам жасап отыр.
Тұтастай алғанда, егер 2018 жылы еуроның АҚШ долларына қатысты бағамы 1 еуро үшін 1,2 доллардан 1,3 долларға дейін қымбаттаса (8%-9%-ға қымбаттау) және USD/KZT бағамы өзгеріссіз қалатын болса, 2018 жылы EUR/KZT бағамы 8%-9%-ға артып, 1 еуроның құны 429435 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұл Қазақстанда евромен ашылған депозиттердің 2018 жылы 9%-10% пайыздық табыс қамтамасыз ете алатынын білдіреді. Қазіргі уақытта теңгемен ашылған депозиттер шамамен 12% пайыздық мөлшерлеме ұсынады. Демек, 2018 жылы теңгелік депозиттер еуроға қарағанда көбірек табыс әкелуі әбден мүмкін. Алайда егер тұрақты валюта инвестициясы қажет болса, 2018 жылы еуро АҚШ долларына қарағанда жақсырақ шешім болып табылады.
Жазушы: Данияр Нурбаев, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік Түркияның Эскишехир қаласында өткен TANAP жобасының салтанатты ашылу рәсіміне Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Мұстафа Акынжы, Сербия Президенті Александр Вучич, Украина Президенті Петр Порошенко және Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған қатысты. Мемлекет басшылары аймақтағы экономикалық байланыстарды нығайту және кеңейту үшін бірлесіп әзірленген энергетикалық жобалардың маңыздылығын атап өтті. Астанада өткен Каспий маңы мемлекеттері сарапшыларының жұмыс кездесуі барысында ағымдағы жылдың тамыз айында Ақтау қаласында өтетін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алдағы саммитіне дайындық барысы талқыланды.
Ташкентке сапары барысында Қырғызстан Қарулы Күштері Бас штабының басшысы Раимберди Дуйшенбиев Өзбекстан Қорғаныс министрі генералмайор Абдулсалом Азизовпен кездесті. Кездесу барысында тараптар қорғаныс саласындағы өзбек-қырғыз ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Тараптар, сондайақ, әскери саладағы өзара тиімді байланыстарды нығайту туралы пікір алмасты. Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды. Әзірбайжан үкіметі 2018 жылға арналған мемлекеттік бюджетте қорғаныс шығыстарына бөлінетін қаражат көлемін 2,739 млрд. манаттан (1,608 млрд. доллар) 2,905 млрд. манатқа дейін (1,716 млрд. доллар) арттыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қорғаныс күштеріне бөлінетін қаражат 1,366 млрд. манаттан (800 млн. доллар) 1,384 млрд. манатқа дейін (802,3 млн. доллар) арттырылатын болады. Душанбеге сапары барысында Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Ихтиер Абдуллаев Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимовпен кездесті. Кездесу барысында тараптар лаңкестік, экстремизм және трансұлттық қылмысқа қарсы күресте екі елдің барлау қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар халықаралық лаңкестікпен күрес, мемлекеттік шекараларды қорғау және ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Түркіменстан Сыртқы істер министрлігі елдің 2019-2021 жж. БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің мүшесі ретінде сайланғанын хабарлады. Бұл шешім БҰҰ Бас Ассамблеясы-ның 72-ші сессиясының 96-шы отырысында қабылданды.
Экономика, қаржы және энергия Қазақстан Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбектің мәліметі бойынша, 2018 жылы елде рекордтық көрсеткіш болып табылатын 4,500 шақырым жол салынады. Өткен жылдар ішінде елде орташа есеппен 2,500 шақырым жол салынған болатын. Әзірбайжан Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында елдің ЖІӨ-і 29,29 млрд. манатқа (17,2 млрд. доллар) жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға артық. 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында елдің шикізат емес секторында өндірілген ЖІӨ көлемі өткен жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 1,9%-ға өсті, мұнай-газ секторында болса ешқандай өсу байқалмады. Жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 2,991.1 манатты (1,756.1 доллар) құрады.
Әзірбайжан Орталық Банкінің (ӘОБ) төрағасы Эльман Рустамовтың айтуынша, банк пайыздық мөлшерлемені 11%-дан 10%-ға дейін төмендетті. Сондай-ақ, ӘОБ пайыздық мөлшерлеме шегін 14%-дан 12%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Ресей үкіметі Мемлекеттік Думаға қосылған құн салығын (ҚҚС) 18%-дан 20%-ға дейін арттыру туралы заң жобасын ұсынды. Салық өсімі федералды бюджетке 2019 жылдан бастап жылына қосымша 620 млрд. рубль (9,8 млрд. доллар) алуға мүмкіндік береді.
Түркияның Жұмыспен қамту агенттігінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың мамыр айында Түркияда 104,760 түрік азаматы жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді. Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 33%-ы әйелдер. 2018 жылдың мамыр айында Түркияда 2,561 млн. адам жұмыссыз ретінде тіркелді.
Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, 2018 жылдың алғашқы бес айында елдің ЖІӨ өсімі 3,9%-ды құрады. Экономиканың қалпына келуі инвестициялық белсенділіктің артуы мен инфляциялық процестердің бәсеңдеуі нәтижесінде орын алғаны атап өтілді. Аталмыш кезеңде инфляция 6,2% деңгейінде белгіленді, бұл соңғы үш жылдағы ең төменгі көрсеткіш болып табылады. Ресей Орталық банкі үкіметтің ҚҚС арттыру шешімі мен 2018 жылдың мамыр айында бензин бағасының өсуі инфляциядан асып түсуіне байланысты негізгі мөлшерлемені 7,25% деңгейінде ұстап тұру туралы шешімін жариялады. Қоғам және мәдениет Ресей Федерациясында өткен FIFA 2018 Әлем чемпионатының ашылу рә-Дайындағандар:
Лидия Пархомчик, Даурен Абен, Данияр Нурбаев сіміне FIFA Президенті Джанни Инфантино, Абхазия, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Боливия, Қазақстан, Қырғызстан, Ливан, Молдова, Панама, Парагвай, Руанда, Оңтүстік Осетия, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекет және үкімет басшылары, Сауд Арабия Корольдігінің мұрагер ханзадасы және КХДР Жоғарғы Халық Ассамблеясы Президиумының Төрағасы қатысты.
Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің Қоғамдық қатынастар департаментінің мәліметіне сәйкес, Қырғызстандағы Ораза айт және Қытайдағы Дуаньу фестиваліне байланысты 15-18 маусым аралығында ҚырғызстанҚытай шекарасындағы өткізу пункттері жабылды. Тегеранға ресми сапары барысында Қырғызстан Азаматтық авиация агенттігі директорының орынбасары Бақыт Джунушалиев Иран Азаматтық авиация ұйымының Қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Реза Джафарзадемен әуе көлігі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Парижге ресми сапары барысында Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Азиз Абдухакимов ЮНЕСКО Әлемдік мұра орталығының директоры Мехтильд Росслермен және Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің Консультациялар және мониторинг жөніндегі басқармасының директоры Регина Дуригелломен кездесті. Кездесу барысында тараптар Өзбекстан мен ЮНЕСКО арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, тараптар бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары, оның ішінде Өзбекстанда ЮНЕСКО Ел бағдарламасын әзірлеу туралы пікір алмасты. Өзбекстан теміржол тасымалдаушысы «Өзбекстан темір жолдары» АҚ ақпараты бойынша, 2018 жылдың қаңтармамыр айларында компания 9 млн. астам жолаушыны тасымалдады, бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 300,000 жолаушыға артық. Сонымен қатар, 2018 жылдың бес айында «Өзбекстан темір жолдары» АҚ шамамен 28 млн. тонна жүк тасымалдады. Бұл өткен жылдағы көрсеткіштен 309,000 тоннаға артық. Ресей үкіметі зейнетке шығу жасын ерлер үшін 65 жасқа, ал әйелдер үшін 63 жасқа дейін көтеру туралы заң жобасын мақұлдады. Қазіргі уақытта ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасы тиісінше 60 және 55 жас. Заң жобасында 2019 жылдан бастап зейнетке шығу жасын ерлер үшін 2028 жылға дейін 65 жасқа, ал әйелдер үшін 2034 жылға дейін 63 жасқа дейін көтеру үшін айтарлықтай ұзын өтпелі кезеңді енгізу көзделген.




