f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Санкциялардың Иран экономикасына әсері
ebulletin

Санкциялардың Иран экономикасына әсері

Авторлар: Жулдыз Қанапиянова
2022 ж. 18 сәуір
Санкциялардың Иран экономикасына әсері

САНКЦИЯЛАРДЫҢ ИРАН ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСЕРІ 2015 жылы Иран мен P5+1 елдері (БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі: Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция және Ресей)

арасындағы халықаралық санкцияларды алып тастау шарты бойынша Теһранның ядролық қызметі қайтадан реттелетін Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспары (JCPOA)

келісіміне қол қойылды. АҚШ президенті Дональд Трамп билікке келгеннен кейін Вашингтон 2018 жылы 8 мамырда ядролық келісімнен біржақты түрде шығып, Теһранды жаңа келісімге мәжбүрлеу үшін Иранға қайтадан санкциялар сала бастады. Аталмыш келісім келісім Теһранның зымырандық бағдарламасын және Иранның Таяу Шығыстағы, атап айтқанда Хезболла, Хамас және Палестинадағы исламдық жиһад қозғалысына ықпалын шектеуді көздеді. Келісім сонымен қатар Иранның Сириядан өз қолбасшылығындағы барлық әскерін шығаруды және Ирактағы шиит жасақтарын таратуды талап етті.

Бұл үдерісте экономикасы қатты зардап шеккен Иран да экономикалық мәселелерден туындаған қоғамдық қозғалыстармен күресуге тырысты. Иранға қарсы ауыр санкциялар 2018 жылдың 7 тамызы мен 5 қарашасында екі кезеңде күшіне енді. АҚШ бірінші сатыдағы санкциялармен Иранның доллар, алтын және қымбат металдарға қол жеткізуіне тыйым салумен қатар, болат, көмір, алюминий саудасы, автомобиль және азаматтық авиация секторларын да нысанаға алды. Көп ұзамай Тегеранның мұнай және энергетикалық саудасы 5 қарашада енгізілген екінші кезеңдегі санкциялардан қатты зардап шекті. Осы үдеріс барысында Вашингтон көптеген ирандық банктер мен компанияларға, соның ішінде Орталық банкке қарсы санкциялар салу арқылы Теһранның халықаралық саудасына орасан зиян келтірді.

Иранның негізгі табыс көзін нысанаға алған санкциялар үкіметке барынша қысым көрсетуді, мұнай экспортын нөлге дейін төмендетуді және Иран мұнайын әлемдік нарықтан толығымен ығыстыруды мақсат етті. Иранның соңғы үш жылдағы мұнай экспортының статистикасына қарасақ, АҚШ-тың Иранның экспортын толықтай шектеу мақсатына жете алмағаны, бірақ Теһранның мұнай экспорты санкциялардың зардабынан бұрынғы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай төмендегені байқалады.

АҚШ-тың энергетикалық ақпарат басқармасының мәліметі бойынша, Иранда 160 миллиард баррель шикі мұнай мен конденсат және шамамен 34 триллион текше метр табиғи газ қоры бар. Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (МЭЕҰ) мұнай қоры бойынша Венесуэла мен Сауд Арабиясынан кейін үшінші орында тұрған Иран, сонымен қатар Канададан кейінгі әлемдегі төртінші мұнай қоры бар ел. 2020 жылдың соңына қарай Иран Таяу Шығыстағы мұнай қорының 25%-ын және әлемдік мұнай қорының 12%-ын иеленді. Мол мұнай қорына қарамастан, соңғы бірнеше жыл мұнай секторы аз инвестицияланып, халықаралық санкцияларға ұшырағандықтан, Иранның шикі мұнай өндіруі 2017 жылдан бері төмендеді .АҚШ келісімнен шыққанға дейін 2018 жылдың сәуір айында күніне 3,8 миллион баррель шикі мұнай мен конденсат өндірген Иран бұның тек 2,8 миллион баррелін экспорттады.

Санкциялар мен жаһандық COVID-19 пандемиясының салдарынан Иранның шикі мұнай өндірісі 2020 жылы соңғы 30 жылдағы ең төменгі деңгейге түсті. Басқа елдер мен танкер бақылаушы компаниялардың деректеріне қарағанда, қазір сату қиындықтары салдарынан мұнай өндіруді тәулігіне 2 миллион баррельден төмен түсірген Иранның экспорттаған мұнай көлемі орташа есеппен тәулігіне 500 мың баррельден де азайды. Иранның ең үлкен екі тұтынушысы Үндістан мен Қытай санкциялардан кейін Ираннан мұнай импорттауын айтарлықтай азайтты. 2019 жылдың ортасында Үндістан Трамп әкімшілігінің санкцияларынан кейін тіпті Ираннан мұнай импорттауды тоқтатты. Еуроодақ (ЕО) елдері, Жапония және Оңтүстік Корея санкцияларға қарсы болғанымен, АҚШ-тың қысымы нәтижесінде Ираннан мұнай тасымалдауды толығымен тоқтатты.

Тегеран Сауда палатасының президенті Масуд Хансари 2018 жылы Иранның Қытайға 9,53 миллиард долларлық мұнай экспорттағанын, бірақ санкциялардан кейін бұл көрсеткіш 11 миллион долларға дейін төмендегенін мәлімдеді.

Сонымен Иранның мұнай экспортынан түскен табысы 2018 жылы 66 миллиард доллардан 2019 жылы 30 миллиард долларға дейін төмендеді. АҚШ-тың Иранның мұнай экспортына салған санкцияларынан кейін 2019 жылы зкспорттық кірістер төмендегендіктен Ирандағы шикі мұнай өндірісі де, экспорты да азайды.

1979 жылы Иран ислам республикасы құрылғанға дейін доллар 72 риал болса, 42 жылда риал 3500 есе құнын жоғалтты. Дегенмен, ең күрт құлдырау 2018 жылы Трамп Иранға санкция салып, елдің күретамыры саналатын мұнай экспортының азаюынан туындады. Бұл үкіметті ақша басып шығаруға және инфляцияны арттыруға мәжбүр етті. Сондықтан елде зат бағасы жыл сайын шамамен 50%-ға өсіп, миллиондаған ирандықты кедейлікке душар етті.

Орталық банк деректеріне сәйкес, Иран ядролық келісім күшіне енген 2016 жылы 12,3% және 2017 жылы 3,7% экономикалық өсімге қол жеткізді. Ядролық келісімге қол қойылғаннан кейін Иран экономикасы 2016 жылы 12,5% күрт өссе, 2017 жылдан кейін тұрақты түрде қысқарып, 2020 жылы шамамен 4,99%-ға құлдырады.

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ)

болжамы бойынша, 2020 жылы Иранның сауда тапшылығы 3,45 миллиард долларды құраса, 2019 жылы сауда сальдосы 6,11 миллиард долларды құраған еді. Бұл олымсыз жағдай жұмыссыздыққа да әсер еткен болып, ХВҚ мәліметтері бойынша Иранда 2021 жылы жұмыссыздық деңгейі 12,4%-ға жетті.

2016 жылы ядролық келісім күшіне еніп, санкциялар жойылған соң Иранда инфляция соңғы 26 жылда алғаш рет 9%-ға дейін төмендеді. Алайда 2018 жылы АҚШ келісімнен шығып, санкция салған соң инфляция өайтадан 30,22%-ға дейін өсті. Иран Статистика орталығының мәліметі бойынша, 2021 жылдың қыркүйегінде елдегі жылдық инфляция 39,34%-ды құрады.

Келісімге қатысушы Еуропа елдерінен ешқандай қолдау ала алмаған Иран 2019 жылдың мамырында келісімдегі артықшылықтарына қол жеткізгенге дейін екі айлық кезеңде келісімдегі міндеттемелерін азайту үрдісіне кірісетінін жариялады. 2020 жылдың 5 қаңтарында Тегеран келісімдегі міндеттемелерін толығымен тоқтатып, уранды жоғары деңгейде байытуға мүмкіндік беретін жетілдірілген центрифугаларды қолдануды қамтыған бірқатар қадамдар жасады. 2020 жылы 27 қарашада ғалым Мухсин Фахризада өлтірілгеннен кейін Иран 2021 жылы 5 қаңтарда Парламент бекіткен ядролық заң бойынша уранды 20%-ға байытқанын жариялап, 2021 жылдың 13 қаңтарында ядролық қару өндірісінде де қолданылатын уран металын өндіру жұмысын бастады. Келісім бойынша Иранға уранды 3,67%-ға дейін ғана байыту мүмкіндігі берілгенімен, 2021 жылдың 17 сәуірінде Иран 60% таза уран байытқанын хабарлады. Сонымен Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздер Венадағы кездесулерде жалғасып, онда Иранның ядролық келісімінің толық орындалуы және АҚШ-тың келісімге оралуы шамамен 3 ай бойы талқыланды.

Иранмен дипломатияға басымдық беретін Джо Байденнің АҚШ-та билікке келуімен екі ел арасындағы санкция түйіні шешіледі деп күткеніне қарамастан, Вашингтон әзірге санкцияларды алып тастау жөнінде елеулі қадамдар жасаған жоқ. Иранның экономикалық дағдарыстан шығуы, бай табиғи ресурстарының мүмкіндіктерін толық пайдалануы және ел бюджетінің маңызды кіріс көзі болып табылатын энергия экспортын ұлғайтуы үшін санкциялардың тез арада жойылуы өте маңызды.

Жазушы: Жұлдыз Қанапиянов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік  2021 жылы Қазақстанның тауар айна      Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу кейбір батыс елдерінің Ресейге салған санкцияларына Түркияның қатыспайтынын мәлімдеді. Чавушоғлу негізінен Түркияның мұндай санкцияларға жалпы қатыспайтынын және мұндай санкцияларға қатысуға ниетті еместігін атап өтті. Монтре конвенциясына қатысты Анкара соғысқа қатысқан елдерге мәселеге қатысты ұстанымы туралы ресми хабарламалар жіберіп, Монтре конвенциясының орындалуына қатысты мәселелерді түсіндірді (Dailysabah, 07.03.2022). Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер мен Иранның уәкілетті өкілдері кеңесіп, Иранның ШЫҰ-ға кіруі туралы келісімге келіп, Ташкентте Хаттамаға қол қою рәсімі өтті. Құжатта ирандық тараптың ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелері туралы меморандум жобасы мақұлданды. Бұл үдерістің келесі кезеңі 2022 жылдың қыркүйегінде Самарқандта өтетін ШЫҰ саммиті аясындағы міндеттемелер туралы меморандумға қол қою болмақ (KUN.UZ, 12.03.2022).

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Анталия дипломатиялық форумы аясында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Хусрав Нозиримен кездесті. Кездесу барысында тараптар мүше мемлекеттердің және жалпы аймақтың тұрақты дамуы мен экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін Ұйым аясындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Тараптар ұйымның қызметін жандандыру және бар ресурстарды барынша пайдалану қажеттілігіне назар аударды (Kabar, 12.03.2022).

Венгрия парламенті Каталин Новакты Венгрияның тұңғыш әйел президенті етіп сайлады. Орбанның оңшыл Fidesz партиясы басым болған парламенттегі жалпы 199 дауыстың 137-сін алған Новак оппозициялық қарсыласы Питер Ронадан басым түсті. Каталин Новак Будапешттегі Венгрия парламентінің жалпы мәжілісінде өткен ұлықтау рәсімінде ант берді (Aljazeera.com, 10.03.2022).

Юн Сук Ёл Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлауда жеңіске жеткенін жариялады. «Азаматтық күш» консервативті оппозициялық партиясының кандидаты, бұрынғы прокурор Юн 48,56% дауыс жинап, 47,83% дауыс жинаған негізгі қарсыласы, биліктегі Демократиялық партияның кандидаты Ли Чжэ Мёнды басып озды. Ли Чжэ Мён жеңілгенін мойындап, қарсыласын құттықтады. Сайланған президент корей халқын алауыздықтар мен қақтығыстарды жеңіп, интеграция мен бірлік дәуірін бастауға шақырды (Aljazeera.com, 09.03.2022).

Еуропалық Одақ (ЕО) Украина, Грузия және Молдованың одаққа қосылу өтініштерін ресми түрде қарайды. Үш ел құбылмалы қауіпсіздік ортасын ЕО-ға жылдам қосылудың маңызды дәлелі ретінде ұсынып, ЕО-ны мүшелікті тез арада қайта қарауға шақырады. Кейбір дипломаттар ЕО Украина, Грузия және Молдова үшін артықшылықты серіктестік туралы қандай да бір келісімді дайындап әрі ұсынады деп күтетіндерін жеткізді (Politico.eu, 07.03.2022).

     лымы шамамен 17,5%-ға өсіп, 101,5 миллиард долларға жетті. Елдің жалпы сауда көлемінің төрттен бірінен асатын 26 миллиард доллардан астамы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне тиесілі. Қазақстан экспортындағы AEB үлесі шамамен 30%-ды құрады. Экспортns4 90%дан астамы, яғни 7 миллиард долларға жуығы Ресейге тән. Қазақстаннан ЕАЭОға мүше қалған елдерге экспорт көлемі 730 миллион доллардан асты (Qazaq TV, 07.03.2022).

Өзбекстан Энергетика министрлігінің хабарлауынша, жақында Хорезм облысында жаңа газ поршенді электр станциясы іске қосылды. Станция іске қосылып, елдің біртұтас энергетика жүйесін электр қуатымен қамтамасыз етті. Жобаны МЖӘ негізінде құрылысқа 105 миллион доллар инвестициялаған Odaş Enerji CA түрік компаниясы жүзеге асырды. Электр станциясы жылына 1,4 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндіреді (Kun.uz, 11.03.2022).

Жақында Қырғызстан Қаржы министрлігі Еуразиялық тұрақтылық және даму қоры Қырғызстанға 80 миллион доллар бөлетінін хабарлады. Қормен елдің Даму бағдарламасына сәйкес Қырғызстанға 2021 жылы орта мерзімді бюджеттік қолдау көрсету келісілді. Бөлінген қаражат Туризмді дамыту қорын, «Қырғызстан өнеркәсібі» ААҚ, Кәсіпкерлікті қолдау қорын қолдауға және энергетикалық секторды қолдауға, сондай-ақ су шаруашылығы нысандарын жақсартуға арналған бюджеттік несиелерге бағытталады (Kabar, 09.03.2022).

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Тәжікстан үкіметімен бірлесіп «Табысты цифрлық бөлу» деп аталатын 2021-2022 өтпелі есеп беруді ұсынды. ЕҚДБ Орталық Азия үшін де, Тәжікстан үшін де макроэкономикалық өсу перспективаларымен бөлісті. Аймақтың кеңейту саясаты және елеулі экспорты және еңбек ресурстарына сыртқы сұраныстың жоғары болуына байланысты 2022 жылы шамамен 4,8%-ға дейін өсетінін болжады. Тәжікстан экономикасы 6,2%-ға өседі деп күтілуде (ASIA-Plus, 11.03.2022). Әзірбайжан, Қазақстан және Грузия «Орталық дәліз» деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр. Бірлескен кәсіпорын тарифтерді анықтау, жүктерді декларациялау, конвергентті АТ шешімдерін пайдалану және транзиттік жүктерді біріктіру мәселелерімен айналысады. Маршрут жылына 200 000 контейнерді қамтыған 10 миллион тоннаға дейін жүк өткізу мүмкіндігіне ие (AzerNews, 12.03.2022).

Украина Экономика министрінің бірінші орынбасары Денис Кудин Ресейдің Украинаға басып кіруінен елдің инфрақұрылымына 119 миллиард доллар зиян келгенін мәлімдеді. Кудин бұл сан соғыстың күн өткен сайын көбейетінін атап өтті. Есептеулер тікелей бір жолғы шығындар мен ЖІӨ шығындарын қамтиды. Соғыс басталғалы Украинаның көлік инфрақұрылымы 10 миллиард доллардан астам шығынға ұшырағанын осыған дейін хабарланған болатын (Ukrinform, 11.03.2022).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Орталық Азиядағы ЕО қаржыландыратын Nexus Dialogue жобасы су-энергия-азықтүлік Nexus тәсілін енгізу бойынша бірқатар оқу сабақтарын бастады. ЕО қаржыландыратын жоба экологиялық проблемаларды жаңа мүмкіндіктерге айналдыруға және 2050 жылға қарай таза парниктік газдар шығарындылары жоқ заманауи, бәсекеге қабілетті экономика құруға бағытталған. Құны 1,25 миллион еуроны құрайтын жобаны 2020 жылдың маусымы мен 2023 жылдың мамыры аралығында жүзеге асыру жоспарлануда (ASIA-Plus, 07.03.2022).

Америка Құрама Штаттарының халықаралық даму агенттігі (USAID) Қырғызстандағы гендерлік зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауға және оларға көмектесуге бағытталған 1,1 миллион долларлық жаңа бастаманы жариялады. Бұл бастама Қырғызстандағы 11 дағдарыс орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдардың құқықтық және психологиялық қолдау қызметтерін жақсартуға көмектеседі. Сондай-ақ, USAID дағдарыс орталықтарының қызметтері гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің қажеттіліктеріне тиімді жауап беретін ұлттық стандарттарды басшылыққа алуы үшін үкімет пен азаматтық қоғам арасындағы кеңейтілген ынтымақтастықты қолдайды (Usaid.gov, 10.03.2022).

Қырғызстан Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Бақтияр Орозов Корея Республикасының Қырғызстандағы елшісі Ли Вонджаемен кездесті. Тараптар білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылап, білім беру саласындағы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстармен алмасты. Кездесуден кейін тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және Қырғызстан Министрлер кабинеті мен Корея үкіметі арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасауға келісті (Kabar, 12.03.2022).

Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары әрі Туризм министрі Азиз Абдухакимов пен Ресей Премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Чернышенко туристер ағынын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарына қол қойды. Жоспар Ресей мен Өзбекстанның туризм жылын ұйымдастыру және «Ұлы Жібек жолы» трансшекаралық туристік маршрутын іске қосу қатарлы 20 іс-шараны қамтиды. Құжат Өзбекстан мен Ресейде көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға және жаңа туристік бағыттарды құруға бағытталған (Gazeta.uz, 11.03.2022). Қазақстан гуманитарлық көмек бағдарламасы аясында Қырғызстанға 1000 тонна бидай тұқымын жіберді. Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрі Асқарбек Жәнібеков Қазақстанға ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында берілген көмек үшін алғыс айтты. Бұған дейін Қазақстан Қырғызстанға 2020 жылдың мамыр айында 5 мың тонна, ал 2021 жылдың мамыр айында 10 мың тонна ұн берген болатын (The Astana Times, 11.03.2022).

Қазақстан Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық комиссия Украина халқына медициналық препараттардың партиясын бөлу туралы шешім қабылдады. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп гуманитарлық жүктерді Алматы-Катовице (Польша) бағыты бойынша ұшақпен жеткізу мәселесін талқылады. Гуманитарлық көмек 28,2 тонна және 17 түрлі дәрі-дәрмектен тұрады, оның ішінде антибиотиктер, қабынуға қарсы, дене қызуын түсіретін және қан қысымын төмендететін дәрілер бар (Kazinform, 13.03.2022).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.