COVID-19 эпидемиясының Ресей экономикасына әсері

COVID-19 ЭПИДЕМИЯСЫНЫҢ РЕСЕЙ ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСЕРІ COVID-19 пандемиясы әлемдік деңгейде әртүрлі шектеулер енгізіліп, ұлттық деңгейде қосымша шаралар қолданылумен қатар, барлық елдердің экономикалық өсу болжамына кері әсерін тигізді. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, 2020-2021 жылдардағы әлемдік экономикадағы жалпы шығын шамамен 12 триллион АҚШ долларына жетеді.
COVID-19 эпидемиясының әлемдік экономикаға кері әсері басқа салаларда көрініс тапқандай, мұнай бағасының да айтарлықтай төмендеуіне себеп болды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнай бағасы 65,5% төмендеді. Эпидемиядан айтарлықтай зардап шеккен мұнай секторының көлік саласына да әсер еткені байқалады.
Ресей тарапынан бағамдайтын болсақ, сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауы да, үкімет қабылдаған шектеуші шаралар да экономикаға кері әсер етті деп айтуға болады. Ресейдің Жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) төмендеуіне қатысты ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жоғары экономика мектебінің 4,3%-дық бірауызды болжамдары мен Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) 6,6%-дық болжамы арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша Ресей ЖІӨ-нің орташа төмендеуі шамамен 5,4%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың мамырында жасалған болжамнан жоғары. Шектеу шараларының негізгі әсері тұтынушылар сұранысы мен күрделі қаржы салымының инвестицияның төмендеуіне байланысты болады деп айтуға болады.
Ресейде шектеу шараларын кеңінен жүзеге асыруға дейінгі кезеңде Ресейдің экономикалық даму министрлігі 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ІЖӨ-нің орташа өсу қарқынын 1,8% деп көрсеткен. Министрліктің пайымдауынша 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ЖІӨ өсуінің негізгі қозғаушы күші болып сауда және өндіріс саласы көрсетілген. Шектеу шараларын енгізу және Ресейдің сауда серіктестері болып табылатын елдердегі осындай шектеу шаралары іскерлік белсенділіктің айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Ең үлкен құлдырау, шектелген салаларға байланысты сұраныс коэффициентінің қосылуымен өңдеуші өнеркәсіпте байқалды. Нәтижесінде 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында өндіріс көлемінің төмендеуі орта есеппен 9%-ға жетті. Эпидемия бөлшек саудаға да айтарлықтай әсер етіп, күтілгендей 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында азық-түлікке жатпайтын тауарларда 32,4% төмендеу байқалды.
Екінші жағынан, шектеулер әсер етпейтін, яғни негізгі тауарларды өндірумен байланысты салаларда өндіріс көлемінің ұлғаюы байқалады. Сұраныстың тұрақтылығы тамақ өнімдерінің, химия өнеркәсібінің, фармацевтика, медициналық құралдар мен жабдықтардың өндірісіне оң әсер етті. CMASF (Макроэкономикалық талдау орталығы және қысқа мерзімді болжам) деректері бойынша тамақ өнімдерінің өндіріс көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2,2%, химия өнеркәсібінде 2%, фармацевтика өндірісінде 8,9%, медициналық құралдар мен жабдықтар өндірісінде 30,9% өсті. Елдегі инвестициялық секторға жоғарыда аталған эпидемиялық шектеулер де кері әсерін тигізді. «Росстаттың» мәліметтері бойынша, 2020 жылдың екінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда инвестициялар 7,6% төмендеді. Бұл көрсеткіш елдегі инвестиция деңгейі алдыңғы 5 жылмен салыстырғанда минималды деңгейде екенін көрсетеді. Осындай тенденциялар инвестициялық тауарларды өндіру, көлік және машина жасау өнімдерінің импорты саласында байқалады. 2019 жылдың 30 қыркүйегінде жарияланған Ресейдің экономикалық даму министрлігінің қайта қаралған макроэкономикалық болжамында да негізгі капиталға инвестициялардың алдағы жылдардағы өсуін күту төмендеді. Инвестициялар динамикасының бағасы 2019 жылы 3,1%-дан 2,0%-ға дейін өсті. Көлік, білім, туризм және сауда, COVID-19 эпидемиясының таралуынан қатты әсер алған секторлар ретінде Ресей үкіметінің тарапынан расталған тізімге енгізілген. Соңғы жылдары ірі және орта кәсіпорындар Ресейдегі капитал салымдарының негізгі көзі ретінде өз қаражаттарын пайдаланады. Бұл қаражат 2019 жылы негізгі капиталға салынған барлық инвестициялардың шамамен 57%-ын құрады. 2019 жылы меншікті капиталдан инвестициялау көлемі 13,3%-ға дейін, ал алынған қаражат есебінен инвестиция көлемі 1,3%-ға дейін өсті. Алынған қаражаттың едәуір бөлігін 2019 жылы 36,8%-ға сәйкес келетін бюджеттік қаражат құрайды. Банктік несиелер 2019 жылы алынған қаражаттың шамамен 20,3%-ын және қаражаттың жалпы көлемінің 8,7%-ын құрады. Қаржылық құндылықтардың нашарлауы жағдайында компаниялар бұрынғы инвестициялық деңгейін сақтай алмайды және нәтижесінде қалпына келу ұзақ уақытты алады деп күтілуде.
Ресейде COVID-19 эпидемиясы жалпы 5,6 миллион компанияның шамамен 3,3 миллионына, яғни шағын, орта және ірі кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің шамамен 59%-ына әсер етті. Стратегиялық зерттеулер орталығының (КӘЖ) іскерлік әлемінің экономикалық күтулеріне негізделген есептеулері бойынша, экономикадағы жалпы кірістегі мемлекеттің үлесі 2020 жылы 0,5 тармаққа өсіп, 27,5%-ға жетеді деп жоспарлануда.
Сол сияқты, шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 1 пайыздық пунктке төмендеп, 16,1%-ды құрайды. Шағын және орта кәсіпорындар санының азаюы, өндіріс көлемінің төмендеуі және қаржылық көрсеткіштердің нашарлауы шағын және орта кәсіпорындар шығаратын өнім үлесінің ЖІӨ-де төмендеуіне әкелуі мүмкін. NAFI (Ұлттық қаржылық зерттеулер агенттігі) сауалнамаларына сәйкес, кәсіпкерлердің 43%-ы кәсіпкерлерге кем дегенде бір жыл ішінде жаңа бизнес құруға болады деп санайды. Аталған есеп берудегі мәліметтерге сәйкес, шамамен 14% кәсіпкерлер қайта қалыпқа келу процесі екі-үш жылға созылады деп ойлайды. СЗО (Стратегиялық зерттеулер орталығы) мәліметтері бойынша бизнесті жақсарту процесі 2021 жылдың жазына дейін 66% шамасында ғана болуы мүмкін. Сонымен бірге, COVID-19 эпидемиясынан зардап шеккен компаниялардың 15%-ы кірістерінің 2023 жылға қарай дағдарысқа дейінгі деңгейге жететініне сенімді емес. COVID-19 эпидемиясы макроэкономикалық көрсеткіштерге кері әсерін тигізді. Экономикалық дағдарыстар өндіріс көлемінің төмендеуі, жұмыссыздықтың өсуі және инвестициялардың азаюымен сипатталады. Осы жағдайдан шығу үшін тиімді мемлекеттік қолдау бағдарламасы мен шаралар қажет. 2020 жылдың соңына қарай макроэкономикалық ахуал жақсы және жаман жаққа өзгеруі мүмкін сияқты.
Ресей экономикасының қалпына келу мерзіміне келетін болсақ, мұнда екі сценарий мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша, мұнай бағасының өсуімен Ресей экономикасы 2021 жылдың ортасына қарай дағдарысқа дейінгі, яғни 2019 жылғы деңгейіне оралуы мүмкін. Неғұрлым шынайы болып көрінетін контр-пессимистік сценарийді ескерсек, дағдарыстың салдарын еңсеру үшін кем дегенде үш жыл қажет болады.
Жазушы: Жандос Ранов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік • • • • • • Молдовада Іс-қимыл және Ынтымақтастық партиясының (Partidul Actiunea si solidaritat - PAS) төрағасы Майя Санду Молдовадағы Президент сайлауының бірінші турында 36,16% дауыспен жеңіске жетті. Сайлауға тәуелсіз кандидат ретінде қатысқан қазіргі президент Игорь Додон 32,64% дауысқа ие болды. Орталық іріктеу комитеті 43% қатысу коэффициентімен бірінші тур сайлауларын жарамды деп қабылдады (DW.com, 02.11.2020).
Қырғызстан сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Өзбекстанға сапары барысында Өзбекстан премьер-министрі Сардор Умурзаковпен кездесті. Тараптар бұрын қол жеткізілген келісісмдердің іске асырылуын және экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын бағалай отырып сауда кедергілерін жою арқылы екіжақты сауда көлемін алдағы жылдары 1 миллиард долларға дейін ұлғайтуға келісті. Тараптар көлік және инфрақұрылымдық жобалардағы ынтымақтастыққа баса назар аударып, екі ел арасындағы басым бағыттарды анықтады (UzDaily, 06.11.2020).
Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов БҰҰ-ның Ауғанстандағы арнайы өкілі Дебора Лионмен бейнеконференция өткізді. Мередов Түркіменстанның Ауғанстанға энергетикалық, көлік және коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту саласында көмек көрсете беретіндіктерін мәлімдеді. Тараптар сондайақ Түркіменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан мұнай құбырын салу, Түркіменстан-Ауғанстан-Пәкістан арасындағы талшықты-оптикалық байланыс және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады (Kabar, 05.11.2020).
Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түркияның бұрынғы премьер-министрі Бинали Йылдырым мен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі делегациясын қабылдады. Бинали Йылдырым Анкараның Әзірбайжанның территориялық тұтастығы пен Жоғарғы Қарабаққа қатысты ұстанымын әрқашан қолдайтынын мәлімдеді. Президент Әлиев түрік тарапына соңғы оқиғалардың екі бауырлас ел арасындағы байланысты одан әрі нығайтқанын айтып, алғысын білдірді (Aa.com.tr, 02.11.2020). Украина мен Түрік Әуе күштері мен қарулы күштерінің қолбасшылары, ынтымақтастықты жалғастыру және Украин сарбаздарының Түркияда оқуы жайлы келісімге қол жткізді. Осы және басқа екі жақты әскери ынтымақтастық мәселелері жоғары лауазымды түрік әскери делегациясының Украинаға сапары барысында талқыланды. Тиісті құжаттар, 2020 жылы қазанда Украина мен Түркия үкіметтері арасында Украина мен Түркия президенттері арасындағы келіссөздер кезінде әскери келісімдерге қол қою шеңберінде жүзеге асты (Ukrinform.net, 11.05.2020).
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД)
Үкімет басшыларының кеңесі ТМД-ның жоғары лауазымды тұлғалары мен мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының қатысуымен онлайн-отырыс өткізді. Қатысушылар әсіресе саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік салалардағы әртүрлі мәселелер бойынша пікір алмасты. Аймақтық көлік байланыстарын және әсіресе Солтүстік-Оңтүстік және Шығыс-Батыс бағыттарындағы транзиттік дәліздерді дамытуға ерекше назар аударылды (Өзбекстандағы Түрікменстан Елшілігі, 06.11.2020).
Экономика, қаржы және энергия • • • • • • Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алматыдағы фермерлердің ауылшаруашылық өндірістік әлеуетін арттыруды жоспарлап отырғандықтарын мәлімдеді.
Билік 2025 жылға қарай ет пен сүт өндірісі сәйкесінше 500 және 900 мың тоннаға дейін өседі деп есептейді. Соңғы алты жылда облыста қант қызылшасын өсіру көлемі 14 есе өсті. Қазіргі уақытта облыстың елдің ауылшаруашылық өндірісіндегі үлесі 17%-ға жетті (Kazakh TV, 04.11.2020).
Ресейлік Экспорт Орталығының Басқарма Төрағасы Вероника Никишинаның айтуынша, Ресей Қытаймен арадағы тауар айналымын 2024 жылға қарай 200 миллиард долларға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ресейдің Қытайға ауылшаруашылық және азық-түлік тауарларының экспорты 2020 жылдың алғашқы алты айында 35% өсті. Ресейдің Қытайға экспорттайтын өнімдерінің ішінде ет экспорты тоғыз есе өсті. Ресейдің Қытайдағы елшісі Андрей Денисовтың мәлімдемесіне сәйкес, екіжақты сауда көлемі жыл соңына дейін 110 миллиард долларға жетеді (TASS, 06.11.2020). Өзбекстан, шетелдегі отандық экспорттаушылардың қызметін жеңілдету арқылы қолдау көрсетуде. Жақында елдің Ресейдегі елшілігі «Өзбекстан экспорттаушылары» деп аталатын электронды «жұмыстан жұмысқа» платформасын іске қосты. Портал Өзбекстан өнімдерін Ресейде насихаттауға және екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей диалогты нығайтуға бағытталған. Портал жақында құрылғанымен Өзбекстанның кептірілген жемістерді жеткізушілері өздерінің 10 миллион долларлық өнімін тікелей Ресейдің сауда желілеріне жеткізу туралы келісімге келді (UzDaily, 05.11.2020). Украина инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін халықаралық қаржы институттарынан несие алуды жалғастыруда. Жақында Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Херсон және Днепропетровск облыстарындағы жол инфрақұрылымын қаржыландыруға несие беретіндігін мәлімдеді. Украина Херсон облысында көпір салуды және Днепропетровск облысында екі аймақтық автомобиль жолдарының учаскелерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр. ЕҚДБ бірінші жобаға 25 миллион еуро, ал екінші жобаға 40 миллион еуро беретіндігін мәлімдеді (Ukrinform, 06.11.2020).
Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Иран үшін маңызды сауда серіктестері болып қала береді. Ағымдағы Иран жылының алты айында тараптар арасындағы шикізаттық емес екі жақты сауда 4,54 миллиард долларға жетті, оның 2,52 миллиард доллары экспорт және 2,02 миллиард доллары импорт болып табылады. Ауғанстан 1,1 миллиард доллармен Иран тауарлары үшін маңызды экспорттық серіктестердің арасында маңызды орынға ие болса, Түркия, 1,8 миллиард долларлық экспортымен Иран нарығының негізгі жеткізушілерінің біріне айналды (Financial Tribune, 06.11.2020).
Қырғызстанның мемлекеттік өнеркәсіп, энергетика және жер асты ресурстарын пайдалану комитетінің төрағасы Жырғалбек Сағынбаев жерасты ресурстары туралы заңға жергілікті өндіріс пен еңбек нарығын қолдау мақсатында өзгертулер енгізілгенін хабарлады. Жүргізілген өзгерістерге сәйкес, жалпы жұмыспен қамтылуда шетелдік жұмысшылардың үлесі 10%-дан аспайды. Екіншіден, қалам мен перде сияқты тұтыну тауарларының 8085%-ын Қырғызстаннан сатып алу шарты қойылды. Елімізде өндірісі жеткіліксіз кейбір өнімдердің импорты заңда көрсетілген шарттарға байланысты болады (Кабар, 02.11.2020).
Дайындағандар:
Сауле Ахметкалиева, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет • • • • • • Халықаралық түрік академиясы «Ұлы шеберлердің ұқсастығы: Неваи мен Абай» атты кездесу өткізді. Іс-шараға әр түрлі түрік мемлекеттерінің мемлекеттік қызметкерлері мен дипломаттары, ақын-жазушылар, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Іс-шара барысында Абайдың өзбек түрікшесіне аударылған шығармалары және Али Шир Невайидің «Хамса» атты шығармасының қазақ түрікшесіне аудармасы көпшілікке таныстырылды. (TWESCO, 03.11.2020). Шетелдегі түріктер мен туыстас қауымдастықтар президенттігінің президенті Абдулла Ерен Бакуге сапары барысында Әзірбайжан диаспорасына жауапты мемлекеттік комитеттің президенті Фуад Мұрадовпен кездесу өткізді. Абдулла Эрен түрік халқы Әзірбайжанның күресін әрдайым қолдайтынын және халықаралық қауымдастыққа Арменияның заңсыз әрекеттері туралы хабарлау үшін барлық құралдарды қолданатынын мәлімдеді. Президент Мұрадов түрік тарапына ынтымақтастық пен бауырластық қолдау үшін ризашылығын білдірді (Azernews, 04.11.2020).
Ресейдегі коронавирустық індетке байланысты Түркіменстанның жіберген гуманитарлық көмегі Ресейдің Астрахань қаласына жетті. Ресейге құны 1 миллион долларға жуық азық-түлік, мұнай өнімдері және басқа да материалдар жіберілді. Осы көмек арқылы Түрікменстан эпидемия кезінде Ресейге көрсетілген гуманитарлық көмек бойынша Орталық Азияда жетекші мемлекеттердің біріне айналды (SNG Today, 02.11.2020).
Әзірбайжан мен Тәжікстан арасындағы мәдени ынтымақтастықтың әлеуеті Әзірбайжан Мәдениет министрінің орынбасары Анар Каримовтың Тәжікстанның Әзірбайжандағы елшісі Рүстем Солимен кездесуінде талқыланды. Тараптар екі қоғамдастықтың мәдени мұрасын насихаттау бойынша бірлескен жобалар жасау мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ, елші Тәжікстанның Әзірбайжанның территориялық тұтастығын мойындайтынын және армян қарулы күштерінің әзірбайжан елді мекендеріне қарсы зымырандық шабуылдарын айыптайтынын мәлімдеді (Azernews.az, 06.11.2020).
«Отандастар» қоры Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп, Берлиндегі «Абай үйі» қазақ мәдени-іскерлік үйін олайн режимде ашты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Абай үйінің басты мақсаты қазақтардың мәдени мұрасын насихаттау, тарату және шетелдегі азаматтармен коммерциялық және гуманитарлық байланысын нығайту болып табылады (ҚазАқпарат, 02.11.2020). Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновация және ғарыш өнеркәсібі министрі Бағдад Мусин Мәскеуде «Роскосмос» мемлекеттік ғарыш қызметі агенттігінің бас менеджері Димитрий Рогозинмен кездесті. Тараптар ғарыш саласындағы қазақстан-ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құруға қатысты толықтырулар мен түзетулерді ұсынатын хаттама мен құрылатын кешенге қызмет көрсету туралы келісімдерге қол қойды (Avesta-news.kz, 02.11.2020).




