Әлеуметтік-мәдени жағдайдағы журналистиканың маңызы

ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ МАҢЫЗЫ Табысты қоғамның ірге тасы – бұқаралық ақпарат құралдары мен баспасөз. Басқа институттарға халықтық бақылау орнатып, қамтамасыз етуі үшін қажетті заң шығарушы, сот және атқарушы билік үшкенінің көмекшісі саналатын баспасөзді «Төртінші билік» деуге болады. Еркін баспасөз биліктің сот, атқарушы билік және заң шығарушы тармақтарының әдейі де, кездейсоқ кемшіліктерін де әшкерелеуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, әлеуметтік, экологиялық, саяси және басқа мәселелерді объективті түрде ұсыну арқылы қоғамдағы оң өзгерістерді қолдайтын және нығайтатын пайдалы туындыларды шығарады.
Дегенмен, баспасөздің қоғамдық борышын өтеу кезінде жұмсаған күш-жігері лайықты түрде төленіп, қажетті құрмет көрсетілуі керек. Тек осылай ғана жоғарыда аталған қоғамдық игіліктерге сенімді түрде қол жеткізуге болады. БАҚ пен баспасөзге осындай жағдайларды қамтамасыз ететін қоғам демократия мен мемлекеттік бақылаудың жоғары деңгейіне ие болады деп күтуі мүмкін. Осы тұрғыда дүние жүзіндегі ең беделді зерттеулердің бірі – Шекарасыз репортерлер (RWB) дайындаған Дүниежүзілік баспасөз бостандығы индексі (WPFI). 2002 жылдан бері жарияланып келе жатқан индекс 180 ел мен аймақты сараптайды және осы жерлерде журналистердің еркіндік деңгейін өлшейді. Сапалық және сандық тәсілдерді біріктіре отырып, индекс журналистерге қатысты зорлық-зомбылық және сарапшылармен сұхбаттар туралы деректерді жинайды. Көптеген жаһандық есептерге қарамастан, Орталық Азияның барлық елдері осы индекске енгізілген. Бұл бізге аймақты жан-жақты бақылап, елдерді өзара және олардың өткенімен салыстыруға сирек мүмкіндік береді.
2022 жылы Орталық Азия елдері айтарлықтай секіріс жасап, индексте көтерілді. Мысалы, Қазақстан рейтингте 33 сатыға көтерілсе (155-тен 122-ге), Өзбекстанның орны 24 сатыға көтеріліп, 133-ші орынға жайғасты. Тәжікстан бұрынғыдан 10 саты жоғары (162-ден 152ге), ал Қырғызстан 79-дан 72-ге көтерілді. Ал Түркіменстан бір сатыға көтеріліп, 177орынға жайғасты. Осы табыстан кейін Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов өзбек баспасөзінің өкілдерін құттықтап, Өзбекстан президентінің рөлін ерекше атап өтті, ал кейбір үкіметшіл БАҚ бұл жаңалықты белсенді түрде бөлісті. Қазақстанда көптеген бұқаралық ақпарат құралдары бұл жаңалықты көп сараптаусыз жариялап, осылайша өте жағымды көрініс қалыптастырды. Дәл осындай үрдіс Қырғызстан мен Түркіменстанда орын алып жатса, Тәжікстандағы үкіметшіл ақпарат көздері бұл хабардың таралуын қолдады. Бұл көтерілуді нақтырақ түсіну үшін жан-жақты кестелер және басқа факторларды қосу қажет.
2022 WPFI-ге келетін болсақ, аймақтың кенеттен ұпайларының жоғарылауының маңызды себептерінің бірі - RWB 2022 жылға арналған Индекс әдістемесін өзгерткені. Осы кезде RWB 2021 және 2022 жылдар аралығындағы рейтингтер бойынша тікелей салыстырудан сақтанды.
Жаңа әдістеме бұрынғы бес көрсеткішті ауыстыруды көздейді:
саяси негіз, құқықтық база, экономикалық база, әлеуметтік-мәдени негіз және қауіпсіздік. Әрбір көрсеткіш кемелденген, қанағаттанарлық, мәселелік, қиын немесе өте маңызды деп сарапқа салынады.
Сонымен қатар, баспасөз бостандығының анықтамасы сәйкес өзгереді және «Журналистер саяси, экономикалық, құқықтық және әлеуметтік араласудан тәуелсіз, қоғамдық мүдделер үшін өздерінің физикалық және психикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей жаңалықтар мен ақпаратты таңдайды, дайындайды әрі таратады».
Өткен жылдарда жеті индикатор болды:
плюрализм, БАҚ тәуелсіздігі, қоршаған орта және өзін-өзі цензура, заңнамалық база, ашықтық, инфрақұрылым және теріс пайдалану. Техникалық көрсеткіштерден жалпылама көрсеткіштерге мұндай ауысу зерттеудің бағытын белгілі бір дәрежеде өзгертті деп айтуға болады. Сондықтан рейтингтердің тікелей кросс-тайм салыстыруларын мұқият тексеру қажет, өйткені олар елдің уақыт өте келе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудағы табысын емес, жаңа индикаторлар жүйесі аясындағы салыстырмалы табысын көрсетеді.
Дегенмен, жалпы негізгі ұпайларды қарастырғанда, Түркіменстаннан басқа аймақтағы барлық елдердің ұпайларының төмендегені байқалады.
Мысалы, Қазақстан 49,72-ден 48,28-ге, Қырғызстан 69,63-тен 64,25-ке, Тәжікстан 44,48-ден 40,26-ға, Өзбекстан 49,26-дан 45,74-ке Түркіменстан 19,97-ден 25,01-ге көтерілген аймақтағы жалғыз ел болды. Бұл сондай-ақ осы Орталық Азия аймағына тізімдегі позициясын сақтап қалуға және нығайтуға көмектесті, өйткені әлемнің көптеген елдері өз ұпайларының одан әрі төмендегенін байқады. Жалпы алғанда, ең көп құлдыраған аймақ Оңтүстік Азия болса, бұл аймақтағы елдерге Үндістан, Бангладеш, Пәкістан және Ауғанстан кіреді. Өйткені олардың ұпайлары да, Индекстегі орны да айтарлықтай төмендеді. Демек, Орталық Азия аймағының индекстегі мұндай қарқынды өсуі негізінен әдіснаманың өзгеруі және әлемнің көптеген басқа елдеріндегі баспасөз бостандығына қатысты жағдайдың нашарлауы сияқты сыртқы факторларға байланысты деп қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар, индекстен әлі де көптеген маңызды қорытындылар жасауға болады. Мысалы, аймақ елдері арасында баспасөз бостандығы жөнінде рейтингтегі орындарды көруге мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш бойынша тізімнің алдыңғы қатарында Қырғызстан тұр.
Зерттеу авторларының пікірінше, Қырғызстандағы «тұрақсыз экономика мен кең таралған сыбайлас жемқорлыққа қарамастан, салыстырмалы түрде сөз және баспасөз бостандығына ие болуы Орталық Азияда ерекше жағдай». Елдің ақпараттық файлында «Шекарасыз тілшілер»
Қырғызстанның өсіп келе жатқан медиа секторы, белгілі бір плюрализм деңгейінің болуы және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа деген қызығушылығы сияқты кейбір жағымды жақтарын атап өтеді. Сондай-ақ, құжатта тұрақсыз саяси ахуал, үкіметтің баспасөзге цензура жасаудың жаңа әрекеттері, бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы бұрмаланған бәсеке сияқты кейбір келеңсіз аспектілерді келтіреді.
Баспасөз бостандығы бойынша Қазақстан аймақта екінші орында тұр. «Шекарасыз тілшілер» ұйымы тәуелсіз болып қала беретін онлайн медиа жобаларының санын арттырудың маңыздылығын атап көрсетеді. Дегенмен, тәуелсіз ақпарат құралдары мен мемлекет демеушілік ететін ұйымдар арасындағы бәсекелестікке кедергі келтіретін бірқатар факторлар бар.
Мысалы, мемлекеттік қолдау көрсететін ұйымдардың қаржылық қолдауы олардың тәуелсіз БАҚ ұйымдарына қарағанда жылдам өсуіне ықпал етеді. Сарапшылар 2016 жылы Ислам Каримов қайтыс болғаннан бері Өзбекстандағы жағдайдың баспасөз бостандығы жағынан біршама жақсарғанын айтады.
Зерттеу авторларының пікірінше, журналистердің қауіпсіздігі және әлеуметтік желілер арқылы тәуелсіз ақпарат көздеріне қолжетімділік те жақсарды. Сонымен қатар зерттеу авторларының пікірінше, бұл жаңалықтарға үкімет тарапынан бақылау болмайынша, елде тәуелсіз БАҚ ретінде жұмыс істеу әлі де өте қиын.
Көршілерінен айырмашылығы, Тәжікстанда баспасөз бостандығына қатысты жағдай нашарлап барады.
Жақында кейбір жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына көрсетіліп жатқан кысымның жалғасып жатқаның және көптеген журналистер елден кеткенін, халықтың көпшілігінде Интернетке тікелей және тұрақты қолжетімділігін болмағаның зерттеу авторлары білдіреді. Сондай-ақ, «Шекарасыз тілшілер» ұйымы «колдау көрсетілген тролльдердің қызметі, шектеуші заңдар, журналистикаға халық тарапынаң көрсетіліп жатқан әлеуметтікмәдени маңыздылығын төмендігі және тұтқындау, түрмеге жабу және физикалық шабуылдың ықтимал қауіптері» туралы айтады.
Ең соңында, елде тәуелсіз ақпарат құралдары болмағандықтан, Түркіменстан әлемдегі ең жабық мемлекеттердің бірі екені көрсетілген. Елдегі жағдайды хабарлауға тырысатын кейбір журналистер мұны шетелден алуға тырысады.
Негізінен, аталмыш есеп негізінде бірнеше қорытынды жасауға болады. Біріншіден, тіпті ең беделді ақпарат көздерін мұқият талдау өте маңызды. Екіншіден, жаңа әдістеме аясында салыстырулар жасау дұрысырақ болар еді. Сонымен қатар, мәселеге жалпы қарағанда аймақтағы үш ел бойынша индекстің кейбір жақтары біртіндеп жақсарғанын да атап өту керек. Осы тұста ілгерілеушіліктің басым бөлігі шындықты таратудың жаңа платформалары мен жолдарын іздеген жергілікті белсенділер мен журналистерге тән келгенін айта кеткен жөн. Аймақтағы қауымдастықтар мен үкіметтер бұқаралық ақпарат құралдары мен баспасөздің дамуы мемлекет пен қоғамның салауатты дамуына ықпал ететін маңызды фактор болып табылады деген көзқарасты арғарай дамытып жұмыстарды жалғастыруы керек.
Жазушы: Гүлнар Надирова, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік • Өзбекстан азық-түлік тауарларына қа• • • • • • Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы мәлімдеді. Олардың қатарында конституциялық сот құру, конституциялық деңгейде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесін анықтау, өлім жазасына сөзсіз тыйым салу бар. Сонымен қатар, президент барлық саяси партиялар мен қозғалыстардан бірдей қашықтық ұстайтыны жоспарланып отыр. Алдағы конституциялық реформа Қазақстан дамуының жаңа кезеңін айқындайтын болады (Kazinform, 05.05.2022).
Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сиярто Қырғызстанға ресми сапары барысында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Экономика және сауда министрі Данияр Амангелдиевпен кездесті. Сапар барысында екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бойынша Қырғыз-Венгрия стратегиялық кеңесінің 2-ші отырысы өтті. Тараптар Венгрия-Қырғыз даму қорының жұмысын талқылады (Kabar, 04.05.2022).
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Тәжікстан президенті Имамали Рахманмен телефон арқылы сөйлесті. Ораза айт мерекесімен құттықтаған басшылар өзбек-тәжік достығын, тату көршілік пен стратегиялық серіктестік қарым-қатынасын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. Практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы екіжақты сауда көлемін арттыруға және ынтымақтастықтың басым жобаларын ілгерілетуге ерекше назар аударылды (Kun.uz, 04.05.2022).
Еуропалық кеңес төрағасы Чарльз Мишель Молдоваға барып, Молдова президенті Майя Сандумен кездесті. Шарль Мишель кездесуде Еуропалық Одақтың (ЕО) Молдоваға әскери көмегін арттыруға уәде бергеніне назар аударды. Президент Санду Молдованың даму үлгісі ретінде еуропалық интеграцияны таңдағанын және Молдованың ЕО-ға мүше болу ниетін растағанын хабарлады (Aljazeera.com, 04.05.2022).
Армения мен Түркия екі ел арасындағы қарым-қатынасты толыққанды реттеуге мүдделі екенін білдірді. Ақпаратты екі елдің елшілері Рубен Рубинян мен Сердар Кылыч та растады. Мәлімдемеге сәйкес, тараптар екіжақты қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мақсатында нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жасалуы мүмкін қадамдарды талқылайды (Rferl.org, 03.05.2022).
Душанбедегі АҚШ елшілігі Тәжікстан Қорғаныс министрлігіне ел шекарасын қорғауға көмектесу үшін сегіз IVECO жүк көлігін, дөңгелектер мен IVECO көліктерінің қосалқы бөлшектерін берді. 2,3 миллион долларлық қайырымдылық Тәжікстанның ойлы-қырлы жерінде қорғаныс күштерінің ұтқырлығын жақсартуға жұмсалады. 1992 жылдан бері АҚШ үкіметі Тәжікстанның қауіпсіздік секторына 330 миллион доллардан астам көмек көрсетті (ASIA-Plus, 05.05.2022).
• • • • • тысты салық саясатына өзгерістер енгізді. 5 мамырда Президент «Өзбекстан республикасының Салық кодексіне тауық, мұздатылған балық және тірі құс етін, ет, тірі мал және картоп сияқты өнімдерді сатуды салықтан босату туралы» заңға қол қойды. Бұл ретте үкімет боялған маталарды, дайын киімдерді және трикотажды экспорттауды қоса алғанда, жекелеген қызмет түрлеріне салық салады (Kun.uz, 06.05.2022).
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің экономика және қаржы министрлігі мен басқа да тиісті мекемелерінің жоғары лауазымды тұлғалары Ыстамбұлда Түрік инвестициялық қорын құру мәселесі жөнінде жиын өткізді. Кездесуде негіздік келісімнің егжей-тегжейлері талқыланып, қордың негізгі элементтері, оның ішінде оның функциялары, өкілеттіктері мен қаржылық ресурстары келісілді. Қор жыл соңына дейін жұмыс істейді деп күтілуде (Kun.uz, 03.05.2022). Еуропа қайта құру және даму банкі Тәжікстанға қаржылық көмек көрсетуді жалғастыруда. Жақында банк елдегі ең ірі несие берушілердің бірі «Арванд» банкіне 7 миллион долларлық қаржы пакетін ұсынды. Бұл Тәжікстанның несиелік мекемелеріне елдің ауылдық және шалғай аудандарындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне қажетті несиелерді беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пакет қаржыландыруға, ақпарат қорына және техникалық қолдауға қол жеткізуге көмектесу арқылы әйелдердің кәсіпкерлігі мен іскерлік белсенділігін ілгерілетуге көмектеседі (ASIA-Plus, 06.05.2022). Дүниежүзілік банк Қырғызстанға қаржылық көмек көрсетуді жалғастырды. Жақында агенттіктің Атқарушы директорлар кеңесі микро, шағын және орта бизнесті төтенше жағдайда қолдау жобасын қаржыландыруға қосымша 50 миллион доллар бөлуді мақұлдады. Микро, шағын және орта кәсіпорындар жұмыс орындарын құруда және кедейшілікті азайтуда маңызды рөл атқарады, бұл Қырғызстанның жалпы ішкі өнімінің 42 пайызын құрайды. Микро, шағын және орта кәсіпкерлікті жедел қолдау жобасы және қосымша қаржыландыру жобасы 2027 жылдың маусымына дейін жүзеге асырылады (24.kg, 06.05.2022).
Жапонияның Украинадағы елшісі Мацуда Кунинори Украинаны қолдауға арналған жоғары деңгейдегі халықаралық донорлар конференциясына қатысып, Жапонияның Украинаға 300 миллион доллар қаржылай көмек көрсететінін мәлімдеді. Елші Жапонияның 200 миллион доллар гуманитарлық көмек көрсете бастағанын және барлық мемлекеттерді мүмкіндігінше Украинаны қалпына келтіруге қатысуға шақырғанын айтты. Жапония сондай-ақ Азия үкіметтерін Украинаға көрсетілген қолдауға қосылуға шақырады (Ukrinform, 05.05.2022).
Әзірбайжан мен Румынияның энергетика министрлері Парвиз Шахбазов пен Вирджил Даниэл Попеску «Оңтүстік-Шығыс энергиясының ауысуы: Энергия қауіпсіздігі, әртараптандыру және жасыл энергияға көшу жөнінде аймақтық ынтымақтастық» аясында кездесу өткізіп, Румынияға жасыл энергия өндіру және экспорттау мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ министрлер Грузия мен Қара теңіз арқылы суасты электр кабелі арқылы тасымалданатын энергия көлемі туралы пікір алмасты (AzerNews, 06.05.2022).
Дайындағандар:
Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет • • • • • • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінде түркітілдес халықтардың фестивалы өтті. Шараға Түркістан облысындағы ҚХА мүшелері, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің, Жастар ассамблеясының жетекшілері, жастар мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Фестиваль аясында түркі тілдес халықтардың ұлттық тағамдарының көрмесі мен концерті өтті (Kazinform, 07.05.2022).
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Қырғызстанның қолөнер және этно-фольклор ұжымдарының өкілдерімен кездесіп, ТҮРКСОЙ мен қолөнер ұйымдары арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Қатысушылар түркі халықтарының дәстүрлі қолөнерін дамыту жөнінде пікір алмасып, ой бөлісіп, Қырғызстанның мәдени күндерін Түркияда ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Кездесуде талқыланған басқа да тақырыптар «Ұлы мұраның заманауи мұрагерлері» ұранымен өтетін форумдар, семинарлар, көрмелер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру болды (Türksoy.org, 06.05.2022). Ташкентте өткен Өзбекстан мен Венгрия арасындағы ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі үкіметаралық комиссия келіссөздері аясында Венгрия университеттері Өзбекстаннан келген студенттерге тегін оқуға квота ашу туралы келісімге қол қойды. Комиссияға Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Сардор Умурзаков пен Венгрияның Сыртқы істер министрі Петер Сийярто төрағалық етті. Қатысушылар Өзбекстанда Дебрецен университетінің филиалын ашу және жергілікті университеттерде ішінара венгрлік білім беру жүйесін ілгерілету мәселелерін де талқылады (Centralasia.news, 05.05.2022).
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Ресей-Орталық Азияға 30 жыл: достық және ынтымақтастық» атты жуырдағы мақаласында Тәжікстанда орыс тілінде оқытатын бес мектеп салынып жатқанын және биылғы жылдың 1 қыркүйегінде ашылатынын мәлімдеді. Орыс тілді мектептерде оқу Орталық Азия елдерінің азаматтарына Ресейдің жоғары оқу орындарына тең шарттармен түсуге мүмкіндік береді. Ресейде жыл сайын шамамен 160,000 Орталық Азия студенті оқиды, оның 60,000-ы федералды бюджет есебінен қаржыландырылады (ASIA-Plus, 06.05.2022).
Түркістан қаласында «Түркі халқының ислам өркениетіне қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға Түрік мемлекеттері ұйымына мүше елдердің діни басқарма басшылары мен Кавказ мұсылмандары кеңесінің төрағасы шейхулислам Аллашүкүр Пашазаде қатысты. Жиынға қатысушылар діни білім беру саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, жаһандық сын-қатерлерге жауап беру үшін мұсылман үмбетінің ынтымағын нығайту мәселелерін талқылады (Azertag.az, 06.05.2022).
ТҮРКСОЙ «Түркі әлемінің түстері» және «Түркі әлемінің қолөнер бұйымдары» атты көрмелер ұйымдастырды. Шара үш күнге созылған Анталия халықаралық йөрүк түрікмен фестивалі аясында ұйымдастырылды. Түркі әлемінің дәстүрлі қолөнер бұйымдары қойылған көрмелерде Анталия тұрғындарына түркі халықтарының мәдениеті мен өнерімен танысуға мүмкіндік берілді. Фестиваль 29 елдің қатысуымен өтті (Türksoy.org, 06.05.2022).




