Түркия мен Еуропалық одақ арасындағы босқындар туралы келісім: келісімді жаңарту туралы өтініш

ТҮРКИЯ МЕН ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ АРАСЫНДАҒЫ БОСҚЫНДАР ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ: КЕЛІСІМДІ ЖАҢАРТУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ 2011 жылы Сирияда режим күштері мен оппозициясы арасында басталған қақтығыс азаматтық соғысқа ұласып, жақын тарихтағы ең үлкен көші-қон ағындарының бірін тудырды. Қауіпсіздік мақсатында үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған миллиондаған сириялықтар ел ішіндегі қауіпсіз аймақтарға, көрші елдерге, тіпті әр түрлі Еуропа елдеріне қоныс аударуда. Егер бұл көш ұдерісін сандық мәліметтер арқылы айтқанда, 6,6 миллионнан астам адам елдің басқа аймақтарына қоныс аударған болса, 2021 жылдың мамырындағы жағдай бойынша, Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының мәліметтерінде тіркелген 5 602 649 сириялық шетелде тұрады. Олардың 3 671 625-і (65%) Түркияда тұрса, ал 855 172 және 665 834-і сәйкесінше Ливан мен Иорданияда өмір сүруде. Осы мәжбүрлі көші-қон кезінде 1,2 миллионнан астам сириялық иммигранттар Еуропа елдеріне заңсыз жолдармен жеткені белгілі. Осыған байланысты Еуропалық одақ (ЕО) Түркиямен жүйесіз көші-қон ағымын белгілі бір құқықтық жүйемен реттеу туралы келіссөздер жүргізе отырып, 2016 жылдың 18 наурызында Босқындар туралы келісімге қол қойған болатын.
Аталмыш көші-қон сапарында Түркия-Грекия бағыты 2016 жылдың 20 наурызына дейін негізгі артерия ретінде қолданылды.
Егер келісімге енгізілген шарттарды еске түсіретін болсақ, Түркия шекарада бақылауды күшейтіп өз аумағы арқылы ЕО-ға қарай жүйесіз көші-қонның алдын алады. Түркиядан Грекияға келген жүйесіз мигранттардың жеке баспана сұрауы қабылданбаған адамдар Түркияға қайтарылады. Осы сәтте бірге-бір форматы арқылы Түркияға оралған әрбір сириялық мигрант үшін Түркиядағы сириялық мигрант ЕО елдерінің біріне орналастырылады. Еуропалық одақ Түркияға сириялық босқындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жалпы сомасы 6 миллиард еуро көлемінде қаржылық көмек көрсетеді. Бұл соманың алғашқы 3 миллиард еуросын 2016 жылдың соңына дейін, ал қалған 3 миллиард еуроны 2018 жылы бөлу керек. Екінші жағынан, егер қажетті шарттар орындалса, 2016 жылдың маусым айынан бастап ЕО елдеріне кіру кезінде Түркия азаматтарына визаны ырықтандыру қамтамасыз етілуі қажет. Сонымен қатар, Түркия мен ЕО арасындағы кедендік одақ туралы келісімді жаңарту және мүшелік үдерісінде қалған келіссөздерді жалғастыру туралы шарттар орын алған. Әдетте осы шеңберде дайындалған екі тарап арасындағы келісімнен бес жыл өтсе де, ол әлі де тиімді жұмыс істемейді.
Мұның себептерінің ішіндегі ең үлкен мәселелердің бірі - екі тараптың белгілі бір мәселелер бойынша жалғасып келе жатқан келіспеушіліктері үдерісті баяулатуда. Егер келісім шеңберіндегі екі жақтың шараларын қарастыратын болсақ, келісімге сәйкес, түрік жағының өз шекараларында бақылауды күшейту арқылы жүйесіз көші-қон ағындарын едәуір дәрежеде тоқтата алғанын көруге болады. Осылайша, Түркия арқылы Грекияға өткен мигранттардың саны 2016 жылғы қаңтарда келісімге дейін күн сайын 1700 адамнан 2017 жылғы қаңтарда 45 адамға дейін қысқара отырып, келесі жылдары осындай төмен деңгейлерде қалды. Осылайша, 2015 жылы Түркия-Грекия жолынан Еуропаға келушілердің саны 856 723-тен 2020 жылы 9 714-ке дейін төмендеді. Азаматтық соғыстың жалғасуына байланысты иммиграцияның үздіксіз ағыны Гибралтар арқылы аса қауіпті Ливия-Италия және Испания бағыттарына ауысты.
ЕО-ның визаны ырықтандыруы бойынша орындауы қажет 72 бабына Түркияның дайындығына қарамастан, ЕО қосымша талаптар қоя отырып, үдерістің ілгерілеуін тығырыққа тіреді және визаны ырықтандыру мәселесі әлі шешілген жоқ.
ЕО-да қарастырылған қаржылық көмекке қатысты уақыт пен мөлшерде және жұмыс стилінде Түркия мен ЕО арасында белгілі бір келіспеушіліктер жалғасуда. Түрік тарапының хабарламаларына сәйкес, 2018 жылдың соңына дейін жоспарланған жалпы 6 миллиард еуродан осы уақытқа дейін шамамен 3,6 миллиард еуро жіберілген. Алайда, ЕО тарапының мәлімдемелеріне қарасақ, жобалар аясында бөлінген 6 миллиард еуроның 4,1 миллиард еуросының аударылғаны және 2 миллиард еуроның да жобалар аясындағы жұмсалғаны жайлы айтылған. Бұл мәселе бойынша, екі тарап арасындағы сомадағы келіспеушіліктің ЕО-ның үдерісті басқару тәсілінен туындағанын айтуға болады. Түрік жағы Сирияда азаматтық соғыс басталғаннан бері Түркияға паналаған сириялықтарға шамамен миллиард долларлық гуманитарлық көмек бергенін хабарлады. Бұл көмек құралдарының барлығын Қызылай бастаған елдегі түрлі ұйымдар ұсынуда. ЕО жағы, Түркиядағы сириялықтарға бөлінген қаржылық ресурстарды түрік үкіметі мен мекемелеріне берудің орнына, елде жұмыс істейтін ЕО елдеріне тәуелді мекемелер арқылы жүзеге асыруда.
Бұл басқару тәсілі Түркия үкіметі мен гуманитарлық көмек саласында жұмыс істейтін жергілікті мекемелер мен ұйымдарға деген сенімсіздікті көрсетеді. Екінші жағынан, жобалық негізде ақша аударымдарын жүзеге асыру үдерісті едәуір баяулатады. Сонымен қатар, жоба үйлестірушілерінің ЕО-ға жақын немесе мүше елдерде әртүрлі критерийлер арқылы жұмыс істейтін ұйымдарды таңдауына байланысты отандық ұйымдардың қатысу деңгейі төмен деңгейде қалып отыр. Бұл екі негізгі себеп уақыттың кешігуін де, сан дауын да түсінуге көмектеседі. Түрік жағы көрсеткен сан елдегі жобаларға аударылған ақшаға қатысты болса, ЕО жағындағы сома жобаларға қағаз жүзінде аударылуға жоспарланған соманы көрсетеді. Қысқаша айтқанда, ЕО мәселеге гуманитарлық көмек логикасынан гөрі даму қорының стилімен қарауы және жоба басшыларының таңдамалы тәсілі үдерісті жылдам әрі тиімді жүргізуді қиындатады. Реадмиссия үдерісінде 2016-2019 жылдар аралығында Грекиядан Түркияға барлығы 3892 адам жіберілді. Тағы бір назар аударарлық мәселе, Түркия 2019 жылы тек 86 адамды қайта қабылдауы, 2020 жылы содан кейін бұл үдерісті одан әрі бәсеңдеткеннен кейін тоқтатты. Осы оқиғалардың барлығына сәйкес Түркия ЕО міндеттемелерін орындамағанын білдіре отырып, Грекиядан сириялық тұрақты емес мигранттарды қайта қабылдау шарттарына сәйкес қабылдау үдерісін тоқтатуына байланысты Түркияның келісімді сақтамағаны туралы пікірлер туындай бастады. Бұл жағдай, қазірдің өзінде әлсіз құрылымда жұмыс істеп тұрған келісімнің қалған шарттары бойынша келіспеушіліктің көбеюіне себеп болып, бүгінгі күнге дейін сақталды. Жалпы Түркия мен ЕО арасындағы қатынастарды жақсарту мақсатында, екі жақтың Босқындар келісімі аясында бір-біріне берген уәделерін орындауы өте маңызды. Түркия 9 мақсат пен 50 мақсатты қамтитын Адам құқықтары жөніндегі іс-қимыл жоспарының визаны ырықтандыруға қатысты қалған критерийлерді орындау үшін дайындалғанын мәлімдеп қана қоймай, сонымен бірге, кедендік одақ келісімі мен ЕО мүшелік келіссөздерінің жылдамдатылуын және келісімнің басқа шарттарының орындалуын талап етеді.
ЕО жағынан Босқындар туралы келісімді жаңарту туралы одақ ішіндегі келіссөздердің жалғасқаны белгілі және ЕО елдерінің 2020 жылғы желтоқсанда өткен мәселе бойынша бірінші кездесуінен кейін 2021 жылдың соңына дейін Түркияға 485 миллион еуро бөлу туралы шешім қабылданды. ЕО Сыртқы қатынастар және қауіпсіздік саясаты жоғары өкілі Джозеп Боррелдің ЕО-ның 25-26 наурызындағы саммитінің Түркиямен қарымқатынасы туралы есебінің көші-қон бөліміне көз жүгіртетін болсақ, кейбір таңдаулы бағыттар бойынша ынтымақтастықты жақсарту керектігін қолдайтынын көреміз. Олардың арасында Боррелл Түркия мен ЕО арасындағы қолданыстағы Кедендік одақ туралы келісімді екі тарапқа да тиімді етіп жаңартылуын, әсіресе ауылшаруашылығы, қызмет көрсету, цифрлық экономика және тендерлік жүйелерде ЕО-дан рұқсат күтетінін баяндаған. Екі жақтың экономика, энергетика, саяси оқиғалар, сыртқы және қауіпсіздік саясат пен жасыл экономика сияқты салалардағы жоғары деңгейдегі кездесулері мен диалогтарын жандандыруға және және Erasmus+, Horizon Europe сияқты жобаларды тиімді қолдана отырып, қауымдастықтар арасындағы қатынастарды нығайтуға кеңес берген.
Реадмиссия үдерісі аясында Түркияның Грекиядан келген 1450 босқынды қайта қабылдауы және оның орнына Түркиядан алынатын сириялықтардың рәсімдерінің жеделдетілуі көзделеді. Алайда, Борреллдің барлық осы мәлімдемелерінде визаны ырықтандыру мәселесіне қатысты маңызды ескерту немесе қадам көрінбейді. Жаңартылуы жоспарланған Босқындар келісімінің келіссөздер үдерісін 2022 жылы аяқтау жоспарланған.
Қысқаша айтқанда, тараптардың Босқындар туралы келісімінен күткен үміттерін қарастырған кезде, түрік жағының іс-шараға ЕО-ның бастапқы келісімдегі міндеттемелерін орындауына негізделгенін көруге болады. ЕОның кедендік келісімді жаңартуға, реадмиссия рәсімін тиімді жүргізуге және жалпы қарымқатынасты жақсартуға оң көзқараспен қараса, визаны ырықтандыру туралы сөз етпеуі назар аудартады. Екінші жағынан, көмек қорларын пайдалану туралы да айтылмауы және аудару жоспарланған қаражаттың алдыңғы көрсеткіштен әлдеқайда төмендігі ЕО-ның визаларды ырықтандыру және көмек қорларына қатысты көзқарасында өзгерістің жоқтығын көрсетеді. Осы жағдайларды ескере отырып, жаңа келіссөздер үдерісінің қалай жүретіні тараптардың әртүрлі мәселелерде қаншалықты жеңілдіктер жасайтындығына байланысты болатындығын білдіре отырып, алдағы уақытта осы үдерістің барысын бірге бақылайтын боламыз.
Жазушы: Женгізхан Жаналтай, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев қазақстандық әріптесі Мұхтар Тілеубердімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақбаев Қырғызстанның бауырлас ел Қазақстанмен екіжақты және көпжақты қатынастарды тереңдету мен нығайтуға бағытталған сыртқы саясатын жүргізе беретінін және осы бағытта саясат, сауда, инвестиция және көлік салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейетіндігін мәлімдеді. Сонымен қатар, Қазақбаев екіжақты қатынастарды тереңдету үшін бірлескен іс-қимыл жасауға шақырды (Кабар, 28.05.2021). Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, жұмыс сапарымен Ашхабадта болған Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловты қабылдады. Тараптар сауда, инвестиция және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықпен қатар әр түрлі екіжақты мәселелерді талқылады. Министр Камилов пен оның түркімендік әріптесі Рашид Мередов суды басқару бойынша түркімен-өзбек үкіметаралық бірлескен комиссиясына және ақылы жер пайдалану туралы келісімдерге қол қойды (Orient, 26.05.2021). Беларусь Президенті Александр Лукашенко Ресейге сапары кезінде ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесті. Президенттер екіжақты қатынастардың дамуы мен экономикалық, сауда-энергетикалық ынтымақтастықтың қазіргі дамуын талқылады. Президенттер «РесейБеларусь Одақ мемлекеті» құрылымында одан әрі интеграциялау мәселелеріне де назар аударды. Президент Лукашенко Ryanair жолаушылар ұшағында болған оқиғаның шарттары мен себептері туралы Владимир Путинге толық ақпарат берді (ТАСС, 29.05.2021).
Қырғызстан Қорғаныс министрі Таалайбек Омуралиев Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рапил Жошыбаевпен кездесті. Тараптар екі елдің қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Ақысыз әскери-техникалық көмек көрсету туралы екіжақты келісім аясында Қырғызстанға әскери-техникалық жабдықтар жеткізуге ерекше назар аударылды. Тараптар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін растады (Кабар, 25.05.2021). Украина Қорғаныс министрі Андрий Таран мен Грузия Қорғаныс министрі Юаншер Бурчуладзе екі елдің әскери ұйымдары арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарына қол қойды. Екіжақты кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Қорғаныс министрліктерінің басшылары Ресейдің еркін және қауіпсіз шарлауды үнемі бұзуын ескере отырып, Азов теңізі-Қара теңіз аймағындағы жағдайға тоқталды. Тараптар екі елдің де ұқсас мақсаттарға ие екендіктерін атап өтіп, НАТО-ға мүшелікке қабылдау іс-қимыл жоспары аясында ынтымақтастық орнатуға келісті (Укринформ, 26.05.2021).
Минскіде Беларусь Премьер-министрі Роман Головченконың төрағалығымен ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Украинадан басқа ТМД-ға мүше барлық елдердің делегациялары қатысты. Делегация басшылары мүше мемлекеттердің түрлі салалардағы ынтымақтастығын қарастыратын бірқатар құжаттарға қол қойды. Отырысқа қатысушылар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердегі мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруға жауапты мемлекеттік (атқарушы) органдардың 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған ынтымақтастық тұжырымдамасын және оны іске асырудың негізгі іс-шаралар Жоспарын мақұлдады (Cis.minsk.by, 28.05.2021).
Экономика, қаржы және энергия Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымды дамыту Вице-министрі Аманияз Ержанов 20-дан астам ел қатысқан энергия үнемдеу бойынша үшінші халықаралық форумына қатысты. Ержанов Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығын 2030 жылға қарай 30%ға, 2050 жылға қарай 2008 жылғы деңгейден екі есеге төмендетуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Ел, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша іс-шаралар жоспарларын іске асыруға 300 миллиард теңгеден астам (699 миллион доллар) инвестиция салды. Осы жоспарларды жүзеге асыра отырып, Қазақстан шамамен 78 миллиард теңгені (182 миллион доллар) үнемдеді (Qazaq TV, 28.05.2021).
Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Сардор Умурзаков пен Ауғанстан Президенті әкімшілігінің төрағасы Мұхаммед Шакир Каргар екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты талқылады. Билік Өзбекстан мен Ауғанстанның 2021 жылдың соңына дейін Жеңілдікті сауда келісіміне қол қоятынын хабарлады. Келісімнің екіжақты сауда көлемін 2020 жылы 800 миллион доллардан алдағы жылдары 2 миллиард долларға дейін арттыруы болжануда. Тараптар «Термез халықаралық сауда орталығы» еркін сауда аймағының үлкен әлеуетке ие екендігін атап өтті (UzReport, 26.05.2021).
Өзбекстан Әмудария өзені арқылы 413 метрлік жаңа көпір салуды жоспарлап отыр. Бұл инфрақұрылымдық жоба Ресей мен Қазақстаннан келетін жүктерді тасымалдау қашықтығын 240 км-ге және жеткізу уақытын 6 сағатқа қысқартады. Осылайша жүк тасымалы көлемі екі есеге артып, жылына 25 миллион тоннаға жетуі және көпірдің ішкі сауда шығындарын азайтуы күтілуде. Жобаны Өзбекстан темір жолдары жүзеге асырады (UzReport, 28.05.2021).
Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы 2021 жылдың қаңтарсәуір айларында 166,9 миллион долларға жетті. Түркіменстанның Өзбекстанға экспорты 130,5 миллион долларды, Түркіменстанның Өзбекстаннан импорты 36,5 миллион долларды құрады. 2020 жылы Өзбекстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымы 527 миллион долларға жетті. Қытай Өзбекстанның ірі сауда серіктесі болып қала беруде. Жоғарыда аталған кезеңде Өзбекстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі 2,1 миллиард доллардан асты (Aa.com.tr, 27.05.2021). Беларусь Ауыл шаруашылығы және азықтүлік министрінің орынбасары Алексей Богданов елдің ауыл шаруашылығы экспортының рекордтық көрсеткіштерге жеткенін мәлімдеді. 2021 жылдың бірінші тоқсанында Беларусь экспорты 1,5 миллиард долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3% өсті. Азия мен Океания елдеріне экспорт 70,1%, Еуропалық Одақ елдеріне 38,4% және Қытайға шамамен 88% өсті. Беларусьтың азық-түлік экспортындағы Ресейдің үлесі 73,5%-ға дейін төмендеді (БелТА, 24.05.2021).
Әзірбайжан мен Қазақстанның мемлекеттік теміржол компаниялары Бакуде жүк көлігі мәселелерін талқылау үшін бас қосты. Тараптар жүк көлемін ұлғайту үшін маршрут бойындағы құжаттар айналымын цифрландыруға келісті. 2021 жылдың қаңтар-сәуір кезеңінде Әзірбайжан арқылы өтетін транзиттік контейнер тасымалы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49% өсті. Тараптар Халықаралық транскаспийлік көлік маршрутының әлеуетін пайдалану үшін даму стратегиясын қабылдаудың маңыздылығын атап өтті (AzerNews, 26.05.2021).
Дайындағандар:
Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет Түркістанда «Түркістан: Түркі әлемінің рухани астанасы» атты халықаралық конференция өтті. Халықаралық Түркі академиясы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті бірлесіп ұйымдастырған шараға түркі әлемі үшін қызмет атқаратын халықаралық ұйымдардың төрағалары, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақтүрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова және министрліктер мен жергілікті әкімшіліктің қызметкерлері қатысты. Конференция Түркістан қаласының жаңа мәртебесі тұрғысынан түркі мемлекеттері арасындағы терең тамырлас қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталды (Turkkon.org, 28.05.2021).
Түрік әуе жолдары Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістаннан Стамбулға алғашқы рейсін бастады. Рейстер жүйелі түрде аптасына бір рет Boeing 737 модельді ұшақтармен жүзеге асырылады. Бару-келу құнының 119 500 теңгеден (278 доллар) басталуы күтілуде. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруымен ұшу жиілігінің артуы күтілуде. Бұған дейін 2021 жылы наурызда қазақстандық төмен бағалы Fly Arystan әуе компаниясы Түркістан мен Стамбулды байланыстыратын тұрақты рейстер бастаған болатын (Astanatimes, 28.05.2021).
Түрік Albayrak Media Group пен Әзірбайжан Тренд ақпараттық агенттігі «Түрік әлемі» атты бірлескен алаң құрды. Жаңа цифрлық жобаның ашылу салтанатына Түркияның Әзірбайжандағы елшісі Жахит Бағжы, Әзірбайжан медиа дамыту агенттігінің атқарушы директоры Ахмед Исмайылов, Albayrak Media Digital төрағасы Өмер Каража, Әзірбайжан парламентшілері мен БАҚ басшылары қатысты. Жоба екі ел арасындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты нығайтуы күтілуде (Dailysabah, 25.05.2021). Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) мектепке дейінгі гагауз балалары үшін «Лафет Гагауз» білім беру бағдарламасын қолдады. Бағдарламаны Meras қауымдастығы Молдованың Гагауз автономиялық аймағында гагауз тілінің қолданылуы туралы хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырды. Бағдарламаны сәтті аяқтағандарға сертификаттар мен велосипедтер берілді (Tika.gov.tr, 29.05.2021).
Түркияның Моңғолиядағы елшісі Зафер Атеш Моңғолия мемлекеттік Ұлы Хуралының (парламент) төрағасы Гомбожавин Занданшатармен кездесті. Тарих, мәдениет, туризм және білім салаларындағы екіжақты достық қатынастар мен ынтымақтастықты тереңдету кездесудің негізгі тақырыптарының бірі болды. Тараптар екі ел арасындағы туризмді дамыту үшін тарихи мұраны, тарихты, мәдениетті және дәстүрлерді насихаттау мақсатында бірлесіп жүзеге асырылуы мүмкін жобалар мен бағдарламалар туралы ойларымен бөлісті. (Akipress, 26.05.2021).
Дүниежүзілік банк Тәжікстанға эпидемияның салдарымен күресу үшін қаржылай көмек көрсетуді жалғастыруда. Тәжікстан Қаржы министрі Файзиддин Каххорзода мен Дүниежүзілік банктің Тәжікстандағы менеджері Ян-Питер Олтерс 21,3 миллион долларлық гранттық көмек туралы келісімге қол қойды. Осы қаражат арқылы Тәжікстан коронавирус вакцинасын, жеке қорғаныс құралдары мен тест сатып алу, вакцинация жүйесін дамыту мен вакцинация кадрларын даярлауын жүзеге асырылады. Сонымен қатар, басқа маусымдық жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар сатып алу жоспарлануда (Asia-Plus, 24.05.2021).




