f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Германиядағы әсіре оңшылдықтың күшеюі
ebulletin

Германиядағы әсіре оңшылдықтың күшеюі

Авторлар: Өмірбек Қанай
2023 ж. 25 сәуір
Германиядағы әсіре оңшылдықтың күшеюі

ГЕРМАНИЯДАҒЫ ӘСІРЕ ОҢШЫЛДЫҚТЫҢ КҮШЕЮІ Германия заң үстемдігі мен толықтай демократиялы ел болумен қатар [WJP, 2022; EIU, 2023], Еуропадағы соңғы жылдары шектен шыға бастаған оңшыл және нәсілшіл қозғалыстар айтарлықтай кұшейген елдердің бірі болып отыр. Эберсвальдтан (1990 жылғы желтоқсан) Ханауға (2020 жылғы ақпан) дейін, түрлі шерулерден төңкеріс жоспарларына дейін (2022 жылғы желтоқсан) көптеген зорлық-зомбылық және лаңкестік шабуылдар жасаған әсіре оңшыл және нәсілшіл қозғалыстар Германиядағы адам құқықтары мен демократияға төнген ең үлкен қауіптердің бірі болып келеді. Тиісті статистикалық деректер Германиядағы әсіре оңшылдардың саны соңғы жылдары тұрақты өскенін көрсетеді. Мысалы, Германияның Конституцияны қорғау жөніндегі федералдық ұйымының (BfV) деректеріне сәйкес, елдегі әсіре оңшылдардың саны 2019 жылы шамамен 32.080 болса, 2020 жылы 3.8 пайыз артып 33.300 адамға, ал, 2021 жылы 1.8 пайызға өсіп 33.900 адамға жетті. Осы әсіре оңшылдардың 13.500-і зорлық-зомбылыққа бейім екендігі болжанып отыр [BfV, 2021; BfV, 2022a]. Негізі, елдегі саяси астары бар қылмыстар арасында әсіре оңшылдардың үлесі жоғары. Мысалы, Германия Федералдық Ішкі істер министрлігі (BMI) мен Федералдық Қылмыстық Басқарманың 2021 жылғы Саяси қылмыстар туралы есебіне сәйкес, елдегі саяси астарлы қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға артып, 2021 жылы 55.048-ге жеткен. Оның 21.964-ін оңшыл экстремистер жасаған. Сонымен қатар, 2021 жылы елде әсіре оңшыл экстремистердің қолынан 4 адам қаза тауып, 869 адам жарақат алған [BMI, 2022a]. Германия үкіметінің 2022 жылғы 16 желтоқсандағы мәлімдемесіне сәйкес, 2022 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша бүкіл ел көлемінде қамауға алу ордері бар 674 әсіре оңшыл іздестіріліп жатыр [Бундестаг, 2022].

Дегенмен, Германиядағы әсіре оңшыл лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар санына қатысты ресми мәлімдемелер мен тәуелсіз зерттеулер арасында үлкен айырмашылық бар. Мысалы, Германия федералды үкіметінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы ресми мәлімдемесіне сәйкес, 1990 жылдан 2020 жылдың 31 қазанына дейін елде әсіре оңшыл лаңкестік әрекеттердің салдарынан жалпы 106 адам қайтыс болды [Бундестаг, 2020]. Дегенмен, тәуелсіз зерттеулер бұл көрсеткіштің жоғары екенін айғақтайды. Мысалы, Tagesspiegel және Zeit Online сияқты неміс бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіз зерттеулері Германияда 1990 жылдан бастап 2020 жылдың қыркүйегіне дейін әсіре оңшыл топтар тарапынан жалпы 184 адам өлтірілгенін хабарлады [Blickle, Jansen, Kleffner, т.б., 2020]. Сонымен қатар, Германиядағы оңшыл экстремизмді көп жылдар бойы зерттеп келе жатқан Amadeu Antonio Foundation (AAS) зерттеуіне сәйкес, 1990 жылдан 2021 жылдың желтоқсанына дейін елдегі әсіре оңшыл лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны кем дегенде 219 адам болған [AAS, 2020]. Бұл сандарды Германиядағы әсіре оңшылдардың қорқынышты көрсеткіші деп санауға болады. Әсіресе, 2022 жылдың желтоқсанында Германияда нәсілшіл және әсіре оңшыл топтардың төңкеріс жасап, қазіргі билікті басып алу жоспарының паш болуы елдегі әсіре оңшыл қозғалыстардың қауіп ті деңгейге жеткенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Германияның федералдық бас прокуратурасының ресми мәлімдемесіне қарағанда, 2022 жылы 7 желтоқсанда елдің 11 провинциясында 130 жерде жүргізілген лаңкестік ке қарсы операция нәтижесінде әсіре оңшыл террор ұйымына мүше және соған жақтас 25 адам тұтқындалды. Операциядан кейін Федералдық Бас прокуратура аталмыш төңкерісті 2021 жылдың қарашасынан бастап әсіре оңшыл және нәсілшіл Reichsbürger қозғалысы құрған Patriotische Union тобының жоспарлағанын жариялады. Белгілі болғандай, аталған террористік ұйымның мүшесі және қолдаушысы деген күдікпен тағы 27 адам іздестіріліп жатыр [Generalbundesanwalt, 2022]. 3.000-нан астам ауыр қаруланған арнайы күштер мен полиция қызметкерлері қатысқан операция Германия федералды республикасының тарихындағы ең ірі терроризмге қарсы операция болып табылады. Жоғарыда аталған Reichsbürger қозғалысының тарихы Германияда әсіре оңшыл және нәсілшіл қозғалыстар неонаци ретінде қайта пайда бола бастаған 1980 жылдардан басталады. 1985 жылы Вольфганң Герхард Гюнтер Эбель негізін қалаған Kommissarische Regierung des Deutschen Reiches (KRR)

бастамасымен басталған Reichsbürger қозғалысы 2010 жылдардан кейін белсенді бола бастады [Rathje, 2014]. Германия Федеративтік Республикасының легитимділігі мен демократиялық құрылымын жоққа шығаратын Reichsbürger қозғалысы өзінің «үкіметтерін» құруға, өз төлқұжаттары мен валюталарын шығаруға тырысады. Әртүрлі конфессиялардағы адамдар мен топтардан тұратын Reichsbürger қозғалысының мүшелерін монархисттер мен республикашылардан антисемиттік, нәсілшіл және әсіре оңшылдарға дейін кең ауқымда сараптауға болады [BMI, 2022b]. Соңғы жылдары елде ұқсас нанымдағы Reichsbürger мен Selbstverwalter мүшелерінің саны артып келеді. Мысалы, Германия Федералдық Ішкі істер министрлігінің (BMI) деректеріне сәйкес, Reichsbürger және Selbstverwalter мүшелерінің саны 2018 жылғы 18.000-нан 2021 жылы 21.000-ға және 2022 жылы 23.000-ға дейін өсті. Аталмыш 23 мың адамның 2.100-і зорлық-зомбылыққа бейім және олардың 1.250-і әсіре оңшыл екені атап көрсетілді. 2016-2022 жылдар аралығында кем дегенде 1.050 Reichsbürger және Selbstverwalter мүшесінің қару лицензиясы күшінен қалдырылса, ал 500-ден астамы әлі де қару лицензияларына ие [BMI, 2019: BMI, 2022a]. Сонымен қатар, соңғы жылдары Германияда Reichsbürger және Selbstverwalter мүшелері жасалған саяси астарлы қылмыстар санының айтарлықтай өскені белгілі. Мысалы, 2020 жылы Reichsbürger және Selbstverwalter мүшелері елде жалпы 722 саяси астарлы қылмыс жасаған болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 84 пайызға өсіп, 1.330-ға жеткен [BfV, 2022a].

Атап айтқанда, тұтқындалғандар арасында кейбір сарбаздар мен «Германия үшін балама» (AfD) партиясының бұрынғы Бундестаг депутаты болуы әсіре оңшылдардың қорқынышты жағын көрсетіп отыр. Өйткені бұл жағдай Германиядағы нәсілшілдік пен әсіре оңшылдардың санының тез өсіп қана қоймай, олардың тіпті қауіпсіздік күштері ішінде де мүшелері бар екенін көрсетеді. Оның үстіне, Германияның қауіпсіздік күштері арасында әсіре оңшылдықтың пайда болуы бірінші рет емес. Мысалы, 2017 жылдың ақпан айынан бері Германия Қарулы Күштері (Бундесвер) құрамындағы әсіре оңшыл террористік топқа қарсы басталған тергеулердің нәтижесінде «Ганнибал желісінің» ортаға шығуына байланысты Бундесвердегі әсіре оңшыл қауіп елде үлкен алаңдауЖазушы: Өмірбек Қанай, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан шылық тудырды [Röhlig, 2018]. 2020 жылдың қыркүйегінде алғаш рет жарияланған Германияның қауіпсіздік күштері арасындағы нәсілшілдік және әсіре оңшылдық туралы BfV есебіне сәйкес, федералды және аймақтық қауіпсіздік органдарында 2017 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың 31 наурызына дейін әсіре оңшыл топтармен байланысты деп болжанған 319 күдікті іс тіркелген [BfV, 2020]. 2022 жылдың мамыр айындағы BfV есебіне сәйкес, 2018 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 30 маусымы аралығында 176сы федералды қауіпсіздік органдарында және 684-і аймақтық қауіпсіздік органдарында жалпы 860 күдікті іс тергеліп, оның 327сі дәлелденді. Аталған 327 әсіре оңшыл экстремисттің ішінде 48інің Reichsbürger және Selbstverwalter қозғалыстарымен байланысы бар екені анықталса, оның 30-ы федералды қауіпсіздік органдарына және 18-і аймақтық қауіпсіздік органдарына тиеселі болды [BfV, 2022b]. Ел қауіпсіздігіне жауапты қауіпсіздік органдарында дәлелденген әрбір әсіре оңшыл жағдай қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін жоғалта түсетінін айта аламыз. Оның үстіне төңкерісті жоспарлаған әсіре оңшыл террористік ұйымның құрамында бұрынғы AfD мүшесінің болуы, аз уақыттың ішінде тез күшейген AfD-ның саяси партиядан гөрі әсіре оңшыл қауіп-қатердің орталығына айнала бастағанын көрсетеді. 2013 жылы ақпанда құрылған әсіре оңшыл және нәсілшіл AfD партиясының Германиядағы жергілікті және федералды парламент сайлауында да, Еуропарламент (ЕП) сайлауында да тез көтеріліп, ондаған орынға ие болуын соңғы жылдары елдегі оңшылдық үдерісінің күшеюінің көрсеткіші деп түсінуге болады. AfD партиясымен қатар, Германияның Ұлттық демократиялық партиясы (NPD 1964), Үшінші жол партиясы (III. Weg), Оңшылдар (Die Rechte), Республикашылар (REP) сияқты әсіре оңшыл партиялар мемлекеттік деңгейде, ал Freie Sachsen сияқты партиялардың аймақ деңгейінде белсенді әрекет етуі әсіре оңшылдардың елде тұрақты саяси күш ретінде рөл атқара бастағанын көрсетеді.

Қорыта айтқанда, Германия біріккеннен бері жалғасып келе жатқан әсіре оңшылдықты оның астарындағы тарихи, діниидеологиялық, мәдени, саяси, тіпті аймақтық геосаяси негіздерінен бөлек қарастыру мүмкін емес. Өйткені Германия үкіметі 1990-2021 жылдар аралығында 50-ден астам әсіре оңшыл және нәсілшіл ұйымдар мен олардың еншілес ұйымдарына тыйым салғанымен [BfV, 2022c], әсіре оңшылдардың елдегі таралуы мен ұйымдасу үдерісін тоқтата алмауы әсіре оңшылдықтың тарихи, діниидеологиялық және мәдени тамырының қаншалықты тереңде жатқанын екенін көрсетеді. Сонымен қатар, соңғы жылдары Сирия соғысынан туындаған мигрант дағдарысы да Германияда иммигранттар мен исламға қарсы әсіре оңшыл көзқарастардың артуына себеп болғанын айтуға болады. 2014 жылы желтоқсанда Германияда құрылған және еншілес ұйымдарымен бірге қарқынды дамып келе жатқан Батыстың исламдануына қарсы патриоттық еуропалықтар (Пегида)

қозғалысы осының ең негізгі мысалдарының бірі. Аймақтық геосаяси тұрғыдан алғанда, әсіресе соңғы жылдары Австрия, Франция, Нидерланды, Италия және Швеция сияқты Еуропалық Одақтың көптеген елдерінде нәсілшіл және әсіре оңшыл саяси партиялар мен қозғалыстардың күшеюі, Германиядағы әсіре оңшылдардың күшеюіне қатты әсер етті деуге болады. Қазірдің өзінде елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, күшейіп келе жатқан әсіре оңшылдық Германия мемлекеті мен қоғамы алдағы кезеңде шешуі тиіс ең үлкен мәселелердің бірі ретінде жалғаса берері даусыз.

Дереккөз:

AAS (2021). Todesopfer rechter gewalt. Сілтеме: https://www.amadeuantonio-stiftung.de/todesopfer-rechter-gewalt/. Қаралған уақыты: 22.02.2023.

BfV (2020). Rechtsextremisten in Sicherheitsbehörden: Lagebericht. Сілтеме: https://www.verfassungsschutz.de/SharedDocs/publikationen/DE/rechtsextremis mus/2020-09-lagebericht-rechtsextremisten-insicherheitsbehoerden.pdf?__blob=publicationFile&v=9. Қаралған уақыты: 23.02.2023.

BfV (2021).

Verfassungsschutzbericht 2020.

Сілтеме:

https://www.verfassungsschutz.de/SharedDocs/publikationen/DE/verfassungssch utzberichte/2021-06-verfassungsschutzbericht2020.pdf?__blob=publicationFile&v=8. Қаралған уақыты: 21.02.2023. BfV (2022a).

Verfassungsschutzbericht 2021.

Сілтеме:

https://www.verfassungsschutz.de/SharedDocs/publikationen/DE/verfassungssch utzberichte/2022-06-07-verfassungsschutzbericht2021.pdf?__blob=publicationFile&v=4. Қаралған уақыты: 21.02.2023. BfV (2022b). Rechtsextremisten, „Reichsbürger“ und „Selbstverwalter“ in Sicherheitsbehörden:

Lagebericht.

Сілтеме:

https://www.verfassungsschutz.de/SharedDocs/publikationen/DE/rechtsextremis mus/2022-05-lagebericht-rechtsextremisten-reichsbuerger-und-selbstverwalterinsicherheitsbehoerden.pdf;jsessionid=D811B6D3BB7C9EDD07F978DBBC197C BA.intranet231?__blob=publicationFile&v=3. Қаралған уақыты: 23.02.2023. BfV (2022c). Rechtsextremismus: Symbole, Zeichen und verbotene Organisationen.

Сілтеме:

https://www.verfassungsschutz.de/SharedDocs/publikationen/DE/rechtsextremis mus/2022-02-rechtsextremismus-symbole-zeichenorganisationen.pdf?__blob=publicationFile&v=10. Қаралған уақыты:

24.02.2023.

BMI (2019). “Reichsbürger“ und „Selbstverwalter“ - eine zunehmende Gefahr?. Сілтеме:

https://www.bmi.bund.de/SharedDocs/topthemen/DE/topthemareichsbuerger/topthema-reichsbuerger.html. Қаралған уақыты: 23.02.2023. BMI (2022a). Politisch motivierte Kriminalität im Jahr 2021. Сілтеме: https://www.bmi.bund.de/SharedDocs/downloads/DE/veroeffentlichungen/nachr ichten/2022/pmk2021-factsheets.pdf?__blob=publicationFile&v=2. Қаралған уақыты: 21.02.2023.

BMI (2022b). “Reichsbürger“ und „Selbstverwalter“ - eine zunehmende Gefahr?.

Сілтеме:

https://www.bmi.bund.de/SharedDocs/topthemen/DE/topthemareichsbuerger/topthema-reichsbuerger.html. Қаралған уақыты: 21.02.2023. Bundestag (2020). Tötungsdelikte im Phänomenbereich Politisch motivierte Kriminalität-rechts in den Jahren 2019 und 2020:

https://dserver.bundestag.de/btd/19/252/1925216.pdf.

Қаралған уақыты:

22.02.2023.

Bundestag (2022). 20/4973 - Antwort: auf die Kleine Anfrage - Drucksache 20/4447 - Entwicklung der Zahl per Haftbefehl gesuchter Neonazis (Herbst 2022). Сілтеме:

https://dserver.bundestag.de/btd/20/049/2004973.pdf.

Қаралған уақыты: 21.02.2023.

EIU (2023).

Democracy Index 2022.

Сілтеме:

https://www.eiu.com/n/campaigns/democracy-index-2022/. Қаралған уақыты: 20.02.2023.

Generalbundesanwalt (2022). Festnahmen von 25 mutmaßlichen Mitgliedern und Unterstützern einer terroristischen Vereinigung sowie Durchsuchungsmaßnahmen in elf Bundesländern bei insgesamt 52 Beschuldigten. Сілтеме:

https://www.generalbundesanwalt.de/SharedDocs/Pressemitteilungen/DE/2022/P ressemitteilung-vom-07-12-2022.html. Қаралған уақыты: 22.02.2023. Paul Blickle, Frank Jansen, Heike Kleffner, Johannes Radke, Julian Stahnke, Toralf Staud und Sascha Venohr (2020). Todesopfer rechter Gewalt: Сілтеме: https://www.zeit.de/gesellschaft/zeitgeschehen/2018-09/todesopfer-rechtegewalt-karte-portraet. Қаралған уақыты: 22.02.2023. Rathje, Jan (2014). Die “Reichsbürger”: Überzeugungen, Gefahren und Handlungsstrategien. Berlin: DRUCKZONE GmbH & Co. KG. Röhlig, Marc (2018). Gibt es eine rechtsradikale "Schattenarmee" in der Bundeswehr?

Сілтеме:

https://www.spiegel.de/politik/bundeswehr-rechteschattenarmee-rund-um-hannibal-soll-aufgedeckt-werden-a-10a01e4f-d5a94352-b852-baf31135c430. Қаралған уақыты: 23.02.2023. WJP (2022). Rule of Law Index. Сілтеме: https://worldjusticeproject.org/rule-of-law-index/global. Қаралған уақыты: 20.02.2023.

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.