Қытайдың көлік жобаларында пәкістанның рөлі

ҚЫТАЙДЫҢ КӨЛІК ЖОБАЛАРЫНДА ПӘКІСТАННЫҢ РӨЛІ Жаңа Жібек Жолы стратегиясы аясында Қытай «Жібек жолы экономикалық белдеуі» және «XXI ғасырдың теңіз Жібек жолы» жобаларын қамтитын ұзақ мерзімді стратегиялық «Бір белдеу - бір жол» бастамасын жүзеге асыруға бағытталған. 2013 жылдың қыркүйек айында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Астанаға сапары барысында жарияланған «Бір белдеу бір жол» бастамасы Еуразияда инфрақұрылым мен экономикалық байланыстарды арттыру бойынша даму стратегиясы ретінде ұсынылды. БЖБ жобасы шығыста Қытайдан басталып, батыста – Атлант мұхиты, солтүстікте – Ресей және оңтүстікте – Мьянмаға дейін созылған үлкен географиялық аймақты алып жатыр және бағыт бойындағы елдер арасында өзара сауданы арттыруға бағытталған.
Қытай Еуропамен сауда-саттықты кеңейтуге ықпал ететін көлік инфрақұрылымын дамытуға үлкен мән беріп отырғандықтан, Пәкістан елдің сауда байланыстарын жақсарту жоспары аясында ерекше орын алады. Геостратегиялық орналасуына, бай адами және табиғи ресурстарына, сондай-ақ экономикалық өсім үшін орасан зор әлеуетіне байланысты Пәкістан Ұлы Жібек жолын жандандыруда ерекше рөл атқарады. Шын мәнінде, Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізі (ҚПЭД) «Бір белдеу - бір жол» шеңберінде Қытай тарапынан қаржыландырылатын көлік және коммуникация саласындағы негізгі жобалардың бірі болып табылады. ҚПЭД құру туралы идеяны алғаш рет 2013 жылғы мамырда Пәкістанға сапары кезінде Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцян ұсынған болатын. 2013 жылдың шілдесінде сол кездегі Пәкістан Премьер-министрі Мухаммад Наваз Шарифтің Қытайға сапары барысында тараптар ҚПЭД туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін берді. Ақырында, 2015 жылдың сәуірінде Си Цзиньпиннің Пәкістанға ресми сапары кезінде тараптар ҚПЭД құру мақсатында 46 млрд. долларлық инвестиция келісімдеріне қол қойды. 2017-2030 жылдарға арналған ҚПЭД егжей-тегжейлі бас жоспары 2017 жылдың 15 мамырында ресми түрде жарияланды.
ҚПЭД Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданын (ШҰАА) және бүкіл Пәкістан аумағын қамтиды. Автомобиль жолдары, теміржолдар, порттар, авиация және басқа да инфрақұрылымдарды бірлесіп жоспарлау және дамыту арқылы Пекин «Батыс аймақтарды игеру» стратегиясын одан әрі дамытуды және ШҰАА-да экономикалық және әлеуметтік дамуды ынталандыруды көздейді. ҚПЭД шеңберінде келесі жол және теміржол жобалары басталды: 1) Қарақорым тас жолының II кезеңі (120 км-ге созылған Такот-Хавелиан бөлігі); 2) Пешавар-Карачи автомагистралі (392 км-ге созылған Мултан-Суккур бөлігі); 3) Хуздар-Басима жолы N-30 (110 км); 4) Д.И.Хан (Ярык) - Жоб (N-50) I кезеңі (210 км); 5) Қарақорым тас жолының Такот-Райкот N35 бөлігі (136 км); 6) ML-1 желісінің кеңеюі; 7) Хавелиан құрғақ порты.
ҚПЭД жобаларының ең маңыздыларының бірі – Қарақорым тас жолының II кезеңінің құрылысы. 2015 жылы желтоқсанда Пәкістанның Ұлттық автокөлік жолдары басқармасы мен Қытай жол және көпір корпорациясы Хавелиан және Такот арасында 120 км-лік автокөлік жолын салу үшін 1,315 млрд. долларға келісім-шарт жасады. Бұл Пәкістанның көлік инфрақұрылымын кеңейтуге және жаңартуға, сондай-ақ Қытаймен экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Іс жүзінде ҚытайПәкістан достық жолы деп аталатын Қарақорым тас жолының I кезеңі Қытайдың Пәкістандағы ең маңызды көлік жобаларының бірі болып табылады. 1966 жылы Қытайдың қаржылық көмегімен басталған бұл жобаның құрылысы 20 жылдан кейін 1986 жылы аяқталды. Пекин 806 км-і Пәкістан аумағы арқылы өтетін ұзындығы 1300 км болатын автокөлік жолының құрылысына 3 млрд. доллар көлемінде инвестиция жасады. Қалған 494 км Қытайдың Шыңжаң ауданы арқылы өтеді.
ҚПЭД шеңберіндегі тағы бір маңызды жоба – Гвадар теңіз портының құрылысы. Гвадар порты әлемдегі мұнайдың 40%-ы тасымалданатын Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазына жақын болуына байланысты үлкен стратегиялық маңызға ие. ШҰАА мен Гвадар теңіз порты арасындағы тікелей көлік қатынасын бастау арқылы Қытай Парсы шығанағына дейінгі арақашықтықты 2500 км-ге қысқартады. Осылайша, ҚПЭД жүк тасымалдау уақытын шамамен 45 күннен 10 күнге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Пәкістан 2013 жылы Қытайға портты салу және пайдалану құқықтарын берді. China Overseas Port Holding Company (COPHC) 1,62 млрд. доллар инвестиция құйып, теңіз портын кеңейтуді және қолданыстағы айлақтардан шығысқа қарай 3,2 км қашықтықта 9 жаңа көпфункциялы айлақ салуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, COPHC теңіз порты қуатын жылына 400 млн. тоннаға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Сондайақ, қытайлық мемлекеттік компания стратегиялық маңызы бар Гвадар портын 40 жыл бойы пайдалану құқығына ие екенін атап өткен жөн. Негізінен бұл теңіз порты құрылысының екінші кезеңі болып табылады. Бірінші кезеңі 20022006 жж. жүргізілген болатын. Осылайша Қытайдың Пәкістан үшін ең үлкен шетелдік капитал көзіне айналғаны түсінікті. Бүгінгі таңда Пәкістанда Қытай тарапынан қаржыландырылатын энергетикалық және инфрақұрылымдық жобалар 62 млрд. доллардан асады. Сонымен қатар, соңғы бес жылда ҚытайПәкістан саудасы қарқынды өсіп, жылдық өсім қарқыны орта есеппен 18,8%ды құрады. Қытайлық статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы Қытай мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы 87,7 млрд. долларды құрады. Қорытындылай келе, ҚПЭД мақсаты – аймақта инфрақұрылымдық байланыстарды жақсарту арқылы Қытай мен Пәкістан арасындағы экономикалық қатынастар мен ынтымақтастықты нығайту. Шын мәнісінде, жоба жалпы халық саны үш миллиардтан астам адам тұратын аймақта сауда-саттықты ынталандыру арқылы Оңтүстік және Орталық Азия, Солтүстік Африка және Парсы шығанағы елдерінің экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосады деп күтіледі. Сондықтан ҚПЭД «Бір белдеу - бір жол» бастамасының басты жобасы болып табылатынын сеніммен айтуға болады.
Жазушы: Динара Талдыбаева, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік Циндао қаласында өткен 18-ші Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) саммитінде Қытай, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің көшбасшылары барлығы 17 келісімге және басқа да құжаттарға, оның ішінде Циндао декларациясы мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартты іске асыру жөніндегі бес жылдық іс-шаралар жоспарына қол қойды. Ортақ қауіпсіздік қатерлерін бірлесіп шешуге дайын екендіктерін көрсету үшін тараптар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы тұру барысындағы ынтымақтастығының 20192021 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдады. Иран Атом энергиясы ұйымының басшысы Али Акбар Салехидің айтуынша, ұйым Венадағы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке уран байыту қабілетін арттыру және Натанз ядролық зауытында центрифуга өндіруге қажетті инфрақұрылымды дайындау ниеті туралы хабарлады. Барлық осы іс-әрекеттер 2015 жылы ядролық келісімнің ыдырауына дайын болу үшін Жоғарғы Кеңестің басшысы Али Хаменеидің директивасына сәйкес ядролық келісім аясында жүзеге асырылатын болады.
Минскіге ресми сапары кезінде Литва Сыртқы істер министрінің орынбасары Дарюс Скусявичюс Беларусь Сыртқы істер министрінің орынбасары Олег Кравченкомен кездесті. Кездесу барысында тараптар Беларуста атом электр станциясын салу мәселелерін талқылады. Тараптар сондай-ақ, Беларусь пен Еуропалық Одақ арасындағы өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Ресей Президенті Владимир Путин Қырғызстанмен әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялаған федералдық заңға қол қойды. Келісімде әскери мақсаттағы өнімді жеткізу тетігін жетілдіру, қарулы күштерді, әскери бөлімдерді және арнайы қызметтерді жоғары тиімді қаружарақ жүйелерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің техникалық құрамын қалыптастыру қарастырылған. Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, елдің Теңіз күштері практикалық оқужаттығулар өткізді.
Оқужаттығулардың бастапқы кезеңінде кемелер, бөлімшелер және қосалқы бөлімдердің бір тобы шоғырлану орындарына ауысып, жауынгерлік құрамда ұйымдастырылды, ал басқа әскери қызметкерлер жүзу дағдыларын көрсетті. Одан кейінгі кезеңдерде кемелер жалған жаудың жүзгіш миналарын, теңіз және әуе нысандарын дәл атып жойды. етілетін тиісті процедуралар аяқталғаннан кейін тараптар консорциум құрып, мұнай блогында барлау жұмыстарын жүргізу және өндіру құқығына ие болу үшін Қазақстандағы құзыретті органдармен келіссөздер жүргізеді.
Экономика, қаржы және энергия Беларусь Ұлттық Банкінің деректері бойынша, елдің алтын-валюта резервтері 2018 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 6,94 млрд. долларды құрады. 2018 жылдың сәуір айында елдің алтын-валюта резервтері 43,5 млн. долларға (0,6%) артып, мамыр айында 98,5 млн. долларға (1,4%) төмендеді. Әзірбайжан Мемлекеттік кеден комитетінің деректері бойынша, 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында мемлекеттік бюджетке 1,33 млрд.
манат (0.78 млрд. доллар) аударылды. Бұл көрсеткіш 2017 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 36%-ға артық. Сонымен қатар, мамыр айында аударымдар 298,05 млн. манатты (175 млн. доллар) құрады.
Украинаның Мемлекеттік салық қызметі мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында Әзірбайжан елге 195 млн. доллар көлемінде мұнай экспорттады, бұл Украинаға жалпы мұнай жеткізілімінің 94,8%ын құрады. Басқа мұнай жеткізушілер арасында Алжир 7,2 млн. доллар (3,5%), Иран 1,84 млн. доллар (0,9%) және басқа елдер 1,62 млн. доллар (0,8%) бар.
Қазақстанның автокөлік саласы кәсіпорындары одағының мәліметтері бойынша, 2018 жылдың қаңтармамыр айларында Қазақстанда тіркелген автокөліктердің саны 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4%-ға өсті. Екінші нарықта 20 жылдан астам пайдаланылған көлік құралдарының үлесі 35,8%-дан (2017 жылғы қаңтар-мамырда)
39,4%-ға (2018 жылғы қаңтармамырда) дейін өсті, ал 1 жылдан 3 жылға дейін пайдаланылған көлік құралдарының үлесі 7,5%-дан 3,2%ға дейін төмендеді. Пекинде өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 5-ші отырысында 13 млрд. долларлық 40-қа жуық құжатқа қол қойылды. Келісімдерде еркін экономикалық аймақтарды қаржыландыру, жаңартылатын энергетика секторындағы жобаларды іске асыру, биохимиялық кластерді дамыту және т.б. сияқты салалар қамтылды. Іс-шараға Қазақстанның және Қытайдың іскер топтарының 400-ге жуық өкілдері қатысты.
Астанаға сапары барысында «Лукойл» компаниясының президенті Вагит Алекперов «ҚазМұнайГаз»
ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевпен кездесіп, Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Жеңіс лицензиялық аймағы туралы негіздемелік келісімге қол қойды. Келісімнің күшіне енуі үшін талап Дайындағандар:
Лидия Пархомчик, Даурен Абен, Данияр Нурбаев Қоғам және мәдениет Қазақстанның Қызылорда облысы Жалағаш ауданында «Қызылорда облысында оазистік суармалауды көрсету» пилоттық жобасын таныстыру және іске қосу ресми салтанаты өтті. Толығымен Еуропалық Одақ тарапынан қаржыландырылатын жоба бойынша Қазақстанның төрт аймағында жасыл технологияны енгізу көзделген. Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің мәліметі бойынша, Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Достық-Автодорожный» өткізу пунктінің қуаттылығы артады. Біріккен Ұлттар Ұйымы кеңсесінің өкілдері осы бақылау-өткізу пунктінің қызметкерлеріне жаңа жабдықтарды тапсырды.
«Әзірбайжан әуе жолдары» мемлекеттік компаниясы 2018 жылдың 30 маусымынан бастап Бакуден Ташкентке тікелей рейстер ашу жоспарын жариялады. Бұл рейстер 1 тамызға дейін аптасына бір рет, ал 1 тамыздан кейін аптасына екі рет орындалатын болады.
Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің мәліметтері бойынша, 2018 жылдың сәуір айында Ыстамбұлға 1,144,041 турист келді, бұл Түркияға келген шетелдік туристердің жалпы санының %43,08-ын құрайды. Анталья провинциясы – туристер арасында үлкен сұранысқа ие екінші бағыт. 2018 жылдың сәуір айында Анталияға 665,808 турист келді, бұл шетелдік туристердің жалпы санының 25,07%-ын құрайды. Осы жылдың сәуір айында Түркияға 2,7 миллионнан астам шетелдік турист келді. Ресей «Роскосмос» мемлекеттік ғарыш агенттігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-09» транспорттық басқарылатын кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышы Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылды. Транспорттық-пилотты кеме экипажының негізгі құрамына ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев («Союз МС-09» командирі), НАСА астронавты Серина АуньёнЧэнселлор және Еуропалық ғарыш агенттігінің өкілі Александр Герст кірді.
Ресей Президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресейде онкологиялық аурулармен күресу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру 2024 жылға дейін шамамен 1 трлн. рубль (16,16 млрд. доллар) талап етеді.




