f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің vi саммиті: жаһандық дамуға азияның көзқарасы
ebulletin

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің vi саммиті: жаһандық дамуға азияның көзқарасы

Авторлар: Azimzhan Khitakhunov
2022 ж. 1 қараша
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің vi саммиті: жаһандық дамуға азияның көзқарасы

АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ VI САММИТІ: ЖАҺАНДЫҚ ДАМУҒА АЗИЯНЫҢ КӨЗҚАРАСЫ Украинаға басып кірген Ресейге батыс елдерінің тарихта бұрын-соңды болмаған санкцияларлы қолдануы ағымдағы саяси жағдайды Еуразия континентіндегі ең жиі талқыланып жатқан мәселелердің біріне айналдырды. Бұл басқыншылық Еуропадағы энергетикалық дағдарысқа, жеткізу тізбегінің бұзылуына және инфляцияның өсуіне алып келіп, әсіресе табысы төмен елдердің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Ресейге қарсы қолданған санкциялар Мәскеудің барлық стратегиялық серіктестеріне көлік пен транзит сияқты көптеген аса маңызды мәселелерге тікелей ықпал етті. Ресей мен Батыс арасындағы саяси-экономикалық байланыстардың күрт шиеленісуі Азия елдерінің маңыздылығы айтарлықтай өсе түсті. Ресей Азияны басты баламалы нарық, технологиялардың, инвестициялар мен серіктестердің қайнар көзі ретінде қарастыруға көшті. Сондықтан да Азиядағы өзара ісқимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) VI саммиті барлық қатысушы елдерге болашақтағы ынтымақтастық бойынша өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік берген алаңға айналды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Саммитке Орталық Азия республикаларының, Әзірбайжан, Иран, Ресей, Түркия және Беларусь мемлекеттерінің басшылары, Катар әмірі, Вьетнам мен Қытайдың вицепрезиденттері және 50-ге жуық делегация қатысты. Аталмыш саммитте АӨСШК-тің халықаралық ұйымға айналуын ресми түрде бекіткен Астана декларациясы Сонымен қатар, төрағалығы тағы екі жылға ұзартылды [Фрейнд, 2022]. Қазақстан Президенті өз сөзінде АӨСШК-тің көпжақты ынтымақтастық алаңына және халықаралық заманауи дипломатиялық институтқа айналғанын айтып, АӨСШК-ке қатысқан Кувейтті құптады. Президент Тоқаев жаһандық саясат экономикадағы қазіргі жағдайды «жаһандық дисфункция» ретінде сипаттап, Азия елдері маңыздылығының артуына Батыс экономикалары рөлінің төмендеуіне назар аударды. Сонымен қоса, Қазақстан Президенті баяндамасын экономикалық интеграция, тиімді транзиттік көлік дәліздерін құру, климаттың өзгеруі сынды көптеген маңызды мәселелерге арнап, мұндай табиғи апаттардан 2050 жылға қарай Азия елдерінің экономикасына ықтимал залал ЖІӨ-нің 26 пайызына дейін жетуі мүмкін екенін атап өтті [Ақорда, 2022]. Көпшілік күткендей, Ресей Президенті Владимир Путин сөзін саясатқа емес, керісінше экономикаға арнап, көпполярлы әлемде жаһандық экономикалық өсімде Азияның шешуші рөлі туралы айтты. Сонымен қоса, Ресей Президенті өңірлік ұйымдардың, атап айтқанда, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуразия экономика одағының қарқынды дамуына назар аударды. Путинің айтуынша, энергияотын көздері мен азық-түлікке әлемдік баға құбылмалылығының артуы табысы төмен елдерге нақты қауіп төндіріп тұр және Ресей бұл мәселелерді шешуге дайын. Ресей президенті ұсыныстарының бірі - әлемдік қаржы жүйесін қайта қарау және екіжақты саудада ұлттық валюталарды белсендірек пайдалану. Қауіпсіздік пен саясат тұрғысынан алғанда Путин экономика қалпына келтіру арқылы Ауғанстанды тұрақтандыру маңыздылығын жеке атап өтті [Kremlin.ru, 2022].

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев жаңа геосаяси шынайылылық Орталық Азия мемлекеттеріне тікелей ықпал етіп, олардың экономикалық интеграцияны нығайту ұмтылыстарына кедергі келтіріп жатқандығын атап өтті. Сонымен қоса, президент Мирзиёев Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аудару керектігін де мәлімдеп, бірнеше маңызды экономикалық бастамаларды күн тәртібіне қоюды ұсынды. Олардың ішінде Азия аймағындағы елдердің бір-бірімен қарым-қатынасын одан әрі арттыру мақсатында бірінші кезекте Орталық Азияның Оңтүстік және Шығыс Азия, сондай-ақ Таяу Шығыс елдерімен көлік-коммерциялық байланыстарын нығайту мәселелерін алға тартты. Оның пікірінше, өндірістік-логистикалық тізбектер мен көлік дәліздерін тиімді құру арқылы протекционизм мен жаһандық нарықтарды тұрақсыздандыратын жаңа кедергілерді болдырмаудың маңыздылығы жоғары. Сөз соңында Өзбекстан Президенті азық-түлік өнімдерін өндірудің тұрақты жоспарлары мен азық-түлікті таратудың оңтайлы тізбегін құру, аймақішілік сауданың өсуі үшін техникалық регламенттерді үйлестіру, Азиядағы қауіпсіздігін бақылаудың интеграцияланған жүйесін құру сияқты азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешудің жаңа тәсілдерін ұсынды [UzReport, 2022].

Украинадағы жағдайды Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған сөзінде ғана атап өтіп, Украина дағдарысының аймақтық және жаһандық әсеріне баса мән беруге және соғысты тезірек тоқтатуға шақырды [Лиллис, 2022]. Президент Ердоғанның Астанаға сапары аясында Түркия мен Қазақстан арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің төртінші жиналысы өтіп, онда екі тарап жылына 5 миллиард доллардан асатын сауда көлемін қысқа мерзімде 10 миллиард доллардқа дейігн жеткізу туралы келісімге қол қойды. Екі жақ та экспорттық бағыттарды әртараптандыру сауданы жандандырудағы Орта дәліздің шешуші рөліне тоқтады. Анкарада бастау алған екі ел басшыларының шынайылығын көрсететін «үстел теннисі дипломатиясы» Астанада да жалғасын тапты.

Жазушы: Әзімжан Хитахунов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанды бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады [Томар, 2022]. Өз кезегінде Президент Ердоған да Түркияның бауырлас тұрақтылығын, бейбітшілігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдауын жалғастыратындығына баса назар аударғандығын да айта кеткен жөні.

Астанада Түркия басшысы ресейлік әріптесі Владимир Путинмен де кездесіп, соңғы үш айда өткен төртінші кездесуінде Анкараның Мәскеумен дамып келе жатқан сауда қарым-қатынасын қолдады. Украинадағы қақтығыс орын алған кезден бастап Анкара екі тарап арасындағы бітімгершілік келіссөздерге арағайындық жасауды ұсынды. Түркия Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдағанымен, Мәскеуді оқшаулауға бағытталған халықаралық санкцияларға да қарсы. Түркияның арағайындығымен Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ресей және Украина Ыстамбұлда Ресей-Украина соғысы салдарынан бірнеше ай бойы тоқтап қалған астық тасымалы үшін Украинаның кейбір порттарын қайта ашу туралы келісімге келді. Бұл келісім өсіп келе жатқан жаһандық азық-түлік дағдарысын шешу үшін өте маңызды [Daily Sabah, 2022]. Аталмыш кездесуде президенттер астық тасымал мәселесін де талқыға салды.

АӨСШК-нің VI саммиті төмендегідей себептермен тарихта қалатыны айқын. Біріншіден, АӨСШК халықаралық ұйымға айналды, мұны Қазақстанның және Президент Қ. Тоқаевтың сыртқы саясатының жетістігі деп санауға әбден болады. Мысалы, 2019 жылғы 15 маусымда Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен АӨСШК-нің V саммиті негізінен қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне арналып, мүлде басқа геосаяси жағдайларда өтті. Жоғарыда аталған саммитте «Қауіпсіз және гүлденген АӨСШК өңіріне ортақ көзқарас»

декларациясы Декларация АӨСШК мүшелерінің терроризм, қарусыздану, Азиядағы энергетикалық қауіпсіздік, Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы жағдай сынды қауіпсіздік ынтымақтастықтың негізгі мәселелеріне қатысты ісқимылдары мен көзқарастарын көрсетті [АӨСШК, 2022]. Екіншіден, саммит Азиядағы және жалпы Еуразиядағы күштер тепе-теңдігінің өзгергенін көрсетіп, мұнда Түркия өсіп келе жатқан саяси ықпалының арқасында энергетикалық, сауда және транзиттік орталық ретінде шешуші рөл атқаратын болады. Бұл Түркияның қатысуымен түрлі одақтардың маңызының артуына алып келеді. Сондықтан да Орталық Азия республикалары жаңа дәліздер арқылы экспортты әртараптандыру және Азия нарығына шығу үшін инфрақұрылымды дамытуға күш салуы шарт.

Дереккөз:

Akorda (2022). Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК VI саммитіне қатысты.

Сілтеме:

https://www.akorda.kz/en/president-kassym-jomarttokayev-took-part-in-the-vi-cica-summit-149490. Қаралған уақыты: 14.10.2022.

CICA (2022). АӨСШК V саммиті. Сілтеме:

https://www.s-cica.org/ru/index.php?view=page&t=fifthsummit. Қаралған уақыты: 17.10.2022. Daily Sabah (2022). Ердоған мен Путин Қазақстанның Астана қаласында екіжақты қарым-қатынас пен астық келісімін талқылады.

Сілтеме:

https://www.dailysabah.com/politics/diplomacy/erdoganputin-discuss-bilateral-ties-grain-deal-in-kazakhstansastana. Қаралған уақыты: 14.10.2022. Freund, Josephine (2022). Астанада өткен АӨСШК VI Саммиті Ұйым үшін бетбұрыс нүктесі болды. Сілтеме: https://www.caspianpolicy.org/research/security-andpolitics-program-spp/sixth-cica-summit-in-astana-marksturning-point-for-the-organization. Қаралған уақыты: 17.10.2022.

Kremlin.ru (2022). Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) Саммиті.

Сілтеме: http://kremlin.ru/events/president/news/69587. Қаралған уақыты: 17.10.2022.

Lillis, Joanna (2022). Қазақстан: Астанада ресейлік қастандық теориясы азиялық амбицияларға сәйкес келеді.

Сілтеме:

https://eurasianet.org/kazakhstanrussian-conspiracy-theory-meets-asian-ambition-inastana. Қаралған уақыты: 15.10.2022. Tomar, Cengiz (2022). Түркия-Қазақстан қарымқатынастары: Соңғы сапардағы ойлар. Сілтеме: https://www.aa.com.tr/tr/analiz/turkiye-kazakistaniliskileri-son-ziyaretin-dusundurdukleri/2713399. Қаралған уақыты: 17.10.2022.

UzReport (2022). Азиядағы ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) VI. саммиті Астанада басталды.

Сілтеме:

https://uzreport.news/politics/v-astane-otkrilsya-visammit-soveshaniya-po-vzaimodeystviyu-i-meramdoveriya-v-azii-svmda-. Қаралған уақыты: 17.10.2022.

Дайындаған Erkinbek Turgunov

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.