f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Түркияның Азияға бет бұру бастамасы
ebulletin

Түркияның Азияға бет бұру бастамасы

Авторлар: Женгизхан Жаналтай
2021 ж. 28 ақпан
Түркияның Азияға бет бұру бастамасы

ТҮРКИЯНЫҢ АЗИЯҒА БЕТ БҰРУ БАСТАМАСЫ Дүние жүзіндегі сауда теңгерімдері мен тенденцияларына көз жүгіртсек, Азия құрлығындағы экономикалардың тұрақты өсуі нәтижесінде әлемдік экономиканың орталығы Азия елдеріне қарай ойыса бастағанын көреміз. Бұл оқиғалар көптеген елдердің орта және ұзақ мерзімді сауда қатынастарында өздерінің құрылымдарын қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. Осы тұрғыда Түркия 2010 жылдан бастап Азия-Тынық мұхиты елдерімен қарым-қатынасты жақсарту стратегиясына сәйкес жаңа экономикалық және сауда саясатын жасау бойынша 2019 жылдың тамыз айында Азияға бет бұру бастамасын жариялады. Бұл стратегиялық қадам, Түркияның Азия елдерімен сауда байланыстарын кеңейтуге үлес қосып, аймақтағы нарықтарды көбірек ашу мүмкіндіктері мен екіжақты экономикалық қатынастарды күшейтуді мақсат етеді. Қазіргі уақытта әлемдік сауда динамикасында Түркия, 2019 жылдан бері 180 миллиард долларлық экспортпен 29-шы орында болса, 210 миллиард долларлық импортпен 25-ші орында тұр. Түркияның сауда көрсеткіштерін тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ, соңғы 20 жылда сауда көлемі үнемі өсіп отырғанын, ал соңғы 10 жылда экспорт көрсеткіштерінде айтарлықтай оң өзгерістер байқалғанын айта аламыз. Бұл оқиғаның экспорт пен импорттың арақатынасында оң әсер еткендігін байқауға болады. Егер бұл үдерісті санмен көрсететін болсақ, 2000 жылы 27 миллиард долларды құраған Түркияның экспорт көлемі 2010 жылы 113 миллиард долларға және жылдам қарқынмен өсе келе 2019 жылы 180 миллиард долларға жетті, содан кейін 2020 жылы Ковид-19 эпидемиясының салдарынан 169,5 миллиард долларға дейін төмендеді. Импортқа келетін болсақ, 2000 жылы 54 миллиард доллардан 2010 жылы 185 миллиард долларға дейін өскен импорт көлемі уақыт өте келе баяу артып, 2015 жылы 207 миллиард доллар, 2019 жылы 210 миллиард доллар және 2020 жылы 219 миллиард доллар болды. 2000-2019 жылдар аралығында экспорттың импортқа қатынасы 51%дан 86%-ға дейін өсіп, алғашқы 10 жылда 10% өскеннен кейін, содан кейінгі тоғыз жылда 25%-ға өсуі елдің сауда балансы тұрғысынан маңызды оқиға болды. 2020 жылы, барлық мәліметтердегідей, бұл көрсеткіш 77%-ға дейін төмендеді.

Соңғы 20 жылдағы Азия құрлығында болған экономикалық даму үдерістерінің нәтижесінде әлемнің экономикалық орталығының осы аймаққа ойысқанын және осы тұрғыда, Қытай мен Жапония сияқты негізгі актерлерден басқа, Оңтүстік Корея, Үндістан, Малайзия және Сингапур сияқты көптеген елдердің керемет жетістіктерінің арқасында аталмыш экономикалық ойысыу одан сайын үдей түскенін көреміз. Бұл оқиғаларға бей-жай қарамаған Түркия да, Азия-Тынық мұхиты стратегиясын жетілдіре отырып, осы аймақтағы елдермен екіжақты экономикалық байланыстарымен қоса, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы (АСЕАН) сияқты ұйымдармен қарым-қатынасын нығайтуда. Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу 2019 жылдың тамызында жариялаған Азияға бет бұру бастамасы, Түркияның Батыспен қарым-қатынасына зиян тигізбестен, тіпті осы қатынастарға үлес қоса отырып, Азия елдерімен экономикалық қатынастарды дамытуға бағытталған. Бастама аясында, әсіресе, Оңтүстік Корея, Жапония, Индонезия, Қытай, Сингапур және Малайзиямен, жалпы алғанда АСЕАН елдерімен сауда-экономикалық қатынастарды күшейту мақсатында Түркияның Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен көптеген бастамалар жүзеге асырылуда.

Осы саясаттың негізгі мақсаттарының бірі араларында айтарлықтай айырмашылықтары болған осы елдердегі дипломатиялық тәсілдердегі аймақтық динамиканы шешуге бағытталған және қолданылатын стратегияларды жүзеге асыру. Осытұрғыда Түркия ең алдымен 2010 жылы Достық пен ынтымақтастық туралы АСЕАН шартына қол қою арқылы құрылымдық қатынастардың берік қалыптасуында маңызды қадам жасады. Келесі жылдары, атап айтқанда, 2015 жылдың тамызында Малайзиямен, 2017 жылдың қазанында Сингапурмен және 2020 жылдың қаңтарында Оңтүстік Кореямен Еркін сауда туралы келісімдерге қол қойды. Екінші жағынан, осы кезеңде сыртқы саясаттың көпжақты және белсенді принциптері шеңберінде АСЕАН мен Түркия арасында 2015 жылы алғашқы қадамдары жасалған Салалық диалог бойынша серіктестік қарым-қатынасы 2017 жылы жүзеге асырылды. Осы оқиғалардың барлығы Түркияның аталған елдердің нарығын одан ары ашуына көбірек мүмкіндік берумен қатар, ел экономикасының және түрік фирмаларының танылуы мен көрнекіліктігін арттыруға маңызды үлес қосты. Осылайша, сауда қатынастарымен қоса, тараптар арасындағы инвестицияларға да жаңа мүмкіндіктер ашылды. Егер біз осы оқиғалардың нақты дәлелі ретінде көрсетуге болатын сауда деректерін қарастыратын болсақ, онда аталмыш елдер арасында әртүрлі тенденциялардың бар екенін көруге болады. Азияға бет бұру бастамасы аясында аталған елдер мен Түркияның соңғы 20 жылдағы сауда қатынастарын қарастырғанда, 2010 жылға дейін тұрақты өскен динамика, 2010-2015 жылдар аралығында шамалы өсуден кейін, 2017 жылдан бастап Түркияның экспортының қомақты артқанын байқаймыз. Аталған кезеңде Түркияның тиісті елдерден импортының төмендеуі байқалады. Түркия осы топта бірінші болып Малайзиямен (2015 ж.) еркін сауда келісімәне қол қойса да, дегенмен Оңтүстік Корея, Жапония және Сингапурмен сауда қатынастарында ең жақсы серпінге қол жеткізгені байқалады.

2015-2019 сауда-саттық кезеңінің мәліметтері бойынша, Түркияның Оңтүстік Кореяға экспорты 2015 жылғы 568 миллион доллардан 2019 жылы 943 миллион долларға өссе, сол жылы импорты 7 миллиард доллардан 5,7 миллиард долларға төмендеген. Егер біз Жапониямен болған сауда динамикасын қарастыратын болсақ, Түркияның 2015 жылғы 334 миллион долларлық экспорты 2019 жылы 502 миллион долларға шыққанын, ал импортының 2017 жылдан кейін, өткен жылдардың жедел өсу тенденциясының керісінше, 4,2 миллиард доллардан 2019 жылы 3,6 миллиард долларға дейін төмендегені байқалады. Түркияның Сингапурға экспорты 2015 жылғы 432 миллион доллардан 2019 жылы 750 миллион долларға жетсе, импорты 365 миллион доллардан 286 миллион долларға төмендеді. Басқа елдермен салыстырғанда мақсатты сауданың өсуі осы үш елмен ең сәтті жүзеге асырылғанын айтуға болады. Арадағы сауда көлемі бойынша аталмыш елдердің ішінде Қытай алдыңғы орында болғанымен, өсу мөлшерінде ешқандай жоғары тенденциясы байқалмайды. 2015 жылдан бастап Түркия Қытайға 2,4 миллиард долларлық экспорт жасағанымен, 2019 жылы бұл көрсеткіш 2,7 миллиард долларға жетті. Сонымен қатар, импорт жағында маңызды өзгеріс байқалып, аталмыш кезеңде 24,8 миллиард доллардан 19,1 миллиард долларға дейін төмендеді. Осы тұрғыдан, Түркияның жалпы сауда тапшылығының негізгі себептерінің бірі саналатын Қытайдан келетін импорттың азаюы маңызды оң өзгеріс болып табылады. Ал, Түркияның Индонезияға экспортында белгілі бір жетістікке қол жетіп, 2015 жылғы 207 миллион доллардан 2019 жылы 289 миллион долларға жетті. Осы кезеңде Түркияның Индонезиядан импорты 1,6 миллиард доллардан 1,3 миллиард долларға төмендеді. Жалпы алғанда, аталмыш өзгерістер 2015-2019 жылдар аралығында Түркияның осы алты елге экспортының 29% көлемінде өскенін және импортының 17% төмендегенін көрсетті. Аталған елдердің Түркияның жалпы экспорттағы үлесі 2015 жылғы 2,8%дан 2019 жылы 3%-ға дейін артқанын және импорттағы үлесі 18%-дан 15%-ға дейін төмендегенін атап өткен жөн. Түркияның 2023 стратегиясы аясындағы алға қойған орта және ұзақ мерзімді болашақ мақсаттарына қол жеткізуі тұрғысынан, жаһандық нарықтарға одан әрі ашылуы және Азияға бет бұру бастамасы бойынша жаңа аймақтарға деген оң қадамдарының арттыруы айтарлықтай үлес қосатын болады. Бұл тұрғыда, ең алдымен, 2021 жылы вакцинациялау жұмыстары сәтті жүргізіліп, эпидемияны жаһандық бақылауға алуға болатын болса, Түркия аталмыш жаңа бастамаларының айтарлықтай жемісін көретін болады. Осыған орай, экономикалық болжамдарды қарастырғанда, түрлі ұйымдар дайындаған болжамдарда Азиядағы ірі экономикалар орта және ұзақ мерзімді болашақта көптеген батыстық дамыған экономикалардан асып түсетіндігі айтылуда. Осыған байланысты Ұлыбританияда орналасқан Standard Chartered деп аталатын халықаралық қаржыбанк ұйымының 2019 жылы жарияланған есебінде, Түркияның 2030 жылы 9,1 триллион долларлық жалпы ішкі өнімімен (ЖІӨ) әлемнің бесінші ірі экономикасына ие болатындығы болжануда. Есепте Қытай 64,2 триллион долларлық ЖІӨ-мен бірінші орында болса, Азия елдерінен басқа Америка Құрама Штаттары 31 триллион доллармен үшінші орында, Германия 6,9 триллион доллармен 10-шы орында.

Қорытындылай келе, Түркияның соңғы бес жылдағы сыртқы сауда деректерін ескере отырып, Ковид-19 індетіне байланысты 2020 жылы біраз баяулаған Азияға бет бұру бастамасының нәтижелері пайыздық тұрғыдан артумен қатар, бастама аясындағы сауда көлемі де нақты әлеуетке сай кеңейетінін болжай аламыз. Сауда құрылымын осындай жаңа бастамалармен әртараптандыру экономиканың басқа салаларына жағымды әсер ету арқылы макролық экономикалық даму үдерісіне оң ықпал ететінін айту орынды болар еді.

Жазушы: Женгізхан Жаналтай, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік       Әзiрбайжанның Пәкістандағы елшісі Али Ализаде Пәкістан Бас штабы комитетінің басшысы генерал Надим Разамен кездесті. Тараптар Пәкістан мен Әзірбайжанның аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу жөніндегі ынтасы туралы пікір алмасып, екі ел арасындағы қорғаныс, қауіпсіздік және әскери ынтымақтастықты талқылады. Генерал Надим Раза Ализадені Әзірбайжанның соғыстағы соңғы жеңісімен және оның аумағын бақылауды қалпына келтіруімен құттықтады (Azertag.az, 11.02.2021). Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Муриддин ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті. Министрлер бірқатар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде жақында Мәскеуде өткен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тәжік-ресей үкіметаралық комиссиясының 17-ші отырысын талқылады. Сондай-ақ, тараптар Тәжікстан мен Ресейдің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ)

мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясындағы ынтымақтастығы туралы пікір алмасып, көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін растады (Asiaplustj.info, 11.02.2021).

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі Алтыншы саяси бөлімінің басшысы Ермек Омуралиев Еуропалық Одақтың (ЕО) Қырғыз Республикасы өкілдігінің басшысы Эдуард Ауэрмен кездесті. Тараптар түрлі салалардағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың кең ауқымын талқылады. ЕО-ның мемлекеттік басқару, адами даму және жасыл экономиканы реформалау бойынша тәжірибесімен және жобалық қызметімен бөлісу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды (Kabar.kg, 09.02.2021).

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауған тарапының бастамасымен Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылай отырып, 2021 жылдың бірінші жартысында үкіметтік өкілді делегацияның Қазақстанға сапары кезінде диалогты жалғастыру туралы уағдаласты. Келіссөздердің нәтижелерін бекіту үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ашраф Ғаниді ресми сапармен Қазақстанға шақырды (Avesta-news.kz, 11.02.2021).

Өзбекстан мен ЕО-ның өкілдері кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келіссөздердің жетінші кезеңінде бейнеконференция өткізді. Кездесуді Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидов және Еуропалық Комиссияның Сауда бас дирекциясы басшысының орынбасары Тимо Хаммар жүргізді.

Сауда-саттық туралы келісім жобасын әзірлеу конференцияның негізгі күн тәртібі болды. Келіссөздердің алтыншы раунды 2020 жылдың қыркүйегінде өтті (Kun.uz, 08.02.2021).

Қырғызстан Қорғаныс министрі Таалайбек Омуралиев Катар Қорғаныс министрлігінің делегациясымен Бішкекте хаттамалық кездесу өткізді. Жұмыс кездесуінде тараптар бірлескен жобалардың іске асырылуын, Қырғызстан әскери қызметкерлерін Катарда оқытуды және таулы аймақтардағы бірлескен әскери жаттығулардың мүмкіндіктерін талқылады. Кездесуден кейін тараптар тиісті хаттамаға қол қойды (Kabar.kg, 12.02.2021).

Экономика, қаржы және энергия       Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі эпидемияның электронды сауданың айтарлықтай өсуіне ықпал еткенін хабарлады. Дәрі-дәрмек, тұрмыстық заттар және тамақ өнімдерін онлайн сатып алу айтарлықтай өсті. 2020 жылдың алғашқы алты айында 1 миллиард долларға жеткен электрондық сауда нарығы жыл соңында 2,1 миллиард долларға дейін өсті. Қазақстанның Орталық банкі қолма-қол ақшасыз төлемдердің 2,5 есеге өскенін баяндады. Сарапшылардың пікірінше, интернет-сатылымдардың үлесі 2022 жылға қарай жылдық сатылымдардың 13%-ды құрайды (Qazaq TV, 08.02.2021). Ресейдің Орталық банкі негізгі пайыздық мөлшерлемені өзгерткен жоқ. Мекеме жасаған мәлімдемеге сәйкес 4,25% болған негізгі пайыздық саясат жалғасады. Ресей экономикасы сұраныс пен бағалар өсуімен қалпына келтірудің алғашқы белгілерін көрсетті. Агенттіктің бағалауы бойынша Ресей экономикасы 2021 жылы 34% өседі. Банк сарапшылары өсу қарқынын 2022 және 2023 жылдары 2%-дан 3,5%-ға дейін төмендейтінін болжайды.

2021 жылы инфляция 3,7-4,2% аралығында болатыны күтілуде (ТАСС, 12.02.2021).

Түркия ішкі нарыққа алғашқы газды Қара теңіздегі Сакария газ кен орнынан 2023 жылдың бірінші тоқсанында алады. Алдағы екі жылда 10 ұңғыма бұрғыланатын кен орнын өткен жылы елдің алғашқы ұлттық бұрғылау кемесі «Фатих» ашқан болатын. Кен орнында болжанған 405 миллиард текше метр табиғи газ қоры елдің сегіз жыл ішінде табиғи газға деген сұранысын қанағаттандыра алады (Anadolu Agency, 12.02.2021).

Беларусь экономикасына 6 миллиард доллары тікелей шетелдік инвестициядан тұратын жалпы сомасы 8,7 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартылды. Ресей, Кипр және Австрия ел экономикасындағы ірі инвесторлар болып табылады. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі Ресейдің үлесі 41,4% болса, басқа инвестор елдердің үлесі 10%-дан төмен болды. Ал Беларусьтың шетелдегі инвестицияларының 66%-ы Ресейде болып шамамен 5 миллиард долларды құрады. Украина 9%-бен Беларусь инвестиция салған екінші мемлекет болды. Беларусь инвестицияларының шамамен 8,6%-ы Англияға салынды (BelTA, 11.02.2021).

Қырғызстан Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, 2020 жылы елге мигранттардың аударымдары шамамен 2,4 миллиард долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 29,7 миллион долларға төмен болды. Негізінен Ресейден келетін шетелдік валюта аударымдарының көлемі 2,3 миллиард долларға жетті. Қырғызстаннан шетелге аударымдар көлемі 488 миллион долларды құрады. Нәтижесінде жұмысшылардың ақша аударымдарының таза ағыны шамамен 1,9 миллиард долларға жетті (24.kg, 11.02.2021).

Өзбекстан Президенті Шевкет Мирзиёев халықтың денсаулығын жақсарту, ауыл шаруашылығы мен туризм салаларын қолдау және жастарға арналған саясат туралы жаңа шаралар жариялады. Осы мақсаттарға үкімет 5,5 миллиард доллар бөледі. Елде жастарға қосымша 500 мың жұмыс орнын құру, 200 мың әйелге жұмыс орнын ұсыну және 300 мың азаматты кедейліктен құтқару жоспарланып отыр. Отбасылық бизнеске 570 миллион доллар көлемінде несие қоры бөлінеді. Қазіргі уақытта елде жалпы құны 23 миллиард долларды құрайтын 226 салалық және инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда (UzReport, 10.02.2021).

Дайындағандар:

Сауле Ахметкалиева, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       ЮНЕСКО-ның Түркия ұлттық комиссиясы, «Халықаралық түркі тілі күні» құрметіне онлайн режимде жиналыс өткізді. Кездесуге Түркияның Сыртқы істер министрлігі мен Білім министрлігінің өкілдері, ЮНЕСКО-ның Ұлттық комиссиясының қызметкерлері, ТҮРКСОЙ, ТҮРКПА, TİKA және Шетелдегі Түріктер Президенттігі және академиктер қатысты. Қатысушылар «Халықаралық түркі тілі күнінің» Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық күндер тізіміне енуін талқылады (Turkkon.org, 10.02.2021).

Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әмреев Ташкентке сапары барысында Өзбекстан Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева, сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және инвестициялар және сауда министрі Сардор Умурзаковпен кездесті. Тараптар Өзбекстанның Түркі кеңесіне қатысуының маңыздылығына назар аударып, сауда, көлік, туризм және әлеуметтік-мәдени салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 2021 жылы өткізілетін бірлескен іс-шаралардан басқа, тараптар Кеңестің күн тәртібіндегі әртүрлі мәселелер бойынша да пікір алмасты (Turkkon.org, 08.02.2021).

Ауғанстан коронавирустық вакцинаның алғашқы 500.000 дозасын Үндістаннан алды. Бірінші кезеңде денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне, содан кейін егде жастағы адамдар мен созылмалы аурулары бар азаматтарға вакцина егіледі. Ауғанстан халқының шамамен 60%-ы Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі және басқа елдер бөлетін қайырымдылықпен вакцинацияланады (Avesta.tj, 09.02.2021). Ресейдің Білім министрлігі орыс тілін білу деңгейін көтеруге бағытталған Өзбекстандағы «Сынып» жобасына 75 миллион рубль (1 миллион доллар) бөледі. 2020 жылы жобаның бірінші кезеңі аясында Ресейден келген 32 сарапшы Өзбекстанның барлық 14 облысында 4000-ға жуық жергілікті мұғалімдер мен 500 оқушыны орыс тілі сынағынан өткізді. 2021 жылы алғашқы 100 мұғалім мен әдіскер Өзбекстанға мектептерде жұмыс істеуге жіберіледі (Darakchi.uz, 12.02.2021). Халықаралық Түркі академиясы түркі әлемінің ұлы ақындарының бірі Әлишер Невайдың 580 жылдығына арналған іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға түркі мемлекеттерінің дипломаттары, түркі әлемінің халықаралық ұйымдарының басшылары және ақын-жазушылар қатысты. 2020 жылы Түркі академиясы Хамсе жинағындағы Әлишер Невайдың көптеген белгілі өлеңдерін қазақ тіліне аударды. 2021 жылы ақын шығармаларын басқа түркі тілдеріне аудару жоспарлануда (Twesco.org, 09.02.2021).

Қырғызстан мен Түркия арасындағы Бішкек Қырғыз-түрік достығы мемлекеттік ауруханасының ашу, бірлесіп басқару және беру туралы келісімді Түркия Ұлы ұлттық жиналысы (Парламент) мақұлдады. Келісім Қырғызстан азаматтарына Түркияда жоғары медициналық білім алуға мүмкіндік береді. Түркия грантымен 72 орынға арналған заманауи клиниканың құрылысы ТИКА-ның келісуімен 2016 жылдың маусым айында басталды (Kabar.kg, 11.02.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.