Түркияның сыртқы сауда саясаты және динамикасы

ТҮРКИЯНЫҢ СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫ ЖӘНЕ ДИНАМИКАСЫ Халықаралық сауда Түркия экономикасында маңызды рөл атқарады. Экспорт - ел үшін маңызды кіріс көзі болып қала беруде. Түркия әлемдік нарыққа ауылшаруашылық, өндірістік және технологиялық өнімдердің маңызды жеткізушісі болып табылады. Сондықтан, бұл анализ Түркияның сыртқы сауда динамикасын талдауға, оның негізгі сауда серіктестері мен сауда саясатының өзгерістерін көрсетуге бағытталған. Барлық есептік көрсеткіштер Халықаралық сауда орталығының (2021) мәліметтеріне негізделген. 2000 жылдардың басынан бастап Түркияның сыртқы саудасы едәуір өсті. Жалпы экспорты 2001 жылғы 31,3 миллиард доллардан 2020 жылы 169,5 миллиард долларға дейін жетті. Аталмыш кезеңде елдің импорты 41,4 миллиард доллардан 219,4 миллиард долларға дейін өсті. Сондықтан 2001 жылғы мәліметтермен салыстырғанда, 2020 жылы экспорт 5,4 астам есеге өсті, ал импорт өсімі 5,3 есеге жуықтады. Алайда елдің сауда тапшылығы 10 миллиард доллардан 50 миллиард долларға дейін ұлғайды. Еуропалық Одақ (ЕО) Түркияның ең ірі сауда серіктесі болып қала беруде. Түркияның ЕО-ға экспорты 2001 жылғы 17,8 миллиард доллардан 2020 жылы 82 миллиард долларға өсті. Есепті кезеңде ЕО-ның Түркияның жалпы экспортындағы үлесі 56,7%дан 48,4%-ға дейін төмендеді. Германия, Ұлыбритания және Италия Түркияның экспорттық серіктестерінің алғашқы үштігі болып саналады. 2020 жылы Түркияның ЕО елдеріне экспортының жалпы көлеміндегі олардың тиісті үлесі 19,5%, 13,7% және 9,8%-ды құрады. Түркияның ЕО елдерінен импорты да айтарлықтай өсті. Бұл көрсеткіш 2001 жылы 19,8 миллиард долларға тең болса, 2020 жылы 78,9 миллиард долларға жетті. Алайда Түркияның жалпы импортындағы ЕО-ның үлесі едәуір төмендеді. Аталмыш кезеңде ол 47,9%-дан 36%-ға дейін төмендеді. Германия елдің маңызды импорттық серіктесі болса, одан кейін Италия мен Франция келуде. 2020 жылы олардың Түркияның ЕО-дан жалпы импортындағы тиісті үлесі 28%, 11,6% және 8,8% болды. Сондықтан, 2020 жылы Түркияның ЕО елдерімен сауда балансының сальдосы 3,1 миллиард долларды құраса, ал 2001 жылы сауда тапшылығы 2 миллиард долларға тең болды. Түркияның басқа маңызды сауда серіктестеріне Таяу Шығыс, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) аймағының елдері, Америка құрама штаттары (АҚШ) және Қытай кіреді. Түркияның Таяу Шығыс елдеріне экспорты артуда. 2001 жылы экспорт 3,3 миллиард долларды құраса, 2020 жылы ол 9,4 есеге өсіп, 31 миллиард долларға жетті. Ирак - Түркияның Таяу Шығыстағы ең үлкен нарығы. 2020 жылы Түркия Иракқа 9,1 миллиард долларлық өнім жеткізді. Елдің сауда серіктестерінің үштігіне сонымен қатар Израиль мен Египет кіреді, онда Түркияның экспорты сәйкесінше 4,7 және 3,1 миллиард долларды құрады. Таяу Шығыстың Түркияның жалпы экспортындағы үлесі 2001 жылғы 10,6%-дан 2020 жылы 18,2%-ға дейін өсті.
Аталмыш кезеңде Таяу Шығыс елдерінен Түркияның импорты айтарлықтай өсіп, 2,9 доллардан 7,3 есе өсу көрсетіп 21,2 миллиард долларға дейін жетті. Елдің жалпы импортындағы аймақтың үлесі 7%-дан 9,7%-ға дейін өсті. Түркияның негізгі аймақтық импорттық серіктестері Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері және Египет. 2020 жылы Түркияның осы елдерден импорты сәйкесінше 8,2, 5,6 және 1,7 миллиард долларды құрады. Сондықтан Түркияның аймақтағы сауда балансының сальдосы 2020 жылы 9,8 миллиард долларды құрады.
Бүгінде ТМД елдерімен Түркияның саудасаттығы маңыздылығын сақтап келеді. Елдің аймақтағы экспорты 2001 жылы шамамен 2 миллиард доллардан 2020 жылы 14,6 миллиард долларға дейін өсті. Осы кезеңде ТМД-ның Түркияның жалпы экспортындағы үлесі 6,3%-дан 8,6%-ға дейін шамалы өсуді көрсетті. Ресей, Әзірбайжан және Украина аймақтағы елдің негізгі экспорттық бағыттары болып табылады. 2020 жылы Түркияның Ресейге экспорты 4,5 миллиард долларға жетсе, ал Әзірбайжан мен Украинаға жеткізілімдер шамамен бірдей болып, 2,1 миллиард долларды құрады. Есепті кезеңде Түркияның аймақтан импорты 4,6 миллиард доллардан 24,3 миллиард долларға дейін өсті. Ресей сондай-ақ аймақтың импорттық серіктестері бойынша бірінші орында. 2020 жылы Түркия Ресейден 17,9 миллиард долларлық өнімді импорттады. Импорт бойынша серіктестердің үштігіне Украина мен Қазақстан да кіреді, олардың импорты сәйкесінше 2,6 және 1,2 миллиард долларды құрады. Сондықтан Түркияның ТМД-мен үлкен сауда тапшылығы бар. Түркия мен ТМД аймағы арасындағы екіжақты сауда ағымын талдау энергетикалық өнімдер мен металдардың өзара саудасында маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. ТМД Түркияға бағалары 2000-шы жылдардың басынан бастап айтарлықтай өскен мұнай мен табиғи газ шикізатын және металдарды жеткізеді. Түркиядағы қымбатшылық пен тұтынудың өсуі 2020 жылы Түркия мен ТМД аймағы арасындағы 9,7 миллиард долларлық үлкен сауда тапшылығын айқындауда. Сонымен қатар, АҚШ Түркия өнімдері үшін маңызды нарық болып табылады. Елдің АҚШ-қа экспорты 2001 жылғы 3,1 миллиард доллардан 2020 жылы 10,2 миллиард долларға дейін өсті. Сонымен бірге АҚШтың Түркияның жалпы экспортындағы үлесі 10%-дан 6%-ға дейін төмендеді. Түркияның АҚШ-тан импорты 3,3 миллиард доллардан 11,5 миллиард долларға дейін өсті. Түркияның жалпы импортындағы АҚШ-тың үлесі де 7,9%-дан 5,2%-ға дейін төмендеді.
Түркия Қытайға экспортын едәуір арттыра алды. 2001 жылы оның жеткізілімдері төмен болып, 199 миллион долларды құраса, 2020 жылы 14,6 есеге өсіп, 2,9 миллиард долларға жетті. Алайда, Түркияның жалпы экспортындағы Қытайдың үлесі 0,6%-дан 1,7%-ға дейін өскеніне қарамастан, ол жоғарыда аталған басқа экспорттық нарықтармен салыстырғанда төмен болып қалды. Алайда, Қытай Түркияның негізгі импорттық серіктестерінің біріне айналды. 2001 жылы Түркияның Қытайдан импорты 926 миллион долларды құраса, 2020 жылы 25 есеге артып, 23 миллиард доллардан асты. Қытайдың Түркияның жалпы импортындағы үлесі 2,2%-дан 10,5%-ға дейін өсті.
Сондықтан, Қытай, ЕО пен АҚШ-ты қосқанда Түркия нарығында басқа елдер мен аймақтардың орнын алды.
Халықаралық сауда Түркияның экономикалық өсуі үшін маңызды болып қала беретіндіктен, ел көпжақты, аймақтық және екі жақты деңгейдегі келіссөздер арқылы сауданы ырықтандыру стратегиясын қолданады. Түркия 1995 жылдан бастап Дүниежүзілік Сауда Ұйымының (ДСҰ) мүшесі болып табылады. Сонымен бірге ТүркияЕО Кеден одағы елдері үшін маңызды болып табылатын еркін сауда келісімін (ЕСК) белсенді түрде жүргізуде. ЕО-мен параллель, ол үшінші елдермен келіссөздер жүргізіп, еркін сауда келісімдерін жасайды және қазіргі уақытта қолданыстағы 22 еркін сауда келісімдеріне ие. Түркия Жапония, Украина, АҚШ, Канада, Үндістан, Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі және MERCOSUR сынды 17 елмен және елдік блоктармен келіссөздерін жалғастыруда. Түркияның көптеген сауда серіктестіктері елдің салыстырмалы түрде шағын сауда серіктестері болып табылатынын айта кеткен жөн. Бұған дейін Түркияның еркін сауда келісімдері тауарлар саудасын ғана қамтыған. Ел Оңтүстік Корея мысалындағы сияқты жан-жақты еркін сауда келісімдерін жасай бастады. Бұл тұрғыда Оңтүстік Кореямен сауда-саттық келісім-шартына инвестициялық және сервистік міндеттемелер кіреді. Түркияның еркін сауда келіссөздері зияткерлік меншік, бәсекелестік, дауларды шешу және коммерциялық шешімдерге негізделген терең міндеттемелер мен тәртіптерді қамтыды. Түркияның қолданыстағы тарифтері салыстырмалы түрде төмен болып қала беретінін, бірақ әр салада әр түрлі болатындығын ескеру маңызды. Сонымен қатар, Түркияның 50% тарифтері шексіз тарифтік бағдарламаның арқасында одан әрі жоғарылауға қабілетті. Жақында жасалған еркін сауда келісім-шарттарынан үлкен үміт күтілуде. 2021 жылдың 1 қаңтарында Түркия мен Ұлыбритания арасында күшіне енген ЕСК, Түркияның ЕО-мен 1995 жылғы Кеден одағы осы кезден бастап жасалған ең маңызды сауда келісімінің бірі болып саналады. ЕСК, түрік өндірушілердің шығындарын едәуір төмендетеді, өйткені келісім болмаған жағдайда Түркияның Ұлыбританияға экспортының шамамен 75%-ы тарифтерге салынып, 2,4 миллиард долларлық шығынға ұшыраған болар еді. Келісім ауылшаруашылық өнімдерімен қатар өнеркәсіптік өнімдерді де қамтитынын атап өту маңызды. Украинамен жоспарланған ЕСК екіжақты сауданы екі есеге ұлғайтуға және оны 10 миллиард долларға дейін арттыруға бағытталған. Елдердің ресми өкілдерінің айтуынша, ЕСК екіжақты экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түседі. Осылайша, Түркия халықаралық саудадағы маңызды ойыншы болып қала береді. ЕО – бұл елдің ең ірі сауда серіктесі. Алайда соңғы жиырма жыл ішінде басқа аймақтармен және жекелеген елдермен саудасы айтарлықтай өсті. Түркия көпжақтылық және регионализм саясатын жалғастыра отырып, оның қатысуымен ЕСК-ның саны артып келеді. Сауда-саттықты арттыру келісімдері экономикалық өсудің қозғаушы күші бола алады және Түркия экономикасындағы қазіргі проблемаларды жеңе алады.
Жазушы: Азимжан Хитахунов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Президенттер сауда-экономикалық, әскери-техникалық ынтымақтастықты және Қазақстанда цифрлық платформа құру сияқты түрлі мәселелерді талқылады. Сонымен қатар олар екі елдің үкіметтері арасында келесі сәуірде Қазанда қол қойылуы күтіліп отырған 2021-2025 жылдарға арналған Экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасының маңыздылығын атап өтті. Президент Тоқаев Қазақстанға Sputnik V вакцинасын жеткізу туралы қосымша өтінім жасады (ҚазАқпарат, 23.03.2021).
Қырғызстан Премьер-министрі Ұлықбек Марипов Ташкентке сапары барысында Өзбекстанмен көлік және транзиттік ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударды. Ол Қырғызстан өндірушілерінің Ауғанстан мен Пәкістан нарықтарына шығуы үшін Өзбекстанның маңызды транзиттік ел болып қала беретінін мәлімдеді. Марипов тасымалдау бойынша Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолы жобасының тұрақтылығы мен тиімділігін алға тартып, келіссөздерді жалғастыруға шақырды. Премьер-министр жобаның өзара және аймақтық сауданың кеңеюіне ықпал ететініне сенім білдіреді (Kabar.kg, 26.03.2021).
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Түркі кеңесінің саммиті 31 наурызда бейнеконференция арқылы өтеді. Басында түркі әлемі елдерінің басшылары мен бақылаушы мемлекет Венгрия премьер-министрінің қатысуымен Қазақстанның Түркістан қаласында өткізілуі жоспарланған Саммит эпидемияға байланысты элетрондық форматта өткізілетін болады. Саммит Түркістанды Түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялануы күтілуде (ҚазАқпарат, 23.03.2021).
Украина-Молдова саяси консультацияларына Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Васил Боднар және Молдова Сыртқы істер министрлігінің хатшысы Думитру Соколан қатысты. Тараптар Молдова президенті Майя Сандудың Киевке соңғы сапары кезінде талқыланған келісімдерді жүзеге асыруды, сондай-ақ ЕО-мен ынтымақтастықты тереңдету жолдарын және екі елдің еуропалық интеграциясы барысын талқылады (Ukrinform.net, 26.03.2021).
Өзбекстан мен Түркияның қарулы күштері, Өзбекстанның Термез қаласындағы Оңтүстік-Батыс арнайы әскери округінде жаттығу алаңында бірлескен әскери жаттығу өткізді. Оқу-жаттығудың бірінші күні екі елдің әскери қызметшілері 15 шақырымдық күрделі тактикалық жолақтан өтіп, жақын жауынгерлік элементтерді көрсетіп, қатал жағдайларда тірі қалуға дайындықтарын көрсетті. Екі жақтың әскерлері де жаттығу полигонында өткен спорттық жарыстарға да қатысты (Eadaily.com, 23.03.2021).
Орталық Азия елдері мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрінің орынбасарлары және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Халықаралық Наурыз күніне орай онлайн-кездесуге қатысты. Қатысушылар Наурызды Орталық Азияда кеңінен атап өту және осы ежелгі дәстүрдің халықаралық маңызы туралы әңгімеледі. Кездесуде Тәжікстан Республикасында Наурыз мерекесі туралы видео көрсетілді (Centralasia.media, 25.03.2021).
Экономика, қаржы және энергия Қазақстан мен Қытай арасында орналасқан құрғақ Хоргос порты эпидемияға қарамастан 2020 жылы рекордтық жүк тасымалын жүзеге асырды. Жуырда кеден қызметкерлері 2020 жылы порт арқылы бес мыңға жуық пойыз өткенін хабарлады. Хоргос шенеуніктерінің айтуынша, порт өз қызметтерін едәуір жақсартты, тауарлар ассортиментін кеңейтті, жүкпен жұмыс істеуді оңтайландырды, тиеу мерзімдерін қысқартты және кедендік рәсімдерді жеңілдетті. Сонымен қатар, үкімет кедендік рәсімдеуді 20 минутқа дейін қысқартуға тырысуда (Qazaq TV, 25.03.2021). Жақында Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин Мәскеуге келіп, ресейлік әріптесі Михаил Мишустинмен кездесті. Тараптар түрлі мәселелерді талқылап, эпидемияға кері әсер еткен елдер арасындағы сауданы ұлғайтуға шақырды. Алайда, соңғы мәліметтер көптеген салаларда тауар айналымы қайта қарқын алып жатқанын көрсетеді. Мишустин Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы елдердің табысты бірлескен ынтасын атап өтті. Премьер-министрлер Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын кеңейту бойынша жұмыс істеуге шешім қабылдады (ТАСС, 22.03.2021).
Беларусь Ауыл шаруашылығы және азықтүлік министрлігі өкілдерінің айтуынша, ел 2021 жылы ет өнімдерінің экспортын 1 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отыр. 2020 жылы эпидемияға қарамастан, Беларусь әлемнің 24 еліне 400 мың тонна ет экспорттау арқылы экспортты шамамен 11% арттыра алды. Ел Оңтүстік-Шығыс Азия және Таяу Шығыс нарықтарына шыға бастады. Еттің экспорттық кірісі 2020 жылы 973 миллион долларды құрады (БелТА, 24.03.2021).
Өзбекстанның жалпы мемлекеттік қарызының өсуі жалғасуда. Мемлекеттік қарыз 2019 жылы 17,8 миллиард доллар болса, 2020 жылы 23,3 миллиард долларға жетті. Есептеулер бойынша қарыз 2021 жылы 28,3 миллиард долларға дейін өседі және елдің ІЖӨ-сінің 45,3%-на сәйкес келеді. Сандардың өсуіне қарамастан, елдің белгіленген шегі жылдық ЖІӨ-нің 60%-ны құрағандықтан, индикатор орташа және макроэкономикалық тұрақтылық үшін қауіпсіз болып қала береді. Эпидемия салдарын жоюға жұмсалған қосымша шығыстар қарыздың өсуіне себеп болды (UzReport, 24.03.2021).
Ресейдің ауылшаруашылық саласындағы реттеушісі Россельхознадзор Әзірбайжаннан сегіз компанияға қызанақ экспортын қайта бастауға рұқсат берді. Бұл шешім әзірбайжандық кәсіпорындарға бейнелік шолулар жасай бастаған Россельхознадзор мен Әзірбайжанның Азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің бірлескен ынталарының арқасында қабылданды. Жалпы, Ресей Әзірбайжаннан 82 қызанақ пен 46 алма өндірушілеріне импорттық тыйымды алып тастады. Бұл компаниялардың экспорттық әлеуеті шамамен 237 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылы Әзірбайжанның Ресейге 180 мың тонна қызанақ экспортынан асып түседі (AzerNews, 25.03.2021).
Украинаның ауылшаруашылық сауда клубы ел тұрғындары жемістерді көбірек қолдана бастағанын хабарлады. Бұл нәтиже тек елдегі тұтыну статистикасына ғана емес, сонымен қатар жемістер импорты туралы мәліметтерге де негізделеді. Ел 2020 жылы 1 миллион тонна түрлі жемістер импорттады. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 8%-ға жоғары, 5 жыл бұрынғы көрсеткіштерден 1,5 есе жоғары. Елдің негізгі импорттық өнімдері банан, мандарин, апельсин, лимон және шабдалы болып табылады (Укринформ, 26.03.2021).
Дайындағандар:
Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әмреев Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Батыр Режеповпен кездесті. Кездесу барысында елші Режепов Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Түрікменстан мен түркітілдес бауырлас мемлекеттер арасындағы қатынастардың одан әрі дамуына мүдделі екенін және алдағы Түркі кеңесінің саммитіне қатысатынын мәлімдеді. Бас хатшы Әмреев Түркіменстан Президентінің шешімін құптап, Түркіменстан әрдайым Түркі әлемінің ажырамас бөлігі болғанын айтты (Turkkon.org, 25.03.2021).
Ташкент қаласының әкімі Жахонгир Артиходжаев Тәжікстанның астанасы Душанбеде болып, Душанбе қаласының әкімі Рустам Эмомалимен кездесті. Әкімдер Тәжікстан мен Өзбекстан және екі астана арасындағы достық қатынастардың деңгейіне қанағаттанушылықтарын білдірді. Тараптар екі елдің астаналары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен кеңейтуге қатысты мәселелерді талқылады (Avesta.tj, 24.03.2021). Душанбе 2021 жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) мәдени астанасы болып жарияланды. Душанбе қаласының әкімі Рустам Эмомалиға берілген «Душанбе-ТМД-2021 мәдениет астанасы» сертификатын тапсыру рәсімі Садриддин Айни атындағы Тәжікстан мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті. Бұл мәртебеге қаладағы бірқатар мәдени іс-шаралар мен тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру кіреді (Centralasia.news, 24.03.2021).
Ашхабадтың Махтумкули көшесінде халықаралық достық саябағы салынады. Шешім Ашхабад әкімі Язтаған Гылыджовтың Ташкент қаласының әкімі Жахон-гир Артиходжаев бастаған өзбек делега-циясымен кездесуі кезінде қабылданды. Саябақ Ашхабадтың тарихи орталығында 3 гектар аумақта салынып, екі мемлекет халықтарының достығын, бірлігі мен мә-дени жақындығын бейнелейді (Centralasia.news, 23.03.2021). Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Түрік мәдениеті және мұрасы қоры халықаралық қаржыландыру туралы хаттаманы мақұлдады. Құжатқа сәйкес Халықаралық түрік мәдениеті мен мұрасы қорының бюджеті Түркітілдес елдердің Ынтымақтастық Кеңесінің (Түркі Кеңесі) барлық мүше елдерінің міндетті жарналары есебінен құрылады. Қазіргі кезде ұйым бес мүше мемлекеттен құралады: Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан (Azertag.az, 03.26.2021).
Өзбекстан Қырғызстанға 20 автокөлік, 10 Volkswagen Caddy Cargo А класы және 10 ISUZU D-Max 4x2 B класы жедел-жәрдем машиналарынан тұратын гуманитарлық көмек жіберді. Жедел-жәрдем машиналары редукторы бар портативті оттегі цилиндрімен және ылғалдандырғыш, тонометр, фонендоскоп, желдеткіш жиынтығы, оттегі маскалары, жарақат алған науқастарға арналған жүйелер, жатыр мойны омыртқаларын бекіту, жұлын жарақаттарымен ауыратын науқастарға арналған омыртқаны қорғау, шашыратқыш, зембіл және мүгедектер арбасымен жабдықталған. Автокөліктер елдің түрлі аймақтарындағы денсаулық сақтау мекемелеріне таратылатын болады (Cn.kabar.kg, 26.03.2021).




