Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты түсіну

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУҒА ТЫЙЫМ САЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТЫ ТҮСІНУ Норвегия, Мексика және Австрияда 20132014 жылдары өткен ядролық қарудың гуманитарлық әсері туралы үш халықаралық конференция мен Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) штабпәтерінде өткен екі реткі келіссөздерден кейін 2017 жылы 7 шілдеде БҰҰ-ға мүше мемлекеттер Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт (ЯҚТСШ) ретінде белгілі ядролық қаруға тыйым салатын алғашқы заңды құжатты қабылдады. Дауыс беру күні БҰҰ-ға мүше 122 мемлекет шартты бекітті, біреуі қарсы дауыс берді (Нидерланды) және біреуі қалыс қалды (Сингапур). Айта кету керек, бес заң жүзіндегі ядролық держава (Қытай, Франция, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ) мен төрт іс жүзіндегі ядролық держава (Үндістан, Израиль, Солтүстік Корея және Пәкістан) келіссөздерге бойкот жариялап, шартты мақұлдаудан бас тартты. 2017 жылы 20 қыркүйекте ЯҚТСШ қол қоюға жіберілді. Құжатқа 59 ел қол қойса осы уақытқа дейін тек 10 елдің үкіметі тарапынан бекітілді. Шарт 50 мемлекеттің үкіметі бекіткеннен кейін күшіне енеді. 2017 жылы 6 қазанда әлемнің бүкіл азаматтық қоғам ұйымдарының коалициясы – Ядролық қаруға тыйым салу бойынша халықаралық қозғалыс (ICAN) бұл қаруларға шартқа негізделген түрде тыйым салуға жетекшілік еткені үшін Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын алды. Бұған дейін биологиялық (1972 жылғы Биологиялық қару туралы конвенция) және химиялық (1997 жылғы химиялық қару туралы конвенция) жаппай қырып-жоятын қарудың басқа түрлерімен салыстырғанда ядролық қаруға халықаралық құқыққа сәйкес тыйым салынбаған. Шарттың жақтаушылары қазіргі таңда бүкіл әлемде жинақталған шамамен 15,000 ядролық оқтұмсықтардың біреуінің өзін пайдалану адамзаттың өмір сүруіне қауіп төндіретіндіктен ядролық қаруға толық тыйым салу керектігін алға тартады. Халықаралық Сот 1996 жылғы Консультативтік пікірінде ядролық қаруды қолдану немесе оны қолданумен қорқыту қарулы қақтығыстарда барлық қаруларды қолдануды реттейтін ережелер жиынтығы болып табылатын халықаралық гуманитарлық құқыққа қарама-қайшы келеді деген қорытынды жасады. Дегенмен, бір мемлекеттің өзін-өзі қорғаудың төтенше жағдайларында ядролық қаруды қолдану немесе қолданумен қорқытуының заңдылығы шешілмеген күйінде қалды. Сондықтан, ЯҚТСШ 1.1 (d) бапта айқын көрсетілгендей, ядролық қаруды қолдану немесе қолданумен қорқыту, сондай-ақ 1.1 (а) бапта көрсетілгендей, ядролық қаруды әзірлеу, сынау, өндіру, сатып алу, иемдену немесе сақтауға тыйым салынғанын білдіріп, бұл олқылықты толтыруда. ЯҚТСШ-ның басқа да негізгі ере-желеріне ядролық қаруды басқа елдерге беруге және оларды алуға (1.1 (b) және (с) баптар) немесе қатысушы мемлекет аумағында осындай қару-жарақтарды орналастыруға тыйым салу (1.1 (g) бап), құрбандарға көмек көрсету (6.1-бап) және экологиялық оңалту (6.2-бап) кіреді. Дегенмен, күшіне енсе де ешқашан жүзеге аспайтынын алға тартып, шартты сынға алғандар да бар. Өйткені құжатты әзірлеуге ешбір ядролық қаруы бар мемлекет қатыспаған және оған қол қоюға ниеттенбеген. Шарт қабылданғаннан кейін оған басты қарсы шыққан АҚШ, Ұлыбритания және Франция құжатқа ешқашан қол қоймайтынын, бекітпейтінін немесе оның ережелеріне бағынбайтынын білдіретін бірлескен мәлімдеме жасады. Олар бұл құжат Солтүстік Корея секілді ядролық «бұзақы» елдер тарапынан туындаған нақты халықаралық қауіпсіздік мәселелерді шешудің орнына ядролық қарудың жаһандық таралуына қатысты маңызды құжат болып табылатын Ядролық қаруды таратпау туралы шартты (ЯҚТШ) бұзып, Қытай, Франция, Ресей, Ұлыбритания және АҚШтың ядролық қаруы бар мемлекет (ЯҚМ) мәртебесін шектейді деп санайды. ЯҚТСШ күшіне енгеннен кейін кез-келген қатысушы мемлекеттің өз қауіпсіздігі үшін ішінара ядролық қаруға сүйенетін елмен қандай да бір қауіпсіздік қарым-қатынасын орнатуы заңсыз саналады. Бұл жағдай өздерінің қауіпсіздігі үшін АҚШ-тың ядролық «шатырына» сенім артатын ядролық қаруы жоқ мемлекеттердің, оның ішінде НАТОның барлық мүшелері мен Шығыс Азия елдерінің шартқа қарсы шығуына әкелді. Тіпті ЯҚТСШ ядролық қаруларды таратпау себебіне зиян тигізу қаупін төндіретіні туралы да айтылады. Себебі АҚШ-тың қауіпсіздік «шатыры» болмаса, кейбір Шығыс Азия мемлекеттері өздерінің ядролық емес мәртебесін қайта қарауға мәжбүр болады. Оның орнына ЯҚМ-ті «ядролық жанталаса қарулануды тоқтату және ядролық қарусыздануға қатысты тиімді шараларға адал ниетті келіссөздер жүргізуге» шақыратын ЯҚТШ-ның қолданыстағы шеңберін одан әрі нығайту ұсынылады (ЯҚТШ, 6-бап).
Сондай-ақ, ЯҚТСШ ядролық қарулардың тежеу әсерін бұзып, жаһандық қауіпсіздік құрылымына қауіп төндіретіні туралы да айтылады. Бұл әдеттегі соғыстар ядролық соғыстарға ұласуы мүмкін деген қорқыныштан 1945 жылдан бері әсіресе ірі мемлекеттердің арасындағы мемлекетаралық соғыстардың төмендеуіне әкелді. Шартты сынға алғандар бұл шарттың ядролық тежеудің маңыздылығын мойындамауын, жаһандық күштердің стратегиялық есептері арасында қарусыздану үрдісінің жоқтығын, сондай-ақ қауіпсіздік тұрғысынан ядролық қаруды сақтау қажеттігін алға тартып, шартты сынға алуда. Мысалы, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясында ядролық қарудың рөлін сипаттайтын жаңа Ядролық саясатқа шолуда АҚШ ядролық мүмкіндіктерді дамытуға үлкен қаражат бөлуге дайын екендігін мәлімдеді, ал Ресей Президенті Владимир Путин Федералды жиналысқа арналған жолдауында ядролық қаруды жеткізу жүйелерінің озық үлгілерін ұсынды. Екі ірі ЯҚМ арасында күшейе түскен бәсекелестік ядролық қаруды жоюға қажетті сенім деңгейін қамтамасыз етпеуде. Бұл ЯҚТСШ-да қатаң тексеру және орындау талаптарының болмауы сияқты басқа сынға алып келеді. Ешбір ЯҚМ басқа бір ЯҚМ қарусыздану үдерісін бастамағанша бұл қадамға бармайтыны айқын болса да, шарттың ережелеріне сәйкес қатысушы мемлекет болғаннан кейін ядролық қаруға ие немесе оны бақылайтын мемлекет қаруларын дереу операциялық мәртебеден шығару керек. Бұл заңдық күші бар және белгілі бір уақытпен шектелген жоспарға сәйкес қатысушы мемлекеттердің бірінші кеңесінде белгіленетін мерзімнен бұрын жасалу қажет (4.2-бап). Бұл әрбір ядролық мемлекетке уақыт кестесін өзінше түсінуге мүмкіндік береді және қарусыздану бойынша міндеттемелердің әртүрлі жылдамдықпен орындалуын қамтамасыз етеді. Демек, ЯҚМ-тер арасында қарусыздануға кедергі келтіретін өзара сенімсіздік туындауы мүмкін. Сонымен қатар, шарт ядролық қарудың жойылуын тексеретін органды айқын түрде тағайындамайды. Себебі бұл рөл белгісіз «құзыретті халықаралық органға» берілген. Сонымен қатар, осындай себептерге байланысты шарттың мәтіні мұқият дайындалмағанын да айтуға болады.
Тұтастай алғанда, БҰҰ-ның алғаш рет 1946 жылы жариялаған ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу мақсатында ЯҚТСШ жедел панацея болып табылмайтыны айқын. Әлемдік ядролық қарудың жаһандық қоры соңғы үш онжылдықта 1980-ші жылдардың ортасында 70,000 болып, бүгінгі күні 15,000-ға дейін төмендегенімен, әлі талай іс тындырылуы тиіс. Осы орайда ЯҚТСШ ядролық қарудан азат әлем құру мақсатын іске асырудың жалғыз тәсілі болып табылады. Көптеген адамдар бұл мақсаттың жүзеге асырылуына күмән келтіруде. Алайда, кезінде биологиялық, химиялық қарулар мен жердегі миналарға тыйым салу мақсатына жету мүмкін емес болып көрінгенмен, бүгінгі таңда бұл қаруларды қолдануға тыйым салатын шарттардың сәтті мысалдарына қарай отырып, ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізуге ұмтылғандар ЯҚТСШ қарусыздану үдерісінде алға үлкен қадам болып табылады деген пікірді ұстанады.
Жазушы: Абулхаирхан Жүнісбек, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік Берн қаласына ресми сапармен барған Иран президенті Хасан Рухани Швейцария президенті Ален Берсемен кездесіп екі елдің ортақ мүдделері турасындағы қатынастарды кеңейту жолдарын талқылады. Бұдан тыс екі ел басшысы АҚШ-тың Иран ядролық келісім-шартынан кері шегінуі жайлы әңгіме қозғады. Бакуге жасаған ресми сапары барысында Түрік Қарушы Күштері Бас штабының басшысы Хулуси Акар Әзірбайжан президенті Илхам Алиевпен кездесіп қорғаныс саласы бойынша екіжақты ынтымақтастық туралы келіссөз жүргізді. Сондай-ақ тараптар екіжақты ынтымақтастықтың келешегіне қатысты пікір алмасты. Тегеранға ресми сапармен барған Өзбекстан Сыртқы Сауда министрі Жамшид Ходжаев Иран Инвестиция, экономика және техникалық көмек ұйымы басшысы Мохаммад Хазаеимен кездесіп екіжақты сауда көлемін арттыру, энергетика, байланыс және туризм салалары бойынша ынтымақтастықты нығайту бағытында ортақ инвестициялық комитет құру туралы келіссөздер жүргізді.
Бішкек қаласына ресми сапар жасаған Иран Ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани Фазли Қырғызстан вице-премьері Женис Разаковпен кездесіп екі ел арасындағы қауіпсіздік және құқық қорғау салалары бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасады.
Мәскеуге ресми сапармен барған АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон Ресей президенті Владимир Путин және Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, Сирия мен Украина төңірегіндегі мәселелермен қатар халықаралық мәселелерді де талқылады. Бішкекке ресми сапар жасаған Беларусь Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Евдоченко Қырғызстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Нурлан Абдрахмановпен кездесіп беларусь-қырғыз қарым-қатынастарының қазіргі жағдайын және келешекке қатысты болжалдарын талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың халықаралық ұйымдар шеңберінде одан әрі қарай дамытуға көңіл бөлді. Тараптар 2018-2019 жж үшін Беларусь және Қырғызстан сыртқы істер министрліктері арасында серіктестік орнату жоспарына қол қойды.
Экономика, қаржы және энергия Гонконг қаласына жасаған ресми сапары барысында Грузия Экономи- ка және тұрақты даму министрінің орынбасары Геннадий Арвеладзе Гонконг Сауда және экономикалық даму хатшысы Эдвард Танг-вахпен кездесіп екіжақты еркін сауда келісім-шартына қол қойды. Кездесу нәтижесінде еркін сауда келісімі екі тарап үшін экономикалық және сауда байланыстарын жаңа деңгейге көтеретін платформа қалыптастыратыны және гонконгтық іскер адамдардың Грузия нарығына «Бір белдеу бір жол» бастамасы аясында Кавказ аймағында жұмыс жасауына кеңінен мүмкіндік береді деп күтілуде.
ЕО Кеңесі Украинаға 1 миллиард евро көлемінде қаржылай көмек бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл қор Украинаның қаржылай қажеттіліктеріне және экономикалық дамуына қолдау көрсету үшін жұмсалатыны аталып өтті. Еуропа Комиссиясы Кеңеспен ұйымдасқан түрде Украина парламентінің ратификациялауын қажет ететін көмек шарттарын мазмұндайтын меморандум әзірлейді.
Ресей Экономикалық даму министрлігі тарапынан берілген мәліметке сай елдің ЖҰІӨ өсуінің 2018 жылға қатысты болжамы бойынша 2,1%дан 1,9%-ға төмен. Сондай-ақ министрлік, 2019 жылы Ресейдегі ЖҰІӨ-ның өсуіне қатысты болжамын 2,2%-дан 1,4%-ға төмендеткен. Жаңа болжамдар Ресейдегі инфляцияның 2018 жылы 2,8%-дан 2,9%ға көтерілетінін, 2019 жылға қатысты болжам бойынша 4%-дан 4,3%-ға өсетінін көрсетуде.
Беларусь Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сай 201/8 жылдың 1 маусымынан бастап елдің сыртқы қарызы 16,4 миллиард долларды құраған. 2018 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында мемлекеттің сыртқы қарыздары Евробондтар бойынша 600 миллион доллар, Ресей үкіметі мен банктеріне 377 миллион доллар және Халықаралық қайта құру және даму банкінен алынған 52,7 миллион долларды қосқанда жалпы көлемі 1 064 миллиард долларды құрайды. Сондай-ақ Қытай банктерінен 33,1 миллион доллар және Еуропа қайта құру және даму банкінен 2,1 миллион доллар қарыз алынған. 2018 жылдың басынан бері Беларусь сыртқы қарызын төлеу мақсатында 1 309 миллиард доллар жұмсаған.
Қазақстан Ұлттық сауда министрлігі Статистикалық комитетінің мәліметіне сай, елдегі инфляция деңгейі 2018 жылдың мамыр айында 0,2%, қаңтар-мамыр айлары аралығында 2,4% болған. Жылдық инфляция 6,2% құраған. Бұл көрсеткіш Қазақстан Ұлттық банкі тарапынан 2018 жыл үшін белгіленген 5-7 %-дық жоспар аралығында.
Қырғызстан Экономика министрлігі алты ай бойы (маусым-қараша 2018)
шикі мұнай экспортына тыйым салу жоспарын мәлімдеді. Министрліктің мәліметі бойынша бір жылдық сұраныс 1,5 миллион тонна болса, жылдық өндіріс мөлшері 130 000 тоннаны құрауда. Мұнай өңдеу зауыттары шикі мұнай жетіспеушілігінен өз потенциалының 50-70%ын ғана қолдануда. Әзірбайжан парламенті 2018 жылға арналған мемлекеттік бюджетке қатысты заңға өзгертулер енгізу жобаларын мақұлдады. Бұл өзгерістер, бюджет кірістерін 1,983 миллиард манат (1,16 миллиард доллар) немесе 9,9% көлемінде арттырып 22,110 миллиард манат (12,99 миллиард доллар), ал бюджет шығындары 2,014 миллиард манат (1,18 миллиард доллар) немесе 9,6% мөлшерінде артып, 23,061 миллиард манатты (13,55 миллиард доллар) құрайды. Мемлекеттік бюджет дефициті 951 миллион манат (558,59 миллион доллар) болады деп күтілуде. Бұл көрсеткіш 2018 жылы Әзірбайжан ЖҰІӨ-нің 1,3%-ына тең болады.
Қоғам және мәдениет Дайындағандар:
Лидия Пархомчик, Даурен Абен, Данияр Нурбаев Азия даму банкі Басқарма кеңесі жасаған мәліметке сай, Тәжікстандағы Панж өзені бассейнінде су басқаруын жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқан жоба үшін қосымша қор ретінде 6,5 миллион доллар грант бөлу мақұлданды. Қосымша қаржыландыру ретінде Азия даму банкі тарапынан басқарылатын Жасыл климат қорынан 5 миллион доллар грант бөлінеді.
Қазақстан Ауылшаруашылық министрлігінің мәліметі бойынша ресейлік 36 фермадан үй құсы өнімдерін импорттауға тыйым салынды. Бұл шешім, Халықаралық эпизоотиялық бюро тарапынан Ресейдің Курск, Пенза және Самара аймақтарында тіркеуге алынған жоғары деңгейдегі патогендік құс тымауы эпидемиясына қатысты алынған болатын. Беларусь парламентінің жоғарғы палатасы саналатын Беларус Кеңесі Қытаймен визасыз саяхат жөнінде үкіметаралық келісім-шартты мақұлдады. Құжатқа сай, Беларусь азаматтары Қытайға бір рет 90 күннен аспайтын мерзімге 30 күнге дейін визасыз баруына болады. Осы ереже Қытай азаматтары үшін де қолданысқа енеді. Бір азамат 30 күннен астам мерзімде елде қалуға, оқу немесе жұмыс мақсатында қалатын болса арнайы виза түрін аштыруға мәжбүр болады. Визасыз саяхат, арнайы сапарларды, іссапарларды және туристік саяхаттарды қамтиды.




