f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Өзбекстанның латын әліпбиіне көшу үдерісі және тәжірибесі
ebulletin

Өзбекстанның латын әліпбиіне көшу үдерісі және тәжірибесі

Авторлар: Балжан Ешметова
2020 ж. 29 қараша
Өзбекстанның латын әліпбиіне көшу үдерісі және тәжірибесі

ӨЗБЕКСТАННЫҢ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ ҮДЕРІСІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕСІ Әлемдегі 200 миллионнан артық түбі бір Түркі халықтары қазіргі таңда латын, кирилл және араб графикаларына негізделген неше түрлі әліпби үлгісін қолдануда. Салдарынан аталмыш әліпбилер мен олардың орфографиялық үлгісі бір-бірінен өте алшақ болып, Түркі тілдерінің дыбыстық құрылымының жақындығы мен туыстығы ескерілмей келеді. Алайды, тәуелсіз Түркі елдерінде соңғы жылдары өзекті мәселеге айналған латын әліпбиіне көшу үдерісі, латын негізіндегі ортақ Түркі әліпбиін қалыптастыруға деген үмітті арттыра түсуде. Түркі халықтарының латынға көшу тарихына көз жүгірткенде, ең алғаш Түркия 1928 жылы латын әліпбиіне көшсе, ал, Әзербайжан (1991), Түркіменстан (1993) және Өзбекстан (1993) Кеңес одағының ыдырағаннан кейін латын әліпбиіне көше бастады. Қазақстын 2017 жылы латын әліпбиіне көшу туралы нақты қадам жасаса, Қырғызстанда да бүл мәселе талқыланып келеді. Түркі елдерінің латынға көшуі түрлі қиыншылықға тап болуы мен сынпікірге ұшырауы да заңды құбылыс. Осы тұрғыдан, Орталық Азиядағы халық саны ең көп Өзбекстанның латынға көшу жолын зерделеуді жөн көрдік. Кеңес одағының ыдырап, тәуелсіздік алғаннан кейін өзге Орталық Азия елдері сияқты Өзбекстанда да ұлттық жаңғыру үдерісі басталды. Осыған орай, 1993 жылдың 2 қыркүйегінде Өзбекстан республикасы Жоғарғы мәжілісінің ХІІІ сессиясында «Латын графикасына негізделген Өзбек әліпбиін енгізу туралы» заң қабылдап, латынға көшуге нақты қадам жасады. Сол кездегі қалыптасқан жағдай астында Өзбекстанның латынға өтудегі негізгі мақсаттарын төмендегідей бірнеше түйінге жинақтауға болады: 1) Өзбек тілінің мәртебесі мен практикалық қолданыс деңгейін жедел арттыру арқылы егемендікті нығайту; 2) Елдің саясиәлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсарту; 3) Ұлттық мүдде бағытындағы жаңа білім беру жүйесін қалыптастыру; 4) Геосаяси жағдай мен көршілес мемлекеттермен қарымқатынсты жаңарту; 5) Модернизация мен батысқа деген ұмтылысты көрсету; 6) Құлдық санадан арылған тәуелсіз келешек ұрпақты тәрбиелеу. Осы тұрғыдан алып қарағанда, енді ғана тәуелсіздік алған Өзбестанның латынға көшу қадамы Ташкент үшін үлкен саяси ерікжігермен тең еді. Қабылданған заң бойынша, латын негізіндегі Өзбек әліпбиын 1995 жылдан бастап бастауыш мектептің алғашқы сыныптарында қолдана бастау және елдегі білім беру жүйесінде біртіндеп қолданысқа енгізу, сондай-ақ, 2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастап латын әліпбиін ел көлемінде толықтай жалпыластыру керектігі белгіленді. 1993-тен кейінгі екі жыл ішінде өзбек тілі емлесінің жаңа ережелері жасалынды және бекітілді. Келесі кезекте, көшелер мен қоғамдық көліктердің, дүкендер мен мекемелердің атаулары кириллицадан латын әліпбиіне ауыстырылды. Осы барыста бұрынғы орыс тіліндегі көптеген атаулар өзбек тіліне ауыстырылды. 1996 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп табалдырығын аттаған балалар жаңа әліпбимен жазуды және оқуды үйрене бастады. Бірінші сыныптарға арналған оқулықтар басылып шықты. 2005 жылы студенттердің алғашқы дипломдары латын графикасында жазылды. Өзбестанда ресми қабылданған латын әліпбиінің қолданылғанына арада 25 жыл өтседе, елдегі латын әліпбиіне көшуі үдерісі қиындықсыз болмағанын, тіпті өз деңгейінде әлі толық жалпыласып үлгермегенін айтуға болады.

Әрине бұның көтеген себебі бар еді. Ең әуелі ескеретін жайт, Өзбестанда қабылданған әліпби бірнеше рет өзгеріске ұшырап, қолдану мен жалпыластыруда қиындық туғызды. 1993 жылы қабылданған латын әліпбиіне 1995 жылы 6 мамырдан заңмен «реформа» жасалып, өзгеріс енгізілді. Латын негізіндегі пернетақтадағы 26 әріптен аспауды көздеген бұл өзгерісте, 1993 жылғы латын әліпбиіндегі арнайы символдар мен диакритикалық белгілердің орынына енді қосарланған әріп пен апострофтарды қолданды. Мысалы, 1995 жылғы нұсқада «ә» әрпін – «ае» деп, «Ç ç, Ş ş» сынды диакритикалық таңбаларды «Ch ch, Sh sh» деп қос әріптермен белгіледі. Hg hg, CH ch, SH sh – 3 қосарлы дауыссыз, G’g’, O’o’ – 2 диакритикалық белгі болды. Ақпараттық технология тұрғысынан қарастырғанда, өзбек латын әліпбиі таза латын әліпбиін негіздеген графика. Өзбек тілінің кириллицасында орыс тілінің әріптерінен тыс небары 4 әріп қана болатын: Ө, Қ, Ғ, және Һ. Латын жазуында Ө мен Ғ әріптерін тырнақша (апостроф) арқылы O’ және G’ деп келтіріп, Қ мен Һ әріптерді Q мен H деп, бір қатар дыбыстар қос таңбалы Yo yo, Yu yu, Ya ya түрде аударылуы. Мұның қолданысқа түскендегі, тілдің ұлттық сипатының өзгерткенін тәжірибеден көреміз. Нәтижесінде, 1995 жылғы Өзбек латын әліпбиі – 29 әріптен тұратын және 1 қосымша белгі «’» апострофтан құралды. Бұл өзбек кирилл әліпбиімен салыстырғанда, 7 әріпке кем болғанымен, арнайы белгілер мен символдар болмағандығынан кейбір әріптерді екі таңбамен белгілеуге тура келеді және бұған қосымша белгі «’» қосылғанда, сөздер шұбалаңқы жазылды. Кеәбір зерттеушілер 1995 жылғы латын әліпбиі бойынша мәтіндердың жазылуы бұрынғы кириллицаға қарағанда орта есеппен 10-15% ұзарды. Сонымен қатар, өзбек тілінің 1930-1940 жылдардағы латын әліпбиінің тәжірибесі толық ескерілмеді. Негізінен, 1926 жылы Бакуде өткен І Түркі тілдес халықтар съезінде қабылданған шешім бойынша, Кеңестер одағы құрамындағы барлық түркі тілдес халықтардың бір ауыздан араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшуі туралы шешіміне байланысты, 1930 жылы Өзбекстан бұрын қолданып келген араб әліпбиінен латын әліпбиіне ауысып, 1940 жылға дейін қабылданып келген еді. Дыбыстарды белгілеудегі кемшіліктер мен бұрынғы тәжірибенің ескерілмеуі, латын әліпбиінің игерілуін қиындатып, жалпыласуына белгілі дәрежеде кедергі болды.

Тәуелсіздіктен кейінгі Өзбекстанның нақты саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайы, латын әліпбиінің қолданылуы мен жалпаласу жағдайын белгелеген шешуші фатор болды. Экономикалық тұрғыдан алғанда, Өзбекстанда жаңа әліпбиге өтудің 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыс кезіне тұспа-тұс келуі, оны іске асырудағы қаражаттың жетіспеушілігін тудырды. Сонымен қатар, латын әліпбиін жалпыластыруда жүйелі экономикалық қолдаудың болмауы, көптеген қиыншылықтар тудырды. Саяси тұрғыдан алғанда, ресми биліктің тілдік реформаны бірізді жолға қоя алмауы, латын әліпбиінің аяқ алысын баяулатты. Артем Космарский өз зерттеуінде, Өзбекстанның саяси элитасының орыс тілді болып қалуы мен реформаларға жауапты адамдарды ескіліктен бас тартқысы келмеуі, Өзбекстанда тілдік саясат және лингвистикалық парадигмада түбегейлі өзгерістің болмауына себеп болғанын атап өтеді. Биліктің нақты емес ұстанымы мен әліпбидің семантикасы нақты болмағандықтан, латын әліпбиін қолдану аясы тар шеңберден шыға алмады. Латын әліпбиінде жазу көше атаулары мен қоғамдық көліктер, метрополитендегі мәтіндерде ғана басымырақ болды. Іс қағаздары біртіндеп латын әліпбиіне ауыстырыла бастаға-нымен, екі тіл қатар қолданылғандықтан, күтілетін нәтижесін бермеді. Оқу құралдары, балаларға арналған кітаптар мен классикалық өзбек әдебиетінің басылымдары латын әліпбиінде қолдана бастағанымен, электронды ақпарат құралдары мен іскерлер әлемінде қолданыста кирилл әліпбиі басым болды. Өзбекстандағы БАҚ, көркем және ғылыми анықтамалық әдебиеттердің басым көпшілігі, діни мұсылман кітаптары мен брошюралар да кириллицада басылды. Кириллицамен басылған басылымдардың өз атауын латын таңбасында беруі, тек саяси адалдықтың нышаны ретінде ғана болды. Тіпті, телеарналар мен бағдараламарда бас тақырыптар, фильмдер, субтитрлер мен жарнамалардың кириллицада берілуі, латын әліпбиінің қолданысына кері әсерін тигізді. Белгілі ресейлік сарапшылардың бірі Владимир Алпатовның пікірінше, өзбек тілінің латын және кирилл екі жазбаша нұсқасының қатар қолданылуы, қолданыста кириллицаға көбірек жүгінуі, Өзбекстандағы латынға көшуді баяу болуының бір себебі болып келді. Аталған мәселелер Өзбекстанда латынға көшу мәселесін қайта қарастыру керектігін көрсетіп берді. Сөйтып, 2019 жылы мамырда Әлішер Навои атындағы Ташкент мемлекеттік университеті жанынан Латын әліпбиін толық жетілдіруге байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, латын әліпбиіне қайта қзгеріс енгізу жұмыстары басталды. Жомыс тобы 1995 жылы әліпбиге өзгеріс енгізіліп, 1993 жылғы нұсқасына ұқсайтын, қосымша белгілер қосылған, барынша жаңартылған латын әліпбиін ұсынды. 2019 жылдан бастап 21 қазан «Өзбек тілі мерекесі» күні болып бекітілды. Ал, 2020 жылғы 20 қазанда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Өзбек тілін одан әрі дамыту және елдегі тіл саясатын жетілдіру туралы жарлыққа қол қойылды. Негізінен, ол жарлықта 2020-2030 жж. арналған Өзбек тілін дамыту мен тілдік саясатты жетілдіру мәселелері қарастырылды. Соның негізіндегі ісшаралар жоспары бекітілді.

Қорыта келе, Өзбекстанның латынға көшу үдерісі қиыншылықтар мен кедергілерге толы болғанын айта аламыз. Атап айтқанда, тәуелсіздіктен кейінгі Өзбекстанның саяси-әлеуметтік және экономикалық даму жағдайымен қатар, әсіресе тілдік реформалардың жүйесіздігі, қабылданған әліпбидің өзіне тән кемшіліктері, елде латын әліпбиінің жалпыласуына кедергі болып келді деуге болады. Алдағы уақытта, ресми Ташкент, қолданыстағы латын әліпбиіне Өзбек тілінің толыққанды ұлттық сипатын бейнелейтін өзгерістер енгізу арқылы Өзбекстанда латын әліпбиінің жалпыласуын тездетуге күш салуы керек. Осы орайда, 19911993 жылдары әртүрлі деңгейде өткен жиындарда қабылданған, 34 таңбадан тұратын ортақ әліпби үлгісін басты назарда ұстау өте маңызды. Латын әліпбиге көшу дегеніміз – әлемдік стандарттарға сәйкес, жан-жақты дамыған, қазіргі таңда сұранысқа ие ақпараттық жүйе мен телекоммуникациялық технологиялар саласындағы тиімді, қолайлы жазу жүйесіне қол жеткізу. Аталған мақсатты ұстана отырып, Орталық Азия аймағындағы түркі халықтарының латын графикасына көше бастауы, біріншіден, мемелекеттік терең маңызға ие қадам болса; екіншіден, түркі елдерінің ортақ мұралары мен бір-бірінен алшақтап кеткен туыстық қарымқатынасты жақындату, бір бағытта жұмыс істеуі; үшіншіден, біртұтастық пен бірізділік бағытында ортақ экономикалық, саяси, құқықтық, әлеуметтік, мәдениеттік бағытта жақындасуы үшін аса маңызды. Бұл тұрғыдан, Өзбекстанның латынға көшу барысындағы тәжірибесін Қазақстан мен Қырғызстан да ескеруі керек.

Жазушы: Балжан Ешметова, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік       Эмомали Рахмон 90,92% дауыс жинап қайта сайланғаннан кейін Тәжікстанда президенттік салтанат өткізілді. Бұл Эмомали Рахмонның 2027 жылға дейін созылатын бесінші президенттік мерзімі. Ұлықтау рәсімінен кейін Президент Рахмон жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынын екі есеге арттыруға және Тәжікстанды энергетикалық тәуелсіз елге айналдыруға мүмкіндік беретін дамудың негізгі жолдары мен аспектілері көрсетілген баяндама жасады. (Asiaplustj.info, 30.10.2020). Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанға жұмыс сапарымен келген Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады. Президент Тоқаев кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан тығыз қарым-қатынаста екенін және бір-бірін сенімді одақтас және стратегиялық серіктес ретінде көретіндігін мәлімдеді. Өз кезегінде Қазақбаев президент Тоқаевқа корона эпидемиясы кезінде Қырғызстанға көрсеткен барлық көмегі үшін және екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған ниеті үшін ризашылығын білдірді (ҚазАқпарат, 30.10.2020).

Еуразиялық экономикалық комиссия Беларусь Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Александр Гурьяновтың қатысуымен «Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытайдың Белдеу және Жол бастамасы ұштастыру» атты онлайн форум ұйымдастырды. Гурьянов өз сөзінде Қытайды Беларусьтың сыртқы саясатының стратегиялық бағыты ретінде қарастыратынын айтты. Ол сонымен қатар, Қытай бастамасына толық қатысу серіктес елдердің экономикасын жақсартатынын мәлімдеп, Беларусь қаржы институттарын бірлескен жобаларды бірлесіп қаржыландыруды ұлғайтуға шақырды (БелТА, 27.10.2020).

Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Нұр-Сұлтанға барған сапарында қазақстандық әріптесі Нұрлан Ермекбаевпен кездесті. Тараптар, екі елдің ортақ тарих және ортақ болмыс мен құндылықтарына негізделген екіжақты қатынастарына баса назар аудара отырып, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арасындағы сындарлы және тығыз қарымқатынасты атап өтті. Министрлер аймақтық қауіпсіздік және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты (Aa.com.tr, 26.10.2020).

Түркіменстан парламенті Ресеймен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осыған дейін Ресей Президенті Владимир Путин таныстырған құжатты Ресей Мемлекеттік думасы мақұлдады. Келісімге сәйкес, тараптар бір-бірінің қауіпсіздігіне зиян келтіретін қандай да бір іс-әрекет үшін өз жерлерін пайдалануға бермейді. Стратегиялық келісім сонымен қатар терроризмг, ұйымдасқан қылмыс, есірткі саудасы және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған (Centralasia.news, 16.10.2020). Украина Әзірбайжанға алғашқы құрметті консулын тағайындады. Украина елшілігінде Шамахидегі Украинаның Құрметті консулдығын тағайындау рәсімі өтті. Салтанатты рәсімде жаңадан тағайындалған құрметті консул Мехрали Гасимов, Украинаның Әзірбайжандағы елшісі Владислав Каневскийден консулдық комиссия мен ресми куәлік алды. Шамахидегі жаңа консулдық Әзірбайжанның Агдас, Агсу, Кабустан, Гойчай, Исмаилли және Шамахи аудандарын қамтиды (Укринформ.net, 27.10.2020).

Экономика, қаржы және энергия       Қазақстан, елдің оңтүстік бөлігінде жыл сайынғы СО2 шығарындыларын 262000 тоннаға азайтуға мүмкіндік беретін 100 МВт жел электр станциясын салуда. Жобаны жүзеге асыру үшін ел халықаралық қаржы институттарынан қолдау сұрады.

Еуропалық қайта құру және даму банкі 24,8 миллион доллар көлемінде көмек көрсету арқылы жобаны қолдады, ал Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, Қытайдың өнеркәсіп және сауда банкі және Жасыл климат қоры тиісінше 34,3 миллион доллар, 13,3 миллион доллар және 22,9 миллион долларды құрайтын көмек көрсетті (ҚазАқпарат, 26.10.2020). Қытай Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауда қатынасы бойынша өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Қытай сауда министрінің орынбасары Ван Шоуэннің айтуынша, эпидемияға байланысты осы жылдың қаңтар мен тамыз айлары арасындағы сауда-саттықтың шамалы төмендеуіне қарамастан, одақтың сыртқы саудасындағы Қытайдың үлесі 20%-ға дейін өсті. Сондай-ақ, Қытайдың ЕЭО-ғындаңы инвестициялары өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 7,9%-ға өсіп, 710 миллион долларға жетті (ТАСС, 27.10.2020).

Қытай Беларусьтың 98 компаниясына өнімдерін қытай нарығына экспорттау үшін сертификат берді.. Беларусь Қытайға сүт жеткізілімін ұлғайтуы мүмкін, өйткені сертификатталған 98 кәсіпорынның 56-сы сүт өңдеуші компаниялар. 2015 жылдан бастап сертификаттау бойынша жүргізілген белсенді зерттеулердің нәтижесінде Беларусьтың ауылшаруашылық экспорты 2015 жылғы 0,3 млн доллардан 2019 жылы 131 млн долларға дейін өсті. Елдің ауыл шаруашылығы экспортын ет өнімдері (44%), сүт өнімдері (40%), зығыр талшығы (6%) және рапс майы (6%) құрайды (БелТА, 26.10.2020).

Оңтүстік Кореяның мамандандырылған Posco International Corporation астық компаниясы Украинадан 68 мың тонна жемдік бидай сатып алды. Жыл сайын 3,43 миллион тонна бидай тұтынатын және 20 мың тоннадан аз яғни қажеттілігінің 1%дан азын өндіретін Оңтүстік Корея украин бидайы экспорты үшін перспективалы нарыққа айналуда. Posco 2019 жылы қыркүйекте Украинада 2,5 миллион тонналық астық терминалын құрды (Укринформ, 27.10.2020).

UzAuto Motors қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуді қарастырып, Еурооблигациял арқылы қосымша қаражат тартуды жоспарлауда. Компанияның мәлімдемесіне сәйкес, олар Лондон қор биржасында бес жылдан жеті жылға дейінгі өтеу мерзімін қамтитын Еурооблигация үшін 300 миллион доллар шығаруды жоспарлап отыр (UzDaily, 30.10.2020).

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстанға жұмыс сапарында Қазақстанның экспорттық кеңесінің төрағасы Руслан Ысқақовпен кездесті. Тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, ал Қазақстан өкілдері Kaz Minerals Bozymchak, Jerooy, Jamgır және Vertex Gold Company сияқты қазақстандық компаниялардың қызметіне қатысты өз алаңдаушылықтарын білдірді. Кездесуде тараптар қазақстандық экспортты қаржыландыру және сақтандыру құралдарын қолдану арқылы өзара сауда ағындарын әртараптандыру туралы шешім қабылдады (24.kg, 30.10.2020).

Дайындағандар:

Сауле Ахметкалиева, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Юнус Эмре атындағы Түрік Мәдениет Орталығы және Түркия Халықаралық академиясының қолдауымен Түркия Республикасы күніне орай «Ту мемлекеті» іс-шарасы өткізілді. Шараға Түрік штаттарының мемлекеттік қызметкерлері, дипломатиялық миссия өкілдері, көрнекті қайраткерлер, ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Кездесуде Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік туралы кітап көрмесі және Академия дайындаған Ататүрік деректі фильмінің көрсетілімі болды (Халықаралық Түрік академиясы, 29.10.2020). Молдовадағы Түркия елшілігі Молдовадағы оқытушылар мен студенттерге қайырымдылық жасап, планшеттер мен ноутбуктер силады. Кишиневтегі Түркия елшілігінде қаржылық көмек қабылдау рәсіміне Молдова білім министрі Игорь Саров және Түркия елшісі Гүлол Сокменсюер қатысты. Қаржылық көмек жалпы құны 27000 еуроны құрайтын 140 планшеттен және 6 ноутбуктен тұрды (Moldpres.md, 28.10.2020).

Чехиядағы Қазақстан Елшілігі мен Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасы чех тіліне аударылған Абайдың Қара Сөздері кітабының онлайн тұсаукесерін өткізді. Іс-шараға танымал есімдер, ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Прагадағы Қазақстан мәдени күндері фестивалі Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған деректі фильмдердің көрсетілуімен де аталып өтті (ҚазАқпарат, 29.10.2020).

Түркіменстанның мемлекеттік су шаруашылығы комитетінің мүшелері, су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылау үшін Өзбекстанның Су ресурстары министрлігімен онлайн-кездесу өткізді. Түрікменстан делегациясы Арал теңізі проблемаларын, сондай-ақ, Орталық Азиядағы су-энергетикалық проблемаларын шешу бойынша өз міндеттемелерін қайталады.

Тараптар бір-бірінің ұстанымдарын өзара құрметтейтін маңызды бірлескен жобаларды жүзеге асыруға күш салу керектігін атап өтті (Kun.uz, 31.10.2020).

Будапештте Түркі кеңесінің жаңа кеңсесінің ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдад Амреев, сондай-ақ, әр түрлі түрік мемлекеттерінің министрлері мен аға дипломаттары қатысты. Түркі кеңесінің жаңа кеңсесі Шығыс пен Батысты біріктіру арқылы түрік мемлекеттерінің экономика, сауда, кеден, ақпараттық технологиялар, логистика, диаспора және білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттырады (Aa.com.tr, 20.09.2020). Түркіменстанның Түркиядағы елшісі Аманлиев Ишанкул Анкараның Кечиорен аудандық кеңесінің делегациясын қабылдады. Тараптар екі елдің қатынастары туралы пікір алмасты және Түркия бауырлас Түрікменстанмен арасындағы байланысты жақсарту идеясын қолдады. Тараптар, әсіресе, коронавирустық эпидемиядан кейінгі түркімен мәдениеті күндері, конференциялар, көрмелер және басқа да іс-шараларды өткізу туралы мәселелерді талқылады (Centralasia.news, 27.10.2020).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.