f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Қазақстанда вакцинаға сенімсіздік білдіру мәселесі
ebulletin

Қазақстанда вакцинаға сенімсіздік білдіру мәселесі

Авторлар: Гүлнар Надирова
2020 ж. 1 маусым
Қазақстанда вакцинаға сенімсіздік білдіру мәселесі

ҚАЗАҚСТАНДА ВАКЦИНАҒА СЕНІМСІЗДІК БІЛДІРУ МӘСЕЛЕСІ Әлемді жайлаған коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 6 миллионнан асып, вирустың жаңа түрі одан әрі таралған сайын, бүкіл әлемдегі адамдарды пандемия мен оның салдары жақын арада аяқталады ма деген сұрақ мазалауда. Өкінішке орай, сарапшылар «ұжымдық иммунитет»

қалыптаспайынша пандемияның аяқталуы жайлы айту мүмкін емес деген пікірде. Ұжымдық иммунитет – бұл ауруға сезімтал адамдар арасында иммунитет қалыптастырған тұлғалардың болуы мен жақын болуы арқылы қоғамда жұқтыру қаупінің азаюын білдіретін ұғым. Ұжымдық иммунитетке екі жолмен қол жеткізуге болады: адамдарды жаппай егу арқылы немесе вирустың адамдар арасында жаппай таралуы арқылы. Ұлыбританиядағы кейбір бастамаларға қарамастан, екінші нұсқа қазіргі заманғы қоғам үшін қолайсыз болып көрінеді. Өйткені бұл медициналық жүйенің шамадан тыс ауыртпалық арқалауына және нәтижесінде мыңдаған алдын алуға болатын өлімге әкелуі мүмкін. Осылайша, вакцинация бұл тұрғыда жалғыз тұрақты ұзақ мерзімді шешім ретінде қарастырылады. Мұндай пікірталас нәтижесінде кейбір қоғамдарда вакцинаға сенімсіздік сияқты тағы бір маңызды тақырып күн тәртібіне шықты. Бұл мәселе, әсіресе, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде, атап айтқанда Қазақстанда өткір болып тұр. Қазіргі уақытта вакциналар дүниежүзілік денсаулық сақтау саласындағы ең үлкен жетістіктердің бірі болып саналады. Вакцина салу жыл сайын 2-3 миллионға жуық өлім жағдайының алдын алып, әлем бойынша бала өлімін төмендетеді, сондай-ақ сансыз туа біткен кемістіктер мен өмір бойы мүгедектіктің алдын алады. Сонымен қатар, вакциналар шешек пен ірі қара мал обасын жоюдың негізгі жолы болып табылады. Екінші жағынан, вакциналардың жанама әсерлері туралы пікірталастар жалғасып жатқаны белгілі. Дегенмен, вакциналардың жанама әсерлері шамалы немесе олардың келтіретін зияны вакциналардан бас тарту нәтижесінде туындайтын залалдан едәуір аз деген пікірді растайтын мәліметтер баршылық. Десе де, бүкіл әлемде – дамушы елдерде де, дамыған елдерде де әлі де вакцинацияға қарсы маңызды топ бар.

Бұл үрдістің кең таралғаны соншалық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинаға сенімсіздікті 2019 жылы жаһандық денсаулыққа төнетін алғашқы он қауіптің бірі деп санады. Өйткені вакцинаға сенімсіздік бүкіл әлемде қызылша ауруының 30% өсуіне әсер ететін факторлардың бірі ретінде танылды. 2018 жылы Wellcome Global Monitor тарапынан жүргізіліп, 140 елдегі 140 мыңнан астам адамды қамтыған кең ауқымды сауалнамада Қазақстан вакцинация деңгейі ең төмен 24 ел қатарына енді. Аталмыш тізімдегі 24 елдің тоғызы – посткеңестік кеңістіктегі елдер. Сонымен қатар, қазақстандықтар әлемдегі адамдарға қарағанда вакциналарға азырақ сенеді. Вакциналардың қауіпсіздігіне Қазақстан тұрғындарының шамамен 5060%-ы сенсе, әлем бойынша бұл көрсеткіш орташа есеппен 79%-ды құрайды. Мұндай сенімділік деңгейі Ресей, Украина және Беларусь елдеріне қарағанда жоғары және Орталық Азияның басқа мемлекеттеріне қарағанда біршама төмен.

Вакцинация қауіпсіздігі тұрғысынан жергілікті қоғамдық пікірге әсер ететін, назар аударуға тұрарлық бірнеше маңызды фактор бар. Олар – жалған жаңалықтар, бұған дейінгі жағымсыз тәжірибе және мемлекеттік органдар мен бастамаларға деген сенімсіздік.

Жалған жаңалықтар мәселесін екі бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – Қазақстанда белсенді түрде хабар тарататын ресейлік интернет және теледидарлық ақпарат құралдары сияқты дәстүрлі және салыстырмалы түрде сенімді ақпарат көздерінен келетін жалған жаңалықтар мен ақпараттар. Айта кету керек, Еуропалық комиссия осы уақытқа дейін Ресейдің мемлекеттік медиа сайттарында, сондай-ақ Кремльмен тығыз байланысы бар платформалар мен авторлар жариялаған COVID19 туралы жалған немесе жаңылыстыратын мәліметтерді қамтыған 80 түрлі есепке талдау жасады. Бұл есептердегі жалған ақпараттар көбінесе, вирустың жасанды түрде пайда болғанын мәлімдеп, мәселенің маңыздылығын төмендете отырып, негізінен астыртын әрекет сипатында болды. Екінші мәселе – жалған жаңалықтардың WhatsApp сияқты танымал мессенджерлер арқылы таралуы. Жергілікті WhatsApp чаттарында коронавирустық пандемияның әртүрлі аспектілері туралы көптеген жалған жаңалықтар таралды.

Қазақстанда пандемия басталғалы бері коронавирусқа қатысты жалған жаңалықтармен байланысты кем дегенде сегіз қылмыстық іс ашылды.

Жағдайға әсер ететін тағы бір маңызды фактор – мемлекеттік органдарға деген сенімсіздік. Қазақстандағы жеке меншікті тәуелсіз консалтингтік компания болып табылатын Стратегиялық бастамалар орталығы тарапынан жыл сайын жүргізілетін сауалнамадан анықталғандай, сауалнамаға қатысушылардың 60%-ынан астамы президентті қоспағанда, көптеген мемлекеттік институттарға сенбейді. Мұндай сенімсіздік кез-келген үкіметтік бастамамен бетпе-бет келген сайын халық арасында кері әсер туғызады. Сондықтан Қазақстанда міндетті вакцинация туралы жаңа заңнамалық бастамаға жедел теріс кері байланыс болғандығы таңқаларлық жайт емес. Қазақстандықтар 2006 жылы Шымкент қаласында орын алған жаппай ВИЧ дертін жұқтыру оқиғасы сияқты кейбір қайғылы жағдайларды ұмытпағандықтан, мұндай оқиғалар әсіресе денсаулық сақтау саласында өзектілігін сақтап келеді. Мемлекеттік вакцинация бағдарламаларына сенімсіздіктің және жалған ақпарат көздері мен астыртын әрекет идеяларына деген шамадан тыс сенімнің ықтимал себебі осы бағдарламаларды іске асыратындардың – вакцинаны өндірушілердің, вакцинацияға жауапты медициналық қызметкерлердің және қоғамдық қауіпсіздікке қатысты біліксіздік танытатын мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейінің төмендігі болуы мүмкін. Бұл әдетте ғылым мен медицинаға деген сенімсіздікке қатысты емес. Шынтуайтына келгенде, пандемия кезінде барлық адамдар дәрігерлерге үміт артып, халықтың көп бөлігі медицина қызметкерлері мен зерттеушілер бірлесіп вирусқа қарсы дәрі-дәрмекті ойлап табады деп күтеді. Кәсіпқойлыққа келетін болсақ, бұл білім беру сапасына қатысты екені айқын. Сондықтан да біз ұзақ уақыт бойы бағаланбай келе жатқан, жалақысы аз, төмен мәртебелі болса да, қоғамды лайықты өніммен қамтамасыз ететін білім беру саласына қайта ораламыз.

Жазушы: Гүлнар Надирова, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Саясат, сыртқы қатынастар және қауіпсіздік       Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің құқық қорғау органдарының басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшылары тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметі туралы есеп берді. Президент Тоқаев қауіпсіздік органдарының коронавирустық пандемия жағдайында азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы рөлін атап өтті (Ақорда, 05.06.2020).

Ферғана облысына жасаған жұмыс сапары барысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Сох анклавындағы қақтығыс өзбек және қырғыз халықтарының достығы мен ынтымақтастығына әсер етпеуі керектігін мәлімдеп, Өзбекстанның соңғы жылдары көрші елдермен көптеген шекара мәселелерін шешкенін атап өтті. Мирзиеевтің айтуынша, үкімет 2020-2022 жылдары Сох ауданын жан-жақты дамытуға 500 млрд. сум (шамамен 52 млн. доллар) бөлуді жоспарлап отыр (Өзбекстан Президенті, 06.06.2020).

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан мен Монғолия үкіметтері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы 2019 жылы 12 маусымда Бішкекте қол қойылған келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Келісім әскеритехникалық ынтымақтастық, қорғаныс өнеркәсібі, әскери ғылым және технологиялар, сондай-ақ бітімгершілік сияқты салалардағы ынтымақтастықты көздейді (K-News, 05.06.2020).

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мен Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Түрікменстанның терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылындағы әлеуетін арттыру мақсатында үш күндік онлайн-тренинг ұйымдастырды.

Түрікменстанның құқық қорғау органдарының сарапшылары мен практиктері қатысқан курс елдің халықаралық стандарттарға сәйкестігін нығайтуға және елдегі нормативтік-құқықтық құрылымдардың мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған. Аталмыш курста ведомствоаралық ынтымақтастықтың маңызды рөліне, сондай-ақ терроризмді қаржыландыруға қарсы ісқимылға барлық мүдделі тараптарды тартудың маңыздылығына көңіл бөлінді (ЕҚЫҰ, 03.06.2020).

Грузия Қорғаныс министрлігі қазіргі уақытта Грузия қорғаныс күштері қолданып жүрген кейбір жабдықтарды алмастыру мақсатында НАТО стандарттарына сәйкес жабдықтар сатып алады. Бұған әскери бірліктер қатысқан COVID-19-ға қатысты карантиндік шаралар енгізу кезінде туындаған техникалық мәселелер себеп болды. Грузия Қорғаныс министрі Иракли Гарибашвили әскерилер атқарған «бұрынсоңды болмаған ауыр жұмыстарды», атап айтқанда өткізу бекеттерінде 1,7 млн. көлікті дезинфекциялау және 2,5 млн. адамды әскери медициналық тексеруден өткізу жұмыстарын жоғары бағалады (Agenda.ge, 03.06.2020).

Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан Беларусь еліне алғашқы ресми сапарында Президент Александр Лукашенкомен келіссөздер өткізді. Беларусь басшысы Венгрия Премьер-министріне сапар үшін алғыс білдіріп, еуропалық мемлекеттер арасындағы тікелей байланыс форматын жандандырған бұл сапарды «батыл қадам» деп бағалады. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың әртүрлі мүмкіндіктерін, соның ішінде Беларусь-Еуропа одағы (ЕО) қатынастары мен Шығыс серіктестігін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады (БелТА, 05.06.2020).

Экономика, қаржы және энергия       Қазақстанның Қарағанды облысында орналасқан «Евразия Инвест» компаниясы Қытайға түйе сүті ұнтағын экспорттай бастады. Компания Saubota брендімен өндірілген сүттің алғашқы партиясын Ланчжоуға жіберді. Компания аталмыш өнімді Пекинге және Қытайдың тағы төрт провинциясына экспорттауды жоспарлап отыр. Қазақстандық агроөнеркәсіптік компаниялар үшін Қытай нарығын ашу туралы келісімдерге 2019 жылдың қыркүйегінде өткен алтыншы Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінен кейін қол жеткізілді (The Astana Times, 05.06.2020).

Өзбекстан үкіметі импортталатын автокөліктерге акциз салығын алып тастайтынын мәлімдеді. Бұл елдің автокөлік нарығында іс жүзінде мемлекеттік монополияны тоқтату бағытындағы алғашқы қадам болмақ. Өзбекстандағы автокөліктердің басым көпшілігін жергілікті зауыт шығарған «Шевроле» көліктері құрайды. Бастапқыда Оңтүстік Кореяның Daewoo Motors компаниясымен бірлескен кәсіпорын ретінде құрылған зауыт кейін General Motors қарамағында болып, ақырында мемлекет иелігіне өтті. Акцизді алып тастағанына қарамастан, Өзбекстанның автокөлік нарығы жоғары импорттық баждармен қорғалады (Рейтер, 04.06.2020). Коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты жарияланған карантиндік шаралар жүздеген мың мигранттардың Ресейге кіруіне жол бермегендіктен, егінді жинау үшін Орталық Азиядан арзан жұмыс күшіне аса тәуелді ресейлік фермерлер қиын жағдайға тап болды. Егінді сақтап қалу үшін ресейлік шенеуніктер мен сарапшылар үкіметті карантинге қарамастан маусымдық жұмысшыларды Ресейге әкелу мәселесін қарастыруға шақырады. Ресейдің агроөнеркәсіптік кешенінің қазіргі сұранысы шамамен 500 мың қосымша жұмысшы ретінде бағаланады (Азаттық радиосы, 04.06.2020).

Ресейлік өнімдерді экспорттаушылар мен импорттаушылардың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Ресей Эксимбанкі ресейлік банктер үшін өзбек сомасында алғашқы корреспонденттік шотты және өзбек банктері үшін ресей рублінде бірнеше шот ашты. Бұл қадам ұлттық валютадағы халықаралық төлемдерді арттыруға және экспорттаушылардың қаржылық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Эксимбанк ресейлік компаниялардың операцияларын қытай юані, қазақстандық теңге, үнді рупиясы, қырғыз сомы және венгр форинтімен өңдейді (ТАСС, 05.06.2020). Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Андрей Бельяниновтың айтуынша, банк Еуразиялық экономикалық одақтағы импортты алмастыру жобаларын қаржыландыру мәселесін қарастыруға дайын. Қаржыландырылатын ұсыныстарды таңдауда жоғары қосылған құны бар өнімдер шығаратын күшті интеграциялық әсері бар ірі кооперативті өндірістік жобаларға баса назар аударылады. Бүгінгі таңда өнеркәсіп саласы банктің инвестициялық портфелінің шамамен 22%-ын құрайды (Еуразиялық экономикалық комиссия, 04.06.2020). 2019 жылы Беларусь пен Венгрия арасындағы ауылшаруашылық және азық-түлік тауарларының екіжақты саудасы шамамен 17,4 млн. долларды құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 12,3%-ға көп. Беларусь Ауыл шаруашылығы және азықтүлік министрлігінің мәліметтері бойынша, 2019 жылы елдің Венгрияға ауылшаруашылық экспорты үш еседен астам өсіп, 793,4 мың долларға жетті. Беларусь негізінен әртүрлі майлы дақылдар мен ұлулардың экспортын жасайды, ал Венгрия Беларусь нарығын тұқым жүгері, тірі құс және көкөністермен қамтамасыз етеді (БелТА, 04.06.2020).

Дайындағандар:

Даурен Абен, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Ташкентте бейнеконференция арқылы 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған ұлттық тұрақты даму мақсаттары туралы қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шараға қатысушылар БҰҰ-ның Арал маңындағы адам қауіпсіздігі жөніндегі көпжақты сенім қорының қызметін қолдау жолдарын талқылады.

Конференцияда сонымен бірге қоршаған ортаны қорғауға қатысты басқа да мәселелер, оның ішінде су ресурстары мен жер үсті экожүйелерін ұтымды пайдалану, климаттың өзгеруі мен оның салдарын жұмсарту шаралары қарастырылды (UzA, 04.06.2020).

Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласында 5 мыңнан астам адам құлшылық ете алатын үлкен мешіт тұрғызылды. Құрылысы 2019 жылдың желтоқсан айында басталған мешіт Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің бастамасымен Өзбекстан тарапынан сыйға тартылды.

Кешенде салтанатты ғимарат, конгрессхолл, медресе, кітапхана, асхана, спорт алаңы және 500 көлікке арналған тұрақ бар (ҚазАқпарат, 02.06.2020).

2020 жылы 2 маусымда Қазақстанда орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағының 65 жылдығы атап өтілді. 1955 жылы құрылғаннан бері Байқоңырдан орбитаға түрлі жүктермен 2,5 мыңнан астам ғарыштық зымыран мен 130-дан астам ғарышкер ұшырылды. Қазіргі уақытта Байқоңыр – Ресейдің ғарыштық ұшыру бағдарламаларының 80%-ын жүзеге асыратын әлемдегі ең үлкен ғарыш айлағы (Aviation Explorer; Парламентская газета, 02.06.2020).

Америка құрама штаттары (АҚШ) үкіметі Түрікменстанның COVID-19-ға қатысты алдын алу әрекеттерін қолдау мақсатында қосымша 500 мың доллар бөліп, АҚШтың бұл елге жалпы көмегін 1,42 млн. долларға жеткізді. Қаржыландыру АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі арқылы БҰҰның Түрікменстандағы балалар қорына гигиена ережелерін насихаттау және алдыңғы қатарлы медицина қызметкерлерін оқыту сияқты басым бағыттарда пайдалану үшін беріледі. Түрікменстан расталған COVID-19 жағдайын жарияламаса да, ықтимал оқиғаларды болдырмауға бағытталған шараларды жүзеге асыруда (Түрікменстандағы АҚШ елшілігі, 01.06.2020). «БҰҰ - Әйелдер» құрылымы мен Жапония үкіметі Қырғызстанның маргиналды қоғамдастықтарында әйелдерді қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту жобасын бастады. Бір жылдық жоба әйелдердің өмір сүру мүмкіндіктеріне қол жеткізуді жақсартуға, дағдыларды жетілдіруге және COVID-19 дағдарысынан зардап шеккен ауыл әйелдері үшін гендерге қатысты саясатты ілгерілетуге бағытталған. Жалпы 845 адам, оның ішінде Қырғызстанның Нарын, Ош және Жалал-Абад облыстарындағы кедей және әлсіз отбасынан 500 әйел жобадан тікелей пайда көреді (Kabar.kg, 05.06.2020).

Әзербайжанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі Германияның экономикалық ынтымақтастық және даму федералды министрлігі тарапынан қаржыландырылатын «Загатала-Балакан биосфералық қорығын құру» жобасының басталғандығын хабарлады. Биосфералық қорық экотуризмді дамытуға жағдай жасап, аймақ тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттырады. Атап айтқанда, жоба туристердің флора мен фаунаға зиян тигізбестен табиғат сұлулығын көре алатындай жолдар мен бақылау нүктелерін анықтауға көмектеседі (Trend, 05.06.2020).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.