f𝕏▶in◎
ERI Logo
Басты бет›Басылымдар›Азық-түлік бағасының көтерілуінің себептері: Орталық Азиядан мысалдар
ebulletin

Азық-түлік бағасының көтерілуінің себептері: Орталық Азиядан мысалдар

Авторлар: Азимжан Хитахунов
2021 ж. 4 қазан
Азық-түлік бағасының көтерілуінің себептері: Орталық Азиядан мысалдар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ КӨТЕРІЛУІНІҢ СЕБЕПТЕРІ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН МЫСАЛДАР Азық-түлік бағасы – экономикалық және саяси тұрақтылықта маңызды рөл атқаратын көрсеткіштердің бірі. Азық-түлік бағасы сұраныстың артуына (негізінен Азия елдерінен), қаржы нарығының айналымына, экспорттық шектеулерге, нарықтағы жағдайлардың өзгеруіне, өндірістің баяулауына, валютаның құнсыздануына, мұнай бағасының өсуіне, биоотынға сұраныстың және қорлардың төмендеуіне қатысты әр түрлі факторларға байланысты болып келеді. Соңғы пандемия әлемдік азықтүлік нарығы үшін ең қиын факторлардың біріне айналып, азық-түлік бағасына айтарлықтай әсер етті. Біріккен ұлттар ұйымының Азық-түлік ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) азық-түлік бағасының индексі көрсеткендей, аталған индексте 91,9-дан 120,9-ға дейін соңғы он жылдағы ең жоғары деңгейлерді көрдік. Индекс көрсеткіштері 2010 жылы 106,7-ден 2011 жылы 131,9-ға дейін күрт көтерілгеннен кейін 2015 жылы біртіндеп 93,1-ге дейін төмендеді. Кейіннен ол 2020 жылға дейін 100ден аспағанымен, 2021 жылы қайтадан 120,9 баллға көтерілді. ФАО-ның 2021 жылғы мәліметтеріне сәйкес, азық-түлік бағасының индексі 2021 жылдың тамызында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9 балл (3,1%) және 31,5 балл (32,9%) өсіп, орташа 127,4 баллға шықты. Екі ай қатарынан төмендегеннен кейін тамыз айында индекстің қалпына келуіне қант, өсімдік майы және астық қосалқы индекстерінің қарқынды өсуі себеп болды.

2020 жылдың сәуірінен бастап халықаралық азық-түлік (өндіруші) бағасы 47,2%-ға өсіп, 2021 жылдың мамырында 2014 жылдан бергі ең жоғары (нақты) деңгейге жетті. Алайда, азық-түлік бағасы эпидемияға дейін африкалық шошқа обасы мен АҚШ пен Қытай арасындағы сауда даулары сияқты бірнеше маңызды факторларға байланысты көтеріле бастады. Тасымалдау шығындарының өсуі бағаның өсуіне де әсер етті. Мысалы, соңғы 12 айда теңізде жүк тасымалдау тарифі 2-3 есе өссе, кейбір аймақтарда бензиннің жоғары бағасы мен жүк көлігі жүргізушілерінің жетіспеушілігі автокөлік қызметтерінің құнын арттыруда. Кемелер мен контейнерлердің жағдайы сұраныс пен ұсынысқа біртіндеп бейімделетіндіктен, ірі нарықтар арасында астықты тасымалдау құны азық-түлік импортына тәуелді елдерді қиын жағдайға итермелеп, эпидемияға дейінгі деңгейден екі есе өскенін айта кеткен жөн. Бұған қоса, жергілікті жеткізу тізбегінің үзілуі, жабылуы мен карантиндік шаралар сатушылар, саудагерлер мен дүкеншілерді қоса алғанда, бейресми секторға әсер етті. Болжаулар бойынша, 2020 жылдың бірінші тоқсанында 15 дамушы елдерде азық-түлік бағасы 10%-дан астамға өсті. Сонымен қатар, климаттық күйзелістерге байланысты көптеген елдер өндіріс пен егіннің өнімділігінің айтарлықтай төмендеуін күтеді, бұл азық-түлік бағасын жоғарылататын ұсыныстың төмендеуіне әкеледі.

Эпидемия жаһандық кедейліктің өсуі мен теңсіздік көрсеткіштері, климат пен биоәртүрлілік дағдарыстарының өсуімен бірге аштықтың, азық-түлік пен тамақтанудың қауіпсіздігінің жоғарылауына әкеледі. Бұл көптеген дамушы және табысы төмен елдер үшін елеулі қиыншылық туғызады. Деректер 720 миллионнан 811 миллионға дейін адам немесе әлем халқының шамамен 10%-ының аштықта өмір сүріп жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, кем дегенде 2,4 миллиард адам сау және қоректік диетаға қол жеткізе алмайды.

Орталық Азия ауыл шаруашылығының бірнеше маңызды ерекшеліктері бар. Аймақ елдері азық-түлік импортына тәуелді болып келеді. Бұл жоғары макроэкономикалық қауіпқатерлерге байланысты. Мысалы, ұлттық валюталардың құнсыздануынан кейін импорттық ауыл шаруашылығы және азықтүлік тауарларының бағасы өсуі мүмкін. Орталық Азия ауыл шаруашылығының екінші ерекшелігі ұсақ шаруашылықтар мен қосалқы шаруашылықтың таралуы.

Бұл факт, өтемақылармен қоса қолдау шараларын тарату мен бөлуді қиындатады. Климаттан басқа қауіп-қатерлер маңызды қауіптердің бірі болып қалуымен бірге, аймақтық үкіметтердің қолдауы да жеткіліксіз. Климатқа бейімделу мен басқару стратегиялары болмағандықтан Орталық Азия аймақтық ауыл шаруашылығындағы климатқа байланысты болып жатқан өзгерістерді елемейді. Мысалы, 2021 жылы Қазақстанның барлық дерлік аймақтарында құрғақшылық болды. Бұл ауа соққысы азық-түлік пен жемшөп сегменттерінде негізгі дақылдардың өнімділігінің төмендеуіне әкелді. Болжам бойынша гектарына 15 центнердің орнына фермерлер 5-7 центнер жинады. Кіріс бағасының өсуі азық-түлік бағасының өсуіне де себеп болды. Қазақстанда мазут, минералды майлар, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары, қосалқы бөлшектер, ауыл шаруашылығы техникасы және басқа да қажетті материалдар өткен жылмен салыстырғанда 20-30%-ға өсті. Қазақстандық бидай мен ұнның негізгі тұтынушылары болып табылатын Орталық Азия елдеріндегі қазіргі жағдай мен осыған ұқсас құрғақшылық астық өнімдеріне деген сұраныстың артуына әкелді. 2021 жылдың шілдесінің соңында 3-ші сортты бидайдың импорттаушыларының бағасы тоннасына 15-20 долларға өсіп, қазіргі 260-265 доллар деңгейіне дейін жетті. Сол сияқты бидайдың ішкі бағасы 93-95 мың теңге/тоннадан (219-223 доллар) 103-105 мың теңге/тоннаға (242-247 доллар)

дейін ұлғайды.

Құс өсірушілер қыстан аман-есен шығу және малдарын жоғалтпау үшін қажетті өнім бағаларын өсуін болжайды.

Мысалы, қазақстандық құс өсірушілерге 600 мың тоннадан астам жем қажет. Құс өсірушілер қауымдастығы жемшөп құнын төмендету үшін жем қорын құру идеясын үкіметке ұсынды. Ағымдағы азық-түлік бағасымен жасалған болжауларға сәйкес, қыс мезгіліне дейін тауық жұмыртқасының бағасы кем дегенде 7%-ға өсуі мүмкін. Саланың банкрот қаупі жоғары болған кезде бір килограмм құс етінің көтерме бағасы 1000 теңгеден (2,35 доллар) асатын болады. Сонымен қатар, қазіргі жағдайға байланысты төрт құс фабрикасы өз жұмысын тоқтатты.

Бұл қиындықтарды ескерген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20201 қыркүйек айында соңғы сөзінде өз сөзінің маңызды бөлігін ауыл шаруашылығы мен азық-түлік мәселелеріне арнады. Президент елдің ауыл шаруашылығын дамыту мен азықтүлік нарығын тұрақтандыру бойынша нақты шараларды ұсынды. Атап айтқанда, Президент көтерме сауда орталықтарының желісін құрудың және өндірушіден тұтынушыға дейінгі тізбек бойындағы бағаларға бірыңғай бақылау орнатудың маңыздылығын айтты. Президент, жемшөп дақылдарының егістік аумағын кеңейту мен ауыспалы егістің сақталуына бақылауды күшейту және ветеринария саласын жетілдіру қажеттілігін баяндады. Ол сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенде қолданылатын технологиялардың 90%-ға жуығының мүлде ескіргенін және жаңартуды қажет ететінін атап өтті. Президент үкіметке субсидиялау тетігін қайта қарауды және тұрақтандыруды тапсырды. Сонымен қатар, Тоқаев субсидиялауға 2 триллион теңгеден астам (4,71 миллиард доллар) қаржы бөлінгенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешендегі қылмыстық істердің жартысынан көбі субсидияларды ұрлауға қатысты енін айта кеткен жөн. Қазақстандағы жағдай, елдің бидай өнімдерінің негізгі жеткізушісі болып қала беретіндіктен, қалған Орталық Азия елдері үшін қиындықтар мен қауіп-қатер тудыруда. Мысалы, Қазақстанның сауда саясатындағы өзгерістер, әсіресе экспорттық салықтар немесе шектеулер, Орталық Азияның басқа елдерінде азық-түлік тапшылығы мен инфляцияның жоғарылауына әкелуі мүмкін. Орталық Азия елдері шектеу шараларымен жауап беруі мүмкін. Мысалы, Қырғызстан мал экспорттауға шектеу қойды. Бұл тиімсіз саясат бағаның өсуін одан әрі жеделдетуі мүмкін. Орталық Азия елдерінің экономикасы әлеуметтік салдары бар құлдыраудың бірін бастан кешкенін айта кеткен жөн. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы Қырғызстанда 1,7 миллионға жуық адам (жалпы халықтың 25,3%) кедейшілік шегінен төмен өмір сүрді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,2%-ға өсті. Азық-түлік бағасының жоғары болуы қазіргі жағдайды нашарлатып, әлеуметтік тұрақсыздықты тудыруы мүмкін.

Сондықтан аймақ елдері сауда шығындарын азайтуға бағытталған саясатын үйлестіруі керек. Олар ауылшаруашылығы мен азықтүлік тауарларының саудасын либерализациялауды қайта қарап, көлік және транзиттік қызметтер саласындағы ынтымақтастықты күшейтуі керек. Бұл шаралар аймақтағы ауыл шаруашылығы мен азық-түлік саудасының көлемін ұлғайтуға, бағаны тұрақтандыруға және азық-түлік қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Жазушы: Әзімжан Хитахунов, Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Экономика, қаржы және энергия Саясат, сыртқы қатынастар және  Қазақстан жыл басынан бері 68 миллион қауіпсіздік       Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ирандық әріптесі Ибрахим Раисимен кездесті. Президент Тоқаев Ибрахим Раисиді жақында өткен президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалады. Президенттер ағымдағы жылы екіжақты сауданың дамуының оң өзгерістері туралы айтып, оны ұлғайту үшін күш салуға дайын екендіктерін растады. Сондай-ақ, екі ел басшысы көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті (Kazinform, 17.09.2021).

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Душанбеде Тәжікстан президенті Имамали Рахманмен кездесіп, екіжақты және аймақтық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Президенттер Ауғанстандағы қазіргі жағдайға ерекше назар аударды. Мемлекет басшылары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес экономикалық секторлардағы ынтымақтастық жобаларын іс жүзінде іске асыру үшін белсенді байланыстар мен алмасулардың маңыздылығын атап өтті (UzReport, 16.09.2021).

Ресей премьер-министрінің орынбасары Юрий Борисов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің әскери саладағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар арналған бірлескен бюджеті болатынын хабарлады. Борисов ұйым қарапайым ауызша үйлестіруден байыпты интеграцияға көшкенін хабарлады. Барлық мүше мемлекеттер ұлттық әскери-өнеркәсіптік кешендерді және жаңадан енгізілген стандарттарды дамыту саласындағы шешімдерді біріктіру мен синхрондауды қарастыруға дайын екендігін көрсетті (TASS, 19.09.2021).

Ресей мен Беларусь қарулы күштері «Запад-2021» бірлескен стратегиялық әскери жаттығуын аяқтады. Ресми жабылу рәсімі Ресейдің Нижний Новгород қаласындағы Мулино жаттығу алаңында өтті. Шараға Армения, Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және Шри-Ланка әскери басшылығының өкілдері қатысты. Жаттығуға қатысушылар бірлескен күштер арасында ынтымақтастық құру, әскери әрекеттерді жоспарлау және кез келген агрессияны басу қабілеттерін көрсетті (Ria.ru, 15.09.2021).

Душанбеде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің құрылғанына 20 жыл толуына орай кездесу өтті. Саммитке ШЫҰға мүше елдердің басшылары, сондай-ақ ШЫҰ бақылаушы елдерінің басшылары, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Иран президенті Ибрагим Раиси және Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурелсух онлайн режимінде қатысты. Кездесуге қатысушылар ұйымның 20 жылдан астам қызметінің негізгі нәтижелерін, ынтымақтастық мәселелерін, коронавирус дағдарысын еңсерудегі бірлескен талпыныстары мен Ауғанстандағы жағдайды талқылады (Lenta.ru, 17.09.2021).

Қытай, Моңғолия, Пәкістан мен Таиланд Қытай қарулы күштері ұйымдастырған «Бірлескен тағдыр-2021» халықаралық бітімгершілік жаттығуын аяқтады. Бірлескен қолбасшылықтағы 1000-нан астам офицерлер мен сарбаздар зорлық-зомбылық пен лаңкестік әрекеттерге жауап беру бойынша өз миссиясын орындады. Оқужаттығулар қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етіп, резервтік күштердің бітімгершілік миссиясын орындауға дайындығын тексеруге нығайтуға көмектеседі (Russian.news.cn, 15.09.2021).

     тонна көмір өндірді, оның 11 миллион тоннадан астамы Ресейге және үш миллион тоннадан астамы Еуропаға экспортталды. Қырғызстан, Өзбекстан, Украина мен Беларусь та Қазақстаннан көмір импорттайды. Қазақстан 2021 жылы жалпы 19 миллион тонна көмір экспорттауды жоспарлап отыр. Елдің энергетикалық компаниялары 40 миллион тонна көмірді пайдаланған. Қазақстан көмір қоры бойынша алғашқы он елдің қатарына кіреді (Qazaq TV, 14.09.2021).

Өзбекстан энергетика саласына шетелдік инвестицияларды тартуды жалғастыруда. Жақында Сауд Арабиясының ACWA Power компаниясы Өзбекстанда өткізілген тағы бір халықаралық энергия тендерінде өндірілген kWh электр энергиясына 2,56 центтік тариф ұсынып жеңіске жетті. Компания Қарақалпақстанда қуаты 100 МВт жел электр станциясын салуға 140 миллион долларға дейін инвестиция салады. Жаңа электр станциясы жылына 400 миллион kWh экологиялық таза электр энергиясын өндіретін болады. Жоба 2023 жылы аяқталады деп күтілуде (UzReport, 17.09.2021).

Пәкістан премьер-министрі Имран Ханның ресми сапары аясында Душанбеде Тәжікстан мен Пәкістан екі елдің іскерлік форумын өткізді. Форумға Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары Усмонали Усмонзода, Пәкістан премьер-министрі және 150-ден астам қатысушы қатысты. Форум аясында елдер ынтымақтастық туралы түрлі келісімдерге қол қойды. Екі елдің іскер топтары «кәсіпорындар арасы» форматында екіжақты кездесулер өткізу арқылы маңызды келісімдерге қол қойды (Asia-Plus, 17.09.2021). Өзбекстан мен Түркіменстан Ташкентте сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Өзбекстан-Түрікменстан үкіметаралық комиссиясының 16-шы отырысын өткізді. Кездесуді Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Сардор Умурзаков пен оның түркіменстандық әріптесі Есенмұрат Оразгелдиев жүргізді. Елдер 2022 жылға қарай рейстерді кезең-кезеңмен қалпына келтіруді және өзара тарифтік преференцияларды қарастыруға келісті. Сонымен қатар, тараптар «Түркіменбашы» портын пайдалану мүмкіндіктерін талқылады. Кездесуден кейін елдер бірқатар маңызды экономикалық келісімдерге қол жеткізді (KUN.UZ, 15.09.2021).

Иран ислам республикасының жаңа Мұнай министрі Жавад Оджи елдің газ саясатына қатысты мәлімдемелер жасады және Иранның газ экспорты мен саудасын ұлғайту мақсатында Түркіменстанмен келіссөздерді жалғастыратынын мәлімдеді. Түрікменстан 2017 жылдың қаңтарында Иран компаниясына қарыздың көп мөлшерде жиналуына байланысты Иранға газ беруді тоқтатты. 2020 жылы Халықаралық арбитраждық сот Иран мен Түрікменстан арасындағы табиғи газ дауы бойынша Түркіменстанның пайдасына шешім шығарды (Orient, 14.09.2021). Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Мерсинге сапары кезінде Аккую атом электр станциясының құрылыс алаңында болды. Президент елдегі Ақкую атом электр станциясының бірінші реакторының құрылысы 2023 жылдың мамырына дейін аяқталады деп күтетінін мәлімдеді. Құрылыста 3 мың ресейлік және 10 мың түрік инженері жұмыс істейді. Түркия үшін бірінші реактордың 2023 жылы, республиканың 100 жылдық мерейтойын атап өтетін кезде толық іске қосылуы маңызды (TASS, 18.09.2021).

Дайындағандар:

Женгізхан Жаналтай, Қанат Маханов Қоғам және мәдениет       Юнус Эмре институты Молдовадағы гагауз түріктерінің тарихын баяндайтын деректі фильм шығарды. Деректі фильмде 1934 жылы Молдованың автономиялық облысы Гагаузияда Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің көмегімен түрік тілінде білім берудің қалай басталғаны баяндалады. Юнус Эмре институтының қолдауымен Гагаузия облысының орталығы Комратта түрік тілінде білім беру жалғасуда (Анадолу агенттігі, 14.09.2021). ЮНЕСКО Көлсай көлдері ұлттық паркінің Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне қосылатынын жариялады, Халықаралық адам және биосфера бағдарламаларын үйлестіру кеңесінің 33-сессиясында. Қазақшадан «аңғардағы көл» деп аударылған Көлсай көлдері Алматыдан 300 шақырым жерде, Тянь-Шань тауларының солтүстік беткейінде орналасқан. Бұдан былай Көлсай көлдері халықаралық конвенцияның ерекше қорғауында болады (AstanaTimes, 17.09.2021). Хиве қаласында Хиуа жылы 2020 түркі әлемінің мәдени астанасының ашылуына арналған мерекелік концерт өтті. 2019 жылы Қырғызстанның Ош қаласында өткен Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) отырысында қала түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. Түрлі елдер мен аймақтардан ТҮРКСОЙ мен басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдерін қосқанда 500-ден астам қатысушы қатысты (AstanaTimes, 16.09.2021).

Әзірбайжан мәдениет министрі Анар Керимов пен ЮНЕСКО әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жөніндегі бас директорының орынбасары Габриела Рамостың кездесуі барысында, 2020 жылы Армения оккупациясынан босатылған Қарабақ пен оның маңындағы аймақтарға техникалық делегация жіберу мәселесі талқыланды. Армян оккупациясы кезінде бүлінген немесе жойылған тарихи жәдігерлерді қалпына келтіру де талқыланған тақырыптардың бірі болды. Тараптар сонымен қатар Әзірбайжанның ЮНЕСКО-мен әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ынтымақтастығына назар аударды. Сонымен қатар, билік гендерлік теңдікті, жастар саласындағы ынтымақтастықты және ЮНЕСКО ұйымдастырған жастар форумымен серіктестікті талқылады (Azerbnews, 17.09.2021). Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанда «Түркі тілдес елдердің Бұқаралық ақпарат құралдары. Жаңа шындықтағы ынтымақтастықты дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара Еуразиялық медиа-форум аясында ұйымдастырылды. Қатысушылар түркі мемлекеттері арасындағы өзара іс-қимылдың ортақ алаңын құру, жобаларды әзірлеу, жаңа медиа саласындағы ақпарат ағымын қамтамасыз ету және тәжірибе алмасу сияқты медиа ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Түркия, Өзбекстан және Әзірбайжанның жетекші медиа ұйымдарымен контент алмасуға ерекше назар аударылды (Morningexpress.in, 15.09.2021).

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Ауғанстанға көмектесу үшін Өзбекстанның Термез қаласында үлкен логистикалық орталық құрды. Ауғанстанда азық-түлік көмегіне деген қажеттіліктің артуына байланысты БҰҰ Өзбекстан, Пәкістан мен Тәжікстандағы қоймаларда негізгі тауарлар қорын көбейтуде. Небары бірнеше күн ішінде БҰҰ агенттіктері Ауғанстан провинцияларына гуманитарлық көмек материалдарын сәтті жеткізді (Podrobno.uz, 15.09.2021).

📄 PDF жүктеу
← Басылымдарға оралу
Ұқсас басылымдар
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
Жаңа Қазақстан: Жаңа Конституция, Құрылтай және институционалдық трансформация
2026 ж. 3 қыр.
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
АҚШ-Израиль-Иран соғысы және оның Орталық Азияға ықпалы
2026 ж. 9 сәу.
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
Жаһандық милитаризация жағдайындағы Орталық Азия елдері
2026 ж. 15 ақп.
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
V Ұлттық құрылтай және Жаңа Қазақстан: саяси сәулет, кеңес беру және институционалдық реформалар
2026 ж. 26 қаң.